Функционалдық мүмкіндіктер мен мүмкін болатын тәуекелдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 14:42, курсовая работа

Краткое описание

Негізіне жалпы және жеке өзгеше қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс. Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар: - қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
- қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
- қаржы резервтерін жасаубюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және алалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі;
- мемлекет пен шаруашылық жүргізушісі субьектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.

Содержание

Кіріспе
1бөлім «Қарағанды қаласының қаржы бөлімі» ММ
1.1 Ағымдағы жағдайды талдау
1.2 Стратегиялық бағыт
1.3 Стратегиялық бағыттар, мақсаттары мен міндеттері
1.4 Мемлекеттік қызметтің имиджі
2 бөлім Функционалдық мүмкіндіктер мен мүмкін болатын тәуекелдер
2.1 Нормативтік құқықтық актілер
2.2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
2.3 Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

отчет.docx

— 48.97 Кб (Скачать документ)

Жоспар

Кіріспе 

1бөлім  «Қарағанды қаласының қаржы бөлімі» ММ

1.1 Ағымдағы жағдайды талдау

1.2 Стратегиялық бағыт

1.3 Стратегиялық бағыттар, мақсаттары мен міндеттері 

1.4 Мемлекеттік қызметтің имиджі

2 бөлім Функционалдық мүмкіндіктер мен мүмкін болатын тәуекелдер

2.1 Нормативтік құқықтық актілер

2.2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

2.3 Мемлекеттік бюджет  кірістерінің көлемі мен құрылымы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

Кіріспе

Қаржы саясатының мақсаты  – қоғам дамуының аса маңызды  қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық  жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы  саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға  шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың  табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға  халықтың қатысу үлесін анықтауға көп  көңіл бөледі. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін  арттыруға, сондай ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына  шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.

Таяудағы мақсат ретінде  – мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың  негізінде ұлттық шаруашылықтың  қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын  шешу. Қаржы  саясатын жүзеге асырудың

Негізіне жалпы және жеке өзгеше қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс. Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар: - қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;

- қаржы қатынастарының  жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз  ету;

- қаржы жүйесінің барлық  сфералары мен буындарында кірістер  мен шығыстардың теңгерімділігі;

- қаржы резервтерін жасаубюджет  жүйесінде кірістердің шығыстардан  және алалық қаржыларда қаржы  резервтерінің асып түсуі;

- мемлекет пен шаруашылық  жүргізушісі субьектілердің арасында  қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.

Қаржы саясатының тиімділігін  қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады:

- обьективті экономикалық заңдардың іс әрекетін есепке алу; нақты тарихи жағдайларды есепке алу;

- өткен жылдардың өзіндік  тәжірибесін және дүниежүзілік  тәжірибені есепке алу.

Жеке өзгеше қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:

- қоғамда қаржы жүйесінің  ұтымды құрылымын, қаржы қатынастарын  жоспарлы ұйымдастыруды және  қаржы механизмінің дұрыс құрылуын  қамтамасыз ету;

- қаржы жүйесінің барлық  салалары мен буындарындағы кірістер  мен шығыстардың тепе теңдегі;

- бюджеттегі кірістердің  шығыстардан асып түсетін қаржы  резервтерін жасау;

- салық жүйесін ұтымды  құру арқылы экономикалық және  әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына  қаржы ресурстарын шоғырландыру;

- негізгі қаржы ресурстарын   мемлекет қарамағына жұмылдыру,  оларды мемлекет пен шаруашылық  жүргізуші субьектілер арасында  тиімді бөлу;

- қаржы және кредит ақша саясатының тепе теңдігі;

Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті  экономиканы  экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын  одан әрі жетілдіру негізінде  шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік  қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды  қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.

Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы  саясаты мен қаржы жүйесінің  қызметі нарық жағдайында қажетті  қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде  түсіріп отыруға , әлеуметтік - экономикалық  дамудың мемлекеттік бағдарламаларында  қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал , еңбек және ақша ресурстарын  мақсатты әрі ұтымды пайдаланіға  бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының  әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын  қайта құрудың стратегиясын  қаржымен қаматамасыз ету қажеттігінен туындайды.

Қаржы саясатының мақсаты  – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады.Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын , сондай ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді.Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға , сондай ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамуддың  басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі. Таяудағы мақсат ретінде – мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім «Қарағанды қаласының қаржы бөлімі» ММ

 

1.1 Ағымдағы жағдайды талдау

 

Ел Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан дамуға» Жолдауында экономиканы  әрі қарай дамытудың жоспары  үшін қажетті және  еңбекпен қамту  стратегиясы үшін қажетті болатын  бюджеттің барлық шығындары бойынша  қатаң үнемдеу және қатаң қаржы  тәртібі керек екендігі сынды  міндеттер қатары белгіленген. Мұның  өзінде,  Қазақстанның әлемдегі мейлінше серпінді дамушы елдер қатарына өту  басымдықтарының бірінің шеңберінде қаржыны және мемлекеттік активтерді басқарудың ашық және айқын жүйесін  құру қажеттілігі анықталған.

Қойылған талаптарды орындау  мақсатында «Қарағанды қаласының қаржы  бөлімі» ММ жергілікті бюджетті орындау  жөніндегі уәкілетті орган есебінде бюджеттің орындалуы мен коммуналдық  меншікті басқару саласында мемлекеттік  саясатты жүзеге асырады. Бірқатар жылдардағы бюджетті атқарудың оң серпіні байқалады. 2005 (102,5%), 2007 (102,1%), 2008 (101,3%) жылдары қалалық  бюджеттің болжамды түсімдерін асыра  орындау қамтамасыз етілді. 2005 жылы мемлекет активтерін басқарудың ашық та айқын жүйесін құру бойынша  қойылған міндетке байланысты коммуналдық  меншікті түгендеу жүргізілді. Есепке алу жүйесінің толықтығы мен  тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік  беретін Мемлекеттік кәсіпорындардың  және мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекеттік қатысы бар заңды  тұлғалардың тізілімін жүргізу  жүйесінде коммуналдық заңды  тұлғаларды есепке алу жөніндегі  база қалыптасты. Мемлекеттік активтерді басқару саясатына сәйкес мемлекеттік  қатысы бар ұйымдарды басқарудың жүйесі оңтайландырылды: басқару функцияларын осы ұйымдардың қызмет салаларына сәйкес салалық мемлекеттік органдар жүзеге асырады.  «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін өзі басқару туралы»  ҚР Заңы негізінде мемлекеттік басқару  деңгейлері арасындағы өкілеттілікті  бөлуге байланысты аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) коммуналдық  меншігін басқару функциясы аудан  әкімдіктері (облыстық маңызы бар қалалар) құзыретіне жатады. Қаланың мемлекеттік коммуналдық активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан келесі мәселелер өзекті болып қалады:

-коммуналдық меншікті  есепке алу жүйесін әрі қарай  жетілдіру, оны дер кезінде  және сапалы толықтыру;

-шаруашылық жүргізу құқығындағы  мемлекеттік кәсіпорындардың, облыстық  коммуналдық меншікте тұрған, мемлекеттік  қатысы бар ұйымдардың қызметінің  тиімділігін арттыру. 

Қаржы саясатына  қойылатын  маңызды талап қаржы саясатын жүргізгенде , яғни дамудың белгілі  бір кезеңінін негізгі міндеттерін  орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды келіскенде  кешенді көзқарасты сақтау, сондай ақ экономикалық саясаттың құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит,баға, белгілеу жалақы салалары саясатында өзара байланысты қаматамасыз ету болып табылады.

 

1.2 Стратегиялық бағыт

Түсімдер болжамының орындалмау немесе асыра орындалу, уақытылы міндеттемелердің қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша  төлемдердің жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік  бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында айқындалған нәтиженің  көрсеткіштері бойынша деректерді тұрақты және жүйелі жинау, бақылап  отыру және талдау  сапаны арттырудың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігінің  негізі болып табылады. Бұл стратегиялық бағыттың мақсаты:

- жергілікті бюджетті  атқару туралы,  республикалық  бюджеттен бөлінген нысаналы  трансферттерді және кредиттерді  іске асыру мониторингін өткізу  жолымен бюджетті атқару бөлігінде  қызмет көрсету сапасын арттыру.

Елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қолданылған экономикалық саясаты макроэкономикалық зерттеудің негізігі бөлігі болып табылады.Экономикалық саясат ретінде қарастырылатын қаржы  инструменттері: салық салу немесе ақша эммисиясы , басқаша айтқанда ақша шығарып алу тәсілі.Біздің есептеулер бойынша инфляцияның зияны салық  салуға қарағанда анағұрлым жоғары екені анықталады.Қаржы саясатының экономикаға әсері мәселесі бұрыннан пайда болған. Мемлекет экономикалық жағдайды реттеу және бақылау мақсатында мынадай салық түрлеерін қолданылады: тұтынушыдан алынатын табыс және инфляция салығы, қосылған құнға салық , сонымен қатар кез келген пайда  көзіне салынатын салық. Салықтың салынғаннан  кейн мемлекет қоғам тауарларының көлемін  белгілейді. Бұл жерде қаржылық саясаттың  кері әсерінің мәні өндіруші , тұтынушы  және мемлекет пайдасынан қалыптасады. Салық және ақша шығару эффективтілігі бюджет табысы  және қоғам зиян зардаптары   тұрғысынан қарастырғанда пайдаға  салық тиімді. Басқаша айтқанда пайдаға  салынатын салық еш зиян келтірмейді  және ең эффективті қаржы инструменті  болып табылады. Басқа салықтарға келетін болсақ Қазақсатнның мәліметтеріне  сүйене отырып мынадай қорытындыға  келуге болады : Қазіргі Қазақстанның белгілі инфляция мөлшерінде салық  салу ақша эммисиясына қарағанда  әлде қайда тиімді болып табылады.

 

1.3 Стратегиялық бағыттар, мақсаттары мен міндеттері 

 

Қаржы бөлімінің өзекті функциясы  бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің  бюджетті тиімді атқаруын қамтамасыз ету бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін  үйлестіруден тұрады.

Осы стратегиялық бағыттың мақсаты: түсімдер мен шығыстар бойынша бюджеттік мониторингті жүргізу; бюджетті атқару мониторингі процесінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және бюджетке салықтық және өзге де түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органмен тиімді өзара әрекет ету; мемлекеттік сатып алу процесін оңтайландыру және тиімділігін арттыру жолымен бюджетті атқару көрсеткіштерін жақсарту.

Конкурстық ортаның жоқтығынан конкурстық рәсімдерді қайталап өткізу жағдайларында бюджетті атқару процесінде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес міндеттемелер  қабылдау бойынша проблемалар туындайды, ол есептік кезеңдегі бюджетті атқаруда кері әсерін тигізеді.

2007-2008 жылдардың 1 тоқсанында қайталама  конкурстарды жариялау қажеттілігіне  себеп болған (конкурстық ортаның  жоқтығы, біліктілік талаптарына  және конкурстық құжаттама талаптарына  өтінімдердің сәйкес келмеуі  және т. б.) мемлекеттік сатып  алу рәсімдерін ұйымдастырудың  және өткізудің жеткіліксіз деңгейінің  себебінен игеру сомасынан үлес  салмағы 2 пайыздан 85 пайызға дейін. 

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету, конкурстық алаңды кеңейту, сыбайластықты төмендету, 2010 жылы бюджеттік  қаражаттарды үнемдеу және оларды пайдалануды  оңтайландыру мақсатында:

- мемлекеттік сатып алу субъектілерінің электрондық сауда-саттық жүйесіне көшуін дайындау;

- электрондық форматта баға ұсыныстарын сұрата отырып сатып алу тәсілімен 100 пайыздан кем болмайтын сатып алуды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Көрсетілген деңгейге қол  жеткізу үшін: электрондық сандық қол қою құралдарымен ведомствоға бағынысты ұйымдарды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуы» Web-порталында тіркеу және орналастыру тәсілімен аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың атқарушы органдарымен өзара әрекет ету қажет.

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының  мемлекеттік стратегиялық бағыттарына  сәйкестігі

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Іске асырылуына мемлекеттік  органның қызметі бағытталған мемлекеттің  стратегиялық мақсаттары

Стратегиялық құжаттың, нормативтік  құқықтық актінің атауы 

Стратегиялық бағыт 1. Бюджетті атқарудың тиімділігін қамтамасыз ету

1.1. Мақсаты

Бюджетті атқару нәтижелілігінің  индикаторына әсер ететін факторларды талдау

   Бюджетке түсетін  түсімдердің мерзімдеріне сәйкес  түсімдердің дер кезділігін қамтамасыз  ету жөніндегі іс-шаралар кешені  арқылы бюджеттік ақшаны басқару.

    Міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақытылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау үшін бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін, сондай-ақ, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында айқындалған нәтиженің көрсеткіштері бойынша деректерді тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттік мониторинг болып табылады

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі

Стратегиялық бағыт 2. Қызмет көрсетулердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру

2.1. Мақсаты

Бюджетті атқару бөлігінде  қызмет көрсетулердің сапасын арттыру 

Бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі  жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын жыл қорытындысы бойынша  жергілікті атқарушы  органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі  уәкілетті органдарға жергілікті бюджетті атқару туралы талдамалық есепті жібереді

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі

Стратегиялық бағыт3.  Облыстық коммуналдық меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

3.1. Мақсаты Қалалық коммуналдық меншікті басқарудың тиімділігін арттыру

«Мемлекет активтерін басқарудың ашық та, айқын жүйесін  құру»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы  

Информация о работе Функционалдық мүмкіндіктер мен мүмкін болатын тәуекелдер