Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2014 в 16:25, реферат
Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін дамытуда ең маңызды рөл Бюджет кодексі атқарады.Бюджет жүйесін кодекспен реттейді.Бюджеттік кодексте белгілі бір тартіппен жүзеге асырылады.
Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Елдің қарыз алушы-резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Үкіметтің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі осы елден мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады.
Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге осы ел резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.
Үкіметтің кепілгерлік шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберінде тартылған, қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.
Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі
сомасын және ол бойынша сыйақыны кіріктіреді.
Сөйтіп, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын
қарыздық қаражаттар. Концессия объектіл
Мемлекеттік кепілдік және кепілгерлік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында жазбаша келісімшарт жасасу арқылы беріледі.
Кірістер түспеген немесе жеткіліксіз
түскен кезде қарастырылған шараларды
бюджеттен қаржыландыру кезінде ақшалай
ресурстардағы қысқа мерзімді кажеттіліктерді
жабу үшін кредиттің мемлекеттік қазынашылық
міндеттемелері (МҚМ) сияқты нысаны пайдаланылады.
МҚМ қағазсыз (заттандырылмаған) нысанда
заңды тұлғаларға - коммерциялық банктерге,
кәсіпорындарға,фирмаларға арна
Мемлекет МҚМ-ға конъюнктураны ескере отырып, қалыптасып отырған рыноктық бағалар бойынша шаруашылық операциялар бойынша оларға есеп айырысу және төлемдер құралының мәртебесін бере отырып, МҚМ-ның орнықтылығына кепілдік береді.
МҚМ бюджеттің «кассалық алшақтықтарын» жабудың пәрменді құралы болып табылады, бірақ бір мезгілде МҚМ-ды сатып алу кезінде мемлекеттің белгілі бір ысыраптары болады, ол дисконттың шамасына тең болады, ал оның мөлшері - МҚМ-ның табыстылығы - инвесторларды МҚМ-ды сатып алуға қызықтыру үшін банктік пайыздың қолданыстағы шамасынан асып түсуі тиіс. Бұл аспектіде МҚМ өзгеше «қаржылық пирамида» болды, ол мемлекеттің бюджеттік қаражаттары есебінен болатын тұрақты қаржылық қолдаудың арқасында орнықтылығын сақтайтын.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін халықтың мемлекеттік банктердегі салымдары бойынша қалдықтарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру - мемлекеттік кредиттің бұрын қолданылған нысаны. Әдетте бұл жинақ банкілері арқылы жүргізіледі және егер, олардың капиталы мемлекетке жататын болса, онда депозиттерді пайдалану тәуекелдері бойынша мемлекет жауап береді; жинақ банкінің (акционердің) капиталына мемлекет қатынасқан жағдайда банк мекемелерінің (акционерлердің) пікірлеріне сәйкес тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану нұсқаларынын проблемалары пайда болады.
Мемлекеттік кредиттің қисынды нысаны
- бұл елдің орталық эмиссиялық банкісінің
қаражаттарын тарту болуы мүмкін. Бұл
нысан, тіпті егер мұндай қарыз алу коммерциялық
негіздерде, яғни несиелік пайыздың қолданыстағы
нормасын ескере отырып жүзеге асырылса
да, айналыстағы ақша массасының инфляциялық құнсызд
Үкіметтің, жергілікті органдардың қарамағына ақшалай қаражаттарды тартуға қарама-қарсы мемлекеттің операциялары олар жағынан заңи және жеке тұлғаларға кредиттер беру болып табылады. Кредиттің бұл нысаны мемлекеттік (қазынашылық) несиелер деп аталады және бұл нысан шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе бюджеттік қаражаттар есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақшалай қатынастарын білдіреді және кәсіпорындарды, ұйымдарды қаржылық қиындықтар немесе дамуға қаражаттардың жеткіліксіздігі кезінде олардың ақшалай ресурстарға кезек күттірмейтін жағдайда қолдауға арналған.
Бюджеттік кодекске сәйкес қарыз алудың мынадай түрлері болады: Үкіметтің қарыз алуы, жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы және мемлекет кепілдік берген қарыз алу.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық
бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында
жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың қарыз
алуы бюджеттік инвестициялық жобаларды
(бағдарламаларды) іске асыру мақсатында
жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландыру
үшін Үкіметтен қарыз алу түрінде жүзеге
асырылады.
Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының
атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің,
жергілікті атқарушы органдарының қарыздар
бойынша Қазақстан Республикасының атынан
кепілдіктер беруге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің тапсыруымен мемлекеттік кепілдіктер
беруді Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және
жергілікті атқарушы органдардың қарыз
алуы, мемлекет кепілдендірген қарыз алу
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
қарыз алуы «Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасы
заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және
жергілікті атқарушы органдардың және
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып
табылады.
Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан
Республикасының резиденттері кез келген
мөлшерде, кез келген валютада және кез
келген нысанында Қазақстан Республикасы
заңнамасында белгіленген шектеулерді
ескере отырып, өз бетінше жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар
мемлекеттік кепілдікпен және мемлекет
кепілгерлігімен тарта алады. Жедел басқару
құқығында мүлкі бар заңи тұлғаларға мемлекеттік
емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым
салынады.
Бюджеттік кодексте мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары қарастырылған:
5. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы
қағаздар шығару мақсаттары
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысандарда, ал ұсынушыға арналып тек құжаттамалық нысанда ғана, атаулы және дисконтталған құны бойынша сыйақының тіркелген және тіркелмеген (құбылмалы) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін. Мемлекеттік емес қарыз - Үкіметті, Ұлттық банкті және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті- қарыз алушы болатын қарыздық қатынастар.
Мемлекеттік кредиттің әдістері сан алуан және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда - бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін кайтарудың амалдары, тәсілдері. Олар қарыздарды шығарудың келісімшарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістерімен, іс- қимылдың мерзімімен, орналастыру амалдарымен(облигацияларды, боналарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалымен (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп сатып алу, мерзімсіз қарыздарда - пайыздық кірісті кезеңдік төлеу). Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттік борышты басқару әдістері де жатады.
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерде мыналар әдістер болып табылады:
Мемлекеттік кредиттің нысандары кезінде - мемлекеттік банктердің депозиттік ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде - мұндай пайдаланудың шарттары істер болып табылады: мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту келісімшарттары - әдістері ұқсас болады, бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс. Мемлекеттік несиелер нысанындағы әдістер кәдуілгі банк кредитінің әдістеріне ұқсас болып келеді.