Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 09:22, реферат

Краткое описание

Ғылым да сарқырап ағып жатқан өзен тәрізді, өзен өз сағасын кеңіне жайып, күш жинаған кезінде жақсы көрінеді, бірақ оған бірнеше кіші өзен салалары келіп құяды, және ең басты саласын бірден ажырату мүмкін емес. Біреулер ғылымның дамуын ата-бабамыздың тұрмыс- тіршілігінің дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас дәуіріндегі адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді біреулер бірінші орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында философиядғы дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады.

Содержание

Кіріспе.....................
2. Негізгі бөлім..........................
-Ғылымның пайда болуы................
- Ғылымның негізгі даму кезеңдері............
- Ғылымның тарихи динамикасы................
- Ғылымды зерттеу аспектілері.........................
- Ғылымдагы дәстурлер мен жаңалықтар………
3.Қорытынды................................
4. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

срмп Аршабекова Айгүл.docx

— 40.63 Кб (Скачать документ)

Парадигма ұғымының элементтерінің анықтамасын Т.Кун толық бер-месе де, оларды жалпы түрде төмендегіше  сипаттауға болады: 1) матема-тикалық  формада жазылған, бастапқы ұғымдар  мен заңдарды қамтитын фундаменталдық теориялар; 2) табиғат туралы жалпы  философиялық түсініктер және қазіргі  ғылымда қабылданған ұғымдар  мен олардың жүйесін бейнелеудің логикалық тәсілдері; 3) ғылыми қоғамдастықтың әрбір мүшесі өзіне қойылған ғылыми міндеттерді шешу үшін ұстанатын үлгілер мен эталондар. Ғылымның жағдайын, Т. Кунның пікірінше, екі кезеңге бөліп қарасты-руға болады: ғылымга дейінгі кезең (бұл кезеңде парадигмалар әлі қалып-тасып үлгермеген) және гылыми кезең (ғылыми қоғамдастық парадигаманы құрастырып, қабылдаған кезең). Ғылыми кезеңдегі ғылымның жағдай екі түрде сипатталады: қалыпты жағдай (оны Т.Кун қалылты ғылым деп атайды) және дағдарысты жагдай. Қалыпты ғылымда ғылыми қоғамдастық белгілі бір парадигманы қабылдайды және оны танымның белгілі бір саласындағы міндеттерді шешу үшін тиімді қолданады. Парадигмаларды зерттеу жас ізденушіні белгілі бір ғылыми қоғамдастықтың мүшесі болуға дайындайды, ол өзі таңдаған, ғылым саласын кезінде нақты үлгілерге сүйеніп зерттеген адамдардың қатарына қосылады және ғылыми практикада олардың дәстүрлі теориялары мен методтарын қолданғандықтан фундаменталдық принциптерден аса алшақтамайды. Мұндай дәстүрлілік, өзара келісімділік ғылымның қалыпты дамуына ықпал етеді. Жалпы қабылданған парадигмалардың болуы осы ғылым саласының жеткілікті дамығандығының белгісі. Бірақ парадигмаларға негізделген қалыпты ғылымның бір ерекшелігі – ол үлкен жаңалықтарды ашуға онша бағытталмаған, оның нәтижелері көбіне-көп алдын-ала, парадигмалар шеңберінде болжанған. Мұндай жағдайда ғалымның ізденістік қызметінің мәні жоқ болып көрінуі мүмкін. Кунның пайымдауынша, қалыпты ғылым саласында жұмыс жасайтын ғалымның алдына қоятын негізгі мақсаты – «жаңылтпаштарды шешу», немесе, парадигмаларға негізделген теориялық білімді іс жүзіндегі факт-ма-териалдармен рационалды сәйкестендіру. Ғылымның дағдарысты жағдай-ында ізденіс процесінде қабылданған парадигмалар шеңберіне сыймайтын фактілер пайда болады да, парадигманың тиімділігі күмән туғызады, одан бас тартып, шындықты мүлдем жаңа көзқарас тұрғысынан түсіндіретін жаңа парадигмалар жасау қажеттілігі туады. Бұрын қабылданған парадигмадан бас тартуды Т.Кун ғылыми рево-люция деп атайды және, Кунның пікірінше, жаңа парадигманы ғалымдардың жаңа легі психологиялық деңгейде мойындап, мақұлдауы қажет. «Ғылым логикалық емес, психологиялық» дейді Кун. Яғни, парадигманы сыни эксперименттен өткізіп қажеті жоқ, ғалымдарыдң аға буыны ыдырап, жаңа легі жаңа парадигмамен жұмыс жасап дағдыланса болғаны. Ғылым динамикасының «кумулятивтік теориясының » авторы, француз ғалымы Пьер Дюгемнін пікірінше, ғылымның дамуы кірпіштен қаланған қабырғаның біртіндеп биіктеуі секілді, бұрын танылған нәрсенің біртіндеп өсуі. Ғалымның жұмысы – осы ғылым ғимаратының, оның теориясының кірпіштерін іздеп тауып, орнына қалау. Оның бастауын ғылым-ның бұрынғы тарихынан табуға болады. Дюгемнің осы көзқарастарына жүгінсек, дүниенің ғылыми бейнесі өзгермейді, тек кеңейе түседі, ғылым дамуында түбегейлі теңкеріс дегендер болмаған. Мұндай көзқарастарға қарсы шыққан Кун ғылымның дамуы ескі білімнің үстіне жаңа білімнің қалануы емес, бұрынғы беделді деген, жетекші түсініктердің мүлдем жаңа түсініктермен трансформациялануы, ауыстырылуы, яғни белгілі бір кезендерде болып отыратын ғылыми революциялар деген теорияны ұсынады.

Негізінен алғанда, Т.Кунның теориясын қабылдауға болады. Ғылымның дамуы міндетті түрде өзіне дейінгі  дәстүрлерге сүйене отырып дамитын-дығы күмән тудырмайды. Дәстүрлер көзге көрінетін (явное) немесе вербальді және көрінбейтін (неявное) немесе вербальдік емес болып бөлінеді, ғылыми таным процесінде өзара орын ауыстырып отырады. Көрінетін білімдерді кейбір ғалымдар басты, орталық білім деп те атайды, бұл білімдер басты назарда болады, негізінен алғанда оқулықтар мен ғылыми монографияларда мәтін-текст түрінде болады. Т.Кунның парадигмаларын білімнің осы түрінің мысалы ретінде қарастырған дұрыс. Көрінбейтін білім ( философиялық әдебиетте бұл білімді сипаттауға-жасырын», «имплициттік», «перифериялық», «үндемейтін», «менталитет» және тағы басқа терминдер қолданылады) назардан тысқарырақ, көбіне практикалық білім саласында кездеседі. Ғалымдардың әдеттерінде, мінез-құлқында кездеседі, оларды ауызша, вербалды түрде толық жеткізу қиын. Мысалы, белгілі химик-философ Марк Полани химик студенттердің практикалық сабақтарға кеп уақыттарын белу ерекшелігін практикалық білімдердің ұстаздан шәкіртке ғылыми дәстүр ретінде берілу деп есептейді. Олар ғалымнан оның ғылыми кадрларына ауызша емес, тек жеке үлгі-өнеге арқылы жетеді, яғни білімнің тұлғалық сипатымен тығыз байланысты. Көрінбейтін ғылымның бір түрі – ғылыми мектеп, ғалым мен оның шәкірттерінің белгілі бір географиялық мекеңде орналасқан қауымдастығы. Ғылыми мектеп шеңберінде ғалымдар арасында тығыз байланыс-араласу орнайды, тәжірибе алмасу, теориялық пікірталас-дискуссиялар үнемі жүріп отырады. Ғылымның дамуында ғалымның тұлғалық ерекшеліктерінің белгілі бір рөл атқаратынын жоққа шығармасақ та, керінбейтін білімді М.Полани секілді тым әсірелеуге болмайды, бұл білімнің иесі ұжымдық субъект екендігін ұмытпаған дұрыс. Білімді тек жеке білім деп түсіну – қате. Әрине, тек дәстүрлерге сүйенсе, ғылым дамымай қалар еді. Ғылыми білімнің құрылымында жаңалықтар да ерекше рел атқарады. Ғылыми субъект парадигма-дәстүрлерді басшылыққа алып қана қоймай, оларды жаңалықтармен үнемі толықтырып отыруы тиіс.

Ғылымның тарихи динамикасы

      Ғылымның дамуындағы ғылыми жаңалықтардың рөлін көрстеу үшін алдымен ғылымның онтологиясын анықтап алған дұрыс. Ресей ғалымы В.В.Ильин ғылымының онтологиясын: 1) гылымның алдыңгы шебі; 2) гылымның мыгым ядросы; 3) гылымның тарихы құрайды деп есептейді. Ғылымда ғылыми ақыл норма-ережелері бойынша ұйымдастырылған қызмет рационалды қызмет болып саналады. Бірақ нормалардың да шегі бар, оны практика көрсетіп-анықтайды. Ғылыми нормаларды сипаттау күрделі, себебі олар көп және жан-жақты, себебі ғылым сантүрлі, бір-біріне ұқсай бермейтін, әрқайсысының өзіндік зандылықтары бар салалардан және ғылыми субъектілерден тұрады. Сондықтан ғылыми қызметтің барлық ерекшеліктерін қамтитын, ғылыми субъектілердің бәрі бірдей мойындап, қабылдайтын нормалар ұсыну, әрине, қиын. Біздің ойымызша, ғылым нормалары туралы әр түрлі концепциялардың арасында ағылшын социологы Р.Мертон ұсынған вариант назар аударарлық. Оның пікірінше, ғылым нормалары мынадай төрт құндылықтың төңірегінде топталады:

1) универсализм – ғылыми  тұжырымның ақиқаттылығы ғалымның  жасынан, жынысынан, беделінен,  ғылыми дәрежесінен тәуелсіз  бағалануы керек.

2) жалпылық – ғылыми  білім оның авторының жеке  меншігіне ай-налмай, жалпыға ортақ,  сынға ашық болуы қажет.

3) жеке бастың пайдасын  көздемеу – ғылыми ақиқат жолындағы  ізденіс ғалым үшін басты мақсат  болуы тиіс, атақ-даңқ, жеке бастың  пайдасы, ма-териалдық марапат  ғылыми қызметтің мақсатына айналмағаны  жөн.

4) ұйымдасқан скептицизм  – ғалымнан өз әріптестерінің  ғылыми қызметін сыни, объективті  бағалау талап етіледі. Олардың ғылыми нәтижелерін ғалым-ізденуші өз қызметінде пайдаланған болса, жақсы жақта-рын атап, еңбегіне құрмет көрсете білуі тиіс, бірақ жіберілген қателіктерге де автормен бірдей жауап береді. Сонымен бірге ғалым өз тұжырымдарын, қол жеткізген жетістіктерін батыл қорғап, өз қателіктерін мойындай білуі қажет. Бір жағынан алып қарасақ, нормалар қорғаныс белдеуінің рөлін атқарады, ғылымды шектен шығып кететін нәрселерден сақтандырып отырады. Осы тұрғыдан қарастырғанда, нормалар ғылым дамуында өте қажет. Екінші жағынан алғанда, нормалар ғылымның бұрынғы кезеңінің жемісі, олар ғылымының болашақ дамуы үшін көбіне жарамай жатады. Нормалар консервативті, ғалымнан өзінің қызметін белгілі бір қабылданған ере-желерден, инструкциялардан, бұйрықтардан ауытқымай ұйымдастыруды талап тетеді. Бұл жағдайда ғалымның еркіндігі шектеулі, ол ғылымның мығым ядросы шеңберінде ғана қызмет ете алады. Ал ғылымның алдыңғы шебіндегі ғалымның жағдайы мүлдем басқа. Ол нормалар-үлгілер шеңберінен шығып, еркін қызмет ете алады, бұрын қалыптасқан құбылыстардан тыс жаңа идеяларды, ғылыми жаңалықтарды дүниеге әкеледі. Ғылыми жаңалықтар ғылымның алғы шебі мен мығым ядросының арасында шекістер туғызады, бұл занды процесс. Оны шешудің бірден-бір дұрыс жолы – ғылыми жаңалықтарды негіздеу және дәлелдеу. Сонда ғана ғылыми жаңалық ғылымның алдыңғы шебінен мығым ядроға көшеді. Ойымызды тұжырымдасақ, ғылымның дамуы – дәстүрлер мен жаңалықтардың диалектикалық бірлігі процесі болып табылады. Ғылым бұрыннан келе жатқан дәстүрлерге сүйеніп және оны жаңалықтармен то-лықтыра отырып дамиды. Бұл күрделі процесс. Ескінің жаңаға орын беруі қашан да қиын жүреді. Бірақ қоғамның дамуы ғылымнан оның жаңалықтық сипатта болуын, жаңа идеялар арқылы қоғам сұраныстарына жауап бере білуін талап етеді, онсыз ғылымының өзі мәнсізденеді. Тақырып мазмұнын жалпы қорыта айтсақ, гылым философиясы ғылымның қалыптасуын, даму динамикасын, гылыми танымның ішкі механизмдерін, әдістері мен принциптерін, гылымның адам мен қогам өміріндегі рөлін зерттейді.

Қортынды

    Ғылыми таным логикасы— ғылыми теориалардың  олардың компонентерін: анықтамалардың, топтастырулардың,  ұғымдардың,  заңдардың логикалық құрлымын зерттейді, осы компоненттер арасындағы логикалық байланытарды анықтайды, теориалардың қайшылықсыздығы мен толықтығы  туралы ғылыми болжамдардың қалыптасуы, оларды тексерудің  әдістері туралы мәселені қарастырады. Ғылым танымның қорыту, түсіндіру, абстракция , идеалдандыру  сияқты әдістерінің  логикалық аспектілеріне    талдау жасайды. Бұрыннан белгілі проблемаларда басқа жаңадан пайда болған ғылыми білімдерге көңіл бөледі, оның қалыптасу процестерңн қарастырады. Ғылымның теориялық сатысының белгілі мөлшерде тәжірибеден тәуеліз, жеке, дербес екендігін мойындап, жаңа ғылыми білім алуда, тәжірибе арқылы дәлелдеуге мүмкіндігі болмайтын дүниеге көзқарастың, методологиялық принциптердің бар екендігін мойындайды. Бірақ ғылымның даму заңдылығын оның функцияларын дұрыс түсіндіре білетін тек ғана диалектикалық көзқарас. Қазіргі кезеңде ғылыми техникалық революцияның дамуы, ғылымның элементтік  функциясының кеңеюі, ғылымдағы  терең, түпкілікті өзгерістер және олардың адамның, қоғамның, басқа істермен, мәдениеттің әртүрлі  формалырымен байланысы ғылым философиясы  алдына көптеген мәселеерді қойып отыр. Сондықтан да ғылым философиясы логикалық –гнесиологиялық мәселелерді зерттеумен қатар , ғылымның әлеуметтік философиялық және этикалық  мәселелеріне қарауы қажет. Сонымен қатар ғылым туралы ғылым, ғылымның социологиясы, ғылым психологиясы, ғылым логикасы, жартылай мотодология сияқты білім туралы философияның шеңберінен шығып, өздеріне тән әдістер арқылы зерттелді. Бірақ бұл білім тарауларының философиямен байланысы үзілмейді, қайта тереңдей түсті.

 

Әдебиеттер  тізімі:

  1. Қ.Ш. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау. Алматы АЭЖБИ 2007
  2. Философия науки: учебное пособие А.И Липкна — Москва: Эксмо 2007—608c
  3. Философия : Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған   оқулық// құрастырған Т. Ғабитов аударған  Б. Сатершинов –Алматы:  Қаржы-Қаражат , 20002—352 бет .
  4. Философиялық сөздік. —/ Редокл:Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов ж.б. –Алматы, 1996-480б.
  5. Поппер К. Логика и рост научного знания. Москва—1981—468стр
  6. Байсенов Қ.Ш.  Философия тарихы: Оқулық.-Шымкнет, 2005—452б.
  7. http://www.ikitap.kz/kk/content/filosofiya-degenimiz-ne-0
  8. Спиркин А.Г. Философия. Оқулық. М., 2000. – 136 бет.
  9. Философия. Оқулық. Губин В.Д. М., 1996.- 78 бет.
  10. Философиялық сөздік. М., 1996.
  11. Кішібеков Д., Сыдыков Ү. Философия. А., 2000. -1 тарау.
  12. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. А., 1999.-346 бет.
  13. http://www .filosofiya/filosofiya-onyn-pani-zhane-qogamdagy-roli.html
  14. Мир философии: в 2-ч. раздел І. Предмет философии. М., 2000.
  15. http://egemen.kz/kz/component/search/?searchword=%D1%84%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%BE%D1%84%D0%B8%D1%8F&ordering=&searchphrase=all
  16. Қазақ даласының ойшылдары (ХVI-ХVIII ғғ.): Монография. - Алматы. – 2001
  17. Батыс философиясының антологиясы. - Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 2002. – 464
  18. Мәдени-философиялық энциклопедия сөздік / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева . - Алматы : Раритет, 2004. – 320
  19. Философия : Оқулық:Электрондық кiтап / Ғабитов Т. - Алматы : Юрид.лит., 2003
  20. Философия бiлiмiнiң негiздерi [Мәтiн] : (оқу құралы) / Қабаева Ж.Ә. - Алматы : Республикалық баспа кабинетi, 2000. – 95.

Информация о работе Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері