Топ туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 02:14, реферат

Краткое описание

1. Топ туралы түсінік
2. Топ және ұжымдағы тұлғааралық қатынастар
3. Д.Морено теориясы

Прикрепленные файлы: 1 файл

psycology.docx

— 35.59 Кб (Скачать документ)

Шағын топ эмоциональдық сипаты басым қатынастар арқылы қарастырылды. Топтың басқа параметрлері байланысты болатын, арақатынастар жиілігі оның басты объективтік өлшемі болды. Қабылданған анықтамалар мыналармен айрықшаланады: бір жағынан, шағын топ сипаттары психологияланған, кеңірек әлеуметтік контекстен алынған болды, ал екінші жағынан – анықтаманың жеке «психологиялық» бөлімі топтағы үстірт қатынастар мен байланыстарды көрсетті. Шағын топты бұлайша анықтау ұжымның ұқсас әлеуметтік-психологиялық концепциясын құрауға негіз бола алмады. Алайда, жеке адамдар арасындағы байланыстарды зерттеудегі бұл бағыт нақты әдістемелердің көбірек қорын жинады және американдық әріптестер жасаған ұжымды зерттеудің экспериментальдық амалдарын қолдану мақсатымен біздің әлеуметтік психологтар соған жүгінді.

Топтық дамудың айқын деңгейлерін сипаттайтын төмендегідей 5 шектік принциптер бөлініп шығады.

  1. Байланыстың көтеріңкі деңгейі және тұлғааралық қатынастарды байланыстыратын іс-әрекет факторларының көтеріңкі әлеуметтік құндылығы – бұл ұжым (мәселен жұмысшылар бригадасы).
  2. Егер топта қажетті бірлескен іс-әрекет болса, тұлғааралық қатынастарды байланыстыруы мүмкін болатын көтеріңкі әлеуметтік факторлар болған кездегі байланыстырудың төменгі деңгейі – бұл әлеуметтік ассоциация (мәселен, студенттердің достық серіктестері).
  3. Бірлескен іс-әрекеттің болмауынан байланыстырудың жоқтығы – бұл диффузиялық топ   (мәселен, автобус жолаушылары немесе жалпы палатадағы аурулар).
  4. Көтеріңкі асоциалдық байланыстырушылар факторлар кезіндегі қандай да бір бірлескен іс-әрекеттің тұлғааралық қарым-қатынастарының байланысуының төменгі дәрежесі – бұл асоциалдық ассоциация (мәселен, бұзақы жасөспірімдер тобы).
  5. Іс-әрекет арқылы байланысудың көтріңкі деңгейі және байланыстырушы факторлардың көтеріңкі қоғамға қарсы реакциялық сипаты – бұл корпорация (мәселен, мафия).

Әр  түрлі зерттеулерден топтың шектік өлшемін білдіретін әр түрлі сандарды көруге болады. Бұл мәселеге әрекеттік жанамалау теориясы тұрғысынан қарау – бұл іс-әрекеттің сәтті шешілуіне қажетті адамдар санына байланысты топтың өлшемін анықтауға мүмкіндік береді. Нағыз ұжымдағы топ өлшемі анықтаушы сипатта болмайды және топтық әрекеттің мазмұнына тікелей байланысты болады. Топтың даму деңгейі төмен болған сайын, оның тұрақтылығына қажетті оның мүшелерінің санының мағынасы артады. Қолайлы топ болып, оның өлшемінің өсуіне немесе төмендеуіне байланысты емес, оның даму деңгейінің көтерілуіне байланысты қалыптасады.

Топтың ұйымшылдығы. Адам қатынастарының үйлесімділігі. Белгілі бір адам бірлестігінде үйлесімділікке жету қиын болып көрінеді. Өйткені барлық адамдар да, әр түрлі жағдайлар да күрделі, мақсаттардың да сәйкес келмеуі мүмкін. Адам қатынастарының күрделі болуы келіспеушіліктерді тудырады. Келеспеушілік дегеніміз не, ол әр уақытта адамдардың ұйымшылдығына кедергі болады ма? Адам қатынастарының жоғары үйлесімділігі ретіндегі ұйымшылдық дегеніміз не?

Қазіргі кездегі шетелдік әлеуметтік психологтардың топтық ұйымшылдық мәселесі кең тұрғыда назар аудартады. Оған арналған әдебиеттер өте көп. Бірақ олардың көпшілігінің ақауы мынада: шағын топтың коммуникативтік тәжірибесінен көрінетін, көбінесе іс-әрекетінен және арақатынастар ретінде, жеке адамдар арасындағы эмоционалды – психологиялық қатынастарды бастапқы қатынастар ретінде қабылдай отырып, шетелдік әлеуметтік психологтар қатынастар кезеңі неге байланысты болатынын анықтау міндетін  қоймады, олардың экономикадағы, идеологиядағы, саясаттағы бастауларын табуға тырыспады. Осының нәтижесінде ұйымшылдықты анықтаудың басты әдісі болып симпатияларға, антипатияларға негізделген талғамдарды, коммуникативтік актілерді, арақатынастарды белгілеу саналды, ал психологтың топ ұйымшылдығын көтеруге қатысты тәжірибелік ұсыныстары оның социометриялық құрылымының өзгеру мүмкіншілігімен байланысты болды.

  Өздерін құрайтын факторларға, сондай-ақ  өздерінің даму деңгейіне байланысты  бір-біріне ұқсамайтын әр түрлі  топтар сияқты, осы топтарға енетін  жеке адамдар да өздерінің  іскерлік және жеке басының  қасиеттеріне, беделі мен мәртебесіне  байланысты айрықшаланады. Бұл айырмашылықтар  жиынтығы топтық бөліністің алаланған  көрінісін білдіреді. Топқа алғаш рет түскен кез келген адам «кімнің кім» екенін білі үшін көп уақыт жұмсайды. Психологияда ұзақ педагогикалық жітік бақылауды алмастыруға мүмкіндік беретін және тәрбиешінің жұмысын жеңілдететін арнайы әдістер бар.

Топтағы тұлғааралық белдерді анықтаудың танымал әдістерінің бірі болып – Джекоб Морено (1892-1974) ұсынған, социометрия саналады. Д.Морено теориясына сәйкес барлық келіспеушіліктер, күштеулер, соның ішінде әлеуметті де шағын және өте үлкен құрылымдардың сәйкес келмеуінің салдарынан болады. Оның пікірі бойынша, тұлғаның адамдарға психологиялық қатысын білдіретін симпатиялар мен антипатиялар жүйесінің жеке адамға берілген өте үлкен құрылымының шеңберіне көбінесе сыймай қалатыны осы сәйкессіздік көрсетеді. Енді шағын және үлкен  құрылымдарды сәйкестендіру  міндеті пайда болады. Дәл осы мақсатта қандай орындар ауыстыру қажет екенін білу үшін симпатиялар мен антипатияларды анықтайтын социометриялық әдістемелер қолданылады.

Социометриялық сауалнама анкеталық сауалнамадан немесе сұхбаттан ерекше айрықшаланады, өйткені топ мүшелеріне қойылатын сауалдар олардың арақатынастарының эмоционалдық жағын қамтиды. Мұнда толық құпиялық болу мүмкін емес, әйтпесе социометрия нәтижесі тиімсіз болады. Топтарды зерттеудің социометриялық техникасы мынадай: зерттелетін адамдар бос уақытты бірге өткізуге, бірлесіп жұмыс жасауға немесе оқуға және т.б. серіктерді таңдайды (немесе қаламайды). Осыған байланысты тікелей сұрақ қойылады: кіммен болғың келеді (жұмыс істеу, оқуға, бос уақытты өткізуге)... Топтың басқа мүшелерінен алынған таңдаулар саны және олардың жылдамдығы бойынша жеке адамның топтағы эмоционалдық тартымдылығы, танымалдылығы мен алатын орны жайлы айтуға болады. Топтағы қарым-қатынастар жайлы социометриялық мағлұматтарды граффикалық социограмма түрінде көрсетуге болады. Мұнда симпатиялар мен антипатиялардың өзара қиылысуы, топтасулар арасындағы болатын қатынасты, социометриялық «жұлдыздардың» болуын (сұранушылардың көпшілігі таңдаған), «елеусіздер» (аз таңдалғандар), «оқшауланғандар» (мүлдем таңдалмағандар) немесе «мойындалмағандар» (тек қана теріс таңдалғандар).

Социометриялық талдау жедел жүргізіледі, оның көмегімен эмоционалдық тартылыстар, тұлғааралық белделдер динамикасы, топтағы қарым-қатынаспен жеке адамның қанағаттануын жеткілікті анық көруге болады. Социометрияның белгілі бір шектеулігі бар. Социометрия барлығын емес, жеке адамның топқа эмоционалдық қатынасын ғана анықтайды. Алынған мағлұматтардың құндылығы төмен болады. Бұл әдіс 40-тан астам мүшелері бар топқа қолданылмайды. Сондай-ақ социометриялық техника арқылы анықталған байланыстар жүйесін өзгермейді деп санауға болмайды. Социограммалар бұл өзгерістердің себептері туралы айта алмайды. Топ мүшелерінің біреулерді таңдап және кейбіреулерді қаламау мотивтерінің қандай екені, симпатия мен антипатия артында не тұрғаны белгісіз боп қалады. Зерттеушілер алдында мынадай мәселе туындайды: социометриялық әдістерге белгісіз болып қалған арақатынастардың топтағы шынайы ішкі динамикасын қалай анықтауға болады? Топ ішіндегі арақатынастардың сыртқы көрінісін топ мүшелері арасындағы терең қарым-қатынастардың салдары ретінде қарастыруға болады, алайда, қалаудың немесе оқшаулаудың себептерін түсіндірмейді.

Осыған байланысты социометрия зерттеуіне кіргізуге тиісті әлеуметтік-психологиялық маңызды міндет пайда болады – тұлғаның топ мүшелерінің кейбіреулерімен эмоционалдық байланыс жасауының және кейбіреулерін қаламауының мотивтерін анықтау. Сұрақ тікелей қойылса, кейде шынайы жауап қайтарылмайды, сонымен бірге жеке адам бір адамды неге қалайтыны және басқасын неге қаламайтыны жайында өзіне-өзі есеп бермейді. Осыған орай, көрсетілген мақсаттарға жетуде тұлғааралық таңдаулардың мотивациясын қосалқы мәліметтер негізінде эксперименттік жолмен анықтау маңызды болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Аймауытов Ж .Тәрбиеге жетекші. Орынбор, 1924.
  2. Аймауытов Ж. Сабақтың комплекстік жүйесі. Қызылорда, 1929.
  3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы, 1980.
  4. Алтынсарин  тағылымы. ( Құрастырған  М. Жармұхамедов ) Алматы, “ Жазушы ”, 1991.
  5. Ахмедова Ж. Мектеп басқарудың кейбір мәселелері. Алматы, 1973.
  6. Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Алматы, 1996.
  7. Әлмаханова Х. Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. Алматы, 1990.
  8. Жарықбаев Қ. Психология негіздері. Алматы, 2005.

 

 

 

  

 

 


Информация о работе Топ туралы түсінік