Шәкәрім жан туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 18:55, реферат

Краткое описание

Шәкәрім орыс тілі арқылы сол тілге аударылған Шығыс, Батыс әлеміндегі рухани қазыналар көзін меңгеріп биіктей берді. Ол онымен шектелмей, философия мен дін тарихына қатысты еңбектерді де қадағалап отырған. Жалпы Шөкәрім Абай ағасы секілді Орта Азия мен Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, екі ағым, екі бұлақ — Шығыс пен Европа мәдениеттерін біріктіру, төл ему, қатар сусындауға ықылас білдіру ғана емес, батыл қадам жасаған ұрпақтың алғашқы өкілдерінің бірі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шәкәрім жан туралы.docx

— 57.48 Кб (Скачать документ)

Шәкәрім: «таза дене, толық мінез ой істерін керек қылады, соның қатты бір керегі - ұждан. Оны адам осы өмірі үшін ғана керек қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады. Атым қалсын, мені жақсы көрсін, пәленше сондай таза деген үшін емес. ...Ұжданның жан тілегі екеніне нанған адам өмірде істеген қиянатына қатты өкініп, күйіп, істеген жақсылығына қуанып өлсе керек. Олай нанбай, ұжданды құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деп ұғатын кісіге жақсылық пен қиянаттың көп айырмасы болмаса керек. Оған бүгінгі өмірдің айла-әдісін тапса болғаны. ...Ұждан - өмірге бірдей керек таяныш. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң-жол тазарта алмайды» дейді.

Шәкәрімнің ар ілімінің мақсаты ішкі тазалыққа жету арқылы хақты тануға жол ашу. Сондықтан Шәкәрімнің ілімі барлық адамзатты бақытқа жеткізуге бағытталған дейміз. Ол қазақ философиясының ойын ерекше белеске көтерген ойшыл.

Шәкәрім: «Құбылған әлем жарысы, Ақылды жанның табысы» дейді. «Ақылды жанның мүлкі - әлем» дейді тағы да. Соңғы бір жол сөз ерекше тоқталуға тұрарлық. Мұнда Шәкәрім: ақылды жан ғана әлемді мүлік ретінде тани алады, ондай жан дүниеге жақын тұратын басқа пенделер секілді әлемнің құбылмалы жарысында жұтылып кетпейді,- деп тұр. Әлемді мүлік ретінде санау үшін де қаншама ақыл-парасат керек.

Арлы адам дегенде  халық арасында кімдерді айтады? Бойында  ұят, қайрат, жігер, жауапкершілік, кісілік, намыс, талап, ерлік секілді асыл қасиеттері бар адамды айтады.

Шәкәрім қазақ қоғамын қалай құрудың тұжырымдамасын жасап кеткен адам. Оны алдымен адамның жан дүниесі таза, ары биік болумен байланыстырған.

Шәкәрім өз өмірі арқылы даналыққа жеткен тұлға екенін дәлелдеген дегдар жан. Даналық деп арлылыққа, ақыл мен сабырға, ізгілікке негізделген қарекетті айтамыз. Даналықтың арналары - ізгі ой, ізгі мінез-құлық және ізгі іс. Осы үшеуі де Шәкәрім бойынан табылған, оның тұлғасын биіктетіп тұрады.

Шәкәрім философиясы «Өзіңді таны, соның нәтижесінде адамды таны» деуге келеді. Шәкәрім зерттеулері бойынша адам болмысы үш бөліктен тұрады: тән, рух және жан. Тән табиғаттың негізгі элементтері топырақ, су, ауа, от және эфирден тұрады, ол - материалдық болмыс. Рухқа - сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және әркімнің өзіндік «мені» жатады. Жан болса адам өмірін басқарушы, қуат көзі, тіршілік болмысы. Жан таным-білімге және рухани ләззатқа құштар. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана жүзеге асады. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Жан тәнді тек рух арқылы билейді. Адамның материалдық болмысын жан мен рух болмысы жеңіп тұрса, нағыз жетілген адам содан шығады.

Академик Ғарифолла  Есім өзінің «Адам зат» деп аталатын кітабында адамды түсінуде өзгеше өлшемдер қолданады: «Менің түсінігімше адам болмысында мынадай алты жүйе бар, олар: тән жүйесі, жан жүйесі, нәпсі жүйесі, ақыл жүйесі, көңіл жүйесі, рух жүйесі».

Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқаң идея — жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен  Мағжан, жалпы Шығыс ғұламалары бойьнша, адамның дүнйедегі тіршілік ету  мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе, өмір мазмұны жануарлық  күн көруден алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол  көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің қепілі — Нұр. Оған адамның жәй  ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (фәниден бақиға) көшу, басқа сөзбен айтқаңда, бұл  дүниеден кету дегеніміз адам жанының  Нұрға қосылуы. "Жан, — дейді  Шәкәрім, — менің айтқанымдай  баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр  ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар  жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай бол- са, бір түрге түсіп барлықтың  ішінде бар болып жүреді". Осы  негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң жазған және ол Жаңа замандағы қазақ кәсіби философиясының алға- шқы туындысы болып табылады. Бұл шығармада айтылған ойлардың сыры мен астарлы қатпарлары мол. Батыстағы материализм жөне идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім  шектелмей, өз жолы — үшінші анықты ұсынады:

"Еңбекпенен, өрнекпенен

 Өнер ойға тоқылса,

 Жайнар көңіл, қайнар омір

 Ар ілімі оқылса".

Яғни, басты мәселе ар ілімі, моральдың  төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің "ар ілімі" деп атауында да үлкен  мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі — ождан. Бұл  категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: "Әрине, жаның  өлген соң тазарып, жоғарылайтынына  нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына  нанған кісі өкініште болып біржола  жоғалмады-ау деп өлсе керек. Және ождан, намыс жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса, нанбай, ождан, намыс құр-ғйна көрініс үшін адамдыққа лайық  деген кісіге жақсылық, қиянаттың  көп айырмасы жоқ болса керек.

Ізін білдірмеудің айласын тапса  болғаны, себебі елген соңғы жан  өміріне нана алмай ождан, намыс, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің  жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір  жол, заң тазарта алмайды. Егер бір  адам жанның өлген соңғы өмірі  мен ождан соның азығы екеніне  әбден нанса, оның жүрегін еш нөрсе  карайта алмайды. Адам атаулыны бір  бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен  өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сиякты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе, жаратушыда білім бар, өлген  соң да бір түрлі жан тіршілігі  бар. Жан екі өмірде де азығы—ождан, намыс деумен еш нөрседен кемдік көрмейді. Тіпті, бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық дегенім осы".

 

Қорытынды

Ең басты тұжырым өз дәуірінен озып ой айтқан ақын шығармашылығының поэтикасы сан түрлі көркемдік амал-тәсілдермен бай екендігі сипатталды. Қаламгерлік мақсатының негізгі арқауы – түзу адам тәрбиелеу жолын іздеу. Сыртқы орта болып жатқан түрлі оқиғалар ықпалында емес, адамның ішкі дүниесінде өтетін сапалық өзгерістердің мәнін айқындау арқылы көркемдік әлем жасау – Шәкәрім шығармашылығының негізгі ерекшелігі. Сол арқылы ұлтын, жерін сүйген, жалпы адамзатты сүйген адам тұлғасының дамуына әсер ету үшін өлең сөзді көркемдік қару ету міндетін көздеген. Сондықтан да ақын өлеңнің мәні мен мағынасына, бүкіл көркемдік сапасына аса үлкен талап қойған, өзі де солталап деңгейінен табыла білген.

Шәкәрім мұрасының құндылығы – оның рухани бастау көздерінің күрделілігінде. Ең алдымен ол өзі өсіп өнген қазақ жұртының халықтық мұрасын терең меңгеріп, асылын бойына жинақтаған. Сондықтан да рухани жетілу жолындағы алған өзге әсер ықпалдарының ізгі үрдісін халқының қажетіне жарата алған. Шәкәрім адамның ізгі қасиеттерін дамыту жолдарын айқындап, бұл тұрғыда адамзаттық игі дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, барлық діндердің мәнін дұрыс бағалай отырып, қазақ жұртшылығы үшін мұсылмандық жол құран ілімі дейтін тұжырымды ұстанған. Сол арқылы «Жар», «Жаратушы» ұғымдарын жаңғыртып, оны бүкіл дүние тіршліктің түп негізі етіп көрсетуге дейін көркемдеген. Ақын поэтикасына әсер еткен орыс әдебиетінің игі әсері Пушкин шығармашылығын аударып жалпы адами құндылықтарды бағалаудағы ортақ ойларының үйлесім тапқандығынан көрінеді. Ақынның көлемді эпикалық туындыларындағы тың ізденістер мен өзгеше өрнектер көркемдік амал-тәсілдер ақынның әртүрлі поэзиялық жанрлардағы көркемдік ізденістерін айғақтайды.  Жинақтай келгенде, зерттеу нәтижелері көрсеткендей Шәкәрім поэтикасы – сан-алуан суретке толы, өмір құбылыстарын көркем айшықтаған күрделі сала.

Бұдан біздің нақтылы айтарымыз  Шәкәрім өзіне дейінгі бол- ған, өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Ыбырай, Абайға қарағанда, грек, Еуропа кәсіби философиясының тарихымен тікелей щұғылданып, оларды тек танып біліп қана қоймай өз пікірлерін, ойларын ортаға салып, айта отырып, өмірге қазақ кәсіби философиясының ірге тасын қалап, өзі де нағыз қазақтың алғаш кәсіби философы атанды. Сөйтіп қазақ философиясының деңгейін әлемдік философияның қатарына қосуға жақыңдата түсті. Біздіңше ұлттық философиялық тұғырнамамыздың бастауы, қалыптасуы осы кемеңгер ойшыл, ақын, философ Шәкәрім Құдайберді ұлынан басталады деп батыл айта аламын.

Қазақ кәсіби философиясьш одан өрі  дамыту, оны Шәкәрім салған көпір  арқылы жүріп өтіп, ол жасаған баспалдақтар арқы- лы жоғары көтеріліп, дами бермек. Сол Шөкәрім қалыптастыр- ған  төл кәсіби философия дәстүрі  Шәкөрімнен кейін де жалға- са түсіп  өз үндестігін тауып отыр. Оның ізбасарлары, яғни Қазақстан философтарының биік кәсіби ғылыми дәрежедегі жоғарыдан көрініп, үлтгық философиямыздың дөстүрлі ерек- шелігін сақгай отырып әрі қарай дамуына үлкен зерделі ізденіс- тер жасау әрекетінде. Бүл бастама өз қолдауын табады деген ойдамыз. Себебі, төл тілімізде үлтгық философия түғырын биік көтеру, ғылыми философиялық тілімізді қалыптастыру, адам- зат қүндьшықгар мәдениеті қатарына қосу, оны мақұлдату иісі қазақ жұрты философ ғалымдарының аңсары мен арманы, ар- ұжданы, қасиетті қарызы мен парызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Шөкәрім. "Жазушы" баспасы. Алматы. 1988.
  2. Ж.Алтай ,А.Қасабек,Қ.Мұхамбетәли Философия тарихы Алматы 1999
  3. Бейсенов Қ.Щ. "Философия тарихы". Алматы. "Ғылым". 1992
  4. Құдайбердіұлы Шөкәрім. "Үш анық". Алматы, 1991

5. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. 2-том. – А.: Жібек жолы, 2007. -624 б.

6. Мағауин М. Ақын, тарихшы, философ: /Шәкәрім туралы/ // Бес арыс: естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар. – А., 1992. -85-127 бб.

7. Бөкейханов Ә. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. (Рецензия) // «Қазақ» газеті, 1913, №12.

8. Кәрібаев Б. Шәкәрім Құдайбердіұлы және Қазақ хандығы құрылуының мәселелері.// Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасы: респ. ғыл.-практ. конф. мат. – А.: «Казпринт» баспасы, 2008. -146 б. 
 

 


Информация о работе Шәкәрім жан туралы