Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 23:23, курсовая работа
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды ұйым акционерлік қоғам деп танылады. Ал өз кезегінде акциялар қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың негізгі түрі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда акциялар қаржы ресурстарының бір тармағы болып табылады.
Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады, ал осы жалған капиталмен нақты өз қызметтерін жүзеге асыратын нарықтық экономикада акционеролік қоғамдар болып табылады. Олар өздерінің қызметтерін жүргізу акция шығару арқылы өздеріне қаражаттар тартады.
КIРIСПЕ
I АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫСЫ
1.1 Акционерлік қоғам – акция шығарушы заңды тұлға ретінде
1.2 Акционерлік қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары
II АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТ
2.1 Акционерлік қоғамның қаржылық саясаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Өз кезегiнде қаржы саясаты ұзақтығына және шешiлетiн мiндеттерiнiң сипатына байланысты қаржылық стратегия және қаржылық тактика болып екiге жiктеледi.
Қаржылық стратегия стратегиялық басқарудың бес элементiнiң (өндiрiстiк, маркетингтiк, инновациялық, мамандық және қаржылық) бiрi және негiзгiсi болып табылады.
Акционерлік қоғамның қаржысын басқарудағы объектi болып капиталдар және ақша ағымдары жатады. Осы категориялар арқылы стратегияның басты мiндетi болып табылатын корпораияның ұзақ мерзiмдегi уақытта рынокта бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету, тұрақты дамып отыру және осының негiзiнде корпорацияның экономикалық мүмкiншiлiгiн тиiмдi жоғарлатуға негiзделедi.
Акционерлік қоғамның меншiктi капиталының жеткiлiктi көлемi (60%-дан жоғары) және ақша түсiмдерiнiң оң сальдосы (ақшаның шығысынан кiрiсi жоғары) болған жағдайда қосымша ақша ресурстарын тартуға және қаржы рыногындағы орнын тұрақтандыруға ынталы болады.
Сонымен қатар корпорацияның қаржы стратегиясы ұзақ мерзiмде кең көлемде коммерциялық даму мiндеттерiн қарастырады, яғни стратегия корпорация дамуының альтернативтiк жолдарын талдайды. Осы мақсатқа жету үшiн корпорацияның қаржы бөлiмi жоспарлауды, болжауды, тәжiрибелердi қаарстырып, олардың тиiмдi нұсқасын iздейдi.
Акционерлік қоғамның қаржы стратегиясын iске асырудағы басты кезеңдерге келесiлер жатады:
Осылайша қаржы стратегиясының негiзгi бөлiмi перспективтi қаржыылқ жоспарлау, негiзгi параметрлердiң жетiстiктерiн талдау, яғни: сатудың өзiндiк құны мен көлемi, пайда және рентабельдiлiк, қаржылық тұрақтылық және төлем қабiлеттiлiк.
Корпорациялардың айналым
қаражаттары – бұл өндірістік
және өнімді өткізудің үздіксіз процесін
қамтамасыз ету мақсатымен өндірістік
айналым капиталдары мен
Корпорациялардың коммерциялық
қызметі вексель жүзінде
Ал корпорациялық қаржы саясатындағы қаржылық тактика корпорацияның даму кезiндегi нақты және жекелеген мiндеттердi шешуге бағытталады. Қаржылық тактика қаржы стратегиясына қарағандағы ерекшелiгi оның рынок конъюктурасының жылдам өзгерiсiне байланысты тактика ол өзгерiстерге икемдi болады. Яғни, рынокта ресурстарға сұраныс пен ұсыныстың, тауар түрлерiнiң және қызметтердiң , мемлекеттiк саясаттардың, бәсекелестердiң әрекеттерiнiң өзгерiсiне қаржы тактикасы бейiмдi болады.
Қаржы саясатында стратегия мен тактика ылғи да бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады. Бұл дегенiмiз корпорациялардың алдыңа қойған стратегиясы болашақтағы тиiмдi даму бағытын көрсетсе, ал қаржылық тактикалар сол мақсатқа жетудiң әр түрлi жолдарын қарастырады.
Корпорация iшiлiк қаржылық жоспарлау өз кезегiнде келесiдей құжатттардан тұрады:
Қаржылық анализ келесi тараулардан тұрады:
Осылайша корпорацияның қаржы саясатының басты екi мiндетi: қаржының тұрақты өтiмдiлiгiн сақтау және максималды пайда табу болып табылады.
Қорыта келгенде, еліміздің экономикасы нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты экономикада қызмет етуші субъектілердің басым көпшілігі шаруашылық серіктестіктері ретінде сипат алуда. Осы аталған шаруашылық қызмет етуші субъектілер өз қызметтерін жүзеге асырудың негізі қаржы болып табылады. Өйткені қаржының негізінде барлық кәсіпорындар өздерінің экономикалық қызметтерін жүзеге асырады. Олардың барлығы қаржылық қатынастарға, қаржыларды тарту, қарыз алу, несие беру, инвестиция тарту, қаржылық бақылау мен талдау жұмыстарын жүргізуге, бағалы қағаздар шығаруға, қаржы ресурстары мен қорларын қалыптастыру шараларын іске асырады. Қазақстан Республикасында рыноктық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жобасында жекешелендiру жүргiзуде шаруашылық жүргiзудiң жаңа нысандары пайда болады. Олар: серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар және жеке меншiк компаниялар шеңберi едәуiр кеңейедi. Ал осы нарықтың әрбiр субъектiлерiнiң арасында еркiн қаржы айналымын бағалы қағаздар рыногы жүзеге асырады және басқа экономикалық рыноктармен үнемi тығыз байланыста болады. Бүгінгі таңда шаруашылық қызмет етуші заңды тұлғалар ішінде негізгі орынды акционерлік қоғамдар алады.
Акционерлік қоғам қаржысы экономикалық қатынастар жиынтығынан, яғни нақты ақша айналысынан және оны қалыптастырудан, бөлуден, сонымен қатар оларды нақты өндiрiсте немесе қызмет көрсетуде пайдаланудан тұрады. Рынокта қаржы микродеңгейде мемлекеттiк реттеудiң бiр формадағы құралы болып табылады, ал қаржылық нақты шешiмдi қабылдауды меншiк иесi iске асырады. Осыны көбiнесе нақты қаржылық шешiмдер қадбылдап, ол қаржыларды өндiрiске қосатын корпорация, яғни корпорацияның қаржыгерлерi болып табылады.
Акционерлік қоғам қаржысы басқа барлық қаржылар сияқты экономика дамуында басты екi функцияны: бөлу және бақылауды корпорациялық деңгейде жүзеге асырады. Яғни, жалпы түрде корпорация қаржысының мақсаты: корпорация қаржысын тиiмдi ұйымдастыру,кәсiпкерлiк қызметтi қаржыландыруды және оны несиелеудi, корпорацияның рыноктық ортада жоғары пайдаға жетуiн және шығындарын минималдауды қамтамасыз ету болып табылады.
Осылайша бүгiнгi таңда
елiмiз акционерлік
Сонымен акционерлік қоғамдар ретінде құрылған барлық заңды тұлғалардың тиімді қаржылық саясатты жүргізуі, олардың қаржы ресурстарының уақтылы қалыптасып отыруы, тиімді ұйымдастырылуы жалпы мемлекеттік қаржы саласының дамуының негізі болып табылады.
№ 9, 8- 2005 г. 2-3 стр.