Политеистік культер мен мемлекеттік діндер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 14:44, лекция

Краткое описание

Қос өзеннің ең көне дәуірд Шумер-Аккат мемлекеті орасан зор өркениетке жетті. Адамзат тарихында алғашқы «Алтын ғасыр» поэмасын берді. Дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді, медицинада, дәрі-дәрмек жасауда және т.б. табыстарға жетті. Шумерлердің діни наным-сенімдері де жан-жақты дамыған болды. Өз қүдайларын «дінгір-тәңір» деп атады. Шумерлер әлемді жаратушы - «Ан-ки» қүдайы, аспан қүдайы - Ан, жер қүдайы -Ки деп санады және тағы сондай 50-ден астам көп қүдайлық - политеизмдік дін болды. Шумерлердің политеистік діни көзқарастары, әсіресе топан су мифі, бірінші адамды қүдай балшықтан жарату және оның қабырғасынан әйелді жасау аңыздары, кейіннен Вавилондар мен Ассириялықтарға, олар арқылы гректермен еврейлерге жетті. Мұндай аңыздар Иуда және Христиан дініне бастау болды десек те артық болмайды.