Шәкәрім жан туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 18:55, реферат

Краткое описание

Шәкәрім орыс тілі арқылы сол тілге аударылған Шығыс, Батыс әлеміндегі рухани қазыналар көзін меңгеріп биіктей берді. Ол онымен шектелмей, философия мен дін тарихына қатысты еңбектерді де қадағалап отырған. Жалпы Шөкәрім Абай ағасы секілді Орта Азия мен Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, екі ағым, екі бұлақ — Шығыс пен Европа мәдениеттерін біріктіру, төл ему, қатар сусындауға ықылас білдіру ғана емес, батыл қадам жасаған ұрпақтың алғашқы өкілдерінің бірі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шәкәрім жан туралы.docx

— 57.48 Кб (Скачать документ)

 

 

Шәкәрімнің «Үш  анық» атты фидософиялық еңбегі

Шәкәрімнің "Үш анық" атгы шығармасы негізгі философиялық шыгармалардың бірі болып табылады. Мұнда философия тарихына байланысты көп мағлұматтар аламыз. Оның бұл  шы- ғармасындағы сөз болатын басты  мәселе ар ілімінің негізі бо- лып табылатын  нәрсе. "Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім  — үшеуі косылып ұждан деген  ұғым шығады. Мұны орысша со- весть деп  атайды... бұған нана алмаған адамның  жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір  заң тазарта алмайды... ұжданы сол  жанның азьпы екеніне ақылмен  сынап істесе, оның жұрегін ешнәрсе  қарайта алмайды"  — деп  жазған философиялық толғау бұгінгі  күн талабымен де үндесіп жатыр.

Шәкәрім "Үш анық" деп  аталатын трактатын жазуға отыз жыддай уақыт сарп етіпті. Бұл ақынның  ғылымға деген үлкен жауапкершілігі мен тазалығы болса керек. Ол мұнда  Батыс пен Шығыс мәдениетінің рухани қазына көздеріне бас қойып, жа- ратылыстану ғылымдары салты  бойынша да көптеген Еуропа ғалымдарының еңбектерімен таныс болғандығыңа көз  жеткі- земіз. Шәкәрім «Үш анық» атты философиялық еңбегінде: «Бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі - адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ» деген. Ол көп нәрсенің сырын ұғып, өз дүниетаным қорытын- дысында Шәкәрім, біріншіден, затшылдық ғылым жолындағы таным мен, екіншіден, дін жолындағы теологтардың дүниета- нымы бірінші, екінші анық деп көрсетеді де, деп өзі ғұмыр бойы шарқ ұрып ізденіп тапқан жолы үшінші анықты ұсынады. Ол — үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді. Мұнысы Шәкәрімнің ұзақ жылдарға созылған ғылыми-шығармашылык ізденіс үстіңде келіп туған ой қорытындысы ретінде берілетін негізгі ой тезисі. Яғни Шәкәрімнің «Үш аныктағы» мақсаты ар түзейтін бір ғылымды табу болғандықтан, өмір бойы осы жолда ізденген".

Сондағы «қайта айналыс  жолы» деген бірінші дәлелі атомға арналған. Сонда: «Барлық нәрсенің түп себебі бұрыннан бар қуатты дене (сила вещества) атом. Әр планета, Жер, Күн, Ай болсын басында газ, түтін, жалын сияқты болып көп заманнан соң салқындап қатты дене болып, осы бір қалыбында қалмайды» дейді. Шәкәрімнің философиялық лирикасында да айдың жарық шығармайтын аспан денесі екендігін айтатын ғылыми тұжырым бар: «Кісі бағын деме бағым, өз денеңді нұрлы қыл. Ай сықылды болма жарық, қарыз алып күн нұрын. Күн сықылды көпке білдір, шықты ма күн, батты ма ай, Ай сықылды айтып отыр, қанша ғұмыр өткенін».

Шәкәрімнің тек  айға қатысты өлең сөздерін санамалап  көрсек, оның біз байқағандарының  өзі бірталай: «Өтірікпен өткізіп  күнін, айын, Демейді жамандықпен жолығайын», «Ай өлген соң күн шықты, Мен жеңемін оны деп», «Нұрыңнан нұр алып, Аспанда жарық ай. Келеді қозғалып, Жақындап бер қарай», «Жар нұрымен көңілді аш, Күн менен ай, шамнан без», «Ай нұры да азаяр, Айнала шеті толған соң. Ақ жүзіңнен нұр таяр, Арманда болып оңған соң», «Күн батып жоғалды, Нұрыңнан ұялып. Жұлдыз бен ай қалды, Сәулеңнен нәр алып», «Көмескі сәуле берер ай мен жұлдыз, Жүрісі шатаспайды, шаршамайды».

Мұрат Әуезов сопылықтың төрт сатысы болатынын айтады және әр сатыны былайша түсіндіреді: бірінші саты - шариғат, ол - күнделікті тұрмыс, екінші саты - тариқат, яғни таным-білім жолындағы ұмтылыс, үшінші саты - мағрифат, ол - жетілу, төртінші саты - ақиқат, ол, атының өзі айтып тұрғандай - ақиқатқа жету. Қожа Ахмед Иассауидің өзі осы төрт сатының екіншісінде жүрмін деген. Ол дегеніміз ұлы ұстаздың таным-білім жолындағы еңбегін ғана айтып, ақиқатқа жетпек түгілі, жетілудің биік шыңына да шыға алмадым дегені. Шәкәрім де жетілудің биік шыңына жетсем деген, сол үшін көп оқыған, таным мен ғылымға асық болған.

Ақиқат. «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен  көреді. ...Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс ұждан. Ұждан дегеніміз - ынсап, әділет, мейірім». Расында, ақиқатты тану оңай емес. Шәкәрім ақиқатты тану жолындағы ең негізгі категорияларды - ақыл мен ұжданды бөліп алып талдайды. Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік айтпайды, ондай адам адасса білместіктен адасады. «Хақиқат жерде қалмайды, Жалғанға сатпас шыныңды» дегенде философ ақын ақиқатты ұстанған адам шындық жолын ештеңеге айырбастамайды дейді.

Ақыл адамның  негізгі сипаты, маңызды қасиеті. «Ойқұмарлықтың өзі ақыл емес, ол оның шолғыншысы» дейді Шәкәрім. Ақылға қатысты қазақта мынадай ұғымдар айтылады: ақыл, парасат, зейін, даналық, зерде, зеректік, пайым. Шәкәрім: «Ақылдан ойға сыр тарап, Үміттің шамы жанған күн. Жар есіркеп бер қарап, Нұрына жүрек қанған күн» дейді. «Үш анықтағы»: «...барша адам шамасына қарай, қай бірі өзі үшін, қай бірі табы үшін, қай бірі барша адам үшін жақсылық бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады» деген сөздерден ақыл қарауындағы адам толық адам саналады деп түсінеміз. Осы еңбекте тіршілік туралы, жанның мәңгілігі, немесе, өлген соң тірілетін жан жоқ деген екі жолды кең талдауға барарда, сау ақыл ұғымын да қолданған: «Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу ақылы сау адамға қатты міндет. Неге десең адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсақ, біліп жаратушы ие бар, өлген соң да бір түрлі өмір бар деген жолдың шын-өтірігін білуіміз керек. Егер шын болса, соның да қамын ойлап, адамдарды түпкілікті бақытқа жеткізу үшін, егер өтірік болса, оған әуреленбей жалғыз ғана осы дүние қамын қылу үшін, олай болса бұл екеуін қалай тексереміз. Оны тексерушінің әр түрлі діндер жайынан әрбір білімділердің сол туралы айтқандарынан хабары болу керек. Және қатты керек бір шарты - өзінің тұтқан діні, оқыған-ұғынғаны, қалыптанған әдеті, құмар ісі бәлендей жақсы кісі айтты деп нанып қалған сөзіне біржола байланып қалмай, ақылын әбден шын босатып сол екі жолдағылардың жазған кітап, айтқан сөз, қылған істері һәм оларға қарсы айтқан сөздердің бәрін ноқтасыз, науқассыз сау ақылмен сынау керек. ...Бұл екі жолдың түбі қайдан шыққанын тексерсе, адамдардың біз һәм әлемдегі барша нәрселердің қайдан бар болғанын, мұны кім жаратқан деген ойынан шыққан. Неге десең, адамның ақылы оны ойламай тұра алмайды және адам жаңа бір нәрсені көрсе мұны кім жасаған, бұл неге керек демей қоймайды? Сондықтан жаратушыны іздеп әркім әртүрлі ой жүргізген». Байқап тұрсақ сау ақыл ноқтасыз және науқассыз болуы тиіс екен. Сау ақыл ғана үнемі қозғалыста, ізденісте болады делінеді. Шығарманың қорытындысында: «Барлықтың түп себебі жаратушының білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқ» деп түйінделеді.

Шәкәрімнің Америка тарихынан, ғылымынан, әдебиетінен хабары болған. Ол «Үш анық» еңбегінде және Сәбит Мұқановқа жазған хаттарынан айқын көрінеді. Оның біріншісінде Америкадағы спиритизм жайында айтылса, екіншісінде «Американың Бичер Стоу деген әйелі жазған құлдар тұрмысы жайынан «Том ағайдың балаганы» дегенін қазақшаға аударғаным бар шығар» дегенінен анық көрініп тұр. Сонымен бірге Шәкәрімнің «Ана жыл әскер шығып, оңнан-солдан...» деген өлеңі тұтастай Америкада болған бір оқиғаға арналған. Бұл өлеңнің негізгі идеясы да Шәкәрімнің барлық шығармаларындағыдай адамшылық атты биік қасиетке арналған. Сол өлеңдегі Уолдер Бендет деген кейіпкердің атынан Шәкәрім мынадай ой айтады: «Ешкімді алаламай қара деген, Бәрін де өз бауырым деп сана деген», бұдан ұлы Абайдың: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген философиясын танимыз. Уолдер Бендеттің кеме суға ғарық болған кезде, ең соңында құтқарушы қайыққа сыймай қалған әйелге өзінің құтқарушы белдігін шешіп беріп, өзінің суға кетуі - біреудің өмірі үшін өз өмірін сыйлау көрінісі өлеңді оқу үстінде ойландырып, таңдандырып қана қоймайды, сол арқылы дүние, байлық үшін қиянатқа барудың қажетсіздігі, әлемде болып жатқан мемлекеттераралық түрлі талас-тартыстар, отаршылдық, күштінің әлсізге жасайтын әлімжеттігі, адамшылыққа қарсы зұлымдық әрекеттердің ешбір опа бермейтіні танылады. Адамшылық жолында бұл кейіпкерден әрбір адам үлгі алса, әркім өз бойында жақсылыққа бастар қасиеттерді қалыптастыруға тырысса, жер бетіндегі адамзат баласы бір-біріне қысылғанда көмекке келуге әзір тұрса, мейірім мен шапағат нұры жайласа, сонда зұлымдық атаулы ауыздықталып, қиянатсыздық, адамсүйгіштік әрекеттер көбейсе, адамзат баласы сол арқылы ортақ бақытқа қол жеткізер еді деп армандайды.

Шәкәрімнің өз өлеңдерінде  кейіпкерінің нәсіліне, ұлты мен ұлысына қарамай, барша адам - адамзат баласы, олардың бәрі тең, бәрін бірдей көруге тиіспіз деген тың идеология ұсынады. Біз Шәкәрімді оқып, танып-білген сайын оның бір ұлттың немесе бір мемлекеттің деңгейінде қалып қоймай, бүкіл адамзат баласының мұң-мұқтажын ортақ мәселе ретінде қарастыратынын терең түсінеміз.  Оны замандастары кезінде-ақ аңғарған. Сұлтанмахмұт бір өлеңінде бұл қазақ басқалардан өзгеше, оның мақсұты биік, алыс, ол қазақты жекелеп, бөліп айтпай, бүкіл адамзат мұңын қоса айтады дейді.

 

 

Шәкәрім ‘‘жан” туралы

Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы – адам болмысы. Ол адамды физиологиялық, психологиялық, этикалық, эстетикалық және философиялық әлеуметтік құбылыс ретінде үнемі зерттеген. Ақын адам болашағына, оның рухани ішкі әлеміне және қуатына сенеді.

Жаратушы, жан, табиғат, қоғам мәселелерін сөз еткенде ақын, ондағы адам орнын ізденіспен көрсетеді. Осы мәселеде ақын өзінің көп сұрақтарына жауапты таба біледі.

Тiршiлiк, адам, жан, жаратушы, ғалам жайлы ой толғаған Шәкәрiм ақынның шығармашылығы өзiнен кейiнгi қалған ұрпаққа бай қазына болып қала бермек.

Шәкәрiм – ақыл-ой, сезiм деңгейi ерекшеленiп, дербестiк дәрежеге жеткен, дараланған тұлғалық бейнесiмен, исламдық дiни пәлсапа мен қоса ғылыми тұжырымдар, абстракциялық ойлау мен логикалық жүйенi бiрiктiрген, рухани таза жан.

Абай толық адам болу үшiн керектi адами сабырлы ақыл, қажырлы қайрат, ыстық жүрек қажет дейді. Оның бiреуі кем болса, толық адам деп есептемейді. Ал Шәкәрiм  бұл тақырыпты өзiнше жаңа қырыннан көрсетуге ұмтылған:

«Мейiрiм», «Ынсап», «Әдiлет»,

«Шыдам», «Шыншыл», «Харакет»,

Түп қазығы: «Ақ ниет» –

Бұл жетеуiн ел қылу

Абай талап, шыдам, қайрат, жұрек, ақыл сияқты адами сапалардың қатар болуын, адам бойынан бiрдей көрiнуiн қаласа, Шәкәрiмде, бұлармен қатар мейiрiм, ынсап, әдiлет, ақ ниет сияқты сапалық қасиеттердi уағыздау басым. Адами қасиеттердiң түп қазығын ол адалдық пен ақ ниетке келiп тiрейдi.

Адамның жан тазалығы, руханилығы оның болмыс кейпiнiң тартымдылығына әкелетiндiгiн дәлелдейдi Шәкәрiм. Ал шын әдiлет, шын махаббат адамға жаратушыны сүю арқылы, халықты сүю арқылы келедi, – дейдi ақын.  

«Ақ жүрек» ұғымы да Шәкәрiм өлеңдерiнде терең ойларды, идеяларды синтездеген ұғым. Бұл ұғым ақынның көптеген өлеңдерiнде кездеседi. Ақ жүректi адам тек әдiлет пен шындықты қалайтын адам. Ақ жүректi адам ешкiмдi алдамайды, өтiрiк айтпайды, сатқындық жасамайды. Әдiлеттiң ақ жолынан ауытқымайды. Адамзатты жақсылық пен өркениетке тек ақ жүректi адамдар ғана жетелейдi деп есептейдi ақын.

«Арлы ақыл» – жақсылық пен әдiлет жолына қызмет ететiн ақыл. Шын ақыл жаманшылықтан аулақ болады. Арлы ақылы бар азамат өмiрiнiң мәнiн елiне, жерiне қызмет ету деп бiледi. Арлы ақыл бiлiмдi, iскерлiктi, өнердi жасампаздық пен игiлiк жолына бағыттайды. Арлы ақыл иесi халқының бүгiнi мен келешегi үшiн қызмет етушi азамат деп бiледi.

Адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл бар жерде адам нәпсiсiне ие болады, әдiлетсiздiкке, арамдыққа, өтiрiкке, алдауға тосқауыл қояды. Осы үш құндылық арқылы адам түзу жолға түседi. Адам жөнделсе - қоғам мен өмiр жөнделедi, жаратушыны шын сүю басталады деп тұжырымдайды. Мына бiр өлеңiнде ақын:

Ескiден қалған сөз терiп,

Өз ойымнан өң берiп,

Үйретудi жөн көрiп,

Түзетпек едiм адамды [52, 105 б.]

 

деп өзiнiң iзгiлiктi мақсатын ашып айтады.

 

Айла күш – айуандықтың ең жаманы,

Боқты боқпен жуғанмен ел түзелмес

Ар түзейтiн бiр ғылым табылмаса,

Зұлымдықты жалғанда әдiл жеңбес [52, 86 б.].

 

Мұнда ақын адамның бойында әдiлет, мейiрiм, ынсап, ақ жүрек, таза ақыл болмайынша, зұлымдық, әдiлетсiздiктер, соғыстар, зиянды қару-жарақтар, мейiрімсiздiктер, озбырлықтың жойылмайтынын дәлелдеп көрсетедi. Шәкәрiм адам өмiрiн түзетерлiк әдiлет, ынсап, мейiрiм сияқты қасиеттердiң маңыздылығы қиянатқа жол бермейтiн бiрден-бiр құрал деп есептейдi. Сонымен қоса, iшкi дүниенiң мазмұндылығын адамды нәпсi сияқты тән құмарлығын тиюға одан бойды алшақ ұстауға тиiмдi жолдың бiрi деп, мына өлеңiнде былай дейдi:

 

Адамның сыртқы дене жаралысы,

Нәпсiсi айуанмен анық теңдес,

Бөлектігi – жалғыз-ақ таза ақылда,

Әлiң келсе, жол тап та осыны емдес! [52, 86 б.].

Шәкәрiм ақыл ұғымына терең мән бере отырып, таза ақыл ұғымын ұсынады.

Ақын «көз» ұғымын да жандандырып, бейнелі образ жасайды: «Бас көзiмен  қарасаң, нәпсi – жалған, Анық ақыл көзiмен қарағанда, Өзiн берер қалыңға ол қызды алған  – дейдi.

Сондай-ақ ақын әдеттегі «ынсап», «нәпсі» ұғымдарына да жаңаша мән-мағына үстейді: «Нәпсi үйiнде байлаулы Ынсап жатыр, Мұның емiн, тегiнде, сол аша алған [52, 50 б.]. Яғни нәпсiнi тұсаулайтын – «ынсап». Өзiнiң iшкi жаман әрекеттерiне тосқауыл қоя алмаған адам нәпсiсiне де тосқауыл қоя алмайды. Ынсап, ұят, ар, сабыр, мейiрiм, талап сияқты тағылымды қасиеттердi дамыту арқылы нәпсiге тежеу салады.  Ақынның дерексіз заттарға жан бітіріп кейіптеуі – оның негізгі көркемдік жетістіктерінің бірі.

Шәкәрімнің алдына қойған үлкен мақсатының бірі – «түзу адам» мәселесі. Мұны ашудың оңай емес екенін ақын жақсы түсінген. Сондықтан ақын ең бірінші өзіне үлкен талап қояды, онысы білімін арттыру, көп іздену, еңбектену. Поэзиясындағы «түзу адам», «шын таза жан», «жақсы адам» ұғымдарының мәнін ашып, оларға үнемі баға беріп отырады. Осы ұғымдарды ашу ақынға оңай түспеді. Өлең сөзіне айрықша мән берген ақын, шығыс шайырларының өлең үлгісіне, қазақтың төл поэзиясына, орыс поэзиясының озық үлгісіне ден қойып, оны поэзиясында орнымен пайдалана білді. «Жақсы адам», «таза жан», «түзу адам» образдарын жасауда небір әдемі сөз қолданыстарын пайдаланады. Мысалы: «Шын таза жан», «таза ақыл», «таза ой», «шын сыр» сынды тіркестер бар.

«Үш анықтың» негізінде  келіп ар ілімі қалыптасады. Ар ілімі - ол рухани тазару жолы.

«Үш анықта» ар ұғымы  ұждан деген ұғыммен түсіндіріледі: «Адамдағы нысап, әділет, мейірім - үшеуін қосып айтқанда, мұсылманша ұждан деген ұғым туады» дейді. Сөйтеді де: «адамшылық арым соны істеуді ұнатады» деген «ұжданың солай қылғанды ұнатады» дегендік болып шығады» дейді. Демек ұждан мен ар тең түсінік. Шәкәрім ұждан, яғни ар туралы пікірін: «ұждан - жан тілегі» деп қорытындылайды. Осы философиялық трактатта Шәкәрім: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс - ұждан. Ұждан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім» дейді.

Информация о работе Шәкәрім жан туралы