XX ғасыр мәдениеті аясындағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 21:35, реферат

Краткое описание

Жаңа ғана көз алдымыздан өткен XX ғасыр тарихтың қойнауына кіріп, тыныштыққа ие болып жатыр. Болашақта оның адамзат тарихына тигізген ықпалы терең түрде талданып, анықталады. Дегенмен бүгінгі таңның өзінде біз оған көз жіберіп, оның адамзат тарихына тигізген орасан зор ықпалын, терең де ұшқыр қайшылықтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін т.с.с. талдауымызға әбден болады. Сонда ғана біз осы ғасыр тудырған философиялық ой-пікірлерді жете түсіне аламыз.
XX ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкіншілігі мен соның негізінде оны қайта өзгертудің тамаша жетістіктерін көрсете білді.

Содержание

І. Неопозитивизм ағымы
ІІ. Иррационализм ағымы
ІІІ. Рационализм ағымы
ІV. Өмір философиясы
V. Экзистенциализм философиясы
ҚОРЫТЫНДЫ:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Прикрепленные файлы: 1 файл

XII тарау.doc

— 144.50 Кб (Скачать документ)

XX ғасыр  мәдениеті аясындағы философия

ЖОСПАРЫ:

 

КІРІСПЕ:

 

І. Неопозитивизм  ағымы

ІІ. Иррационализм ағымы

ІІІ. Рационализм ағымы

ІV. Өмір философиясы

V. Экзистенциализм  философиясы

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ СӨЗ

 

Жаңа ғана көз алдымыздан өткен XX ғасыр тарихтың қойнауына кіріп, тыныштыққа ие болып жатыр. Болашақта оның адамзат тарихына тигізген ықпалы терең түрде талданып, анықталады. Дегенмен бүгінгі таңның өзінде біз оған көз жіберіп, оның адамзат тарихына тигізген орасан зор ықпалын, терең де ұшқыр қайшылықтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін т.с.с. талдауымызға әбден болады. Сонда ғана біз осы ғасыр тудырған философиялық ой-пікірлерді жете түсіне аламыз.

XX ғасыр адамзаттың  дүниетану мүмкіншілігі мен соның негізінде оны қайта өзгертудің тамаша жетістіктерін көрсете білді. Изиданың жапқышының үстіндегі «Мен - Солмын, болғам, болып жатырмын және болашақта болам да, өтпелі пенде менің жапқышымның етегін ешқашанда көтере алмайды», - деп жазған сөздерді адамзат XX ғасырда теріске шығарған сияқты. Осы ғасырда табиғаттың ең терең құпиялары ашылып, адам игілігіне жұмсала бастады. Мысалы, бүгінгі Францияда қоғамға қажет электр қуатының 68 пайызын атомдық электростанциялар береді. Бүгінгі адам ми далада жүріп, ұялы телефонмен ғарыш арқылы мыңдаған шақырым алыстықта өмір сүріп жатқан жолдасымен, я болмаса әріптесімен сөйлесе алады, компьютер арқылы неше түрлі ақпаратты қабылдап, өзінің білімін өсіріп, өмірде пайдаланады. Лондонның «Хитроу» аэропортынан «Конкорд» деген дыбыстан да жүйрік ұшаққа мініп, бірнеше сағаттан кейін жердің ана жақ бетіндегі «Кеннеди» атындағы әуежайға қонып, АҚШ-тан бір-ақ шығуға болады! Бүгінгі таңда ғарыштағы жасанды серіктер мұхиттағы балықтардың жиналған жерін анықтап, сол жерге кемелерді жібереді, қай жерде қандай табиғи байлықтар барын болжай алады, ауа райы жөнінде мәлімет беріп, т.с.с. ақпараттар жеткізеді. XX ғасырда жасалып, бүгінгі миллиардтаған адамдардың өміріне кеңінен кірген заттардың ішінен машиналар мен ұшақтарды, неше түрлі байланыс жүйелерін, радио мен телевидениені, компьютерлерді, жасанды материалдарды т.с.с. атап өтуге болар еді. Бұлардың бәрі де тек XX ғасырда пайда болып, өмірді күрт өзгертті! XX ғасырда пайда болған өндіргіш күштердің қуаты бүкіл адамзат цивилизациясының бұрынғы 4-5 мың жылдардағы жасағанынан анағұрлым асып туседі.Бұл айтылған деректердін бәрі де болашаққа деген оптимистік өмір сезімін тудырып, табиғаттың барлық стихиялық күштері ертелі-кеш игеріледі деген сциентистік көзкарастарды тудырды.

Бірақ біз бұл жерде «шыңға карай өрлеу - құлдырауды тереңдете түседі» деген нақыл сөзді естен шығармағанымыз жөн. Атомдык электр станцияларымен бірге өмірде атомдық бомбалар пайда болып, Хиросима мен Нагасаки трагедиясына, Семей полигоны сияқты радиациямен уланған жерлердің көбеюіне, ол жерде өмір сүріп жаткан адамдардың геноцидке ұшырауына әкеліп соқты. Чернобыль атом станциясындағы жарылыс адамзаттың ғылыми тәкаппарлығын су сегжендей басып: «Тоқта, сен Құдай емессің, аяғыңды байқап бас!» - деген сиякты болды.

XX ғасырдағы қоғамдық өзгерістерге келер болсак, олар да қайшылықтарға толы. Бір жағынан, адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған «жерұйығын» - коммунизмді дүниеге енгізуге бағытталған орасан зор батыл да қайғылы әлеуметтік тәжірибе XX ғ. 70 жылдан артық уақытын алды. Ақырында, ол тарихи тұйықтыққа әкеліп тіреді. Дүниенің байлығын қайта бөлу әрекеті екі бұрын- соңды болмаған дүниежүзілік соғыстарға әкеліп, миллиондаған қыршын жастардың өмірін алып кетті. Гитлер мен Стапиннің жасаған зұлымдықтарымен салыстырсақ, Калигула мен Неронның, Атилла мен Шыңғысханның, Иван Грозный мен Наполеонның жасағандары баланың ойыншығы сияқты! Мұндай жағдай философиядағы адам өміріне деген терең тебіреністерді тудырып, «өмір философиясын», әсіресе экзисгенциализм бағытын күшейтіп, оның «діни» және «атеистік» бағыттарын дүниеге әкелді.

XX ғ. екінші  жартысында дамыған капиталистік елдер «постиндустриалдық цивилизацияның» шеңберіне кіріп, өздерінің халықтарына жеңіл де бай өмір салтын ұсынды. Демократия біршама жетістіктерге жетіп, «адам құқтарының» сакталуына көп көңіл бөліне бастады.

Бірак байлықтың  өсуі адамзаттың рухани-адамгершілік жолындағы өрлеуін тездеткен жоқ, тіпті, керісінше, оны тоқыратып тастағандай болды. Бір жағынан, жер бетінде өмірдің кызығына тоймай, күнбе-күн өмірден ләззат іздеген дамыған елдердегі «алтын миллиард», екінші жағынан, күнбе-күн аштықтың зардабын көрген тағы да «миллиард», ал ол екеуінің ортасында аласапыран қиындықтарды басынан өткізіп, жақсы өмірге ұмтылып жатқан кедей елдердегі адамзаттың қалған 4 миллиарды! Бүгінгі таңда XX ғ. орта кезеңінде пайда болған адамзаттың жаркын

болашағы жөніндегі идеялар біршама сөніп, ғасырдың аяғына карай пессимистік антисциентистік дүниесезім бой алып келе жатқан секілді.

Ал енді XX ғасырдыћ рухани мәдениетіне тоқталсақ, ол да неше түрлі шытырман қайшылыктарға толы. Бір жағынан, орасан зор ғылыми жетістіктер, мәдениет құндылықтарын миллиондаған данамен басып, халыққа тарату мүмкіншіліктерінің өсуі т.с.с., екінші жағынан, адамның техника, ұлы байлық, дене ләззатыныц құлына айналуы. Бір жағынан, XX ғ. бүкіл адамзат тарихының беттерінде сирек кездесетін ұлы гуманистер Тереза-ана, А.Сахаров, А.Швейцер, Махатма Ганди т.с.с. өмір сүрсе, екінші жағынан, бұл ғасыр Гитлер, Сталин, Муссолини, Пол-Пот т.с.с. залымдарды дүниеге әкелді.

Бүгінгі адамзатқа керекті нәрсе - жер бетіндегі Ғарыштың әсем гүлі - өмірді сақтап қалу, ғылымның жетістіктерін адамгершілікпен ұштастырып, жаңа жағдайда «мәігі сұрақ» - адамның өмірінің мән-мағынасы мен не үшін жаратылғанына - жаңа шешім іздеу, осы жолда бақталастық емес, халықтардың бір-бірін толықтыруы, өзара бір-бірін ақтауы, көмектесуі қажет сияқты.

Әрине, мұндай талдауларды  әрі карай жалғастыра беруге болар еді.

Бірақ жоғарыда көрсетілген  сипаттамалар XX ғ. пайда болған философияның ағымдарын жете түсінуге мүмкіншілік береді деген ойдамыз. Олай болса, өткен ғасырда пайда болған көп философиялық ағымдардың негізгілерін талдауға көшейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Неопозитивизм ағымы

Неопозитивизм (пео - жаңа, латын созі, оң, дұрыс деген мағына береді) - Батыс философиясының шеңберінде қазіргі ғылымның дамуының барысында пайда болған философиялық-танымдық мәселелерді талдап шешуге бағытталған ағым. Оның түп- тамыры позитивизмнің негізін қалаған француз ойшысы Огюст Конттың (1789-1857жж.) шығармаларына барып тіреледі. Сондықтан, ең алдымен позитивизмнің негізгі кағидаларына тоқталу кажет.

Егер неміс классикалық философиясында пайда болған панлогистік көзқараска Шопенгауер Ерікті, ал Кьеркогер жеке адамның тебіреністерін қарсы койса, Конт оған қарсы ғылыми деректерге негізделген қағидаларды қарсы қоюға тырысады. Конттың ойынша, ғылым - белгілі бір абстракциялық негізден шығарылатын білім жүйесі, ал тарих философиясы - рухтың дүниеге келіп, дамуын суреттейтін ілім ғана емес. Ғылымның негізінде Дүниеде белгілі бір тәртіп пен өрлеу барлығын көрсететін тәжірибелік байкаудың негізінде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейге көтеріп талдау іс-әрекеті жатыр.

Конт адамзат ой-өрісі  өзінің даму тарихында 3 сатыдан өтті деген пікірге келеді. Олар:

1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан XIV ғ. дейін;

2. метафизикалық саты - ХІУ-ХУІІІ ғ.ғ;

3. позитивтік саты - XIX ғ. бастап пайда болады.

«Теологиялық сатыда өмір әлі ғылыми дсректерге негізделген жоқ, өмірдегі барлық кұбылыстар Құдайдың құдіретті күштері аркылы түсіндіріледі. Метафизикалық сатыда адам зердесінің дамуының негізінде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып, терістеле бастайды, барлығына деген күмәндану, сенбеушілік пайда болады. Өмірді түсіндіру жолында абстрактіліқ алғашқы негіздерді іздеу басталады (материя, идея форма, рух т.с.с.) Үшінші - позитивтік сатыда - өндіріске негізделген қоғам пайда болып, альтруизм (өзінен гөрі басқаның қамын ойлау) эгоизмді (өзімшілдік) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мүмкіндігі пайда болды», - деп қорытады О.Конт.

Жоғарыдағы көрсетілген  ойларға сәйкес, Конт ғылымды сала-салаларға бөлу мәселелерімен айналысып, біршама жетістіктерге жетеді. Оның ойынша, ғылым тарихи ғасырдан-ғасырға дамып, тұрпайылықтан өтіп, күрделеніп жатқан құбылыс. Әрбір жаңа пайда болған ғылым саласы өзінің қажетті алғышарты ретінде өткен сатыға негізделеді. Бірақ өткен сатының негізінде жаңа пайда болған ғылымды толығынан түсінуге болмайды, оның өзіндік заңдылықтары пайда болады. Конт «тарихи күрделену» анықтамасына негіздей отырып, ғылым салаларын былайша орналастырады: математика - астрономия - физика - химия - биология - социология. Осы тәртіпке сәйкес социология биология ғылымына негізделгенмен, бірақ, адамдардың өзара іс-әрекет етуімен байланысты жаңа заңдылықтарға ие болады. Социология ғылымының негізгі мақсатын ол тәртіп пен өрлеуді бір-бірімен ұштастыру қажеттіктерінен шығарады. Ал ол үшін бүкіл адамзатты біріктіретін жаңа дін қажет. Ескі дүниежүзілік діндер бір-бірімен күресіп, адамзатты қайшылыктарға әкелді және олардың қағидаларының көбі - жалған. Олай болса, жаңа ағарған дін қажет - ол казіргі өмір сүріп жатқан, бұрынғы тарихта болган және болашақта дүниеге келетін адамдардан тұратын Адамзаттың өзі. Сондықтан ол адамзатқа Құдай ретінде карап табынуға шақырды.

Конттың бұл соңғы ойын өз уақытындағы замандастары теріс қабылдағанмен, бүгінгі таңдағы адамзатқа өте өзекті мәселеге айналуда. Өйткені бүгінгі таңдағы адамзат «адамның мән-мағыналық дағдарысына» келіп тірелуде. Бүкіл адамзаттың басын біріктіретін терең рухани-адамгершілік мағынасы бар жаңа дін - аса қажетті де тағдырлы нәрсе. Бірақ, ол, біздің ойымызша, Конттың айтқан адамзаты емес, өйткені Дүниеде сол адамның өзін тудырған біздің арғы анамыз «Ұлы мәртебелі Табиғат» бар. Оған табыну алғашқы қауымдық қоғамда пайда болған болатын. Шамасы, алғашқы адамдар ақиқаттан онша алшақ болмаса керек. Көшпенді өмір салтын ұстаған біздің ата-бабаларымыз да Табиғатқа, Тәңірге сенгенін біз жақсы білеміз. Мыңдаған жылдардағы өткен цивилизацияның жетістіктеріне, өмірден алған тәжірибеге сүйене отырып, жаңа дәрежеде Табиғатты аялауға, оған табынуға, оны дін тұтуға қайта оралып қана, адамзат өзінің өмірін сақтап қалуға мүмкіншілік алар ма екен деген сұрақ оқтын-оқтын ойымызға келеді.

XX ғ. басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар (радиоактивті сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытқа дейінгі беделді механистік классикалық физиканың негізгі қағидаларына үлкен соққы жасады. Электрон бөлшегінің тұрақты салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды. Франция елінің сол кездегі ірі математик-ғалымы А.Пуанкаре: «Олай болса материя жойылды», деген пікірге келді. А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясындағы кеңістік пен уақыттың бір-біріне өтіп, біртұтастық дәрежеге келуін калай түсінуге болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға болар еді. Бұл сұрақтарға жауап беру жолында позитивизмнің екінші сатысы дүниеге келеді. Оның аты «эмпириокритицизм», яғни тәжірибені сынға алу деген мағына береді. Негізгі өкілдері - Эрнест Мах (1838-1916 жж.), Рихард Авенариус (1843-1896 жж.) т.с.с.

Жоғарыда көрсетілген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда «тәжірибе» деген ұғымды қайта қарауға әкеледі. Олардың ойынша, бұл ұғым материя мен сананың, физикалық пен психикалыктың қарама-карсылығын жояды. Тәжірибенің құрамдас бөліктерін алып қарасақ, оның физикалық жэне психикалык элементтерден тұратынын байкаймыз. Егер біріншісі - сырткы тәжірибенің мазмұнын көрсететін болса, екіншісі - ішкіні көрсетеді. Ал элемент дегеніміздің өзі, нақтылай келгенде, адамның түйсіктері болып шықты. Олай болса, олар субъектсіз объект жоқ, объектісіз субъект жоқ деген пікірге келеді. Мұны олар танымдағы «принципиалдық сәйкестік» деп атады. Әрине, субъект, яғни танымдық кабілеті бар адам бар жерде - объект, яғни танылатын айнала қоршаған дүние бар. Нағыз ақиқаттың өзі адамның жан дүниесінен өтіп, оның неше түрлі тебіреністерін туғызып, адамның осы Дүниені телегей-теңіз ретінде қараса, соның бір тамшысы ретінде сезінгенде ғана пайда болса керек. Сонымен катар танымның бұл жақтарын абсолюттеп шегіне жеткізсек, әрине, субъективтік идеализм жолына түсіп кетуге әбден болады. Сондықтан марксизмде мұндай көзқарас уақытында сынға алынған болатын.

Эмпириокритицизмнің негізгі  қағидаларының бірі - «ойлаудың тиімділігі» мен ғылымда тек суреттеу идеалына жету. «Ойлау тиімділігін олар организмнің өз-өзін сақтау үшін биологиялық қажеттіктерді өтеу жолындағы бейімделуінен шығарады. Ғылымдағы ойлау тиімділігі «субстанция», «себептілік», «алғашқы негіз» т.с.с. мазмұнсыз категориялардан бас тартуды қажет етеді», - дейді олар. Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердің өзара байланыстарын суреттесе болғаны. Сол кездегі ғылымдағы ашылған күрделі жаңалықтарға философиялық-методологиялық тұрғыдан түсінік бере алмаса да, олар XX ғ. басында басталған ғылыми төңкеріске ғылыми қауымдастыктың көңілін аударды.

Енді, міне, біз XX ғ. 20-шы жылдарында пайда болған позитивизмнің үшінші сатысы - неопозитивизмнің өзіне келіп тірелдік. Негізгі өкілдері - Мориц Шлик (1882-1936 жж.), Рудольф Карнап (1891-1970 жж.), Людвиг Витгеншгейн (1889-1951 жж.), Бертран Рассел (1872-1970 жж.) т.с.с.

Неопозитивизм өкілдері белгілі бір толыкқанды философиялық мектепті, ағымды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке ғылымдармен салыстырғандағы ерекше Дүниеге деген көзқарастық-методологиялық маңызы бар пән екендігін мойындамайтын әртүрлі кішігірім ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша, бұрынғы философия метафизиканың тартпалы батпағына батып, жалған тексерілмейгін ұғымдардың ішінен шыға алмай калды. Мысалы, Б.Рассел тек қана сезімдік деректердің шынтуайттығын мойындайды. Объективті дүниенің өмір сүруін мойындағанмен, ол оның негізін тек қана сенімге негіздейді, оны ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкін емес. Сонымен қатар Б.Рассел эмпириокритицизмдегі сезімдік тәжірибені асыра түсінуді қолдамай, оны математикалық логика тұрғысынан толықтыру керек деген пікір айтты. Олай болса, философия дегеніміз тәжірибеден алынған негізгі қағидаларды логикалық талдаудан өткізіп қорытатын пәнге айналады. Осы логикалык позитивизмніц келесі өкілін - Р.Карнапты айтатын болсақ, ол математикалық логика арқылы білімдегі негізгі ұғымдардығ мазмұнын, мән-мағынасын тексеруге шақырды. Ал оның негізгі кұралы - верификация (латын сөзі, дәлелдеймін деген мағына береді) принципі. Тікелей верификацияға келер болсақ, ол ғылымдағы белгілі бір кағидалардың өмірдегі тәжірибеге сәйкестігін анықтау болып табылады. Ал дамыған теориялардағы қағидаларға келер болсақ, оларды тек жанама түрде верификациялауға болады. Ол үшін сол теорияның негізінде жатқан элементарлық, агомарлык, протоколдық сөйлемдерге шейін жетіп, оларды өмірдегі сезімдік тәжірибеден шығатын деректермен салыстырып тексеру кажет. Әрине, мұндай жұмыстар философия саласында істелуі керек. Олар бұл салада көп жұмыстарды атқарды. Бірақ коғамдық-гуманитарлық пәндерді алар болсақ (әсіресе этика мен психологияны) верификация принципінің көп жағдайда әлсіздігін байқауға болады. Ал осының негізінде олардың бәрін ғылымның шеңберінен шығарып тастауға, әрине, болмайды. Бұл логикалык позитивизмнің негізгі кемшіліктеріне жатады.

Информация о работе XX ғасыр мәдениеті аясындағы