Құран – араб әдеби ескерткіші

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 17:58, реферат

Краткое описание

622 жыл – бүкіл Шығыс елдерінің өміріне үлкен бетбұрыс ұлы өзгеріс жасаған жыл болып тарихта қалды. Дәл осы жылы жоғарыда сөз болған бәдәуилер мекенінде ислам діні дүниеге келді.
Ислам діні әуелі Мекке қаласынан тарады. Мекке араб жарты аралығындағы Хиджаз тарапына орналасқан кішігірім шаһар еді. Қаланың шеткері аймақтары өсімдік атаулы өспейтін қуаң дала, анда-санда кездесіп отыратын құм төбешіктерге толы мекен-ді. Сондықтан да бұл жер ұзақ уақыт су ішпей, шөп жемей жүре беретін түйелерден басқа жануарларға өте қолайсыз болған. Сирек кездесіп отыратын құдықтардың өзі де жаз айларында көбінесе екуіп қалатын-ды. Сондықтан да Меккенің тұрғындары мал шаруашылығымен де, егін шаруашылығымен де айналыса алмады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құран - араб әдеби ескерткіші.docx

— 29.38 Кб (Скачать документ)

       Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

 

 

сөж

 

 

Тақырыбы: Құран – араб әдеби ескерткіші

 

                                          Орындаған: Шығ.фак.206гр                                                                                                      

                                      Жетібай Қарақат

                        Тексерген: Солтанаева Е.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы-2013

Құран – араб әдеби  ескерткіші

      622 жыл –  бүкіл Шығыс елдерінің өміріне  үлкен бетбұрыс ұлы өзгеріс  жасаған жыл болып тарихта  қалды. Дәл осы жылы жоғарыда  сөз болған бәдәуилер мекенінде  ислам діні дүниеге келді.

      Ислам діні  әуелі Мекке қаласынан тарады. Мекке араб жарты аралығындағы  Хиджаз тарапына орналасқан кішігірім  шаһар еді. Қаланың шеткері  аймақтары өсімдік атаулы өспейтін  қуаң дала, анда-санда кездесіп  отыратын құм төбешіктерге толы  мекен-ді. Сондықтан да бұл жер  ұзақ уақыт су ішпей, шөп жемей жүре беретін түйелерден басқа жануарларға өте қолайсыз болған. Сирек кездесіп отыратын құдықтардың өзі де жаз айларында көбінесе екуіп қалатын-ды. Сондықтан да Меккенің тұрғындары мал шаруашылығымен де, егін шаруашылығымен де айналыса алмады.

      Қала халқының  күн көрісі тек сауда-саттық  жасау еді. Өйткені, Мекке арқылы  сол кездегі өте ірі керуен  жолы өтетін. Ұзақ жолдан арып-ашып, сусыз келе жатқан керуен Меккеге  жеткенше асығады. Өйткені, онда  көшпелі бәдәуилер “зәмзәм суы” деп атап кеткен, суы қашанда таусылып көрмеген құдық бар-тын.

      Мекке қаласы  ойпаңдау жерге орналасқан. Жан-жағын  биік төбелер қоршап жатыр.  Егер жауын көп жауса, онда  су көбейіп қалаға жайыла бастайтын  болған. Е.А. Беляев зерттеулеріне  қарағанда ислам заманынан бері  (VII ғасыр) шаһарды екі рет сел қаптаған. Көп үйлер қиратылып, шайылып кеткенімен қала орталығындағы «Қағба» («қасиетті үй») ғана аман қалған.

      Меккенің  қай ғасырдан бері өмір сүріп  келе жатқандығы жайлы тарихшылар  арасында мәмлелі пікір жоқ.  Мекке (құдығы бар болғандықтан) ислам дәуіріне дейінгі ғасырларда  әуелі керуен тоқтайтын бекетке,  бірақ соңыра Хиджаз өлкесінде  көшіп-қонып жүрген Қурайш тайпасы  бәдәуилерінің тұрақты мекеніне  айналған деп те жорамал жасауға  болатын сияқты. Өйткені алғашқы  араб мемлекетін Умайад әулеті  өкілдері билегенге дейін щаһардың  негізгі халқы Қурайш тайпасынан  шыққан арабтар еді.

      Сонымен  VI ғаысрда қала халқы өсе келе керуен жолында тұрған үлкен шаһарға айналады. Себебі, Иаманнан Сирияға, Палестинаға Ирак пен Мысырға бара жатқан керуен тобы Меккеге соқпай өте алмайтын. Солтүстік Африка жағалауларына баратын керуендер де Меккеге түстеніп, одан әрі Қызыл теңіз арқылы (Мекке Қызыл теңізден 40 шақырым жерде) сапарға шығатын.

      VI ғасырдың  соңы мен VII ғасырдың басында  Арабия жарты аралын мекендеген  бәдәуи тайпалары экономикалық  дағдарысқа ұшырайды. Судың жетіспеушілігі  отырықшылыққа, егін шаруашылығымен  айналысуға  мүмкіндік бермейді. Оның үстіне жайылым, жер, су аздығынан бір тайпа, екінші тайпамен қақтығысып, оқтын-оқтын жауласып та отырған.

      Ислам дінінің  негізін қалаушы Мухаммад дәл  осындай кезеңде 570 жылы Мекке  қаласында дүниеге келді. Жас  кезінде ата-анасы қайтыс болады да, жетім өскен ол нағашасы Абу Талибтің малын бағады. Мухаммад зерек, өте пайымшыл болса керек. Ес біліп, қара таныған соң сауда-саттық мәселесімен айналысады. Керуенге жол көрсетуші, түйе айдаушы болып та көреді. Ал, жиырма төрт жасында меккелік бай әйел Хадиджаның қолына қызметке жалданады да, соңыра көңіл қосып, үйленеді. Хадиджа Меккедегі аса бай адамдардың бірі еді. Мухаммад кейбір тарихшылардың мәліметтеріне қарағанда Хадиджаның  саудасын мықтап өркендеткен.

      Дәл осы  кезеңде Арабияның мекен еткен  бәдәуилер арасында дін үстемдігін  әлі орната қойған жоқ еді.  Әр тайпа өзінше тасқа, талға, айға, т.б. түрлі заттарға табынатын. Мухаммад осы тал, тас, ай сияқты пұтқа табынушылықты қойып бір жаратушыға (Аллаға) ықылас қою жөнінде уағыз жүргізеді. Соның ұраншысы болады. Әуелгіде Мухаммадты қолдаушылар табылғанмен қарсы шығушылар көбейіп кетеді. Тіпті 622 жылы бұдан былай Меккеде тұра берудің қауіпті екенін білген ол жолдастарымен шаһарды тастап, Меккенің солтүстігіндегі Медине қаласына қоныс аударады. Міне, дәл осы жылдан бастап мұсылманша хиджра жылы басталады. Мухаммад өз уағызын онда барғаннан кейін де жүргізе береді. Қарсыластарымен талай рет қан-төгіс шайқастарболады. Осы қақтығыстардың көпшілігінде Мухаммад жеңіске жетіп отырған. Өйткені, ол Арабия даласын мекен етіп, көшіп – қонып жүрген түрлі тайпалардың басын біріктіріп өз жағына тарта біледі. Міне, осындай ұйымшылдықтың нәтижесінде көптеген тайпалар арасындағы алауыздықтар жойылып Мухаммадтың жаңа діні – ислам күшейе түседі. Мухаммад үшін жаңа дінді насихаттауға Медине қаласы шынында да өте қолайлы болған. Меккелік Қурайш тайпасы көсемдерімен дүрдараз жағдайдағы Мединелік рулар тотемдік сенім-нанымға қарсы күресіп, жаратушының жалғыздығын уағыздауды ұсынған Мухаммадты қолдай бастайды. Олар Мухаммадпен бірігіп меккеліктерге қарсы әскери жорықтарға аттанады, керуендерін тонайды. Меккелік алыпсатар, өсімқорларға тістерін қайрап жүрген Арабияның көптеген тайпалары мұсылмандармен (ислам дінін қабылдағандармен) бірігіп, қоян-қолтық қимыл жасай бастайды.

      Күрес 630 жылдарға дейін созылған. Соңыра  ұзақ келіссөздерден кейін меккелік бекзадалар Мухаммадтың діни және саяси өкіметін мойындап, исламды қабылдайды да Меккені діни орталық , Қағбаны қасиетті тас деп таниды. Себебі 630 жылдарда ислам Арабияны біріктіре алатын саяси күшке айналып үлгерген-ді. Меккелік ат төбеліндей саудагер топтары бұл күшті өз мақсаттарына, дәлірек айтқанда Арабияны мекендеген бар жұрттың исламды қабылдауын басқаруды өз қолдарына алып пайда табуды көздейді.

      Ислам негізін  салушы Мухаммад алланың әмірін, тілегін жердегі адамдарға жеткізуші  пайғамбар деп есептелінеде. Жалпы  ислам оқуы бойынша адамзат  тарихында Адам, Нух, Ибраһим,  Мұса, Иса, Мухаммад секілді алты  пайғамбар болған. Ал енді осы  пайғамбарлардың оқуы мен ісін  жалғастырушы екінші кезектегі  пайғамбарлар қатарына Мухаммад  Библияның кейіпкерлері Лут, Айиуб, Һарун, Дауд, Сулейман, Илияс, Исхақ, Иағкуб, Иунис, Идрис, Иусуф, Закариа, Иахиа, Мариямды жатқызған. Өзін ұлы пайғамбарлардың кішісі әрі соңғысы деп жариялаған.

      Мухаммад  өзін «Алланың жердегі өкілі», (пайғамбар) деп танытқаннан кейін ойлары мен пікір-толғамдарын жұртқа алладан естігені ретінде жеткізген. Оның сөйлеген сөздерін оқушылары мен шәкірт ізбасарлары пальма талшықтарына, тасқа, жалпақ сүйектерге жазған, немесе жаттап алып жұртқа таратқан.

      Жаңа діннің  негізгі идеяларының бірі –  жаратушының  бірегейлігі мен Мухаммадтың пайғамбарлығын тану болатын. Жаңа дін өкілдері бес рет намаз оқуға, барлық табысының қырықтан бір бөлегін салық ретінде ( «закат» ) өткізіп тұру мен рамазан айында ораза ұстау және Меккеге қажылық жасауға міндетті болады.

      Ислам дінінің  шығуы мен оның негізі Құраннан  басталады. Құран – араб тілінде  «оқу» деген мағына береді. Араб халқының аңыздарына қарағанда, Құран текстін алла тағала Джабраил періште арқылы Мухаммадқа жіберген. Ал, Мухаммад оны өз сөзімен Мекке тұрғындарына таратқан.

      Құранның  қашан шыққаны, онда айтылған  оқиғалардың қайда болғаны, тарихи  адамдардың аты-жөні анық көрсетілмеген.

      Құран 114 сурадан (тараудан) тұрады. Ал осы  тараулар кітапта ұзын, қысқалығына  (көлемі жағынан) қарай орналастырылған.  Ұзын суралар Құранның бас  жағында, ал қысқалары соңында  берілген. Суралар меккелік және  мединелік болып екіге бөлінеді. Меккелік нұсқасы 92, мединелік  варианты 22. Суралар «айаттар» деп аталатын өлеңдерден тұрады. «Аййа» (көпше түрі «айат» ) сөзі «керемет», немесе «құбылыс», «көрініс» деген мағына береді. Бұл құран өлеңдерінің жаратылыстан «тыс тұрғанын» көрсетсе керек. Құрандағы ең ұзақ та ұзын – екінші сура. Онда 286 айат бар. Ал, ең қысқасы 103,108, 110 суалар. Бұлар үш-ақ айаттан құралған. Әрбір айат аяқталған ойдыбілдіре отырып, өзара кідіріспен (паузамен) екшеледі. Құранның ең бірінші сурасы «әл-фатиха» ( «кіріспе» ) деп аталады. ол не бары жеті-ақ айаттан тұрады. Кез келген сура «би-исми-л-лаһи-р-рахмани-р-рахим» делінген дәстүрлі тіркеспен басталуы тиіс. Енді құранның бірінші сурасының транскрипциясы мен аудармасын келтірейік:

  1. Би-исми-л-лахи-р-рахмани-р-рахим
  2. Әл-Хамду-лиллаһи-р-раббил аламин
  3. Ар-Рахмани-р-рахим
  4. Малики иауми-д-дин
  5. Иака нағбуду уа иака настағин
  6. Аһдина-с-сирата-л-мустақим
  7. Сирата-л-лазина анағамта алаиһим ғаири-л-мағдуби алаиһим у-ла-д-далин.

Аудармасы

  1. Қайырымды, шапағатты алла атынан
  2. Әлемнің билеушісі (қожасы) алла жасасын
  3. Қайырымды, шапағатты
  4. Сот күнінің билеушісі
  5. Біз саған табынамыз және сенен көмек сұрап жалбарынамыз
  6. Бізді тура жолға бағытта
  7. Қаһарға ұшырағандар мен адасқандардың ізіне емес, өзің жақсылық жасағандардың жолына (түсір).

Осыдан кейін ең ұзақ «сурати-л-бақара» ( «Сиыр жайлы сура» ) деп аталған сура келеді. Ең қысқа суралар Құранның соңына орналасқан дедік. Ал енді төрт-ақ айаттан тұратын «сурату-л-ихласты» да оқып көрейік:

  1. Кул хууа аллаһу ахад
  2. Аллаһу-с-самад
  3. Лам йалид уа лам йулад
  4. Уа лай йакунлаһу куфуан ахад

Аудармасы

  1. Алла біреу-ақ деп айт
  2. Алла мәңгілік
  3. Ол туылған жоқ, туылмайды да
  4. Оған теңесер ешнәрсе жоқ.

      Құран суралары төрт топқа бөлінеді. Біріншісіне Мухаммадтың өзі құрастырып, құдай сөзі жариялаған суралар, екіншісі жаңа дін насихаттала бастаған тұстағы, үшіншісі болашақ өмірді суреттеуге арналған, ал соңғысына мединалық кезеңге жататын суралар кіреді.

      Құран  «Тәуба», «Иунис», «Иусуф», «Ибраһим», «Мариям», «Әнбиалар», «Нұр», «Ақындар», «Әңгімелер», «Византия», «Лұқмән», «Топтар», «Мухаммад», «Жұлдыз», «Ай», «Темір», «Талақ», «Патша», «Қалам», «Нұх», «Адамдар», «Таңсәрі», «Елдер», «Күн», «Түн», «Піл», «Құрайш», «Кәусар», «Кафирлер», «Ихлас» секілді сұралардан тұрады.

     Меккелік суралар  арабтардың түрлі төтемдік нанымдарды  қойып бір аллаға мойынсұнуды,  Мухаммад айтқан уағыздарды қостап, пайғамбар жолымен жүруге үндесе, мединелік суралар ислам дінін  мойындаған пақырлар атқаратын  діни міндеттер, түрлі қағида  заңдылықтардан тұрады.

     Құранда композициялық  тұтастық жоқ. Мухаммадтың уағыздары,  діни жарлықтар, дұғалар және  күнделікті тірлікке байланысты  заңдар жүйесіз орналастырылған.  Сондай-ақ мұндағы сап-салалы  және түрлі материалдардың ішінде  иуда, христиандық парыздар мен  мұсылмандық праволар және арабтың  фольклорына да көп орын берілген. 

     «Құранның бүкіл пафосы исламға дейінгі пұтқа табынуға жаратушылар көптігі және рулық соғыстар мен қанға-қан секілді әдеттерді жоюға, яғни бәдәуилердің түрлі сенім-нанымы мен рулық, тайпалық қоғам өмірінің негіздеріне қарсы бағытталған. Әр бір сура сайын алланың бірегейлігі, құдіреттілігі мен әділеттілігі, түрлі жаратушылардан гөрі алланың ғана құдіреттілігіне сендіргісі келетін ой дайымы қайталанып отырады».

     Құранда жеке меншік қатынастар мен жеке меншігі барлардың правосы, мирас мәселелеріне де кең орын берілген. Құран әсіресе жеке меншікті қызғыштай қори отырып, оған қол сұғушыларды аямай жазалауды (5-сура, 42-аят) ұсынады. Сондай-ақ онда ата-анасынан ерте айырылып жетімдік көргендерге қиянат жасамау, жәбірлемеу (5-сура, 2-аят) шарап ішпеу, құмар ойынын ойнамау, өсімқорлықпен айналыспау, бақсылықты қою, ерлі-зайыптылардың ара-қатынасы мен олардың праволары (24-сура, 2,9-аяттар) туралы да егжей-тегжейлі түсінік берілген. Егер әйелдер күйеулерінің көзіне шөп салатын болса және оны ері төрт кісінің қатысуымен куәландыра алса, әйелге 100 рет дүре соғылуы тиіс. Сонан соң ондай әйелдер басқаларға емес, өздері секілді жеңіл жүрісті еркектерге ғана тұрмысқа шығуға тиіс. Ал, күйеуі әйеліне жала жауып, қиянат жасаса құран оған 80 дүре соғып жазалауды ұсынады. «Құрандағы осы Нұр» атты сураның шығуына,- дейді Е.А.Беляев – қартаң тартқан Мухаммад пайғамбардың жас әйелі Айша басынан өткен оқиға себеп болған секілді. Бірде Мухаммад бастаған әскери жасақ кезекті бір жорыққа аттанып бара жатып жолай қонаға тоқтап, қайта аттанғанда Айша көзге түспей із-түссіз ғайып болады да келесі күні Мединеге жанына жас жігіт ертіп қайта оралады. Айша жолай адасып жүрген жерінен жас жігітті кездейсоқ кездестіргенін, жас жігіттің оны түйесіне мінгізіп Медине шаһарына алып келгенін айтып сендіргісі келеді. Өсек-аяңнан сескенген Мухаммад содан кейін әйел жынысының жүріс-тұрысы, мінез-құлқының қандай болуы керектігі жайлы қағиданы кестелеп осы сураны шығарса керек.

Информация о работе Құран – араб әдеби ескерткіші