Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 09:22, реферат
Ғылым да сарқырап ағып жатқан өзен тәрізді, өзен өз сағасын кеңіне жайып, күш жинаған кезінде жақсы көрінеді, бірақ оған бірнеше кіші өзен салалары келіп құяды, және ең басты саласын бірден ажырату мүмкін емес. Біреулер ғылымның дамуын ата-бабамыздың тұрмыс- тіршілігінің дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас дәуіріндегі адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді біреулер бірінші орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында философиядғы дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады.
Кіріспе.....................
2. Негізгі бөлім..........................
-Ғылымның пайда болуы................
- Ғылымның негізгі даму кезеңдері............
- Ғылымның тарихи динамикасы................
- Ғылымды зерттеу аспектілері.........................
- Ғылымдагы дәстурлер мен жаңалықтар………
3.Қорытынды................................
4. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................
СМӨЖ
Орындаған: Аршабекова А.Б., хқ қатынастар факултьеті,
хқ құқық мамандығы, маг-ра, 1-курс, қазақ бөлімі.
Тақырыбы: Ғылымның пайда болуы.
Ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері.
Алматы, 2013ж.
Жоспар:
2. Негізгі
бөлім.........................
-Ғылымның пайда болуы................
- Ғылымның
негізгі даму кезеңдері........
- Ғылымның
тарихи динамикасы.............
- Ғылымды
зерттеу аспектілері...........
- Ғылымдагы дәстурлер мен жаңалықтар………
3.Қорытынды..................
4. Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Ғылым да сарқырап ағып жатқан өзен тәрізді, өзен өз сағасын кеңіне жайып, күш жинаған кезінде жақсы көрінеді, бірақ оған бірнеше кіші өзен салалары келіп құяды, және ең басты саласын бірден ажырату мүмкін емес. Біреулер ғылымның дамуын ата-бабамыздың тұрмыс- тіршілігінің дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас дәуіріндегі адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді біреулер бірінші орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында философиядғы дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады.
Ғылым сағасының көзге көрінер анық кезін ХІХ—ХХІ ғасырыда десек , алғашқы өзекшелерін бастауын Ежелгі Грекциядан ақ көреміз: Платонның сезімге тәуелсіз тәжірбиелік білім эпистемасы, Аристотоельдің танымдық және логикалық теориясы және т.б. жатқызамыз. Одан әрі дамыған философиядан онтологи және гнесиология ретінде қарастырылып, метофизика саласын бөліп шығарды. Метафизиканы Аристотель ең бағалы ғылым ретінде және адам жетістігінің мақсаты деп көрсетеді. Даму барысында ғылымдар әр түрлі салалаға бөлініп кетті. Біздің заманымыздағы ғылымның әр түрлі салары өз бетінше дамығанымен олар бір- бірінсіз маңызы жоқ және ажырамас заңдылықтармен байланысқан. Бұл салалардың барлығы көзге көрінбегенімен олар ажырамаған, олардың барлығының мақсат мүдделері бір заман ағымында, бір ізденіс бағытында даму үстінде. Ғылымдардың барлығы философиялық көзқарастың, ізденістің жемісі оның салдары. Біз оларды ажыратып қарастырсақ та оның маңыздылығы тұтастығында, яғни ғылымдар философиядан бастау алады және оны дамытады.
Негізгі бөлім
Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі болып табылады. Біз мұны мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолы ілесіп келеді. Философия б.з.д. VІ-V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адазат әлемі туралы, ондағы өзнің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады. Философиялық рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс болыптабылды.адазат ойының дамуы архайкалық, фантастикалық, илюзиялық көзқарас қалыптастан оның рационалдық-танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті. Әлемнің рационалды түсіндірулеріне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрылымы туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, вавилондық, үнді және қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегі вавилондық матеметиктер мен астрономдар әлемнің глеоцентристік картинасын қалыптастырып, алгебра, геометрияның негізін қаладығквадраттық және кубтық түбірден шығару тәсілдерін меңгерді. Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігін, оның өз өсінен айналу туралы ойларын айтты, матиматиктері он мәнді жүйесін, цифрларды белгілеуді ойлап тауып , тригонометрия негіздерін қалыптастырды. Ғылым философиясы—ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді философияның гносеологиялық және методологиялық тұрғыдан зертеудің аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы –соңғы кезде 20 ғасыр кеңінен тарй бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша— адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философияның бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда, логикалық, методологиялық тұрғыдан қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы біржақты екендігі байқалғаннан кейін оның проблематикасына өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде ғылым философиясы ғылымның құрылымы мен қатар, оның тарихын зерттеуге бет бұрып отыр.
Ғылымның пайда болуы
Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым – табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы.
Бұл анықтамадан ғылымның
зерттеу пәні туралы түсінік алуға
болады. Ғылым ең әуелі адамды қоршаған
орта – табиғатты зерттеуге
1) мәдени-көзқарастық;
2) өндіргіш күштер функциясы;
3) әлеуметтік күштер функциясы.
Ғылымның генезисі және негізгі даму кезеңдері. Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес.
Ғылымның негізгі даму кезеңдері
Зерттеуші ғалымдар ғылымның даму кезеңдері туралы әр түрлі пікірлер айтады. Олардың бір тобы ғылым көне заманда қалыптасты десе, енді бір ғалымдар ғылым қоғамның ерекше саласы ретінде Жаңа Дәуірде пайда болды деп тұжырымдайды. Біздің пікірімізше, ғылымның даму кезеңдері туралы мейлінше дұрыс пікірді ұсынған қазіргі заманғы Ресей ғалымы В.В.Ильин. Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық емес деп жіктейді. Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа Дейінгі кезеңімен толықтырған дүрыс секілді деп ойлаймыз. Себебі, классикалық ғылым кезеңіне дейін ғылым ұзақ уақытқа созылған «нағыз ғы- лымға» дейінгі қалыптасу кезеңінен өтті. Алғашқы қауымдық қоғам дамуының мыңжылдық практикасы ғылым ды қалыптастыра алған жоқ. Білім күнделікті өмірдің қажеттіліктері қанағаттандыруға ғана бағытталып, одан жоғары кетеріле алмады. Алғашқы қауымдық қоғамда өмір сүрген адамдар дүние туралы білім жинамады деуге болмайды, бірақ заттар туралы объективтік білім оларды субъективтік қабылдаумен тығыз байланысты еді, яғни, объективтік білім элементтері мен субъективтік сана арасында шекара болмады, табиғат құбылыстары адам және оның өмірімен байланысты түсіндірілді. Адам ойы таза теориялық білім деңгейіне көтерілуі үшін оның дәстүрлі практикалық бағытталғандығын бұзу қажет еді. Ескі сананы күйрету санаға тікелей әсер ету арқылы емес, сана бейнелеп отырған дүниені түбірімен қайта түсіну арқылы жүрді. Дүниеге деген жаңа көзқараста заттар адамға байланысты емес, объективті, заттар мен адам жеке-жеке, бір-біріне қатысты, бірақ тәуелсіз, нәрселер ретінде пайымдалды. Осындай ерекшелік көне гректерге тән еді. Ғылымды зерттеуші ғалымдардың бәрі дерлік ғылымның отаны көне Греция деп мойындайды. Гректер Египет пен Вавилон империяларында бірнеше жүзжылдықтарға созылған соғыстардан аман қалған, ұзақ уақыт ескерілмеген білімдерді қабылдап алды және жәй қабылдап қана қоймай, өздерінің ақыл-ойының, ойлау қабілетінің күштілігі арқасында өздерінің білімдерін қоса отырып жаңа дәрежеге көтерген, оларға абстрактылық және рациональдік сипат берген халық болды. Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр – адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) – ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) – әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) – Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады. Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар – атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы. Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды қамтиды. Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі – ғылымның басты мақсаты – жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.
Ғылымды зерттеу аспектілері
Ғылым философиясы. Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды. Ғылым социологиясы. Ғылымды идеяның дамуы, танымдық жүйе деп қарастырумен шектелмей, оны қоғамдық өндірістің түрі, әлеуметтік жүйе ретінде түсіну ғылым социологиясының пәнін анықтайды. Ғылым со-циологиясы ғылымдағы қоғамдық қатынастар және ғылым мен қоғам арасындағы қатынастар жүйесін зерттейді. Ғылымды социологиялық танып-білу үш саланы қамтиды: 1) ғылыми қызметтің ішкі құрылымы, немесе әлеуметтік институт ретіндегі ғылыми қызмет шеңберіндегі қоғамдық қатынастар; 2) ғылым және қоғам, ғылым мен қоғамның басқа компоненттері арасындағы өзара қатынас және өзара байланыс; 3) ғылымдағы адам. Ғылым психологиясы ХХ-гасырда қарқындап дамыды. Бұл құбылыс кіші ғылымдардан үлкен ғылымдарга көшумен, ғылыми-ізденіс жұмысында ұжымдық принципінің басым бола бастауымен, гылыми іс-қызметті күшейтудің факторларын ашуга ұмтылумен тыгыз байланысты. Қазіргі ғылым ерекше шыгармашылық және әлеуметтік жүйе, сондықтан психо-логиялық факторлардың гылыми процестің дамуын жеңілдетуге немесе бәсеңдетуге тигізетін әсері мол. Ғылым психологиясы галымның білім өндірісінде маңызды рөл атқаратын елестету, шабыттану, интуицим негіздеу және басқа психологиялық қасиеттерін-объектілерін зерттейді. Сонымен қатар, гылым психологиясы индивидуальдік-шыгармашылық құбылыстармен шектелмей, ғылыми ұжымдагы тұлғааралық қатынас- тардың гылым процесіне, галымдардың интеллектуалъдік қызметіне әсері. зерттеу объектісіретінде қарастырады. Ғылым психологиясы қазіргі ке- зеңде гылымды зерттеудің маңызды саласына айналып отыр. Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық -этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымның өмір сүруінің өзі ғылыми тазалық, әділдік, принципшілдік, ақиқат үшін күрес секілді моральдік қасиеттерсіз мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық аспектілер санқырлы және олар әр түрлі деңгейлерде әр түрлі көрінеді. Мысалға ғалымның өзіне дейінгі ғалымдарға, олардың шығармашылығына, өзінің әріптестеріне, өзініңі жолын қуушы шәкірттеріне деген этикалық-моральдық қатынасы. Тұлғааралық қатынастардың этикалық аспектілері ұжымдық шығармашылық жағдайында айқындала түседі. Бұл қатынастар шынайы, адал, әділетті, үлкенге құрмет, кішіге ізет принциптері негізінде құрылған болса, көреалмаушылық, дөрекілік, мансапқорлық сияқты жағымсыз қасиеттерге жол берілмесе – ғылыми ұжымдағы хал-ахуал да жақсы болып, ғылыми ізденісте жаңа табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейе түспек. Ғалымға қажетті моральдық қасиеттердің негізгілері туралы айтатын болсақ, олар: ғылыми ақиқатты қорғау жолында аянбау, азаматтық батылдық, адамгершіліктік тазалық, адалдық, шыншылдық, жауапкершілік және тағы басқалары.
Ғылымдагы дәстурлер мен жаңалықтар
Ғылым тарихы ғылым тарихын оның пайда болған уақытынан бастап қазіргі заманға дейін зерттейді. Ол ғылыми дамудың заңдылығын негізінен тарих ғылымының деректеріне сүйеніп, ғылымның дамуындағы жекелеген құбылыстар мен оқиғаларды сараптап, сондай-ақ ғылымды зерттейтін басқа пәндердің – ғылым логикасы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы, ғылым социологиясы, ғылым экономикасы жөне тағы басқалардың жетістіктерін пайдалана отырып ашады. Ғылым тарихы бойынша жазылған Джон Берналдың «Қоғам тарихындағы ғылым» еңбегі осы ойымыздың жақсы мысалы бола алады және бұл еңбектің жазылғанына жарты ғасыр уақыт өтсе де, әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Ғылым тарихында ғылыми ойдың дамуының барлық байлығы жинақталған, сондықтан да оны зерттеу аса қажетті. Ғылым тарихының мақсаты тарихи-ғылыми оқиғаларды хронологиялық жағынан тізбелеп сипаттап қою емес. Оның мақсаты – ғылым мен техниканың даму заңдылықтарын ашуға ықпал ету. Ғылымды біз әдетте адамның дүние туралы жалпы білім жинауға ағытталған қызметі деп түсінгендіктен, бір қарағанда ғылыми процесте дәстурге, өткенге қайта оралуға орын жоқ секілді көрінеді. Бірақ тереңдеп тексерсек, дәстүрлер ғылым дамуының және ғалымдардың ізденістік қызметінің негізі. Бұл қағиданы барлық ғылымдарға ортақ деуге болады. Ғылымдағы дәстүрлер проблемасының негізін қалаушы американдық физик-философ Т. Кун. Гарвард университетінде стажировкадан өткен үш жыл ол үшін ғылым тарихын А.Койре, Э.Мейрсон, Е.Мецгер және А.Майердің еңбектеріне сүйене отырып еркін зерттеуге арналған кезең болды. Кейінірек әлеуметтік ғылым өкілдері мен жаратылыстану саласының ғалымдарының арасында ғылыми проблемаларды қою мен оларды шеше білу мәселелері бойынша туындаған көзқарас алшақтығы Т.Кунды ғылымдағы дәстүрлер тақырыбын жан-жақты зерттеуге, ғылым динамикасының парадигмалық концепциясын жасауға итермеледі. Бұл концепцияның мәні мынада. Ғылымды сипаттау үшін «ғылыми қоғамдастық» және «парадигма» (бұл ұғымды Т. Кун кейінірек «дисципли-нарлық матрица» деген ұғыммен ауыстырды) ұғымдарын қолдану керек. Ғылыми қоғамдастык дегеніміз, Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен парадигмалар немесе осы ізденістердің теориялық алғышарттарын негізге ала отырып біріккен ғалымдар ұжымы. Т. Кун парадигма ұғымын тандау себептерін түсіндіреді. Әдетте бұл ұғым қабылданған модель, үлгі дегенді білдіреді. Бірақ Т. Кун бұл түсініктер парадигманың анықтамасын толық ашпайды деп есептейді, себебі бұл мағы-нада парадигма бұрын жасалып біткен жұмыс дегенді білдіреді, сонда ғалымдардың келесі тобы немен айналыспақ? Кунның пікірінше, парадиг-маларды жалпы заң ретінде қолданылатын, бірақ сонымен бірге жаңа және қиын жағдайларда одан әрі жетілдірілетін және нақтыланылатын объект деп түсінген дұрыс. Парадигмаларды қолдану ғылыми ізденісті жеделдетеді, себебі ғылыми мәселелерді шешудің басқа бәсекелес жолдарын қолданғаннан гөрі қабылданған парадигмаларды қолданған қолайлы және нәтижелі.
Информация о работе Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері