Орыс философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2014 в 18:44, реферат

Краткое описание

X-XIII ғ. ежелгі Ресейдегі философиялық және әлеуметтік ойдың пайда болу. Ежелгі орыс халқы мен ежелгі орыс феодалдық мемлекетінің қалыптасуы. Ежелгі славяндардың көп құдайқа сенушілігінен (политеизм) бір құдай сеніміне өтуі (монотеизм). Феодалдық қоқам ресми идеологиясы есебіндегі христиандық тұсінігі. Христиан ілімінің пұтқа табынушылық қөзқарастарқа қарсы күресінің сипаты. «Повести временных лет» (XI- XII в.в.), «Слово о законе и благодати Иллариона (XI в.), «Слово о полке Игоре» (XII в.), «Молении Даниила заточника» (XII- XIII в.в.), «Бытии Александра Невского» және басқа да ежелгі орыс шығармаларының философиялық, социологиялық, патриоттық, этикалық идеялары.Ежелгі орыс апокриптикалық жазбаларындағы Аристотель, Платон, Гиппократ идеяларының мазмұны. «Толковой Палей » (XI- XII в.в.), «Пчелы » (XII в.) кітаптарының философиялық идеялары. Филипп Пустынниктің «Зеркало» немесе «Диоптре» еңбегіндегі Өалам және төрт бастамалардың, тән мен жанның қатынасы туралы мәселелер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫ.docx

— 50.16 Кб (Скачать документ)

адал болуы тиіс. Тек сонда ғана ол адамдар алдында да, Алланың алдында да құрметке ие болады.

Ортағасырлық және онан кейінгі дәуірлердегі мұсылман авторларының шығармаларының барлығы дерлік Құранның бірінші сүресімен басталады. Ақтамберді жыраудың, Үмбетей жыраудың, Бұқар жырау мен Қабан жыраудың және т.б. адамгершілік-этикалық көзқарастарында исламның ықпалы айқын байқалады. Ақын- жыраулар өздерінің адамгершілікке қатысты ойларын құдайдың, пайғамбарлардың атынан айтты және бұл қазақ қоғамында олардың көзқарастарының ықпалын күшейтті. Бұл, әсіресе Бұқар-жыраудың моралистік-дидактикалық шығармаларынан айқын байқалады. Исламға тән қайырымдылық, аяугершілік, ізгілік сияқты қасиеттер жыраулардың кейінгі шығармаларында молынан ұшыраса бастады. Осылайша, ақын- жыраулардың шығармашылығы негізінен діни сипатта, оны рационалдандыру жолымен, моральдық-этикалық бағытта уағыздау мен насихаттау сипатында дамыды. Демек, қазақ ақын-жырауларының адамгершілік философиясы адамзаттың бүкіл тарихи дамуы барысында жинақталған адамгершілік идеялардан және философиялық-этикалық теориялардан арасы алшақ емес және қазақ халқы өмірінің тарихи жағдайларына сай келетіндей жоғарыдағы идеялардың заңды жалғасы мен қорытындысын білдіреді. Ақын- жыраулардың этикалық ойы қалыптасуының ең маңызды бастауларының бірі білім мен тәрбиенің, оның ішінде адамгершіліктің де қазынасы мен энциклопедиясына айналған мақал-мәтелдер түріндегі фольклор болып табылады.

Бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған, данышпандықтың сүзгісінен өткен, мәңгілік өмір сүруге құқылы, біздің заманымызға дейін жеткен қазақтың мақал-мәтелдері, ертегілері бүгін де өз маңызын жоғалтпай, өзінің жарқын бейнесімен халықтың адамгершілік-психологиялық дамуының тарихи жолын нұрға бөлеп тұр. Қанатты сөздер, мақалдар мен мәтелдер, аңыздар мен өлеңдерге, айтыс пен толғауларға еніп кеткен. Мақалдар халықтың қуанышы мен қайғысын, даналығы мен өмірлік тәжірибесін білдіретін ең кеңінен таралған формасы ғана емес, моральдық нормалардың өзіндік кодексі де болып табылады. Мақалдардан көрінетін моральдық кодекс балалық шақтан кәрілікке дейінгі тәрбиеде маңызды рөл атқарады. Қазақ мақалдарының тақырыбы барлығын қамтиды. Ол өмірдің барлық қырын құрамына енгізеді: күнделікті тұрмыстан тарихқа, өмірге дейін, халықтық этика нормаларының кең кодексін қамтиды.

Көшпелі өмір тәртібіне сай қазақ халқының өз еңбек әрекетіне деген көзқарас мақалдарда бейнеленеді. Бақыттың көзі ретіндегі еңбекке деген көзқарас көп мақалдарда кездеседі. Мысалы, “таяқпен құлын табасың, құлынмен тұлпар табасың, тұлпармен бақытыңды табасың’’.

Патриархалды - феодалдық өмір тәртібін бейнелейтін қазақ мақалдарын зерттеу олардың идеялық мазмұнының өзегі “жаман адам’’ мен “жақсы адам’’ түсініктерінен құралатынын көрсетеді. Қолдаушы формула “жақсы адам’’ мен кінәлаушы “жаман адам’’ отбасылық өмірдегі де, қоғамдық өмірдегі де моральдық нормалардың бүтін жиынтығын білдіретін қорытындылаушы түсініктер болды. “Жақсы’’ мен “жаман’’ халықтық мораль тұрғысында былайша бағаланады немесе сыналады: “Жақсы іске келеді, жаман асқа

келеді’’, “Жақсыдан қашпа, жаманға баспа’’.

Қазақ мақалдарында қайырымдылықтың зұлымдықпен күресі мәселесі үлкен орын алады. Халықтың қолдайтын барлық жүріс-тұрыс нормалары мен принциптері, жағымды бағаланатын адамгершілік әрекеттердің барлығы қайырымдылық болып табылады. Ал халықтың кінәлайтын, қолданатын әрекеттері мен қылықтарының барлығы, адамның қоғамдық және жеке өміріне зиян келтіретін нәрсенің бәрі зұлымдық болып табылады. Сонымен қатар қайырымдылық ақылмен және біліммен байланыстырылады, адамгершілік өмірде үлкен мәнге ие болып, зұлымдыққа қарсы күресте маңызды құрал ретінде бағаланады.

Қазақтың халық даналығы адам абыройын түсіретін моральдық принциптерді қатал айыптайды. Және керісінше, батырлық, патриотизм, төзімділік сияқты жағымды адамгершілік қасиеттер бағаланады. “Ер’’ түсінігі туралы мақалдар өте көп. Мысалы, “Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді’’. Мыңжылдық тәжірибеден туындаған “Таспен ұрғанды, аспен ұр’’ деген даналықты айту үшін қазақ халқы небір қиын-қыстау күндерді бастан өткізді. Көшпендінің кең пейілділігі мен қонақжайлылығы мына мақалдан көрініс табады: “Кездескен адамыңды сыйла, мүмкін оны соңғы рет кездестірген шығарсың’’.

Осылайша, қазақ мақал-мәтелдеріндегі адамгершілік-этикалық идеяларға үстірт шолу жасаудың өзі Қазақстандағы этикалық ойдың халық даналығының тереңдегі таусылмас қайнар бұлағынан нәр алатын бай адамгершілік материалға негізделгенін көрсетеді. Қазақтың ақын-жыраулары ойдың асыл інжу-маржандарын осы мақал- мәтелдерден алып отырды. Көпғасырлық халық даналығы адамгершілік-этикалық идеяларға толы. Тарихтың бүкіл өн бойындағы өзара қатынастарды реттеп отыратын адамгершіліктің қарапайым нормалары бүкіл халықтың жинақтаған тәжірибесінің нәтижесі мен қорытындысы болып табылады. Біз мазмұндалған материалдың өзектілігін рухани ақиқаттар тұрғысынан жеткізуге тырыстық, бірақ оның алғы шарты кез-келген философиялық проблематика сияқты философияның өз дамуының ішкі (имманентті) қажеттіліктерімен қатар, әлеуметтік дамудың сыртқы қажеттіліктерімен де сипатталады.

 


Информация о работе Орыс философиясы