XX ғасыр мәдениеті аясындағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 21:35, реферат

Краткое описание

Жаңа ғана көз алдымыздан өткен XX ғасыр тарихтың қойнауына кіріп, тыныштыққа ие болып жатыр. Болашақта оның адамзат тарихына тигізген ықпалы терең түрде талданып, анықталады. Дегенмен бүгінгі таңның өзінде біз оған көз жіберіп, оның адамзат тарихына тигізген орасан зор ықпалын, терең де ұшқыр қайшылықтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін т.с.с. талдауымызға әбден болады. Сонда ғана біз осы ғасыр тудырған философиялық ой-пікірлерді жете түсіне аламыз.
XX ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкіншілігі мен соның негізінде оны қайта өзгертудің тамаша жетістіктерін көрсете білді.

Содержание

І. Неопозитивизм ағымы
ІІ. Иррационализм ағымы
ІІІ. Рационализм ағымы
ІV. Өмір философиясы
V. Экзистенциализм философиясы
ҚОРЫТЫНДЫ:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Прикрепленные файлы: 1 файл

XII тарау.doc

— 144.50 Кб (Скачать документ)

А.Бергсон адамның интеллектінен басқа да таным құралының бар екенін мойындайды - ол ингуиция. Интуиция дегеніміз - ол затка деген сүйіспеншіліктің негізінде оның ішкі, интеллектіге ашылмайтын жағына өтіп, оның өмірлік өзегін сезіну болып табылады. Интуиция дегеніміз - рухтың алғашқы негізі. Ол - өмірдің өзі. Танымдық тұрғыдан алып карағанда, алғашкы интуиция инстинкт пен интеллектіге бөлінеді. Сол сәтте инстинкт өзіндік санасынан, интеллект заттың ішкі сырын ашу қабілетінен айырылады. Адамның интуициясы толығынан интеллектіге бағынышты. Алайда кейбір «шекаралық жағдайда», адамның өміріне кауіп төнген, я болмаса оның басына «тағдырлық» ахуал келген кезде, ингуиция интеллектінің құрсауынан босап, адамға нағыз шындықты көрсетіп, оның Ғарыштағы орны мен тағдырын анықтауға көмектеседі.

Адам - шығармашылық пенде, өйткені «өмірлік талпыныс» оның ішінен өтеді. Алайда өмірді терең сезіну интуициясы - тек қана тандаулы адамдарға ғана тән нәрсе. Сонымен А.Бергсон шығармашылық пен мәдениет жөнінде элитарлық көзқарас ұстайды.

А.Бергсонныц әлеумегтік философиясына келер болсақ, ол адамның өмір сүруінің екі түрін мойындайды. Көп жағдайда адам «сыртқы» өмірдің шеңберінде, өзі үшін емес, басқа адамдар үшін өмір сүреді. Тек кана өзіміздің ішкі өмірімізге терең үңіліп, біз өзіміздің еріктігіміз бен билеуметтігімізді анықтай аламыз. Бірінші өмір формасын ол «жабық», екіншісін «ашык» қоғамга жатқызады. Жабық қоғамда тұлға ұжымның құрсауынан шыға алмайды, ашық коғамда тұлғаның өмірі мен шығармашылық қызметі үстем болып келеді.

Қорыта келе, біз А.Бергсонның философиясыныћ біршама қайшылыктарының бар екенін байқаймыз. Әрине, интеллект адамның жан дүниесінің нәзік жақтарын толығынан жете біле алмайды. Интеллект есептейді, біледі, кайта құрастырады, одан әрқашанда суық лебіз білінеді. Адам көп жағдайда өмірдің терең жақтарын бисаналық түрде өзінің барлық жан-тәнімен сезінуі мүмкін. Мұның бәрі де дұрыс. Бірақ А.Бергсонның интеллект пен интуицияны қарама-қарсы қойғаны қайсыбір терең дүниетанымды жоқка шығарады. Өйткені интуициямен сезінгенді ұғым арқылы түсіне алмасак, онда оны калайша басқа адамдарға жеткіземіз? Дүниедегі «шығармашылык талпыныс» өне бойы қайталанбайтын өзгерістерді тудыра берсе, онда дүниедегі барлык заңдылықтардан бас тартуға тура келер еді. Әрине, ол мүмкін емес. Дегенмен А.Бергсонның философиялық көзқарастарының негізінде ерекше ағым пайда болмағанымен, ол XX ғ. басқа философиялық ағымдарга өзінің зор әсерін тигізді.

V. Экзистенциализм философиясы

Қазіргі философиядағы ең ықпалды ағымдардың бірі - экзистенциализм (латын созі өмір сүру) философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екі дүниежүзілік соғыстың арасында қалыптасты. XX ғ. бірінші жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан қантөгісте миллиондаған кыршын жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, зауыттар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегі үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардыә санасында өзінің өшпес ізін қалдырып, дүниетанып, оны қайта өзгертуден гөрі, сол қайғылы замандағы адамның өмір сүруіне, оның қайшылықтарға толы дүние тебіренісіне, оның өмірінің мән-мағынасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңіл бөлінуіне жеткізді.

Мұндай ахуал, әрине, өткен  ғасырда өмір сүрген дат философы С.Кьеркогердің, неміс философы Ф.Ницшенің, француз ойшылы Б.Паскальдің, орыс жазушысы Ф.Достоевскийдің ойларының өзекгілігін көрсетіп, олардың еңбектері экзистенциализм бағытының георетикалык қайнар көзіне айналды.

Экзистенциализм философиясының негізін қалаған ойшылдарға Мартин Хайдеггер (1888-1976 жж.) мен Карл Ясперсті (1883-1969 жж.) (Германия), Жан-Поль Сартр (1905-1980 жж.) мен Альбер Камюді (1913-1960 жж.) (Франция), Н.А. Бердяев (1874-1948 жж.) пеи Л.И.Шестовты (1866-1938 жж.) (Ресей), Виктор Франклді (1900 ж.) (Австрия), Хосе Ортега-и-Гассетті (1883-1955 жж.) (Испания) жатқызуға болады.

Сонымен XX ғ. Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен адамгершілік құндылықтарына деген сенбеушілікті тудырып, трагедияға толы адам мәселесін тікелей философиялық таразыға салды. Бұл саладагы аныкталған ең бірінші жаңалық - зерденің негізінде ғылым мен техника дамыган сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен нәзіктігінің өсуі. Мұндай күрделенумен катар қатыгезденіп жатқан дүниеде гњрақтану үшін, адам ең алдымен өзінің ішкі өмірін талдап, соның негізінде өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуы кажет. Мұндай адам өміріне қас дүниеде адам өзінің рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керекті нђрсе - ол зат, материя, я болмаса идея, таным филосо- фиясы емес, негізінен алғанда, - адам философинсы. Ал адамға келер болсақ, ол, әрине, ешқандай объект, өндірістің, я болмаса танымның құралы емес, ол субъект - ерікті, өз-өзіне жеткілікті, жауапкершілікгі болмыс.

Жоғарыда айтылған жалпы мінездемені нақтылай келер болсак, онда экзистенция (өмір сүру) мен эссенция (мән-мағына) ұғымдарының осы философияның негізінде жатқанын байқаймыз. Егер бүкіл жануарлар әлеміндегі тіршілік өзінің мән-мағынасымен бірге бұл дүниеге келер болса, адам ең алдымен бұл дүниеге келіп, неше түрлі қиын-қыстау жағдайлардан өтіп барып, көп уақыттан кейін ғана өз өмірінің мән-мағынасына ие болады. Яғни адамнын өмір сүруі оның мән-мағыналықка жетуінен анағұрлым алда жүреді. Мысалы, Африкада, я болмаса Амазонканың бойында өмір сүретін қолтырауын жағаға шығып, жұмырткалап, оларды ыстық құмның астына көмеді. Уақыты келген кезде, жұмырткалардың қабығы жарылып, ішінен кішкентай қолтырауындар жер бетіне шығып, дереу шөлге қарай емес, суға карай жүгіреді. Қолтырауын осылайша миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп жатыр. Ол өз мән-мағынасымен бірге өмір сүруге келеді! Ал дүниеге келген сәбиді алар болсақ, ол анасыз өмір сүре алмайды, оны көп жылдар бойы тәрбиелеп өсіру кажет, содан кейін ғана ол өз өмірі жайлы сұрақтарды өз алдына қойып, өмірінің мән-мағынасын ашуға тырысады.

Экзистенциализм философиясында «шекаралық ахуал» деген категорияға көп көңіл бөлінеді. Ол - өмір мен өлімнің екі арасында калу, үрей мен алаңдау, түңілу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлык т.с.с. Тек осындай адам өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда, оның жан дүниесі терең сілкініске ұшырағанда, «өмірде болу» тебіренісінің негізінде ғана адам тез иісіп-жетіліп, өз өмірінің қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән-мағынасын терең аша алады.

Экзистенциализм философиясы  адамның еріктілігіне ерекше көңіл боледі. Еріктілік - «қажеттікті тану», я болмаса «табиғи дарынды іске асыру» емес, ол экзистенциямен, яғни өмір сүрумен тең. Адам дегеніміз - өзін-өзінен жасайтын пенде. Ол - өзінің өзіндік жоспар-багдарламасы. Бұл дүниеде еш нәрсе адамды билей алмайды. Адамның себебі тек өзінде ғана. Ал еріктілік дегеніміздің өзі - таңдау. Адам ерікті пенде ретінде ойына не келсе, соны істей алады. Бірак, сонымен қатар ол өз істеріне жауапты өзі ғана беруі қажет. Сондықтан Ж.П.Сартр: «Еріктілік дегеніміз - адамға артылған адамгершіліктің ауыр жүгі», - деғен болатын. Адам тек өз ісіне ғана емес, басқаларға да жауапкершілікті. Ол өз-өзін жете түсінудің арқасында басқалардың да терең сырын өзіне аша алады.

Адам экзистенциясының іргетасты ерекшеліктерінің бірі - грансценділеу, яғни өз шегінен өтіп кету. Сонда адам өз шеңберінен аттап өтіп, не нәрсеге жеткісі келеді? Діни экзистенциализм Кұдайды трансценденттікпен теңейді. Олай болса, Құдаймен қосылуға ынтык болу, нағыз еріктілікті содан іздеу діни трансценділеу болып есептеледі. Діни экзистенциализмнің көрнекті өкілі Н.Бердяевтің айтуына қарағанда, «адам табиғи дүниедегі үілгендік», екі- жақты, қайшылық пен кайғылыққа шомылған пенде. Сондықтан оны түіну - одан да жоғары тұған Құдайды талап етеді. Ал мұның өзі адамның Құдайға тәуелді пенде екендігін көрсетпейді. Философия адамның құдайшылдығын, Құдайдың адамгершіліғін көрсетуі қажет. Өйткені Христостың өзі адам болып туды. Құдай дегеніміз - ол рух. Олай болса, тек қана рухани қарым-қатынас кана адамдардың терең мәнін көрсетеді.

Ал атеистік бағытка  келсек, оның өкілдері - Ж-П. Сартр мен А. Камю - оны ештеңеге теңеп, ол экзистенцияның ең терең құпиясы деген пікірге келеді. Сонымен экзистенция дегеніміз - өзінің шектелгенін, яғни уақытша екенін сезінетін, ештеңеге бағьггталған адам өмірі.

Экзистенциализмнің ерекшеліктерінің бірі жеке адам мен әлеуметтік болмысты бір-біріне қарсы қою, осы адамзат болмысының екі жағының бір-бірімен ымыраласпайтынын көрсету болып табылады. Олай болса, адам омірінің ерекшелігі - өмір сүру мен мәндіктің, болу мен алудың, таным мен түсінудің арасындағы тебіреніс, тандау. Мұның өзі адам болмысының трагикалык жақтарын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Серік Мырзалы «Философия»,  Алматы 2008

 

2.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе XX ғасыр мәдениеті аясындағы