Нарықтық экономика жағдайындағы факторингтік операцияларды ұйымдастырудың негізі және экономикалық мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 14:59, реферат

Краткое описание

Қазіргі таңда банктік операциялар және қызметтер күннен күнге артуда. Олардың ішінде көп тараған түрлері несиелік операциялар мен депозиттік операцияларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең өріс алуда. Қазіргі кездегі шетелдік және отандық банктік тәжірибеде жиі қолданылып жүрген несиенің түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: тұтыну, лизинг, ипотекалық, ломбардтық, вексельдік, овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік және т.б. Олардың ішінде форфейтингтік және факторингтік операциялар жатады. Бірақ бұл операциялар Қазақстанда өте дамымаған.

Содержание

Кіріспе
Дүниежүзілік қаржы рыногында факторинг қаржы индустриясының қуатты дербес саласы
I Жалпы бөлім
1.1. «Факторинг» жалпы түсінігі
1.2. Факторинг операцияларының түрлері
II Негізгі бөлім
2.1.Нарықтық экономика жағдайындағы факторингтік операциялар
2.2.Қазақстандағы факторингтік операциялар
III Қорытынды
Факторинг пен факторингтік операцияларды дамыту әсіресе арнайы факторинг компанияларын мемлекеттік реттеу және құру тұрғысынан өте тиімді.
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Турганбаева Айдана УиА10к1.docx

— 40.52 Кб (Скачать документ)

Әл - Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университеті

 

 

 

СӨЖ

 

 

Тақырыбы: Нарықтық экономика жағдайындағы факторингтік операцияларды ұйымдастырудың негізі және экономикалық мазмұны.

Орындаған: Турганбаева Айдана У и А 10к1

Тексерген: Ахметов А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012 ж

Жоспар:

Кіріспе

Дүниежүзілік қаржы рыногында  факторинг қаржы индустриясының қуатты дербес саласы

I Жалпы бөлім

1.1. «Факторинг» жалпы түсінігі

1.2. Факторинг операцияларының түрлері

II Негізгі бөлім

2.1.Нарықтық экономика жағдайындағы факторингтік операциялар

2.2.Қазақстандағы факторингтік операциялар

III Қорытынды

Факторинг пен факторингтік операцияларды дамыту әсіресе арнайы факторинг  компанияларын мемлекеттік реттеу және құру тұрғысынан өте тиімді.

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі таңда банктік  операциялар және қызметтер күннен күнге артуда. Олардың ішінде көп  тараған түрлері несиелік операциялар  мен депозиттік операцияларды жатқызуға  болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең өріс алуда. Қазіргі кездегі шетелдік және отандық банктік тәжірибеде жиі қолданылып жүрген несиенің түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: тұтыну, лизинг, ипотекалық, ломбардтық, вексельдік, овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік және т.б. Олардың ішінде форфейтингтік және факторингтік операциялар жатады. Бірақ бұл операциялар Қазақстанда өте дамымаған.

Дүниежүзілік қаржы рыногында  факторинг қаржы индустриясының қуатты дербес саласына айналды. Оны  әр алуан қызмет саласындағы, сатып  алушыларға тауарлық несие, яғни төлемді  кейінге қалдыруды ұсынатын жүз  мыңдаған компаниялар пайдаланады. Осыған байланысты соңғы жылдары  «факторингті» нақты анықтау, оны  несиелік немесе таза қаржылық операцияларға, факторингтік операциялардың нақты  қатысушыларын анықтау және т.б. жатқызу мәселесі бойынша көптеген даулы сәттер жиі пайда болып  жүр.

Сонымен бірге Қазақстан  Республикасының қаржы секторын одан әрі дамыту, оның құрамдас бөліктерінің тиімділігін арттыру жаңа қаржылық құралдар мен операцияларды енгізуді көздейді, олардың қатарында маңызды  орын алатын факторингті айта кету керек.

Әлемдік тәжірибеде өндірістің және нарықтық қарым-қатынастардың  даму үдерісінде факторингтік қызмет көрсетудің белгілі бір түрлері  бөлініп шықты. Көптеген мамандар факторингті  талап құқығын сатып алумен ғана шектейді, бұл осы қаржылық операциялардың көптүрлілік шеңберін тарылтады. Ю. А. Бабичевтің анықтамасына жүгінсек, ол тауарлар мен қызметтерді коммерциялық несие жағдайында сату үдерісінде контрагенттердің арасында пайда болатын қарыз  талаптарын (шот-фактураларды немесе вексельдерді) жеткізушінің бухгалтерлік, ақпараттық, өткізу, сақтандыру, заң және басқа  қызмет көрсету элементтерімен бірге  факторинг компаниясының пайдасына  беруі ретінде көрсеткен.

Факторинг – шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін ерекше пайдалы қаржыландыру формасы, ол кәсіпорындар басшылары мен қызметкерлерінің өндірістік проблемаларға және пайданы  арттыруға баса көңіл бөлулеріне мүмкіндік береді, төлемдердің басым  бөлігін алуды жеделдетеді, қарыздың толық өтелуіне кепілдік береді және есептерді жүргізу шығындарын азайтады. Факторинг төлемге кепілдік береді және жеткізушілерді банктен қосымша  және едәуір қымбат тұратын несие  алу қажеттілігінен құтқарады. Мұның барлығы кәсіпорынның қаржы жағдайына оң ықпал етеді.

 Қазіргі жағдайда қаржы рыногында факторингтік операциялардың жеткілікті дәрежеде әр алуан түрі пайда болуда, оларды таңдау отандық қаржы рыногының ұлттық белгілеріне және қаржылық қызметтер көрсетудің шарттарына байланысты деген қорытынды жасауға болады. Осыған орай халықаралық тәжірибені ескере отырып, факторингтік операциялар түрлерін жүйелеп және жіктеу қажеттілігі туындады.

 


Негізінен, Факторинг –  банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды  талап ету құқығын қоса алғанда  басқа шарттардан туындайтын төлем  талаптарын сатып алуы.

Қазақстанда факторингтің қаржы  тәуекелдерін басқару, факторингтік операцияларды  реттеу, факторингтік операцияларды  жүргізудің дұрыс және уақтылы процедуралары  жүзеге асырылатын жеткілікті дәрежеде орнықты рыногының әзірше қалыптаса  қоймағанын ескерсек, осы үдерістердің барлығын жүйелі түрде зерттеу барынша  өзекті болып табылады.

Факторинг операциялары.

Факторинг АҚШ-та шамамен 1890 жылы пайда  болды. Экономикалық тұрғыда бұл  борышты саудалау, есептік операциялардың бір түрі.

Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені  қайтаруды талап ету құқығын  қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.

Мұндай мәміленің нәтижесінде  банк өз клиентінің талабын қайта  қаржыландырып қана қоймай, сонымен  қатар төлемеу ықтималы тәуекелін  өзіне қабылдайды. Өндіруші осының арқасында айналым капиталын  алады. Факторингпен айналысатын адам фактор деп аталады. Ақысы төленетін (төлеу сатып алушының ақшасын  алуына қарай жүргізіледі) факторинг  және төленетін және қаржыландырылатын (соманың 90 пайызын бір уақытта  төлеу тауарды өндіруші жеткізгеннен кейін және келесі ақы төлеу –  барлық ақша алынғаннан кейін жүргізіледі) факторинг деп бөлінеді. Соңғы  түрі қымбаттау, себебі үлкен тәуекелділік бар. Бірақ борышкерді таңдау құқығы факторға: банк немесе сауда үйіне  қалдырылады. Ұлыбританияда факторинг  нарығының 60 пайызынан артығы факторинг  фирмалары арқылы жұмыс істейтін коммерциялық банктерге жатады.

«Факторинг» термині ағылшын тілінен  алынған – делдал, агент. Факторинг  – коммерциялық банктер (олардың  еншілес фактор - фирмалары) ұсақ және орта фирмаларға – олардың клиенттерге  көрсететін қаржылық қызметтердің түрі. Факторинг мәні фактор – фирма  немесе банктің клиенттен берешектерін өндіртіп алу құқына ие болуы және өз клиенттерінің борышкерлеріне талапты  жарым-жарты төлеуі, яғни борышкердің  төлейтін мерзімі басталғанға дейін  берешектерін пайыздық мөлшерде қайтаруы. Борыштың қалған бөлігі мүддесі шегерілген соң борышкер өз берешегін өтегеннен  кейін клиенттерге қайтарылады. Нәтижесінде клиент берешектерін жылдам қайтару мүмкіншілігіне ие болады, бұл үшін фактор – фирмаға немесе банкке белгілі бір сыйақы төлейді. Факторинг жүзеге асырылғанда клиент борышкерден берешектерді алу құқығын  фактор-фирмаға немесе банкке тапсырады. Факторинг сауда операциялары сияқты пайда болды, одан кейін несие  беру нысанасы ие болған. Банктердің факторинг  операциялары мыналар: ішкі операциялары, мұнда жабдықтаушы және клиент (сатып  алу, сату шарты бойынша тараптар), сонымен қатар факторинг компаниясы белгілі бір елде болады немесе халықаралық, ашық операциялар, борышкер факторинг  компаниясының мәмілесіне қатысу туралы хабардар етілсе немесе жабық (жасырын) операциялар. Борышкер факторинг компаниясы не банк пайда болатын борыш бойынша  құқықтық мирасқор болып табылатынын  және төлеу оның пайдасына жүзеге асырылуы тиіс екендігін; жабдықтаушыға  регресс құқығымен – кері талап  құқығымен немесе құқықсыз төленген соманы; немесе белгілі бір күнге  алдын ала ақы төлеу немесе талаптарға ақы төлеу нысанында  жабдықтаушыға несие беру талабымен  өтелетінін растайтын шотта фактураға  тиісті жазу жазылу жолымен хабардар етіледі.

Қазақстандық қаржы-банк жүйесі және несиелік, банктік операцияларды  реттейтін және бақылайтын қаржы  органдары үшін факторингтің және факторингтік операциялардың сәйкес түрлерін таңдау бойынша позицияларын қайта қарау  қажеттілігі туды, ол үшін факторингтік компаниялар құру өте маңызды.

Нарықтық экономикасы  және қаржылық инфрақұрылымы дамыған  елдерде факторинг компаниялары немесе осындай қызметпен айналысатын  коммерциялық банктер өз клиенттеріне қаржылық қызмет көрсетулердің алуан  түрлі жиынтығын ұсынады және мұны клиенттердің өз ақшалай талаптарын беруі ретінде қарастырады. Факторинг  мынадай негізгі қызметтерге  ие:

– сәйкес бухгалтерлік операцияларды жүргізу

– ұсынылған коммерциялық несиені, төлемдерді алуды қосқанда, қадағалау

– несие тәуекелдерінен қорғау

– клиенттің ағымдағы жұмысын қаржыландыру.

ЕО елдеріндегі факторинг  және факторингтік операциялардың даму тәжірибесі, атап айтсақ Германия мен  Ұлыбританияның факторинг және факторингтік операциялардың даму тәжірибесі қазақстандық факторингтік рыногына, әсіресе мемлекеттік  реттеу және арнайы факторингтік компанияларын  құру тұрғысынан алғанда, толығымен  сай келеді. Мысалы, Қазақстан үшін мемлекеттік факторингтік реттеудің  Австрия, Франция, Греция, Италия, Испания  елдерінде қолданатын нұсқалары  мүмкін болады және спецификалық ерекшелікке  ие. Бұл елдерде факторинг тікелей  арнайы заң көмегімен, мемлекетпен  немесе банктік заңнама шегінде  реттеліп отырады.

       Сонымен қатар, келесі қаржылық өнімдердің, атап айтқанда реверсивтік факторингтің, интернет шешім және Қазақстан банктеріндегі электронды факторингтің, факторингтік қызметті белсенді жүзеге асыруда өсу потенциалы өте жоғары.

Қазіргі кезде қазақстандық банктік тәжірибеде факторинг қалыпты  дебиторлық қарызды емес, тек мерзімі  өтіп кеткен қарызды ғана бір реттік беру, төлеушіге төлем несиесі  деп аталатынның баламасын ұсыну  болып қалып отыр. Мұндай тәжірибе төлемнің дер кезінде жүргізілуі тұрғысынан алдын ала күмәнді  төлем талаптарын сатып алатын, факторингтің жеткізушіні оның төлем талаптарының дер кезінде төленбеуі тәуекелінен  сақтандыру, мұндай талаптарды алдын  ала төлеу ретінде несиелеу, сондай-ақ жеткізілген тауарларға және жеткізушінің дебиторлық қарыздарына есеп жүргізу  секілді маңызды элементтерін ескермеген және пайдаланбаған банктердің тәуекелдерін недәуір арттырады, нәтижесінде  банк мекемелерінің тәуекелдері  күрт өсті, себебі мерзімі өтіп кеткен жеткізушіге берілетін қарыз  банкке берілетін мерзімі өтіп кеткен қарызға айналады, айналымды баяулатады, демек оның ақша құралдарын пайдалану  тиімділігін төмендетеді.

Қазақстанда факторингті  ұйымдастырудың өзіндік спецификалық сызбасы бар.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдетте, факторингтік операцияларға  үш тарап қатысады: банктің факторинг  бөлімі - өз клиенттерінен шот-фактураларды сатып алатын мамандандырылған мекеме; клиент (тауарды жеткізуші, кредитор) – факторинг компаниясымен мәміле жасасқан өнеркәсіптік немесе тауарлық фирма; кәсіпорын (қарыз алушы-фирма  – тауарды сатып алушы).

Коммерциялық банктің  факторинг бөлімі мен жеткізушінің операциялар жүргізу бойынша  өзара қарым-қатынастары келісіммен реттеледі. Атап өтетін нәрсе, факторингтік келісім, өзінің дәстүрлі формасында, тек жеткізушіге қызмет көрсетуді  ғана қарастырады. Келісім жасаспас бұрын компания потенциалды клиенттің  экономикалық және қаржылық жағдайын, оның қызмет саласын, өткізетін өнімдерінің  түрлерін, рынок коньюктурасын мұқият зерделейді. Сондай-ақ кәсіпорынның соңғы  жылдардағы баланстары мен қаржы  нәтижелері туралы есептері де талданады. Сатып алушылар кәсіпорынның тұрақты  немесе кездейсоқ сипатта болуы  мүмкін іскери байланыстарына да баса көңіл бөледі. Мұндай талдау әдетте 1-2 аптаға созылады. Содан соң компания өз келісімін береді немесе қызмет көрсетуден бас тартады.

Біздің республикамызда  факторингтің жеткілікті дәрежеде дамымауының  салдарынан екінші деңгейлі көптеген банктерде осы операциялардың жоқтығы  байқалады. Нарықты экономикалы  елдерде факторингтік операциялармен, әдетте, банктермен тығыз байланыстағы арнайы факторинг компаниялары айналысады. Экономикасы дамыған елдерде  факторинг қаржы индустриясының өз алдына дербес үлкен саласына айналды. Осылайша, факторинг компанияларын  құру бүгінгі жағдайда көкейтесті мәселе болып табылады. Бұл компанияның  негізгі міндеті – Қазақстан  Республикасындағы факторингтің дамуына  кәсіпорындардың ақша талаптарын белгілі бір шарттармен сатып алу арқылы ықпал ету болып табылады. Ал мақсаты – Қазақстан Республикасындағы факторингті жүзеге асыру процедураларын стандарттандыру және бірегейлендіру (жүйелеу). Бұл факторинг компаниясы  дебиторлық қарыздарды сатып алумен қатар, төлемді кейінге қалдырумен байланысты тәуекелдерді сақтандыруды, дебиторлық қарызды басқаруды және ақпараттық-талдау қызметін көрсетуді жүзеге асырар еді.

Факторинг – бұл экономиканың нақты секторын қолдау мен дамытуға бағытталған банк өнімдерінің бірі. Факторинг Қазақстанның банк қызметтері рыногында алғашқы қадамдарын жасап  жатқанына қарамастан, банкпен факторингтік қызмет көрсету бойынша ынтымақтастықта  жұмыс істеудің келешегі айқын және оны әлемдік тәжірибе растайды.

Сонымен бірге Қазақстандағы  факторингтің келешегін қалыпты  оптимистік тұрғыдан бағалауға болады. Бұған, бірінші кезекте, факторингтік жұмыстарды табысты жүзеге асырып жатқан қазақстандық банктер қатарының  өсуі дәлел бола алады.

Факторингтік операциялардың несиелік операциялармен ұқсастығын растайды.

Қаржылық тәуекелдер әр алуан  құралдар мен тәсілдер көмегімен  шешіледі. Қаржылық тәуекелдерді шешу құралдары олардан аулақ болу, ұстау, беру, дәрежесін төмендету  болып табылады. Тәуекелден аулақ  болу тәуекелмен байланысты іс-шарадан  бас тартуды білдіреді. Дегенмен инвестор үшін тәуекелден аулақ болу көбінесе пайдадан бас тартуды білдіреді.Сонымен қатар факторингтік және несиелік операцияларды салыстыруға да әрекет жасалды

Факторингтік және несиелік операцияларды салыстыру

 

Несие

Факторинг

Несиені қарыз алушы банкке қайтарады

Факторингтік қаржыландыру клиенттің  дебиторлары төлеген ақшадан  өтеледі.

Несие бекітілген мерзімге беріледі

Факторингтік қаржыландыру төлемді  кейінге қалдырудың нақты мерзіміне  төленеді

Несие несиелік келісімде көзделген  күні төленеді 

Факторингтік қаржыландыру тауар  жеткізілген күні төленеді

Несие, әдетте, кепілзатқа беріледі

Факторингтік қаржыландыру үшін ешқандай да кепіл қажет етілмейді

Несие алдын ала келісілген сомаға беріледі

Факторингтік қаржыландырудың көлемі шектеусіз және клиенттің сауда  көлемі өскен сайын шексіз ұлғая  береді

Несие алдын ала келісілген күні өтеледі

Факторингтік қаржыландыру дебитор  жеткізілген тауарды төлеген  күні өтеледі 

Несие алу үшін көптеген құжаттарды рәсімдеу керек      

Факторингтік қаржыландыру жөнелтпе құжат пен шот-фактура ұсынылған  кезде автоматты түрде төленеді

Несиені өтеу жаңасын алуға кепіл  бола алмайды

Факторингтік қаржыландыру мерзімсіз  жалғаса береді 

Банктік несие бойынша пайыздарды төлеу шығындары мемлекеттің  Орталық Банкінің есептік қойлымдары + 3% шегіндегі өзіндік құнға жатқызылады

Факторингтік комиссияны төлеу шығындары  толығымен өзіндік құнға жатқызылады 

Несиелеу кезінде, ақшаны аударудан  басқа, банк қарыз алушыға ешқандай да қызмет көрсетпейді 

Факторингтік қаржыландыру дебиторлық қарызды басқарумен қатар жүреді (1-бағанды қараңыз)  

 

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайындағы факторингтік операцияларды ұйымдастырудың негізі және экономикалық мазмұны