Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 18:59, реферат
Орналасуы: Жаңаарқа ауданы, Мыңадыр бекетінен екі км қашықтықта. Автор, салушы және пайда болу тарихы белгісіз.
Кесене туралы алғашқы жазбаша еске алу П.И.Рычковтың 1762 жылы жарық көрген «Топография Оренбургская» атты еңбегінде бар.
Орталық Қазақстанда ешқашан болмаған П.И.Рычковтың ескерткішті сипаттап жазуы түпнұсқадан алынған. 1863 жылы тұңғыш рет Шоқан Уәлиханов кесененің жоспарын түсіріп, суретін салды.
1946 жылы кесенені ҚазССР ғылым Акакдемиясы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеді. (Ә.Х.Марғұлан). 1974 ж. ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы ескерткішке өлшеу және фотофиксация жұмыстарын жүргізді. (М.А.Маманбаев, М.К.Сембин, М.С.Нұрқабаев).