Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 19:06, доклад
1. Орта ғасырлық христиан философиясының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
2. Августин Аврелий және Томас Аквинаттың діни философиясы.
3. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жағдайлары, негізгі бағыттары.
4. Әл Кинди және әл Ғазали философиясы.
5. «Таза ағайындардың » әлеуметтік көзқарастары.
Әл Кинди философияны христиан ойшылдары секілді теологияға кегендемейді, керісінше, жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байла-ныстырады, философияны энциклопедиялық ғылыми білімді қорытын-дылаушы және оның негізі деп қарастырады. Оның пікірінше философияны игеру үшін математиканы жақсы білу керек. Математиканы ол төрт саладан тұрады деп қарастырады:
1) сан туралы ғылым – арифметика және гармония;
2) қатаң дәлеледерге негізделген,
алаңдардың өлшемі туралы
3) жұлдыздар туралы ғылымдар – астрономия және астрология;
4) гармония – осы үш
саланы біріктіретін ғылым. Гармония
барлық нәрселерге тән, ол дыбыстарда,
әлемде және адамдардың
Әл Кинди осы төрт ғылымның негізгісі –ең біріншісі – сандар туралы ғылым деп есептейді: «Сандар болмаса, есептеуге жататын нәрсе де бол-майды». Әл Кинди білімді екі түрге бөледі: сезімдік және ақыл-ой, зерделік. Біріншісі адамға да, жануарға да тән. Екіншісі – адамта ғана, ол математикалық білім, ол нанымға емес, дәлелдерге негізделген. Әл Кинди философияны осылайша рационалистік тұрғыдан түсіндіреді, бірақ оның шыңы – құдайылыққа жету дейді: «Ешқандай философ Мұхаммед уағыздары секілді қысқа, анық, қарапайым, толық жауаптар бере алмайды. Құдайы білімге логика да, математика да қажет емес. Нағыз философия – ақиқатты тану».
Әл Киндидің онтологиялыц пайымдаулары да құнды: ол болмысты бес нәрсе сипаттайды дейді: материя, форма, қозғалыс, кеністік және уақыт. Дүниені алла «ештеңеден» жаратты дей отырып, әл Кинди материяны негізгі, анықтаушы мән ретінде түсіндіреді: «Қандай нәрсе болмасын бәрі материядан құралған. Ол ешқашан жойылып кетпейді, өзінде барлық нәрсені ұстап тұрады». Әл Кинди форма дегеніміз мүмкіндік деп түсінеді, материяда ішкі мүмкіндік бар, материядан әр түрлі заттар пайда болады, осы заттар тудыратын мүмкіндік – форма. Мысалы, жылылық пен құрғақтықта – материя болса, екеуі біріккенде материя отқа – формаға айналады. Қозғалысты әл Кинди алты түрге бөледі: пайда болу, жойылу, өзгеру, ұлғаю, бір орыннан екінші орынға ауысу. Ал орын – дененің нақтылы алатын кеңістігі. Уақыт – қозғалысты есептеуші сан, өткен мен болашақты байланыстырып тұрған ойдағы «қазір».
Әл Кинди философиясының
маңызды бір бөлігі – оның
өмір құбылыс-тарына деген
…жағымды және жағымсыз
заттар табиғатынан солай емес,
әрекеттер мен күйлерді жиі
қайталап әдеттенгендіктен
1) Қайғы бір нәрсенің,
не өзіміздің, не бөтеннің іс-әрекетінің
салдары. Ол бізге байланысты
болса, онда өзімізге қайғы әкелетін
нәрсені жасамауға тырысуымыз
керек. Басқа адамға байланысты
болса, оларға кедергі жасау-ымыз
керек. Ештеңе жасай алмайтын
болсақ та, күні бұрын қайғыланудың
керегі жоқ: біздің араласуымызсыз-ақ
та кедергі жасалынуы әбден
мүмкін ғой. Ал бізге қайғы
әкелетін әрекет іс жүзінде
жасалған жағдайда қайғы-мызды
азайтатын қадамдар жөнінде
2) Бізде болған және
басқалардың басына түскен
3) Қайғылы болмаған адам жоқ, бірақ адамдардың бөрі де қуанып, көңілденеді. Себебі, қайғы адамның күйі ғана, ол туа біткен, тұрақты нәрсе емес.
4) Қайғы-мұңсыз өмір сүргісі келген адам – өмір сүргісі келмеген адам. Себебі, қайғы-мұң өмірдің ажырамас жағы.
5) Басқа адам біздегі нәрседен молырақ нәрсеге ие болса, көре алмаушылық, іштарлық көрсетіп, өз өмірімізді өзіміз уламауымыз керек. Біздің жанымыздың рухани байлығы біздің, тек қана біздің меншігіміз.
6) Біздің үлесімізді Жаратушымыз
кез-келген уақытта алып, басқаға
беруі мүмкін, оған ренжіп керегі
жоқ. Жалпы және үнемі қайта-қайта
бөлініп отыратын байлықтан
7) Нағыз қайғыланатын болсақ, бұл қайғы абсолютті – толық және мәңгілік болуы керек. Бірақ біз қайғыланып керегі жоқ деп шешіп едік
ой Адам өзіне қажет
емес, өмір сүруін ауырлатып, кедерп
келтіретін көптеген
Біз заттардың ақиқат мәнін айыруымыз қажет, нағыз жаман нәрсені гана жек керу керек. Мысалы, өлім. Одан жаман нәрсе жоқ, бірақ ол адам өмірінін ажырмас жағы және адам өлгеннен соң бақытсыздық пен азап жоқ интеллигибелді дүниеге кешеді.
9) Бірдеңені жоғалтқанда
адам өзінде қалған
10) Бір қайғы бізді
күтіп тұрған қайғы-
Әл Ғазали (1059-1111) – мұсылман дүниесінде беделі мықты, Мұхам-мед пайғамбардан кейінгі екінші мұсылман деген атаққа ие болған ойшыл. Мұсылмандық Шығыс жұртының әлеуметтік-тарихи дамуы Ибн Сина кезеңінен соң құлдырай бастады, бірақ мұсылмандық оқу орындары көбейді. Солардың бірінде, селжүк сұлтаны Мелик шахтың уәзірі Низам әл Мүлік Бағдатта ашқан теологиялық академияда әл Ғазали ұстаздық және басшылық етті. Ол үнемі ізденіс-күдік процесін басынан кешті, ақиқатқа Августин Аврелий секілді қиын жолмен жетті, фикх – мұсылмандық құқықтан дәріс бергенімен, өмірінің соңында таза сопылық жолына түсті. Әл Фараби мен ибн Синаны кеп зерттеген әл Ғазали өзінің пікірлерін «Философтарды терістеу» еңбегінде баяндады.
Әл Ғазалиді ғылым
мен философияны мүлдем
1) дахриттер – Эмпедокл, Анаксагор, Демокрит және тағы басқа ежелгі философтар. Олар жаратушыны мойындамайды, дүниені мәңгілік деп есептейді;
2) жаратылыстанушылар – бәрін табиғи себептер арқылы түсіндіреді, о дүниені жоққа шығарады;
3) метафизиктер – Сократ, Платон, әл Фараби, ибн Сина – «философ-мұсылмандар».
Әл Ғазалидің пікірінше,
олардың үш қателігі бар: 1) дүниені
мәңгілік деп есептейді; 2) олар
алла тек универсалды нәрсені
ғана біледі жеке нәрсені
Әл Ғазали себептіліктің объективті сипатын мойындамайды, заттардың арасын байланыстыратын алла деп есептейді. Адам Алла алдында дәрменсіз деген әл Ғазали таза өмір сүремін деген адам сопылық жолы түсуі қажет деп қорытындылайды және өзінің сопылыққа жету тәжір бесін баяндайды:
«…Маған кімде-кім тақуалық өмір сүрсе және дүние қызығынан бойын аулақ ұстаса, сол ғана о дүниеде масайраудан үмітті екені, …күйбең тіршілік мекенін тастап, мәңгілік мекеніне бет бұрып және өзіңнің бар ынтанды ұлы мәртебелі аллаға аударып, жалған дүниемен қосақтаған жіп үзу қажет екендігі, оны жасауға құрмет пен байлықтан бас тартқанда жалған күйбең және онымен байланыстан бойын аулақ алғандар ғана жете алатыны аян болды. Сонда мен өз жанарымды өз жағдайыма аудардым. Байқасам, менің өзім жан-жағымнан шырмап алған жалған байланысқа белшемнен батып түрмын. Өзімнің қызметіме және ондағы ең жақсы, ізгі дегенге: лекция оқу мен дәріс беруіме көзімді тігіп едім, мені өзін о дүниеге сапар шегуге даярлаған адам үшін не маңызы, не пайдасы жоқ ғылымдардың еліктіріп келгенін көрдім. Өзімнің ұстаздық қызметі жетсем деген мақсаттарым туралы одан әрі ойлана келіп, мен осы м саттарға қатысты ойларымның тұтасымен жалғыз аллаға арналмаған құрмет пен даңққа жету болғанын білдім. Мен өзімнің жар жағасы тұрғаныма және жағдайымды түзетуге шұғыл кіріспесем, сөзсіз даму баратыныма көзім жетті. … Ұзақ ойландым. …Он жыл.
…мәртебелі жасаған
алла жолымен жүрушілер дәл
осы сопылар еке олардың
…Сопылардың барлық
харекеттері, барлық қүпия және
жария ойла – пайғамбар
Осылайша пайымдаған
әл Ғазалидің ойынша, алланы білмеу
– у, жүреке зиян ауру. Алланы
білу – уға қарсы ем, жүрекке
дәрі. Адам пайғамбалардың
Таза ағайындар (Ихван ас-сафа) туралы нақты мәліметтер жоқ. Ол құпия ұйымдардың немесе шиит секталарының (исмаилит, кармат, фатмид бірі деген болжамдар бар. Негізгі еңбектері – «Таза ағайындар трактаттарының» авторлары да белгісіз.
ІХ-ғасырдан бастап философия діни-саяси қозғалыстардың идеоло-гиясына әсерін тигізе бастады, сондықтан бұл трактатты кейбір ғалымдар айтқандай, дінді философиядан қорғау үшін жазылған деуге болмайды, керісінше, дін өкілдері бұл еңбекте философиялық тұжырымдарға ұмтылды. Олар: «Біздің ағайындар ешқандай ғылымға қарсы емес, ғылымның барлық бағыттарын түгел қамтиды, біреуін бөле-жара қарастырмайды» дейді. Ресей ғалымы, ортағасырлық мұсылман философиясын кеңестік дәуірдің өзінде-ақ жан-жақты зерттеп, батыл пікірлер айтқан В.Игнатенко бұл пікірден олардың жеке секта емес екені көрінеді деп тұжырымдайды, оған біз де қосыламыз. Фалсафа тарихын қазақ жүртына алғаш таныстырған академик Ғарифолла Есім «Таза ағайындар» бірлестігі Бағдат халифатында Х-ғасырдың екінші жартысында Басра қаласында діни-философиялық бірлестік ретіңде әл Киндидің ізімен қалыптасты және 51 томдық энциклопедиялық жүйе дайындады, негізгі мақсаттары – исламға еніп кеткен қоқыстарды философия арқылы тазарту деген дұрыс пікір айтады. Не десек те, «Таза ағайындар» діни және философиялық білімдері өте мықты, жан-жақты дамыған ойшылдардың бірлестігі болғаны айқын. «Таза ағайындардың» мақсаты – әр түрлі идеялық ағымдар негізінде болмыстың синкретикалық концепциясын жасау. Олардың еңбектерінде Платонның, Аристотельдің, Пифагордың идеялары көп кездеседі.
«Таза ағайындардың» Рухани Қала (әл Мадина ар Руханийя) туралы іліміне тоқталайық. Бұл еңбекте Платон, Аристотельдің «идеалды, мінсіз мемлекет» туралы ілімдерін дамытуға талпынысты көреміз, бұл мәселе әл Фарабидің еңбектерінде де кеңінен талқыланған.
Таза ағайындардың пікірінше, қоғамда адамдардың бірлігі қажет. Жалғыз адам бақытсыз өмір кешуге жаралған. Бақытты өмір үшін көп нәрсе керек, ал оның бәрін бір адам игере алмайды, себебі өмір қысқа. Сондықтан да әрбір қала мен ауылда адамдар бір-біріне көмектесу үшін бірігеді: біреулер құрылыспен, біреулер – саудамен, енді біреулер – ғылыммен айналысады. Тек осы жол арқылы ғана олар нашар өмірден құтыла алады. Адамдар бірігу үшін ағайындардың, ақылшылар мен достардың көмегі қажет, олар діннің мәніне бойлаған, заттардың ақиқатын біледі, сондық-тан басқа өмірге жетудің жолын көрсетеді. Рухани Қалада әрбір адам өздерінің денелері бөлек болғанымен. жандарының бір екенін біледі. Рухани Қала күрделі, онда рухани бірлік пен жер бетіндегі адамдардың нақты бірлігі бар. Рухани Қала көкте, ол жерде бола алмайды, себебі қалалардың тұрғындарының адамгершілігі бұзылады; суда бола алмайды, себебі құйындар мен толқындар оны басып қалмауы тиіс; ауада емес, себебі оған бұзылған қалалардың ауасы көтерілмеуі керек. Рухани Қала жақсылық, адалдық, рухани тазалықтың негізінде салынылуы тиіс. Рухани қалада тұратын адамдардың құрылымы:
1) қолөнершілер – ақыл мен сезім күші бар адамдар, бұл сатыға адам 15 жасында жетеді;
2) саясаткерлер – ағайындары туралы қам жеп, мейірім мен аяушлық көрсетушілер (30 жастан кейін жетуге болады);
3) билікке ие билеушілер. Олардың міндеттері – тиым салу арқылы, жұмсақтық көрсете отырып тұрғындар арасындағы араздықтың алдын алу (40-тан асқанда);
4) періште күшіне ие
болу – бұл саты жанның
«Таза агайындар » Рухани Қаланы космостың ажырамас бөлігі, жо- гарыдан төмен қарай өсетін рухани ағаш және адамдар бірлігіне бастаушы керек дейді. Олардың пікірінше, басқарудың екі түрі бар: «дене және «рухани » басқару. Біріншісі – тирандар мен билеушілер, олар адам дарды құлдарға айналдырады. Екіншісі адамдарды құдайы заңдар арқылы басқарады, о дүиедегі өмірде бақытты етеді.
«Таза ағайындардың» пайымдауынша, Рухани Қаланың басшысы рухани басшы. Оның 12 қасиеті болуы тиіс: дене мүшелері жақсы жетіл ген; айтылған нәрсені тез қабылдауға қабілетті; есте сақтау қабілеті күиг» ақылды; ойын жеткізе білуші; ғылымды сүюші; одан күшін аямайтын; өз қарамағындағыларға адал және мейірімді; жаны жомарт және ізгілікті байлыққа қызықпайтын; әділдікті сүюші және әділетсіздікті жек көрушы; қойған мақсатына жетуден талмайтын;
Рухани Қала басшысының бойында болуға тиіс бұл қасиеттер әл Фа- рабидің «Қайырымды қаласының» басшысының қасиеттерімен бірдей, айырмашылығы – «Таза ағайындар» ілімінің діни мазмұны күштірек. Мысалы, олар заңды тағайындаушы Жаратқанның бар екендігіне сенімді болуы керек.