Жұбан-Ана кесенесі XIX ғасыр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 18:59, реферат

Краткое описание

Орналасуы: Жаңаарқа ауданы, Мыңадыр бекетінен екі км қашықтықта. Автор, салушы және пайда болу тарихы белгісіз.
Кесене туралы алғашқы жазбаша еске алу П.И.Рычковтың 1762 жылы жарық көрген «Топография Оренбургская» атты еңбегінде бар.
Орталық Қазақстанда ешқашан болмаған П.И.Рычковтың ескерткішті сипаттап жазуы түпнұсқадан алынған. 1863 жылы тұңғыш рет Шоқан Уәлиханов кесененің жоспарын түсіріп, суретін салды.
1946 жылы кесенені ҚазССР ғылым Акакдемиясы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеді. (Ә.Х.Марғұлан). 1974 ж. ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы ескерткішке өлшеу және фотофиксация жұмыстарын жүргізді. (М.А.Маманбаев, М.К.Сембин, М.С.Нұрқабаев).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сарайшық.docx

— 30.14 Кб (Скачать документ)

Жұбан-Ана кесенесі XIX ғасыр

Орналасуы: Жаңаарқа ауданы, Мыңадыр бекетінен екі км қашықтықта. Автор, салушы және пайда болу тарихы белгісіз. 
Кесене туралы алғашқы жазбаша еске алу П.И.Рычковтың 1762 жылы жарық көрген «Топография Оренбургская» атты еңбегінде бар.

Орталық Қазақстанда ешқашан болмаған П.И.Рычковтың ескерткішті сипаттап жазуы түпнұсқадан алынған. 1863 жылы тұңғыш рет Шоқан Уәлиханов кесененің жоспарын түсіріп, суретін салды.

1946 жылы кесенені ҚазССР ғылым Акакдемиясы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеді. (Ә.Х.Марғұлан). 1974 ж. ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы ескерткішке өлшеу және фотофиксация жұмыстарын жүргізді. (М.А.Маманбаев, М.К.Сембин, М.С.Нұрқабаев). 
 
Кесене бір камералы күмбезді құрылыс, жоспарда шаршы пішінді болып келеді. Кіре беріс есік шошақ аркалы және оңтүстік шығысқа бағытталған. Ескерткіштің негізгі көтергіш құрылымдары күйдірілген және дымқыл кірпіштерден жасалған және үш қабатты жүйе болып табылады. Құрылыс сазды ерітіндіде жүргізілді. Кесененің өлшемдері жоспарда 6х5,8м, күмбездің төбесіне дейінгі биіктік 5,5м, кесененің көлемі 190м3. 
 
Негізгі библиография:  
 
1. П.И.Рычков. Топография Оренбургская. ч.П, 1762г. 
 
2. Ш.Ш.Уәлиханов. Собрание соч. в пяти томах. т.Ш, Алма-Ата, 1964г. 
 
3. Ә.Х.Марғұлан. Археологические разведки в бассейне реки Сары-Су /Из отчета экспедиции 1946г./. Вестник АН КазССР, №7, 1947г. 
 
4. М.К.Сембин, Мавзолей Жубан-Ана /историческая справка/. Архив НИПМ 

 

 

 

 

 

 

Сарайшық қаласы XIII - XVI ғасыр

Сарайшық қалашығы 100 га көлемі бар, XIII-XVI ғғ. жатады. Жайық өзенінің оң жақ жағалауында, Атырау қаласынан 55 шақырым жерде орналасқан. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде Сарайшықтан Шығыс пен Батыстың ортағасырлық өркениетті орталықтармен сауда-экономикалық және мәдени байланысы туралы ақпарат беретін және Алтын Орда дәуірінің қалалық мәдениетінің бай материалдары табылды. «Хан» қоғамдық құрлысының архитектуралық орналасуының кезеңдеріне зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында «ханның» салу ерекшеліктері анықталды. Сонымен бірге, өткен маусымда бес құрылыс кезеңін анықтауға мүмкіндік алынды. Археологиялық зерттеу барысында қалашықта нумизматикалық материалдардан басқа қалалықтардың көптеген күнделікті қолданыс заттары табылды: қыштан жасалған заттар (құман, құмшы, шығыр, құмыралар, көзелер, шырақтар, түбектер, кесе, пияла ) өсімдіктер мен зооморфты өрнектер және түрлі араб шрифтімен, сонымен бірге, трапезундық және қырым амфораларыныњ бөлшектері, қытай фарфорынан жасалған табақтың бөліктерімен безендірілген. Қазбалар барысында көптеген сүйектен, темір мен қоладан жасалған бұйымдар кездеседі. Одан басқа, ортағасырлық моншаның қалдығы табылып, зерттелді.  Әбілғазы Бахадұр-ханның (ХVІІғ.) Сарайшықтағы негізін Батухан (Билік құрған уақыты 1221-1256 ж.ж.) салған деген тарихи пікірмен келісуге болады. Көптеген көпестер мен саяхатшылардың осынау жолдардың бағыт бағдарлары туралы, тауарлардың сипаты мен бағасы және қатынас тәсілі туралы жазбалары мен хикаялары бізге дейін жетіп жатыр. Сарайдан Сарайшыққа, одан әрі Үргеншікке дейінгі сауда жолының соқпақтарында құдықтар болды және керуен-сарайлар қызмет етті. ХІІ-ХІV ғ.ғ. осы жол Шығысты Батыспен негізгі жалғастырушы болды. 
 
Сарайшықта салтанатты сәулетті сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер және басқа да ғаламат ғимараттар салынған. Оларды атақты сәулет өнері мектептерінен өткен дарынды шеберлер тұрғызған қаланың өте тамаша жобаланып салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары болған. Қаланың келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалды. Керуен саудасынан келетін түсім, әскери олжа, жергілікті халық төлейтін салық және аса мол арзан еңбек күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті. 
 
Қазіргі уақытты қалашық жер бетінен тым тез жоғалып барады. Бұл процесс Жайық өзенінің арнасының ауытқуына байланысты болып отыр. Судың асау ағысының мәдени қабаттарын күн сайын және жылдам шайып жатыр. Сондықтан да бұл кітапшаның міндеті - халықтың тұңғиық тарихи жадынан бүгінгі ұрпаққа нәр болып табылады. Сарайшық қазіргі мәдени қабаттары - бақытты, махаббат пен күдестікті, қалалықтардың рахаты мен уайымын, ауыруы мен қайғысы, табан ет, маңдай термен жиналған әрбір жәдігерлік - мейлі олар көркем керамика, т.б. болсын, бәрі де әлі танып үлгерген сол бір дәуірдің дерегін сыйлайды. 
 
Тек қана Каспий атырабы аймағындағы ған емес, тұтас Шығыс пен Батыс елдерінің геосаяси мүддесінің осы жерде тоғысуы, оның ерекше байланыстырушы ролі, экономикалық, мәдени, саяси қарым-қатынастарды қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру көне Сарайшықтың қираған орнына жақын орналасқан Атырау қаласына ауысты. Ата бабаларымыздың қажырлы еңбегінің арқасында осынау шұрайлы жерге орныққан мұнайға бай, саудасы абат Атырау қаласына жарқын, әрі ұзақ болашағы бар.


Информация о работе Жұбан-Ана кесенесі XIX ғасыр