Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2014 в 16:25, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін дамытуда ең маңызды рөл Бюджет кодексі атқарады.Бюджет жүйесін кодекспен реттейді.Бюджеттік кодексте белгілі бір тартіппен жүзеге асырылады.
Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Прикрепленные файлы: 1 файл

9апта.docx

— 46.91 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.

                       Мемлекеттік кредит және мемлекеттік борыш.

 

 

 

 

 

Тексерген:Мухаметкалиева М.А.

 Орындаған: Әлірахымова І. М.

                     Қаржы 132 топ 3 ж.о., қаз.бөлімі




 

 

 

 

Алматы. 2014 ж.

 

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, Мемлекеттік кредит және мемлекеттік борыш.

 

Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін дамытуда  ең маңызды рөл Бюджет кодексі атқарады.Бюджет жүйесін кодекспен реттейді.Бюджеттік кодексте белгілі бір тартіппен жүзеге асырылады.  

Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 
      14-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 
      15) бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы; 
      16) бюджеттік инвестициялар - бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру; 
      17) бюджеттік инвестициялық жоба - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы; 
      17-1) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін, жобаның жүзеге асырылуын және тиімділігін айқындау тұрғысынан техникалық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау; 
      17-2) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасының қорытындылары негізінде дайындалған, бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы; 
      18) бюджеттік қамтамасыз етілу - тиісті бюджеттер қаражаты есебінен ұсынылатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бірлігіне есептегендегі мемлекеттік қызметтер құны; 
      19) бюджет қаражаты - мемлекеттің ақша және өзге де активтері, жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттік меншікке түсетін түсімдер; 
      20) бюджет қаражатын алушылар - бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арқылы алатын және оларды бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар; 
      21) бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар; 
      22) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар; 
      23) бюджет процесі - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг жасау және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;

 

Бюджеттік үдіріс және оның негізгі кезендері

Бюджеттік қаражаттарды тиімді басқару тікелей бюджеттік үдеріспен байланысты.

Бюджеттік үдеріс - бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бюджетті нақтылау және түзету, бюджеттік атқарылуы бойынша бюджеттік есеп пен бюджеттік есептемені, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау бойынша бюджет заңнамасымен регламенттелінген мемлекеттік органдардың қызметі. Бюджеттік үдерістің барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық үдерістерін ғана емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады.

Бюджеттерді жоспарлау, атқару, бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау атқарушы билік органдарының функциялары, қарау және бекіту Парламент пен жергілікті өкілетті органдардың функциялары болып табылады; бюджеттердің атқарылуы бақылауды биліктің екі тармағы орындайды. Қазақстан Республикасы Президентінің функциялары - елдің бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын, республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті әзірлеу тәртібін анықтау, мемлекеттік төтенше бюджетті енгізу туралы шешім, Республикалық бюджеттік комиссияны құру, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес басқадай өкілеттіктерді жүзеге асыру,

Бюджеттік үдерісте мына құжаттар пайдаланылады:

1) республиканың немесе  өңірдің әлеуметтік-экономикалық  дамуы мен бюджеттік параметрлерінің  болжамы.

2) республикалық бюджет  туралы заң, жергілікті бюджет  туралы мәслихат шешімі;

3) мемлекеттік органдардың  стратегиялық жоспарлары;

4) операциялық жоспарлар.

 

 Мемлекеттің кредиттің функциялары

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің заңды және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджеттапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

Мемлекеттік кредит - жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңды және жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады. Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі карызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк кредитімен шатастыруға болмайды.

Мемлекеттік кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығы:

Жекеше кредит

Мемлекеттік кредит

1) өндірістік мұқтаждар үшін жұмылдырылады; 
2) несие капиталы жұмылдырылады; 
3) өтеу қосымша өнім немесе өндіріс үдерісінде пайда болатын құннан жүргізіледі; 
4) капиталдың қолдану сферасын (өндірістік сфераны) кеңейтеді.

1) өндірістік және өндірістік емес мұқтаждар 
2) төлем және сатып алу қаражаттары жұмылдырылады; 
3) өтеу бюджет кірістерінен (негізінен салықтық түсімдердің есебінен) жүргізіледі; 
4) капиталды қолдану сферасын тарылтады.


Мемлекеттік кредиттің көздері - кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос қаражаттар.

Мемлекет кредиттік ресурстарды:

  • 1) бюджет тапшылығын қаржыландыру;
  • 2) ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;
  • 3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру;
  • 4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.

Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит бойынша қатынастарды қаржылық қатынастарға мына негіздемелер бойынша кіріктіреді:

  • 1) мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі мұқтаждарды - өндірістік сияқты, өндірістік емес мұқтаждарды да, сол сияқты стратегиялық, сондай-ақ оперативтік мұқтаждарды да қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде қаралады;
  • 2) алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің - үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі.

Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар «антиципацияландырылған салықтар», яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.

Қаржының ұдайы өндірістік функциясы шектерінде мемлекеттік кредит ақшалай қаражаттарды (оларды кейін қайтару шарттарында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Кредиттің көмегімен халықтың, кәсіпорындардың шамамен көп емес орташа жинақақшалары мемлекетте шоғырландырылады және экономиканың, әлеуметтік-экономикалықинфрақұрылымның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналасырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларыншығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық боналарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Мемлекеттік қарыз алудың сан алуан құралдарының болуы халыққа жинакақшалардың ұйымдық нысандарын таңдау еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл функция іс- әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің көлемін арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады. Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар кредиторға ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар есебінен кайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сонымен бірге оның «мерзімінен бұрын төлену» қасиетінде көрінеді, сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді («уақытқа қарай қайта бөлу»).

Мемлекеттік кредиттің екінші қосалқы функциясы - реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталдарының рыногында қарыз алушы бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Бұл ретте мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады («ығыстыру әсері»). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.

Сөйтіп, егер кредиттің қайта бөлгіштік функциясының көмегімен мемлекет ақшалай ресурстарды тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістерді дамытуға) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге қол жетеді.

Мемлекеттік кредиттің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.

Мемлекеттік кредит түрлері


Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады (сызбаны қараңыз). Ішкі кредитте мемлекеттік-кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда - қарыз алушылар ретінде де, сондай-ақ кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.

Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, басқа жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.

Шартты мемлекеттік кредит отандық қарыз алушылар: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша жауап береді - қарыз алушының мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджеттік қаражаттар есебінен қарыздың сомасын төлейді.

Мыналар:

  • мемлекеттік қарыздар шығару;
  • коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру;
  • қазынашылық несиелер мемлекеттік кредиттің нысандары болып табылады.

Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредиттік қатынастарды білдіретін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады.

Қарыздардың салықтардан айырмашылығы:

Қарыздар

Салықтар

1) ерікті сипаты; 
2) мәжбүрлеудің бүркемелі нысаны

1) мәжбүрлеме сипаты: 
2) мәжбүрлеудің анық нысаны


Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады.

  • Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), ортамерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады.
  • Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетелдік азаматтар мен қоғамдар сатып ала алады.
  • Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады.

Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақшалай нысанда шығарылады, бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады. Эмитентке қарай қарыздар орталық үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына(муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.

Табыстылық түрлері бойынша қарыздар қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алатын пайыздық, ұтыстық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.

Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 жылы республика Үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының боналары шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге мөлшерінде 4 рет ойналады. Қарыздың шарттары бойынша 1982 жылғы одақтық қарыз бойынша облигацияларды боналарға айырбастау жолымен Үкімет міндеттемелер қабылдады.

1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-заңи және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ облигацияларын тарату басталды. Ұлттық жинақ облигацияларына жузбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады. Шартты мемлекеттік кредитте кепілдер мен кепілгерліктер нысандар болып табылады.

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.