Политеистік культер мен мемлекеттік діндер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 14:44, лекция

Краткое описание

Қос өзеннің ең көне дәуірд Шумер-Аккат мемлекеті орасан зор өркениетке жетті. Адамзат тарихында алғашқы «Алтын ғасыр» поэмасын берді. Дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді, медицинада, дәрі-дәрмек жасауда және т.б. табыстарға жетті. Шумерлердің діни наным-сенімдері де жан-жақты дамыған болды. Өз қүдайларын «дінгір-тәңір» деп атады. Шумерлер әлемді жаратушы - «Ан-ки» қүдайы, аспан қүдайы - Ан, жер қүдайы -Ки деп санады және тағы сондай 50-ден астам көп қүдайлық - политеизмдік дін болды. Шумерлердің политеистік діни көзқарастары, әсіресе топан су мифі, бірінші адамды қүдай балшықтан жарату және оның қабырғасынан әйелді жасау аңыздары, кейіннен Вавилондар мен Ассириялықтарға, олар арқылы гректермен еврейлерге жетті. Мұндай аңыздар Иуда және Христиан дініне бастау болды десек те артық болмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Politeistik_kulter_men_memlekettik_dinder.doc

— 33.00 Кб (Скачать документ)

Политеистік культер мен мемлекеттік діндер.

Мемлекеттің пайда болуына байланысты жердегі бір патшалық түсінік аспандағы бір Қүдайдың шығуына алып келеді.

Көне дәуірде алғашқы мемлекет күрастырған халық Египет деп са-налады. Египет мемлекетшің билеушшерді, перғауындарды күдай деп санады. Ал, Ра құдайын қүдайлардың күдайы деп немесе перғауындар (фараондар) оның ұлы деп санады. Көп қүдайлықтың басын коспақ болған Перғауым Аменхотеп (б.з.б. 1419-1400жж.), діни реформа жүргізді. Ол көп қүдайлық түсінікті жойып бір құдайға сену керек деді. Ол қүдайдың атын Атон деп қойды.

Б.д.д. IV мың жылдарында кос өзен бойында Шумер, Аккат, Вавилон, Ассирия, Иран сиякты түрлі мемлекеттер пайда болды. Олардьщ сол кездегі мәдениеттері Египет мәдениетімен қатар болды.

Қос өзеннің ең көне дәуірд Шумер-Аккат мемлекеті орасан зор өркениетке жетті. Адамзат тарихында алғашқы «Алтын ғасыр» поэмасын берді. Дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді, медицинада, дәрі-дәрмек жасауда және т.б. табыстарға жетті. Шумерлердің діни наным-сенімдері де жан-жақты дамыған болды. Өз қүдайларын «дінгір-тәңір» деп атады. Шумерлер әлемді жаратушы - «Ан-ки» қүдайы, аспан қүдайы - Ан, жер қүдайы -Ки деп санады және тағы сондай 50-ден астам көп қүдайлық - политеизмдік дін болды. Шумерлердің политеистік діни көзқарастары, әсіресе топан су мифі, бірінші адамды қүдай балшықтан жарату және оның қабырғасынан әйелді жасау аңыздары, кейіннен Вавилондар мен Ассириялықтарға, олар арқылы гректермен еврейлерге жетті. Мұндай аңыздар Иуда және Христиан дініне бастау болды десек те артық болмайды.

 

 

Вавилон мәдениеті болса, тікелей Шумер-Аккад мәдениетінің мүрагерлері десек те болады. Б.з.д. II мыңжалдықтың ортасында, әсіресе, Хаммурапин (б.з.д. 1792-1750 жж.) патшасының түсында вавилоңдықтардың өркениеттері ең биік шыңына жетеді. Вавилондықтар да көп қүдайларға табынды, олардың ішінде ең бастылары: Шамаш - Күн қүдайы, Син - Ай қүдайы, Адад - жауын-шашын кұдайы, Нергал - Өлім қүдайы, Ирра - соғыс қүдайы. Осы қүдайлар адамдарға үксап өмір сүреді: үрпақ жалғастыру, байлық пен мансаптан бас тарту, өз мүддесін орындау және т.е.с . Адам тағдыры осы қүдайлар қолында, ал олардың еркін тек абыздар ғана болжай біледі. Ең басты құдай – Ан, ең жоғары құдай – Мардук,

 

 

Ертегі Иран діні. Ертедегі Иран діні зороастризм (Парсизм) діні болды. Бүл дін б.д.д.УП ғ. ертедегі Иран мемлекетінде шықты. Зороастризм Египет және Вавилон діндеріне қарағанда «пайғамбарлығы» жетілген немесе бір жүйеге келтірілген дін деп айтуға болады. Зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштра аңыздық пайғамбар. Аңыз бойынша, Заратуштра (гректе «Зороастр» деген сөз), ежелгі Иран сөзінен шыққан «түйелі адам», түйе жетектеген адам деген мағына береді. Зороастризмнің діни және мәдени жәдігері «Авеста» кітабы болды. Зороастризм бойынша, әлемде бір-біріне карама-қарсы екі негіздің - жақсылық пен ізгіліктің қүдайы, нүрдың, өмірдің ақиқаттың, рәміз Ахура-Мазда мен зүлымдықтың белгісі, қараңғылық пен өлім таңбасы Анхра-Маньюдің арасында толастамайтын күрес жүріп жатады. Өз қарсыласына қарсы күресте Ахура-Мазда адамды жаратады. Демек, әлемде екі қүдай бар, оның біреуі - мейірімді қүдай Агура - Мазда да, екіншісі - мейірімсіз күдай Ан-гра-Майнью. Киелі «Авеста» кітабының өлеңдерінде және гимнінде зороастризм еңбекті, жақсы жұмысты, ойды, бейбітшілікті, достықты, адалдықты, сенімділікті мақтайды. Ал, ұрлықты, жаман сөздерді айытпайды

 

 

 

 

Ертедегі грек діндері. Діни мифологиялық көзқарас бойынша: алғашқы кезде Хаос (түпсіз түң-ғиық) өмір сүрді, одан жер күдайы Гея және жерасты қүдайы Тартар шықты. Гея аспан қүдайы, әрі баласы, әрі әйелі Уранды туды.

Екінші қатар күдайлары, Гея мен Уранның балалары - Титандар туды. Уран қауіптеніп, орнымды тартып алады деп, өз балаларынан қорқып, оларды жер астына Тартар күдайына беріп қамап қояды. Бірақ Титандар жер астынан күтылып шығып, әкесінің тағын тартып алады. Олардың ішінен Кронос, уақыт күдайы, өз балаларын жеңіп, барлық әлемге тыныштық орнатады.

Үшінші қатарлық қүдайлар басталады. Кроностың ең кіші баласы Зевс - найзағай және жауын қүдайы, өзінің әкесін жеңіп бас күдайға айналады. Оның әйелі Гера - аспан қүдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары Посейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын береді. Сүлулық пен сүйіспеншілік күдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған. Үшінші қабатты қүдайлар Олимп тауында орналасады.

 

 

Ертедегі Рим діндері. Ежелгі Рим діндерінде Грек дініндей айқындық миф жоқ. Олардың діні қарапайым, сөзге сараң болды. Керек болса ертедегі Рим діндерінде күдайлардың суреттері мен образдары болмады.

Рим қүдайлары үзақ уақыт антропоморфтық түрде, Юпитер болса, шақпақ тас түрде, Map күдайы найза түрде, Веста қүдайы от-жалын түрде бейленді. Римдіктер жай ғана Юпитерге сенсе

жеткілікті деп түсінді. Пуникалық соғыстан кейін Рим мен Греция елдері тығыз байланыс жүргізді. Рим Эллада мәдениетін қабылдап, оның дінін өздеріне таратты. Гректердің қүдайлық түсінігінен, Римдік қүдайлар шықты.

 

 

 


Информация о работе Политеистік культер мен мемлекеттік діндер