Орыс философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2014 в 18:44, реферат

Краткое описание

X-XIII ғ. ежелгі Ресейдегі философиялық және әлеуметтік ойдың пайда болу. Ежелгі орыс халқы мен ежелгі орыс феодалдық мемлекетінің қалыптасуы. Ежелгі славяндардың көп құдайқа сенушілігінен (политеизм) бір құдай сеніміне өтуі (монотеизм). Феодалдық қоқам ресми идеологиясы есебіндегі христиандық тұсінігі. Христиан ілімінің пұтқа табынушылық қөзқарастарқа қарсы күресінің сипаты. «Повести временных лет» (XI- XII в.в.), «Слово о законе и благодати Иллариона (XI в.), «Слово о полке Игоре» (XII в.), «Молении Даниила заточника» (XII- XIII в.в.), «Бытии Александра Невского» және басқа да ежелгі орыс шығармаларының философиялық, социологиялық, патриоттық, этикалық идеялары.Ежелгі орыс апокриптикалық жазбаларындағы Аристотель, Платон, Гиппократ идеяларының мазмұны. «Толковой Палей » (XI- XII в.в.), «Пчелы » (XII в.) кітаптарының философиялық идеялары. Филипп Пустынниктің «Зеркало» немесе «Диоптре» еңбегіндегі Өалам және төрт бастамалардың, тән мен жанның қатынасы туралы мәселелер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫ.docx

— 50.16 Кб (Скачать документ)

Дәстүрлі мәдениетке қатысты Ресей мәдениетінің аккультуралық жаңашылдық рөлі

туралы ұзақ жылдар бойы мынадай схемалар - пайымдаулар үстемдік етті: Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқын жоңғарлардың қырғынынан аман сақтап қалды (бірақ XVIII ғасырдың ортасына қарай Абылайхан жоңғарларды толығымен жеңіп, Ресеймен және Қытаймен қалыпты қатынас орнатты); 2 қазақтар Ресей арқылы Европаның озық мәдениетімен танысты (бұл “таныстық’’ үндістердің американдықтармен таныстығына ұқсас);          3. Қазақстанда артта қалған феодализмнің орнына озықкапитализмнің элементтері енді (бұл “жетістік’’ те үндістердің тағдырына ұқсас).

Бірақ, күрделі тарихи шарттар мен орны толмас орасан зор шығындарға қарамастан қазақ мәдениеті уақыттың талабы мен Тағдырдың сынына абыроймен жауап бере білді. Қазақтардың этномәдениетін күлден қайтып пайда болатын мифтік құс Феникспен салыстыруға болады. Мәдениеттің дәстүрлі негіздерін қайта жаңғырту әрқашанда жағымды процесс болып табылады. Адам өзін ұғыну үшін өткенге бет бұрады, онан сабақ алып, келешек даму жолын таңдайды. Алайда жаңашылдықты түгел теріске шығарып, дәстүрді абсолюттендіретін біржақты ұстаным да бар (архаизм).

Архаизм ескілікті көксейді, дамудың өткен кезеңдерін қалыптастыруға тырысады. Зерттеушілер бұл типке фундаментализм, партикуляризм, ортодокстық сияқты белгілерді қосады. Әрине, этномәдениет өзінің беріктілігін сақтауға, мәдени архетиптерінен алшақтамауға тырысады. Екінші жағынан адамның жаңашылдығы, жемістілігі және шығармашылдығы да белгілі. Архаизмнің бірнеше мысалдарын келтірейік. А.Тойнбидің пікірінше, архаизм менталитетте, мінез-құлық типтерінде, өмірде, дінде және саясатта көрініс табады. Мысалы, Германияда архаизмнің көрінісі ретінде - тевтонизм мен таза арийлік идеясын жандандыру, Израильде өлі тіл - ивритті тірілту, Үндістанда санскритті тірілту сияқты талпыныстарды айтуға болады. Дәстүршілдік дүниетаным тірі жүйелерді ұйымдастырудың фундаментальды принциптеріне сәйкес келмейді. Дж.Холденнің эволюциялық ілімі бойынша тұйық жүйелер дегенерацияға ұшырайды. Росс Эшбидің кибернетикасы жабық және қатаң жүйелерде энтропия ұлғаяды және коллапс туады деп тұжырымдайды. Қазақстандағы азаматтық қоғ

амды ру-тайпалық басқару және хандық билікпен алмастыруға, исламды тәңірішілдікпен және шаманизммен алмастыруға және т.б. шақырған ұстанымдарды архаизм ретінде бағалауға болады.

Әрбір халықтың рухани мұрасында әлемдік мәдениеттің жалпы қазынасын байытатын құнды ойлар болатыны белгілі. Халықтың бай рухани мұрасын зерттеу тек осы мәселені зерттеушілер үшін ғана маңызды емес, сонымен қатар бүгінгі күнгі адамдардың өзара адамгершілік қатынастарын дұрыс пайымдау үшін де қажет, болашақта адамзаттың адамгершілік процесінің заңдарын дұрыс түсінуге көмек береді. Қазақ халқының қалыптастырған рухани құндылықтары арасында ақын-жыраулар шығармашылығы маңызды орын алады. Біз бұл жерде белгілі философ О.А.Сегізбаев ұсынған қазақтардың ақындық шығармашылығының дамуы барысындағы үш кезеңге бөлінген жіктелуін келтіреміз:

а)   шартты түрде жыраулар дәуірі деп аталатын кезең (XV-XVIII ғасырдың бірінші жартысы);

ә) ақындық шығармашылық кезең (XVIIІғ екінші жартысы - XIX ғасырдың бірінші жартысы);

б) ақындардың өзіндік сайысы - айтыстың пайда болуымен байланысты кезең (XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басы) (Казахская философия XV- нач ХХ века. Алматы 1996, 120-бет).

Асан қайғы (XV ғасыр), Қазтуған жырау (XV^, Доспанбет жырау (XVI ғ), Шалкиіз (1465-1560), Ақтамберді (1675-1768), Бұқар жырау (1668-1781), Шал ақын (1748-1819) және т.б. - өз дәуірінің, философиялық идеалдарын білдірген ойшылдардың бүтіндей бір шоғыры. Жыраулар мен ақындар өздерін толғандырған мәңгі философиялық мәселелерді өз шығармаларында бейнелей отырып, орасан зор рухани күш жігерді өз бойларында қорытты. Кез-келген дамудың идеалы сабақтастық идеясымен тұтас байланыста екендігі белгілі. Осыған байланысты біз ақын-жыраулардың дүниетанымының қалыптасуына ықпал еткен идеялық бастауларға тоқталғанды жөн көрдік. Өйткені, олардың өздерін де, шығармашылығын да халық даналығының қайнар бұлақтары суарып отырды. Олардың қатарына ерте түркі әдеби ескерткіштерін, дала тайпаларының әлеуметтік-саяси, адамгершілік, философиялық көзқарастарының белгілі дәрежеде квинтэссенциясын білдіретін мақал-мәтелдер түріндегі халық ауыз әдебиетін жатқызуға болады. Дүниетанымның қалыптасуына исламға дейінгі және ислам діндері де үлкен ықпалын тигізді. Адам жанын ашылған кітаптай оқитын, туған даласымен физикалық тұрғыда да, рухани тұрғыда да байланысты болған бізге белгілі және белгісіз данышпандардың шығармашылығындағы уақыт жібінің сабақтастығы дәл осындай өлшем арқылы айқындалады.

Ақын-жырау көзқарастарының қалыптасуының маңызды қайнар бұлақтарының бірі ерте түркі жазбасы болып табылады. Бастапқы ескерткіштердің тас плиталар мен балбал тастарда, жартастар мен тұрмыс жабдықтарында сақталғаны белгілі. Бізге дейін жеткен санаулы ерте түркі жазбасының мәтіндерінде түркілердің ата-бабаларының жоғарғы адамгершілік қасиеттер туралы этикалық мәселелер молынан кездеседі. Халықпен, Отанмен, оның абыройын қорғаумен, еркіндігі мен тәуелсіздігін сақтаумен байланысты мәселелер жазба әдебиет ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірінен саналатын Орхон- Енисей жазбаларында өзінің өте өткір қойылуымен ерекшеленеді.

Бұл жазбаларға талдау жасау ертедегі түркілердің әлемге деген көзқарасын, олардың идеалды өткен шағымның толық картинасын түйінге және оны жоғары адамзаттық қасиеттермен байланыстыруға мүмкіндік береді. Жазбаның авторы түркі қағанатының құлауына экелген олардың өміріндегі өзгерістердің себебін ата-бабалардың қалдырған өсиетінен ауытқұдан көреді. Қағанаттың күші мен құдыреті қағанға адалдықпен, аристократияның бірлігімен сипатталады. Автор идеалды батыр-қағанға қажет міндетті этикет қалыбын ұсынады:

1)  түркі халқының заңы мен мемлекетін құру және қолдау;

2)  дүниенің төрт бұрышындағы халықтарды басу және қолдау;

3)дана және батыл қаған болу. Орхон жазбаларында қағанды “көктен жаратылған’’ деп атайды.

Түркілердің шынайы тарихын ерте түркілердің сына жазуымен салыстырғанда, оның ақиқаттылығы мәтіндердегі сипаттаудан анағұрлым бай және алуан түрлі болғандығы аңғарылады. Бұл жазбаларда өз дәуірі үшін қажет идеалдарды, моральдық кодекстерді, яғни өзара қырқысқа жол бермей, ата-баба жолымен мемлекеттің құдіреті мен тұтастығы идеяларын ғана автордың жариялауға мүмкіндігі болды. Халық өз батырларын даңққа бөледі, соғыста да, бейбіт уақытта да батырлық адамның жағымды адамгершілік қасиеті ретінде жоғары бағаланды. Батыр болу ерте түркі қоғамында ең жоғарғы өлшемдерді қанағаттандыруды білдірді.

Ертетүркі қоғамында қалыптасқан адамгершілік көзқарастар біздің ата- бабаларымыздың белгілі бір мораль мәселелері бойынша ақын-жыраулардың этикалық көзқарастарынан байқалатын ойлау деңгейін салыстыруға, адамгершілік дамуындағы сабақтастықты анықтауға мүмкіндік береді. Ақындардың рухани ойының қалыптасуының келесі бір маңызды идеялық бастауы шаманизмнің (бақсылықтың) діни- этикалық концепциясы болып табылады.

Шаманизм діннің атауы ретінде ғылыми қолданыста да, тұрмыстық қолданыста да әртүрлі мағынаға ие. Белгілі бір пайғамбарлар немесе оның ізбасарлары арқылы негізгі қаланған діндердің көпшілігімен салыстырғанда шаманизм ертеде пайда болғанына қарамастан, халық дүниетанымының негізінде табиғи, тарихи жолмен қалыптасқан дін болып саналады. Онда адамның қоршаған табиғатқа, оның тылсым күштеріне деген қатынасымен байланысты ерте діни және мифологиялық көзқарастар да ерекше орын алады.

Шаманизм адамзат қоғамы дамуының ерте кезеңдерінде материалдық өмір мен ұжымдық сананың жалпы заңдылықтары шеңберінде табиғи жолмен пайда болып, қалыптасты. Шаманизм ұрпақтан ұрпаққа ауызша және визуалды дәстүр арқылы жеткізіліп сақталды және бұл бүгінгі ұрпаққа осы дін туралы белгілі бір түсініктің болуына мүмкіндік береді. Қазақтар мұсылман болғанымен дәстүрлі шамандық наным-сенімдерін, ерте түркілерден тарайтын Тәңіріге, Ұмайға, Жер-Суға табынушылықтарын сақтап қалды. Қазақ шамандары (бақсылары) өздерінің құрбандық шалуын мұсылман пайғамбарлары мен әулиелеріне жалбарынудан, мұсылман сүрелерін оқудан бастады және аяқтады. Ш.Уалихановтың айтуынша “Ғаламның барлық ғажайыптарын тану қажеттілігі, өмір мен өлім мәселесі және адамның табиғатқа қатынасы шамандықты, яғни Ғаламды немесе табиғатты және өлген адамдардың рухын қастерлеуді тудырды.

Шаманизмнің культтық (табынушылық), ғұрыптық (ритуалдық) ерекшелігіне кеңінен тоқталмай, біз оның маңызды қырына - моральдық-этикалық, адамгершілік-тәрбиелік қырына көңіл қоямыз.

Қоршаған табиғат - оған бағышытлыққа орай діни сезім тудыратын бастапқы нәрсе. Табиғатты бейнелеу барлық тайпалар мен халықтарда заңды және универсалды құбылыс болды. Ол адамдардың бастапқы дүниетанымын бейнелейтін мифологияның, фольклордың, діни түсініктердің өзгешелігін тудыратын қоғамдық сана дамуының кезеңі ретінде қарастырылады. Бақсылар бүкіл өзінің табынушы құралдарымен адамның құдайлар мен рухтарға толық бағыныштылығы идеясын орнықтырды. Жекелеген адамның тағдыры, оның өмірі, денсаулығы, материалдық игілігі рухтар мен құдайларды тұтуға бағынышты болды.

Ендігі жерде, отбасылық тұрмыс жағдайында адамның рухтар мен құдайларға қатысты жүріс-тұрыс ережелерінің кейбір түрлерін қарастырған орынды. Бұл әсіресе, отбасы ошағын білдіретін от-ана құдіретін тұтуға байланысты тыйымдарды қамтиды. Жалпы отқа табыну түркі халықтарына ғана емес, Азияның моңғол немесе иран халықтарына және өзге халықтарға да тән универсалды құбылыс. Қазақтардағы отқа табыну жоғарыда аталған от-ананы тұтумен байланысты. Кейде “от-ана’’ өзін құрметтемегені, тұтпағаны үшін жазалаушы әрекетімен де көрінеді. Отты бүлдіруге, яғни оған қиқым лақтыруға, өткір темір заттар тастауға, оны аттап өтуге, күлді басуға және т.б. тыйым салынады. Отты күн сайын шаңырық иелерінің қоректенетін тағамынан ауыз тигізіп отыру да міндетті саналады. Тіпті үйдің ошағынан шыққан күлді де адам мен мал баспайтын жерге төгеді. Бұл тәртіптер мен қалыптар бұзылса, от құдайы бұл үйдің иелерін зұлым рухтан қорғамайды, әртүрлі аурулармен жазалайды, кейді тіпті белгілі бір заттарды, үйді өртеп те жіберетін. Өрт от құдайының ашуын, қаһарын білдірді, сондықтан онан кейін құрбандық шалынып, құдайға жалбарынып құлшылық етеді.

Осылайша, ошақ бақыт пен бақтың көрсеткіші, зұлымдықтың қарсыласы ретінде барлық түркі халықтарында қастерленді. Қазақтың киіз үйінде ошақпен қатар, табалдырық та қасиетті деп саналады. Оған отыруға немесе керуге болмайтын еді, өйткені онда үйді қорғайтын есіктің иесі орналасады. Ол да бұл ғұрыптан тайғандарды зұлым рухтарды немесе ауруларды жіберу арқылы жазалай алады.

Азиялық көшпенділердің культтық өмірінде Аспан құдайының (көктің) рөлі мен маңызы ерекше болғандықтан Ж.П.Ру бұл діни нанымдарды Тәңірішілдік деп атады. Малшы көшпендінің табиғатқа толық бағыныштылығы құдіретті, тылсым күштерді қастерлеуге, әулиелендіруге әкелді. Қазақ-көшпенді барлық қайғы-қасіретті, пәле-жаланы, ауру-сырқауды көктің жазалаушы күшімен байланыстырды және барлық үмітін де көк тәңірімен байланыстырды.

Қазақтар Айға, Күнге, отқа, суға, аспанға, Жерге табынды, оларды қасиетті деп есептеді және соның нәтижесінде анттар пайда болды. Ант абырой және адалдықпен қатар тұтынылды. Антты бұзудан өлім артық болды (ең жаман қарғыс - “ант ұрсын’’). Қарғыс адамның басына бақытсыздық әкеледі деген сенім пайда болды. Халық бүгінгі күніне де өзінің жек көрушілігін қарғыспен, сүйіспеншілігі мен игі тілегін батамен білдіреді. Адамды тәрбиелеуде оны қайырымды істерге ұмтылдырып, жаман қылықтардан бойды аулақ ұстауда батаның ролі өте үлкен.

Адамдар қазіргі күні де қайғы-қасіреттен құтылу осы өмірдегі қайырымды қылықтар мен игілікті істердің арқасында деп пайымдайды. Сондықтан да бата орындалды деп түсінеді. Мазмұндалған бұл материалдан жер бетінде игілікті өмір сүрудің жалғыз жолы рухтар мен құдайлар алдындағы бағыныштылықты уағыздайтын дін ретіндегі шаманизмнің идеологиялық мәні айқын көрінеді. Оның тағы бір еркшелігі адамдардың бұл өмірдегі әртүрлі қылықтары мен қылмыстары, сондай-ақ жақсылықтары оның өлгеннен кейінгі тағдырына эсер етпейді.

Шаманизм қарапайым малшылардың діни санасында терең және берік орын алған. Шаманизмге тән мәнді белгі ретінде оның діни мәнділігі жазбаша түрде сипатталмағанына және насихат түрінде уағыздалмағанына қарамастан тарихи тұрғыдағы тұрақтылығын да айтуға болады. Ол отбасылық және ру-тайпалық деңгейде ұрпақ арасындағы үздіксіз байланыс жолымен жалғасты. Оның маңызды себептерінің бірі көшпенділер өмірінің ерекше экономикалық шарттарымен сипатталады. Шаманизмнің моральдық-этикалық түсініктері ақын-жыраулардың адамгершілік көзқарастарының қалыптасуы мен дамуына тікелей ықпал етті, бұл олардың шығармашылығынан айқын аңғарылады.

Ақын-жыраулардың этикалық көзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен маңызды идеялық бастаулардың бірі исламның діни-этикалық концепциясы болды. Қазақ қоғамында патриархалды-феодалдық дәстүрдің үстемдігі жағдайында мұсылмандық фанатизмнің рөлі төмен болды. Арабтар Орта Азияны жаулап алғанға дейін қазақтар Тәңіріге (аспанға) табынды. Тарихшылардың бірауызды пікірінше, Орта Азияның отырықшы халықтары 713-714 жылдары арабтарға толығымен бағынды.

Ислам дүниетаным ғана емес, адамгершілік туралы ілім де болып табылады. Ислам Қазақстанның, Орта Азияның көптеген халықтарының, шетелдік Шығыстың бүтіндей бірқатар елдерінің адамгершілік дамуына ықпал етті және ықпал етіп келеді. Жалпы исламның этикалық ойы исламның өмір сүру тәртібін анықтайтын идея ретінде осы діннің пайда болғанынан бері өмір сүріп келеді. Бірақ теологиялық - этикалық жүйе түріндегі бұл ойдың қалыптасуына мұсылманшылықтың негізгі деректері - Құран мен Суннада көрініс табатын мұсылмандардың моральдық қалыптарының жинағы эсер етті. Исламдық этикалық ой сүрелер мен хадистерге идеялық бағдар ретінде сүйене отырып мұсылман қоғамының тәрбие принциптеріндегі қажеттіліктерін өтей алды.

Құран бір жағынан ру-тайпалық қауымның дәстүрлерін бейнелейтін, екінші жағынан, алғашқы қауымдық құрылыстың қоғамдық институттарына қарсы бағытталған пайымдарды бейнелейтін этикалық - құқықтық нормалардан құралады.

Құранның моральдық қағидалары күнделікті өмірдің барлық қырын қамтиды: отбасы қатынастары, туыстар арасындағы міндеттер, айналысатын пайдалы нәрселердің жиыны, өзге дін (христиан, иудей) өкілдерімен қатынас, саудамен және қолөнермен айналысу, тыйымдар, парызды өтеу және т.б. Шариатта “бес уақыт намаз адамды күнәдан айырады’’ деп айтылғандықтан намаз оқуға, ораза ұстауға кұрметпен қарайды. Ең ауыр күнә - Құрандағы талаптардан ауытқу. Алланың ізгілігі мен қайырымдылығына қарамастан бұл күнә кешірілмейді. Ең жоғарғы қасиет - Алланың еркіне бағыну, шынайы сенім үшін өзіңді құрбандыққа шалу. Мұсылмандарға ізгілікпен қарау және дінсіздерді қудалау - Құранның негізгі ерекшеліктерінің бірі. Ислам қағидасы бойынша тек құдайға қызмет жасап, құлшылық ету жолымен ғана бақытқа жетуге болады. Осыған орай, мұсылмандар дұрыс жолды таңдай алады. Бұл тезис мұсылмандық ойдың өзегін құрайды және ол ислам ізбасарларының рухани өмірінде маңызды рөл атқарды. Мұсылман дінінің моральдық- этикалық жүйесінің бүкіл іргетасы осы бағыныштылық талаптарымен құрылғаны белгілі. Мұсылман нағыз адам болу үшін, ол моральды тұрғыда таза, өз әрекеті мен сөздерінде

Информация о работе Орыс философиясы