Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 19:06, доклад
1. Орта ғасырлық христиан философиясының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
2. Августин Аврелий және Томас Аквинаттың діни философиясы.
3. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жағдайлары, негізгі бағыттары.
4. Әл Кинди және әл Ғазали философиясы.
5. «Таза ағайындардың » әлеуметтік көзқарастары.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Магистратура және PhD докторантура институты
МӨЖ
Тақырыбы: Орта ғасыр философиясы
Дайындаған: 6М010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығының
1-курс магистранты Қарабекова А.Ү.
Алматы,2014
Орта ғасыр философиясы
1. Орта ғасырлық христиан философиясының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.
2. Августин Аврелий және Томас Аквинаттың діни философиясы.
3. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жағдайлары, негізгі бағыттары.
4. Әл Кинди және әл Ғазали философиясы.
5. «Таза ағайындардың » әлеуметтік көзқарастары.
Теологияның негізгі қағидалары:1) әлеуметтік статусының қандай екеніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі; 2) адам-заттың түбі бір; 3) адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философиясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді.
Августин Аврелий (Блаженный) – 354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат – болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол – Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: «Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды». Ең басты мәселе – космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз – өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз – Құдайды еске алу, біздің танымымыз – Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,) Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады, Бірақ Августин Платонның теориясын екі жерден өзгертеді:
1) Идея Құдайдың ойлары;
2) Құдай таза Болмыс ретінде басқа заттардың болмысына қатысты, оларды жасайды. Ақиқат ретінде ол бәріне өзінің сәулесін түсіреді, махаббат ретінде өзіне тартады және адамның жанына тыныштық орнатады.
Августин Идеяны тану жанның ең жоғарғы бөліктеріне ғана, яғни, ақыл-парасатқа ғана тән деп пайымдайды. Себебі, Ақиқатқа жету үшін жан тап-таза, ашық, айқын болуы тиіс.
Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді:
1) Гректердің өзі дүниені жаратушының бар екені туралы идеяны айтқан. Дүниенің сантүрлілігі мен өзгермелілігі, оның объектілерінің әдемілігі оны ұлы да әсем, көзге көрінбейтін және білінбейтін Құдай жаратқанын дәлелдейді.
2) Екінші дәлел -сопsепsus gепtіиm (адамзаттың ауызбіршілігі). Та-
биғаты түгелімен бұзылған
адамдардан басқа адамзат
3) Ең жоғарғы бақыт бұл өмірде емес, о дүниеде. Оған Құдайды сүйе алған адам ғана жетеді.
Құдай Дүниені Жаратушы. Неден жаратты? «Ештеңеден», онымен бірге Құдай уақытты да жаратты. Адамды Құдай сезімдік дүниенің соңғы «рациональді жануары» ретінде жаратқан, оның жаны өлмейді, мәңгілік, ол өлетін болса, Ақиқат та өледі.
Зұлымдық мәселесі. Құдайдан шығатын нәрсенің бәрі ізгілік, жақсылық болса, зұлымдық қайдан шығады? Августин зұлымдықты үш түрге бөледі:
1) метафизикалық-онтологиялық
– зұлымдық болып көрінетін
нәрсенің өзі жалпы
2) моральдік зұлымдық – күнә. Күнә залым жігерге тәуелді. Құдайға берілгендікті өзгерту де моральдық зұлымдық.
3) физикалық зұлымдық – ауру, қайғы, күйзеліс және өлім – моральдық зұлымдықтың салдарлары.
Зұлымдық – өзіне деген махаббатта, ізгілік – Құдайға махаббат. Әуелі өзіне деген махаббат, Құдайды жек көру сезімдері Жер қаласын, Құдайды ақыл-есінен айрылғанша сүю – Кек, Аспан қаласын туындатады. Екі қаланың да аспанда періштелері бар. Бірінші патшалықтың адамы жер бетінде дүниені билеуші ретінде, ал көк қаласының тұрғыны кезбе ретінде көрінеді. Бірақ біріншісі қарғысқа ұшырайды, ал екіншісі – мәңгілік құтқаруға ие болады.
Нағыз адам, Августиннің ойынша, сүйе білген және сүюге лайық адам. Бұл махаббат Құдайға, өзін қоршаған алыс және жақын адамдарға, Құдайдың бейнесі – заттарға бағытталған болуы керек. Адамның, тұлғаның өлшемі – сүйе білу деңгейі. Философиялық ойлау осы принципке, Құдайға Сенімге негізделген болуы тиіс. Августиннің кейбір ойлары:
«Табиғи деп аталып жүрген теология туралы әңгімені кез-келген адам-мен емес, аттары латын тілінен аударғанда даналыққа махаббатты білдіретін философтармен жүргізу керек; даналық дегеніміз бәрін Жаратушы болса, онда нағыз философ Құдайды сүйеді». «…философтар даналыққа талпынысқа немесе даналықтың өзіне үйретеді». «…Дүниені жаратқан Құдайға жүгініп емес, дүниенің желісіне жүгініп пайымдайтын философтардан сақ болу қажет».
Томас (Фома) Аквинат (1225-1274) – Сенім мен Ақылдың гармониясын негіздейтін ілім қалыптастырды. Оның негізгі тұжырымдары:
1) Сенім мен Ақылдың
көмегімен жүзеге асырылатын
таным процесінің тәсіл-
2) Екі тәсіл де бірін-бірі
жоққа шығармайды, толықтырып отырады.
Адам Құдайға тәуелді
3) Екі тәсілді де Құдай жаратқан, сондықтан өмір сүру құқықтары бірдей. Бірақ екі тәсілдің ерекшеліктері де бар:
1) Сенім Құдай-жаратушы туралы ақиқатты сезім, жігер, тілекке сүйене отырып қабылдайды.
2) Ақыл ақиқат туралы үнемі күмәнданады, тіпті Құдай Болмысы туралы ақиқаттың да дәлелін іздейді.
Сондықтан, Аквинаттың
ойынша, Сенім Ақылдан жоғары. Ол
Қүдай-дың жаратылыстан тыс
Аквинат Құдайдың бар екендігінің бес дәлелін келтіреді:
1) Дүние дегеніміз қозғалыс.
Әрбір зат қозғалысының
2) Екінші дәлел «туындатушы себеп» ұғымынан шығады. Дүние себеп пен салдардан тұрады. Әр заттың себебі бар. Алғашқы себеп – Құдай.
3) Үшінші себеп кездейсоқтық
пен қажеттілік ұғымдарына
4) Заттардың жетілу дәрежелері әр түрлі. Бір зат толық жетілген, екіншісі шамалы жетілген. Абсолютті, ең жоғары жетілген – тек Құдай ғана.
5) Ақылы жоқ заттар да белгілі бір мақсатқа, ретке бағынып, табиғатта өмір сүреді. Олардың бәріне мақсат сілтеп отыратын – Құдай.
Орта ғасырлық христиан философиясының тарихи-мәдени рөлі туралы айтсақ, еркін ой тежелген, шіркеу догматтары үстемдік құрған кезең болғанымен, бұл философия адамзат тарихы мен мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосты.
1) Христиан дінінің идеологиясы Европа мемлекеттерінің рухани ны-ғаюына ерекше ықпал етті, әлеуметтік-саяси тұрақтылығына әсерін тигізді.
2) Грек философиясының мұраларын дамытуға үлес қосты.
3) Рухани өмірдің сәулет
өнері, бейнелеу өнері, музыка, әдебиет
сияқты салаларының дамуына
4) Көптеген философиялық категорияларды тереңдетті: сенім, ақыл, абстрақтылық және нақтылық.
5) Құдайдың алдында адамдардың
бәрі бірдей идеясы қоғамды
адам-гершілік тұрғысынан
Ортағасырлық мұсылман философиясы.
Философияның, жалпы мәдениеттің даму тарихы ұзақ жылдар бойы біржақты, европоцентристік тұрғыдан қарастырылып келгені белгілі. Осы көзқарастың салқыны сал-дарынан Орта ғасыр философиясы тек христиандық философия шеңберінде ғана қарастырылды. Шындығында, сонау антика заманы мен оның бер жағын байланыстырып тұрған, жай байланыстырып қана қоймай, дүниежүзілік мәдениеттің, өркениеттің дамуына мықты әсер еткен Шығыстағы мұсылман философиясы еді. Оны толығырақ, объективті зерттеу мүмкіндігі енді ғана туып отыр. Бұл салада атқарар жұмыс өте көп, бірақ аз ғана уақыттың ішінде жүргізілген ізденістердін өзі мұсылман мәдениеті мен философиясының Батыс философиясынан мүлдем өзгеше екендігін керсетеді.
Мұсылмандық ІІІығыс философиясы араб және түркі тілді болып бөлінеді. Араб тілді философияның қалыптасуына әсер еткен ислам діні, Аравияда VІІ-ғасырда дүниеге келген Араб халифаты ХVІ-ғасырға дейін мәдениеттің ірі ошағы болды, ал ғалымдар халифат Рим империясынан да мықты болған деген пікір айтады. Бұл пайымдаулармен келісуге де болады, себебі осыншама ұзақ өмір сүруге кез-келген империяның әлі келмес еді. Араб халифатының экономикалық дамуының күшті болуы оның фи-лософиясының да айқындаушы факторы болды.
Ислам діні негізгі діні, араб тілі Құран тілі болған Араб халифатында мұсылман философиясы өзінен VI ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен күрес нәтижесінде қалыптасты. Өзінің таралу барысында, әсіресе кіші Азияда ислам антика философиясының ошақтарымен бетпе-бет келіп отырды. Қазіргі заманғы белгілі қазақ философы Ғ. Есімнің пікірінше, әлемді күшпен ғана емес, философия мен ғылымды тарату арқылы да билеуге болатынын ұғынған халифтер грек және үнді философиясын тереңдеп зерттеуге ерекше көңіл белді. Адам, оның тағдыры мәселесін түсіндіруде, оған рухани басшылық жасауға моральдық жауап-кершілік ісінде олар антика, философиясының категориалдық аппаратына жүгінді. Сондықтан да философияның практикалық қажеттілігінен грек философтарының еңбектері әуелі сирия, кейін араб тіліне аударылды. Тіпті Византиямен соғыста олар тұтқындарды қолжазбаларға айырбастап алып отырды. Осы араб тіліне аударылған еңбектер кейін Европаға жетті. Яғни, Европа өркениеті үшін анти ка философиясың сақтап қалған араб ойшылдары деуге болады.
Орта ғасырдағы мұсылман философиясының басты өкілдері: әл Кинди, әл Фараби, ибн Сина, әл Ғазали, «Таза ағайындар» (шығыстық перипатетизм); ибн Бадж, ибн Араби, ибн Туфейль, ибн Рушд (батыстық перипатетизм) және тағы басқалар.
Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:
* ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін-бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.
* көпұлттылық – араб, парсы, түркі және т.б. ұлт философтары.
* негізгі философиялық тіл – араб тілі. Араб тілінде философия «фалсафа» деп аталды.
* Басты мәселелер – адам және оның тағдыры, адам және Құдай, адам және қоғам, онтология мәселелері.
Ортағасырлық мұсылман
философиясының негізгі
Қалам (сөз, тіл) – спекулятивтік
теология. Спекуляция -тәжірибеден
тыс жатқан заттар туралы
Қаламды жалғастырушылар мутакаллимдер – құр догматтарға сүйеніп қана қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және тағы басқа мәселелерді кеңінен талқылады.
Қаламның беделді мектептерінің бірі – мутазилизмде – (оқшаулану-шылар, бөлектенушілер) – рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, фи-лософия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаны негізін қалады.
Суфизм – «алладан басқа құдай жоқ» қағидасын «алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ» қағидасымен алмастырды. Суфизм – ислам дініні рухы, мәні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.
Юсуф ибн Исхак әл
Кинди (800-870) – араб философиясының
көрнекті өкілі, «фалсафа» терминінің
тарихта қалуына бірден-бір