Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 17:58, реферат
622 жыл – бүкіл Шығыс елдерінің өміріне үлкен бетбұрыс ұлы өзгеріс жасаған жыл болып тарихта қалды. Дәл осы жылы жоғарыда сөз болған бәдәуилер мекенінде ислам діні дүниеге келді.
Ислам діні әуелі Мекке қаласынан тарады. Мекке араб жарты аралығындағы Хиджаз тарапына орналасқан кішігірім шаһар еді. Қаланың шеткері аймақтары өсімдік атаулы өспейтін қуаң дала, анда-санда кездесіп отыратын құм төбешіктерге толы мекен-ді. Сондықтан да бұл жер ұзақ уақыт су ішпей, шөп жемей жүре беретін түйелерден басқа жануарларға өте қолайсыз болған. Сирек кездесіп отыратын құдықтардың өзі де жаз айларында көбінесе екуіп қалатын-ды. Сондықтан да Меккенің тұрғындары мал шаруашылығымен де, егін шаруашылығымен де айналыса алмады.
Құранда Библия
мен Інжілде айтылатын түрлі
аңыздар да көп кездеседі.
И.М.Фильштинский
зерттеулеріне қарағанда
Құран стилі туралы ғалымдар күні бүгінге дейін бір мәмлеге келген жоқ. Таха Хусейн оған тек «оқу» деп қана анықтама жасаған. Осыны айта келе Ханна әл-Фахури құран стилі жайлы ибн Халдун айтқан төмендегі пікірді келтіреді:
«Құран прозалық шығармалардың бір түрі (мансур) болғанымен, оның стилі қарасөз (мутлақ) және ақ өлеңмен жазылатын туынды (мусаджджа) шеңберінен шығандап кетеді, сондықтан да оны ақ өлең немесе тек қарасөзбен ғана жазылған шығарма деп кесіп-пішіп айтуға болмайды. Бұл жерде мынандай гәп бар: айаттардың соңғы сөзі сөйлемнің аяқталғанын білдіргісі келетіндей оқшауланады, сөйтеді де сол соңғы сөз келесіде қайталанады. Кейбір дауыссыздардың қайталанып келуіне қарап бұл ақ өлең (садж) деген қорытынды жасауға болғанымен, мұнда бірақ өлеңдік ұйқас (қафийа) жоқ. Құран өлеңдеріндегі ұйқасқа құрылған сөз әдетте «фасыла» деп аталады. сөйтіп біз құран стилін анықтай алмаймыз. Оны тек ақ өлеңге құрылған прозалық шығарма дей отырып, тағы да құран өлеңді ұйқасқа құрылған дей де алмаймыз».
Құранды Европаға әуелгі таратушылар, ол туралы қалам тербеушілер деп Е.А.Беляев византиялық гректерді айтады. Византиялықтар орта ғасырларды арабтармен сандаған қан-төгіс шайқастар жүргізген. Олар Мухаммадты «жалған пайғамбар», «исламның тууына себепші болған адам» деп жек көрген. Сондықтан да византиялық әдебиетшілер исламды өз халқына қисық айнадан жүзін көрген адам секілді теріс түсіндірген. XII ғасырда Андалусиялық католик Роберт Кетенезис құранды латын тіліне аударады. Тәржімашы құранның көп жерін әдейі өзгертіп, жанынан қосып, барынша шым-шытырық етіп қотарады. Ондағы ойы құранды жиіркенішті етіп көрсету болатын.
Қайта өрлеу
дәуірінен бастап Батыс
Ислам жөнінде тек XIX ғасырларда ғана шын мәніндегі ғылыми еңбектер жазылды. Мәселен, Австриялық дәрігер, әрі зерттеуші Алоис Шпренгер «Мухаммадтың өмірі мен қызметі туралы» атты еңбек жазды. Соңыра ислам туралы Венгер оқымыстысы Гольдиер де үлкен зерттеуін жариялады.
Құран орыс тіліне XVIII және XIX ғасырларды аударылды. Ең әуелгі тәржімашы Г.С.Саблуков. ол өз аудармасын 1878 жылы Қазанда бастырып шығарады. Совет өкіметі орнаған соң Москваның Шығысты зерттеу институтының ғалымдары араб әдебиеті мен мәдениетін ислам тарихын әсіресе құранды шұқшия зерттеді. Көптеген монографиялар жазылды. Құранды академик И.Ю.Крачковский орыс тіліне қайта тәржімалады. Ол аударма Москвада 1963 жылы басылып шықты.
***
Құран араб
әдебиетінің тарихынан ең
Мухаммад қайтыс
болған соң оның өмірін баян
ететін сандаған шығармалар – х
Пайдаланылған әдебиеттер