Қаржылық есепті ұсыну

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 14:53, реферат

Краткое описание

Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

такырып 10.doc

— 115.00 Кб (Скачать документ)

62. Басқа қысқа мерзiмдi мiндеттемелер әдеттегі операциялық кезеңнiң бiр бөлiгi ретiнде өтелмейдi, бiрақ баланс күнiнен кейiн он екi айдың iшiнде өтеуді талап етеді немесе негізінен сату мақсаттарына арналады. Мысалы, 39 ІAS Халықаралық стандартына сәйкес сатуға арналғандар ретінде сыныпталған қаржы міндеттемелері, банктік овердрафтар, ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, төлеуге дивидендтер, пайдаға салынатын салықтар және басқа сауда-саттық емес кредиторлық берешектер. Ұзақ мерзімді негізде қаржыландыруды қамтамасыз ететiн (яғни ұйымның әдеттегі операциялық кезеңінде пайдаланылатын айналым капиталының бір бөлігі болып табылмайды) және баланстан кейін он екi айдың iшiнде өтелуге жатпайтын қаржы мiндеттемелері ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер болып табылады, оларға 65 және 66-параграфтар қолданылады.

63. Ұйым өзiнiң қаржы мiндеттемелерiн, олар баланс күнiнен кейiн он екi айдың iшiнде өтелуге тиiстi болса, қысқа мерзімді ретінде сыныптайды, егер тіпті:

(а)  олардың бастапқы мерзiмi он екi айдан асатын мерзім болса;

және

(b)  баланс күнінен кейін және қаржы есептілігі бекітілгенге дейін қайта қаржыландыруға немесе ұзақ мерзімді негізде төлем кестесін өзгертуге шарт жасалса.

Баланстың өзiнде ұсынылуға тиiстi ақпарат 

Баланс міндетті түрде кем дегенде мыналарды көрсететiн жекелеген баптарды қамтуға тиiс:

(а)  негізгі құралдар;

(b)  инвестициялық жылжымайтын мүлік;

(c)  материалдық емес активтер;

(d)  қаржы активтері ((е), (һ) және (і) тармақтарында көрсетiлген сомаларды қоспағанда);

(е)  қатысу әдiсi бойынша ескерiлген инвестициялар;

(f) биологиялық активтер;

(g)  босалқылар;

(һ)  сауда және басқа дебиторлық берешек;

(і) ақшалай қаражаттар және ақшалай қаражаттардың баламалары;

(j)  сауда және басқа кредиттік берешек;

(k)  бағалау мiндеттемелерi;

(l)  қаржы міндеттемелері ((j) және (k) тармақтарында көрсетілген сомаларды қоспағанда);

(m)  12-«Пайдаға салынатын салықтар» ІAS Халықаралық стандартында белгілендей ағымдағы салық бойынша мiндеттемелер мен активтер;

(n)  12 ІAS Халықаралық стандартында белгіленгендей, кейінге қалдырылған салық міндеттемелері мен кейінге қалдырылған салық активтері;

(o)   меншікті капиталдың құрамында ұсынылған азшылық үлесі;

және

(p)  шығарылған капитал және бас компанияның меншікті капитал иелеріне қатысты резервтер.

68А. Баланста мынадай сомаларды білдіретін желілік баптар болуға тиіс:

  1. сатуға арналған ретінде жіктелген активтердің және 5-«Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет» IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сату үшін арналған ретінде шығу топтарының құрамындағы активтердің жиынтық баланстық мөлшері; және
  2. 5 IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сату үшін арналған ретінде шығу топтарының құрамындағы міндеттемелердің жиынтық баланстық мөлшері.

69.  Осындай ұсыну ұйымның қаржы жағдайын түсіну үшін маңызды болған кезде, баланстың өзінде міндетті түрде қосымша жеке баптар, тақырыптар және аралық сомалар ұсынылуға тиiс.

Ішкi топтарды бөлшектеу  деңгейі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына және тиісті сомалардың мөлшерiне, сипатына және мақсатына байланысты. Ішкі топтарға бөлудің тиісті негізі туралы шешім  қабылдаған кезде 72-параграфта келтірілген факторлар да ескеріледі. Әрбiр бап үшiн ашып көрсетулер бір-бірінен өзгеше болады, мысалы:

(а)  негізгі құралдар объектілері 16 ІAS Халықаралық стандартына сәйкес топтарға бөлінеді;

(b)  дебиторлық берешек сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешегiне, байланысты тараптардың берешегiне, алдын-ала төлемдерге және басқа сомаларға бөлiнедi;

(с)  босалқылар 2-«Босалқылар» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес тауарлар, өндiрiстiк жеткiзулер, материалдар, аяқталмаған өндiрiс және дайын өнiм сияқты iшкi топтарға бөлiнедi;

(d)  бағалау мiндеттемелерi қызметкерлерге сыйақы төлеуге шығындар бойынша бағалау мiндеттемелерiне бөлiнедi; және

(е)  меншiктi капитал мен резервтер төленген капитал, эмиссиялық кiрiс және резервтер сияқты әртүрлi топтарға бөлiнедi.

Пайдалар мен залалдар туралы есеп

Кезең ішіндегі пайда немесе залал

езең ішінде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары міндетті түрде, егер қандай да болсын Стандартта немесе Түсіндірмеде өзгеше талап етілмесе, пайдаға немесе залалға қосылуға тиiс.

Әдетте кезеңде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары пайдаға немесе залалға  енгізіледі. Оған бухгалтерлік бағалаудағы  өзгерістердің тиісті баптары кіреді. Алайда белгілі бір жағдайларда  нақты баптар ағымдағы кезең ішіндегі таза пайдадан немесе залалдан алып тасталуы мүмкін. 8 ІAS Халықаралық стандартында осындай жағдайлардың екі түрі қаралады: қателіктерді түзету және есеп саясатындағы өзгерістердің салдары.

Қалған Халықаралық  қаржы есептілігі стандарттарында Принциптерде келтірілген кірістер мен шығыстардың анықтамаларына сай келуі мүмкін баптар қаралады, бірақ олар әдетте пайдадан немесе залалдан алып тасталады. Ондай баптардың мысалдары қайта бағалаудан мүлік құнының артуын (16 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз), шетелдік қызметтің қаржы есептілігінің валютасын қайта есептеуге байланысты туындайтын жекелеген пайдалар мен залалдар (21 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз), және сату үшін қолда бар қаржы активтерін қайта бағалаудан болған пайдалар мен залалдар (39 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз),

Пайдалар  мен залалдар туралы есептiң өзiнде  не ескертулерде ұсынылуға тиiстi ақпарат

Пайдалар мен залалдар туралы есептiң өзiнде міндетті түрде  кезең ішінде мынадай сомаларды  көрсететін кем дегенде мынадай  желілік баптар болуға тиіс:

(а)  табыс;

(b)  қаржыландыру жөніндегі шығындар;

(с) қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың пайдалары мен залалдарында үлес қосып қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкес ескерілген ұйымның үлесі;

(d) салық бойынша шығыстар;

(е) тоқтатылған қызметтен алынған салық салудан кейінгі жиынтық пайда немесе залал (і), сатуға шығындарын шегергенде әділ құны бойынша бағалау нәтижелері бойынша танылған салық салудан кейінгі пайда немесе залал (іі) немесе тоқтатылған қызметті құрайтын активтердің немесе шығу тобының (топтарының) шығуынан кейін құрайтын бірегей соманы ;

және

(f) пайда немесе залал.

82. Пайдалар мен залалдар туралы есептiң өзiнде міндетті түрде мынадай баптар кезең ішінде пайданы немесе залалды бөлу ретінде ашып көрсетiлуге тиіс:

(а)  азшылық үлесіне жатқызылатын пайда немесе залал;

және

(b) еншілес компанияның меншікті капитал иелеріне жататын пайда немесе залал.

Ұйым қызметінің қаржы  нәтижелерін түсіну үшін осылайша ұсыну  маңызды болған кезде, пайдалар мен  залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде қосымша желілік баптар, бөлімдердің тақырыптары және аралық сомалар ұсынылуға тиіс.

Ұйым кірістер мен  шығыстардың қандай да болсын баптарын, пайдалар мен залалдар туралы есептің  өзінде де, қаржы есептілігіне ескертулерде де, төтенше баптар ретінде ұсынуға құқылы емес.

Не пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде, не ескертулерде ұсынылуға тиісті ақпарат

Егер кірістер мен  шығыстардың баптары елеулі болып  табылса, олардың сипаты мен шамасы міндетті түрде бөлек ашып көрсетілуге  тиіс.

Кірістері мен шығыстарының баптары бөлек ашып көрсетілетін міндеттемелер мыналарды қамтиды:

(а)  босалқылардың құнын мүмкін болатын таза сату құнының шамасына дейін немесе негізгі құралдар құнын өтелетін сомаға дейін есептен шығару, сондай-ақ ондай есептен шығаруларды қайтару;

  1. ұйымның қызметін қайта құрылымдау және қайта құрылымдауға шыққан шығындар бойынша кез келген бағалау міндеттемелерін қайтару;

(с)  негізгі құралдар объектілерінің шығып қалуы;

(d) инвестициялардың шығып қалуы;

(е) тоқтатылған қызмет;

(f) сот дауларын реттеу;

және

  1. бағалау міндеттемелерінің басқа да қайтарулары.

Меншiктi капиталдағы  өзгерiстер туралы есеп

Ұйым меншікті капиталдағы  өзгерістер туралы есеп ұсынуға және осы есептің өзiнде мынадай  ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

(а)  кезең iшiндегi пайда немесе залал;

(b) қалған Стандарттар мен Түсіндірмелердің талаптарына сәйкес тiкелей меншiктi капиталда танылатын кезең ішіндегі кiрiстер мен шығыстардың барлық баптарын, сондай-ақ осы баптардың жиынтық сомасын;

(c) еншідес компанияның меншікті капиталының иелеріне және азшылық үлесіне қатысты жиынтық сомаларды бөлек көрсетіп, кезең ішіндегі кірістер мен шығыстар сомасын ((а) және (b) сомалары ретінде есептелген);

және

(d) меншікті капиталдың әрбір компоненті бойынша - 8 ІAS Халықаралық саясатына сәйкес танылған есеп саясатындағы өзгерістердің және қателерді түзетудің ықпалы.

Тек осындай баптарды қамтитын меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп танылған кірістер мен  шығыстар туралы есеп ретінде аталуға  тиіс.

Ұйым сондай-ақ меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте, не қаржы есептілігіне ескертулерде мыналарды ұсынуға міндетті:

(а)  меншікті капитал иелерінің төлемдерін жеке көрсете отырып, меншiкті капитал иелерi ретінде әрекет жасайтын меншiкті капитал иелерiмен операциялар сомасын;

(b)  кезеңнiң басындағы және есепті күнгі тікелей пайда сальдосы, сондай-ақ кезең ішіндегі тиісті өзгерістер;

және

(с)  әрбiр өзгерiстi жеке ашып көрсете отырып, төленген меншiктi капиталдың әрбiр тобының және кезеңнiң басындағы және соңындағы әрбiр резервтiң баланстық құнының арасындағы тексеру.

Ұйымның меншiктi капиталындағы  екi есепті күн арасындағы өзгерiстер кезең ішінде оның таза активтерінiң  артуын немесе кемуiн көрсетедi. Меншікті капиталдың иелері ретінде әрекет ететін меншікті капиталдың иелерімен операциялар нәтижесінде болған өзгерістерді (капиталға жарналар, меншікті үлестік құралдар және ұйымның дивидендтері сияқты) және осындай операциялармен тікелей байланысты мәмілелер бойынша шығындарды қоспағанда, кезең ішіндегі меншікті капиталдағы жиынтық өзгеріс, ұйымның осы кезең ішіндегі қызметінің нәтижесінде туындаған басқа пайдалар мен залалдарды қоса (кірістер мен шығыстар туралы осы баптар кірістер мен шығыстар туралы есепте танылатынына немесе тікелей - меншікті капиталдағы өзгерістер ретінде танылатынына қарамастан), кірістер мен шығыстардың жалпы сомасын көрсетеді.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

102. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушыларға ұйымның ақшалай қаражаттарды және ақшалай қаражаттардың баламаларын іздестіру және ұйымның ақшалай қаражаттардың осы тасқындарын пайдалану жөніндегі қабілетін бағалау үшін негіз береді. 7-«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» ІAS Халықаралық стандарты ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті және осыған байланысты ақпаратты ашып көрсетулерді ұсынуға қойылатын талаптарды атап көрсетеді.

Ескертулер

Құрылымы

Ескертулер міндетті түрде:

(а)  қаржы есептiлiгiн және таңдап алынған нақты есеп саясаты туралы ақпаратты ұсынуға;

(b)  Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сәйкес баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте немесе ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте ұсынылмайтын ақпаратты ашып көрсетуге;

және

(с)  баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте немесе ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте ұсынылмайтын, бірақ есептіліктің осы түрлерінің кез келгенін түсіну үшін маңызды қосымша ақпарат беруге тиіс.

Ескертулер міндетті түрде және осы іс жүзінде орындалатын дәрежеде реттелген түрiнде ұсынылуға тиiс. Пайдалар мен залалдар туралы баланстың, есептiң, меншікті каптиталдағы өзгерістер туралы есептің және ақшалай қаражаттар туралы есептің әрбір бабы бойынша осыған қатысты кез келген ақпаратқа алмасқан сілтеме ескертулерде жасалуға тиіс.

Ескертулер әдетте қаржы  есептілігін түсінуде және оны басқа  ұйымның қаржы есептілігімен  салыстыруда пайдаланушыларға көмектесетін мынадай тәртіппен ұсынылады:

(а)  Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкестiк туралы өтiнiш (14-параграфты қараңыз);

(b)  қолданылатын есеп саясатының елеулі аспектілерін қысқаша сипаттау (108-параграфты қараңыз);

(с)  баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті каптиталдағы өзгерістер туралы есепте және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте ұсынылатын баптар бойынша қосымша ақпаратты тиісті есептер және осы есептердегі желілік баптар жасалатын түрінде ұсыну;

және

(d)  ақпаратты басқа да ашып көрсетулер, оның iшiнде:

(і)  шартты міндеттемелер (37 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз) және танылмаған шарттық міндеттер;

және

(ii)  қаржылық емес ақпаратты ашып көрсету, мысалы, ұйымда тәуекелдерді басқару мақсаттары мен саясаты (7-«Қаржы құралдары – ашып көрсету» IFRS Халықаралық стандартты қараңыз).

Информация о работе Қаржылық есепті ұсыну