Акционерлік қоғамның қаржылық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 23:23, курсовая работа

Краткое описание

Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды ұйым акционерлік қоғам деп танылады. Ал өз кезегінде акциялар қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың негізгі түрі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда акциялар қаржы ресурстарының бір тармағы болып табылады.
Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады, ал осы жалған капиталмен нақты өз қызметтерін жүзеге асыратын нарықтық экономикада акционеролік қоғамдар болып табылады. Олар өздерінің қызметтерін жүргізу акция шығару арқылы өздеріне қаражаттар тартады.

Содержание

КIРIСПЕ
I АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫСЫ

1.1 Акционерлік қоғам – акция шығарушы заңды тұлға ретінде
1.2 Акционерлік қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары

II АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТ
2.1 Акционерлік қоғамның қаржылық саясаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

АКЦИОНЕРЛІК+ҚОҒАМ+ЖӘНЕ+ОНЫҢ+ҚАРЖЫСЫ+18 (1).doc

— 122.00 Кб (Скачать документ)

Қоғам жарғыға сәйкес салықтарды төлегеннен кейін қызметшілер  ішінде бөлу үшін табыстың белгілі  бір пайызын, соның ішінде ақшалай  сыйақы немесе акциялар түрінде бөле алады. Дивидендтер акциялар түрінде, облигациялармен, тауарлармен, егер бұл жарғыда қаралса, төлене береді.

Меншіктің акционерлік  нысаны экономикалық жағынан дамыған  елдерде тиімді жұмыс істеуде  және дүниежүзілік практикада көпшілікке танылған нысан болып табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін –  акция ұстаушыларды қазіргі кезеңде неғұрлым тиімді кәсіпоырндардың немесе салалардың қаражататрын қалыптастыруға қатысуға араластырады, қаржы ресурстарының қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта құйылуына мүмкіндік жасайды. Акционерлік нысанның  құндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорындарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік нысанның аса маңызды артықшылығы – сондай-ақ бір кәсіпорынның басқа кәсіпорынның қызметіне оның акцияларын сатып алу арқылы қатысу мүмкіндігі болып табылады.

Акция – акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәләндыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің , кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Жалпы акция шығару келесі жағдайларға байланысты жүргізіледі:

  • Жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капитаоын қалыптастырғанда ;
  • Меншікті акцияларындағы , яғни жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
  • Қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда.

Сөйтіп, шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны қоғамның жарғылық капиталын құрайды. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез келген уақытта өз ойынша пайдаланылады.

Акция белгілі  бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны  инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден бір түрі. Акция – компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып лау құқы.

Акция бірнеше  түрге жіктеледі:   (1 сурет)

 

 



 


 

 


 


 

 

 

 

Сурет-1 – Акцияның жіктелуі

 

Бір жағынан бір акционерлерден басқа біреуге беру бөлінсе, екінші жағынан корпорацияны басқаруға қатысу құқығы бойынша  - жай және артықшылықты акция деп те атайды. 

Мұндағы атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуге тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептелінеді.

Ұсынушыға арналған акция  – иесінің аты-жөні корпорация кітабында  тіркелмеген акция.  Кітапты акциялардың  жалпы саны ғана көрсетіледі.

Акционерлік қоғамның  немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндiрiс процесiнiң негiзгi жақтарын бiлдiредi және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септiгiн тигiзедi. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрi дамыту үшiн қажеттi ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшiн қолданылады. Мұндай тиiмдi даму ұлттық шаруашылқты асқару жүйесiнiң маңызды экономикалық құралы, экономикалық қайта құрудың қуатты құрамы болып табылатын корпорациялардың берiк әрi жақсы қалыптасқан  және ұтымды ұйымдастырылған қаржыларынсыз мүмкiн емес.

Корпорациялық қаржы  жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау  функцияларын орындайды. Корпорацияның бөлгiштiк функциясының ерекшелiгi қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесiнде өндiрiлген өнiмнiң құны белгiленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелерi, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшiн пайыз) негiзiнде бөлiнетiндiгiнде болып отыр, мұның өзi қаржының ұдайы өндiрiс процесiнде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негiздеп бөлу қаржының ұдайы өндiрiстiк қосалқы функциясын да iске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу - өндiру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсiпорындардың өнiм өткiзуден түсiм-ақша алуы және оны өндiрiстiң жұмсалынған қаражаттарын өтеуге  және таза табысты жасауға ұмтылады.

Акционерлік қоғамның  қаржысы сонымен бiрге бөлгiштiк функция шеңберiнде ұдайы өндiрiстiк функцияны орындайды. Оның мазмұны жай және ұдайы өндiрiс кезiнде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесiнде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестiктi қамтамасыз ету болып табылады. Бұл үшiн кәсiпорындар өнiм өндiру мен оны өткiзудiң жоспарары, болжамдары мен ниеттерi негiзiнде уақыттың белгiлi бiр мерзiмiне кiрiстер мен шығыстардың көлемiн жасайтын,и шығыстардың шамаланған меншiктi қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерiнiң уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелерi есебiнен, ал айрықша жағдайда бюджеттен бөлiнетiн қаражаттар есебiнен жабылатынын анықтайды.

Акционерлік қоғамның  қаржысының бақылау  функциясы кәсiпорын экономикасында маңызды рөл атқарад: есепсiз және бақылаусыз шаруашылық жүргiзуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бiрге экономиканы басқару, өндiрiстiң өсуiн ынталандыру және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажеттi бақылауды қамтамасыз ету процесiнде маңызды рөл атқарады. Қаржыармен бақылау тек қана корпорацияларда ғана емес, сонымен қатар осы қаржылардың жоғарғы қаржы-несие ұйымдарымен жүзеге асырылады. Корпорациялардың экономикалық қызметiнiң сферасындағы өндiрiстiк қатынастардың ерекшелiктерi таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен тоқайласуы, олардың өндiрiстiк капиталдардың ауыспалы айналымымен өте тығыз байланысты.

Акционерлік қоғамның  қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметi процесiнде басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен болатын мынадай топтарға iрiлендiрiлген ақша қатанастарына саяды:

  • Басқа да әр түрлi кәсiпорындамен және ұйымдармен (олар: өнiм өткiзуден түсiм ақша алу, өткiзуден тыс табыстар, материалдық шығындарды өтеу, бағалы қағаздарды өткiзу, басқа кәсiпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау және т.б.);
  • Өзiнiң еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбеккке ақы төлеудi, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қоры,  қызметкерлердiң қаражатарын тартуды) ортақтастырады;
  • Өз iшiндегi бөлiмдермен олардың арасында қаржы ресурстарын тиiмдi бөлумен;
  • Мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бджеттен қаржыландыру кезiнде , мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алған кезде валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырады;
  • Банктермен (қаржы қатынастарынының бұл тобы банк кредитттерiн алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгiлi бiр бос ақшаларды беру);
  • Сақтаныру  органдарымен  мүлiктi, қызметкерлердi, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелдi сақтаныру жөнiнде;

Акционерлік қоғамның  қаржысына бiр жағынан жалпы қаржылардың экономикалқы табиғатымен сипататйтын белгiлер, басқа жағынан қоғамдық өндiрiстiң түрлi сферасындағы қаржылардың қызмет етеуiне байланысты ерекшелiктер тән. Осылайша корпорация қаржыларына келесi белгiлер тән:

  • Қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
  • Өндiрiстiк құралдардың мiндеттi болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы.
  • Жоғары белсендiлiк, кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң барлық жағына әсер ету мүмкiндiгi;
  • Коропрациялардың қаржысы бүкiл қаржы жүйесiнiң айқындаушы негiзi болып табылады.

Сөйтiп, корпорациялардың қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

  Корпорация қаржысын тиiмдi ұйымдастыру кәсiпкерлiк қызметтi қаржыландыруды және оны несиелеудi жүзеге асырады. Оның басты мақсаты корпорацияның рыноктық ортада жоғары пайдаға жетуiн және шығындарын минималдауды қамтамасыз ету болып табылады.

Рынокта қаржы микродеңгейде  мемлекеттiк реттеудiң бiр формадағы  құралы болып табылады, ал қаржылық нақты шешiмдi қабылдауды меншiк иесi iске асырады. Осыны көбiнесе нақты  қаржылық шешiмдер қадбылдап, ол қаржыларды өндiрiске қосатын корпорация, яғни корпорацияның қаржыгерлерi болып табылады.

Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес акционерлерге өз табысынан дивиденд төлейді. Дивиденд деген тиесілі  акциялар санына байланысты акционерге төленетін сыйақы. Дивидендтер ақшамен, немесе акционерлердің келісімімен сол қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді.  Қоғам дивидендтер төлеуді тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, не жыл қоытындысы бойынша жариялайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II  АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТ

 

2.1  Акционерлік қоғамның  қаржылық саясаты

 

Акционерлік қоғамның  қаржы саясаты қаржылары стратегиялық  және тактикалық мiндеттердi мақсатты түрде iске асыруға бағытталады. Мысалы, рыноктағы корпорация тауарының өтiмдiлiгiн көбейту немесе сұранысты өсiру активтер мен меншiк капиталдарының пайдалылығы мен рентабельдiлiгiн арттыру, баланстық төлем қабiлетiн және өнiмдiлiiгн сақтау, акционерлер жағдайын жақсарту және инвестициялық климатты жақсарту болып табылады.

Экономикалық ортаның тұрақсыздығы инвестициялық қарқынды, төлем қабiлеттiлiгiнiң дағдарысы кезiндегi рыноктағы қызмет етiп отырғанг корпорациялар өмiр сүрулерiн және банкротқа ұшырамау үшiн тырысып бағады. Жалпы корпорацияның қаржылық саясатын келесi бағыттарға топтастыруға болады:

  • Корпорацияның қаржылық ағымдарын және айналым капиталдарын тиiмдi басқару;
  • Алдағы кезеңдегi қаржылық ресурстарды қолданудағы негiзгi бағыттарды анықтау;
  • Тәжiрибелiк iс-әрекет көшу, яғни алдыға қойылған мақсатқа жету үшiн қаржылық зерттеу, қажеттi қаржыларды талдау, корпорацияның нақты инвестициялық жобаларына және қаржылық активтерiне баға беру.

Осы үш негiзгi бағыт арқылы көрiнiс табатын қаржылық саясат және стратегиялық мiндеттер келесiлер  болып табылады:

  • Экономикалық өсудiң қайнар көзi ретiнде пайданы максималдап отыру;
  • Капиталдың құнын және құрылымын оптимизациялау, корпорацияның iскерлiк активтiгiн және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • Меншiк иелерiне (акционерлер, қатысушылар, инвесторлар және несиелеушiлерге) арнап корпорацияның қаржылық жағдайын анық және нақты түрде хабардар етiп отыру;
  • Корпоративтi бағалы қағаздар эмиссиясы, қаржы лизингi, жобалық қаржыландырулар көмегiмен капитал өсуiнiң рыноктық механизмiн қолдану;
  • Корпорация қызметiнiң алдыға қойған мақсаттарына, рыноктық экономикадағы және бәсекелiк ортадағы тұрақтылығына, корпорацияның одан әрi даму болашағына түсу жолдарын қарастыру мақсатында “қаржылық менеджмент” негiзiнде қаржыларды тиiмдi басқару механизмiн қолдану.

Жалпы қаржы менеджментi қаржыны басқарудың тиiстi элементтерiн – ақпаратты, жоспарлауды, ұйымдастыруды, реттеудi, бақылауды және бағалауды iске асырады. Қаржы менджментiн жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады. Бұл орта бағалардың еркiн жүйесi, тауар мен қызметтердiң рыногымен қатар еңбек, капиталдыр, өндiрiс құрал-жабдықтары рыногiнiң жұмыс iстеуi, корпорациялардың қызметiн мемлекеттiк реттеудегi заңнамалық рететудегi кәсiпкерлiк қызметтi коммерциялық есеп негiзiнде жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Қаржы менеджментi келесi кезеңдердiң дәйектi ауысымы ретiнде сипаттауға болады:

  1. Ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың мiндетiн қою және мақсатын анықтау;
  2. Ақша ағымдарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдiстерiн, тәсiлдерiн анықтау;
  3. Қабылданған шешiм бойынша инвестициялау жөнiндегi шешiмдi бизнес-жоспар немесе басқа рәсiмдеу түрiндегi iс-әрекеттердiң бағдарламасын жасау;
  4. Жобаның орындалуын ұйымдастыру;
  5. Қаржыны басқаруда бақылау жасау және қажеттi түзетулер енгiзу;
  6. Қайта инвестициялаудың мақсаттары үшiн жоба нәтижелерiн талдау және бағалау.

Қаржы менеджментiнiң  маңызды аспектiсi кәсiпорынның қаржыылқ жай-күйiн талдау болып табылады. Бұл кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын (рентабельдiлiктi, төлем қабiлетiн, несиелердi өтеу деңгейiн), оның рыноктағы жағдайын (бәсекеге қабiлеттiлiгiн) сипаттау үшiн қажеттi. Талдаудағы қажеттi ақпараттар бухгалтерлiк баланста, қаржы шаруашылығы нәтижелерi туралы есепте (пайда және зияндар туралы есепте), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте болады.

Сөйтiп, қаржы менеджментi кәсiпорынның қаржылық қамтамасыз етiлуiн тактикасы мен стратегиясы ретiнде қаржының тиiмдi iс-әрекет етуiнiң мақсаттары үшiн оның ағымдарын басқаруға мүмкiндiк бередi. Корпорацияның қаржы саясатында қаржы менеджментiнiң жалпы мақсатты нұсқамасы – экономикалық дамудың iшкi және сыртқы факторларын есепке алу негiзiнде корпорацияның рынокта тең қаржы саясатын жүзеге асыру болып табылады.

Информация о работе Акционерлік қоғамның қаржылық саясаты