Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2015 в 17:09, реферат
Алғаш табылған күннен бастап түркі тілі тарихына үлкен бетбұрыс жасатып, қайта жазылып шығуына себеп болған, түркі тілдерінің бізге беймәлім қараңғы кезеңдерінен хабардар еткен «Диуани лұғат-ит-түрктің» авторы, Түркітану ғылымының негізін салушы, түркі лексикографиясының атасы, түркі тілінің тұңғыш диалектологы - Қашқарлы Махмұдтың өмірі жайында жазба деректер арқылы жеткен мәліметтер тым мардымсыз
Кіріспе
1. Махмұд Қашқари – түркі ғалымы
2. «Диуанилұғат-ит-түрк» еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Диуанның» ең алғашқы аудармасы Муалим Рыфаттың қолымен 22 дәптерде түрік тілінде жасалған болатын. Алайда I дүниежүзілік соғыс, артынша елде орын алған саяси тұрақсыздықтар мен азамат соғысы салдарынан аударма жарияланбай қалады. Бұдан бөлек Абдуллаһ Атыф Түзүнер және Абдуллаһ Сабри Картер де түрік тіліне аударып шыққан-ды. Алайда бұлардың ешбірі жарияланбайды. Барлығы да қолжазба күйінде әлі күнге Түркияның кітапханаларында сақтаулы.
Ататүріктің басшылығымен
1932 жылдың 26 қыркүйегінде Долмабахче сарайында
ұйымдастырылған I Түрік тілі құрылтайында
еңбекті аудару ісі қайтадан Муалим Рыфатқа
жүктеледі. Екінші рет қайта аударып шыққан
Рыфат, баспадан шығару үшін Түрік тілі
қоғамының бас хатшысы Нежми Дилмен және
Бесим Аталаймен Долмабахче сарайында
кездеседі. Алайда келіссөз сәтсіз аяқталып,
тағы да жарияланбай қалады. 1937 жылдың
аяғында Нежми Дилменнің қолқалауымен
аударма ісін Бесим Аталай өз мойнына
алады және 1940-41 жылдары ең алғаш түрік
тіліндегі аудармасы жарық көреді. Бұл
аударма ұзақ жылдар бойы көптеген еңбектердің
жарық көруіне арқау болып қана қоймай
басқа тілдердегі аудармаларына да негіз
болады.
Өзбекстан ғылым академиясы
баспасынан 1960-63 жылдары «Түрки сөзләр
Дивани» деген атпен 3 томдығы жарық көреді.
Аударып баспаға дайындған Салих Муталлибов.
Ескерткіштің индекс сөздігін әзірлеген
Гани Абдуррахманов пен Салих Муталлибов
1967 жылы 4-ші том ретінде жариялайды.
1955 жылы ағайынды
Мұхаммед Пейзи мен Әхмет Зияи,
1963-66 жылдары Сайрани еңбекті
қазіргі ұйғыр тіліне аударып
шықса да, Шығыс Түркістандағы
саяси тұрақсыздық салдарынан
жарияланбайды. Ақыры 1978 жылы ұйғыр
және қытай тілдеріне
1982-85 жылдары арасында ағылшын тіліне аударылып, Гарвард университетінде «Mahmud al-Kashgari Compendium of Turkic Dialects (Diwan Lugat at-Turk)» деген атпен жарық көреді.
Жәдігерді тұңғыш рет қазақ тілінде сөйлетіп, баспаға дайындаған Асқар Егеубаев болды. 1997 жылы 1-2 томдарын, 1998 жылы 3-томын «Түрік Сөздігі» деген атпен жариялаған болатын.
Сондай-ақ, 2004 жылы
профессор Хүсейін Дүзгүн 1 томдық етіп
парсы тіліне, Рамиз Ескер 2006 жылы әзірбайжан
тіліне аударып бастырды.
Көріп отырғанымыздай түрік,
қазақ, ұйғыр, өзбек, әзірбайжан, қытай,
ағылшын және парсы тілдеріне аударылып
жарияланған «Диуан Лұғат-ит-түрктің»
аудармалары мыңдаған кандидаттық және
докторлық диссертациялар мен іргелі
зерттеу еңбектеріне әлі күнге арқау етіліп
келеді..
«Диуанның» абыройын асырып, Қашқаридің мерейін үстем еткен нәрсе ол - әрине, осыдан мың жыл бұрынғы түркі тайпалары тілінің сөздік қорын жинақтап, мысалдарымен қоса беруі. Осы күнге дейін Қашқари сөздігіне жасалған статистикалық талдаулардың нәтижесінде бірізділік байқалмайды.
К. Броккельманның
«Mıttelturkischer Wortshats nach Mahmut al-Kashgaris Dıvan Lugat
at-Turk» атты еңбегінде 7993 сөз орын алса,
Бесим Аталайдың Индекс сөздігіндегі
сөздердің саны 8783. Абдуррахменов пен
Муталлибовтың индексінде 9222 сөз берілсе,
Вефа Налбанттың түзген сөздігінде 8624
сөз реестерге алынған. Статистикадағы
бұл әртүрліліктің себебі кей зерттеушілердің
«Диуандағы» реестер сөздермен қоса мысалдар
да берілген кей сөздерді де жеке сөз ретінде
алғандығымен түсіндіруге болады.
Диуанда жалпы түркілік сөздермен
қатар оғыз, қыпшақ, қырғыз, йағма, ұйғыр
секілді тайпалардың өздеріне ғана тән
сөздер және белгілі бір аймақта ғана
қолданылатын диалект сөздер де қамтылған.
Сондай-ақ антропонимдерге, этнонимдер
мен топонимдерге де арнайы тоқталып,
олар жайында жан-жақты мәліметтер келтіруі
«Диуанға» жай бір сөздік қана емес, энциклопедиялық
та рең береді. Яғни «Диуанды» «Түркі халықтарының
энциклопедиялық анықтамалығы» деуге
де болады. Осылайша «Диуан Лұғаттың»
сөздік қоры түркілердің тек тілін ғана
емес, рухани және материалдық мәдениетінің
тарихи қырларын да ашып береді. Сөздерге
көз жіберіп зерделеген әрбір кісі түркілердің
отбасы ұғымы мен туысқандық қарым-қатынастары,
ескі және жаңа наным-сенімдері, қоғамдық
және мемлекеттік құрылымдары, экономикалық
тұрмыс-тіршіліктері мен салт-дәстүрлері,
ұлттық қолөнері, тағам түрлері, қару-жарақтары
секілді сан-алуан ерекшеліктері жайында
теңдессіз мағлұматтарға қанығары сөзсіз.
«Диуанның» негізгі
ерекшеліктерінің бірі ретінде еңбектің
23-24 беттерінде орын алған әлемнің картасын
атап өтуге болады. Бұл бір түркі азаматының
қолымен сызылған әлемнің тұңғыш картасы.
Әлбетте осыдан 1000 жыл бұрынғы шарттардағы
жағрапия ғылымының мүмкіндігі тұрғысынан
баға берер болсақ, өте жоғары деңгейде
әзірленген.
Картаның бір түріктің қолынан
шыққандығының айғағы ретінде мына нәрселерді
айтуға болады: Ең әуелі түрік қағандарының
мекені болған Баласағұн шаһарын жердің
кіндігі етіп алып, қалған шарлар мен елді
мекендерді осы қаланың ыңғайына қарай
орналастырылған және бағыттар Орхон
жазбаларындағыдай ежелгі түркі дәстүрі
бойынша анықталған. Түркілер мекендеген
аймақтардағы шаһарлар мен елді мекендер,
таулар мен өзендер, көлдер мен теңіздер
бүге-шүгесіне дейін анық көрсетіледі.
Сондай-ақ түркілер мекендеген аймақтарды
белгілеуде өте аз қатеге жол берілуі
картаның бір түркінің қолынан шыққандығының
дәлелі деуге болады.
Сонау Рұмнан Машынға дейінгі
түркі тайпалары мекен еткен жерлерді
қағаз бетіне бедерлеп шыққан ғалым, олардың
әрқайсысына сипаттама береді. Олардың
жер көлемі, қай аралықтарды мекендейтіні,
тілі, географиялық ерекшеліктер жайында
сөз етеді. Осылардың барлығы анық көріну
үшін жердің пішіні тәріздес етіп дөңгелек
шеңбер ішіне орналастырғанын айтады.
Міне, бұл Коперниктен 5 ғасыр бұрын-ақ
жердің шар тәріздес дөңгелек екендігі
түркілер үшін жаңалық болмағанын, мұны
жақсы білгендігін көрсетеді.
Қашқаридің бұл картасы Жапонияны әлемдік карта бетіне түсірген әлемдегі тұңғыш карта болуымен де ерекшеленеді. Ғалым Жапонияны «Жабарка» деген атаумен шығыстағы бір арал ретінде көрсеткен. Жапония әлемдік карта бетіне Қашқари картасынан аттай 400 жыл өткен соң ғана барып түскен-ді.
Қорытынды
Қарахан қағанатының гүлденген дәуірінде өмір сүрген философ - Махмұд Қашқари. Ол өзінің 1072-1083 жылдары жазылған «Диуани лұғат ат-түрк» (Түрік тілінің сөздігі) еңбегінде түрік рулары мен тайпаларының тілі, әдет-ғұрпымен қатар, олардың тарихы мен саяси өмірінен де мол мағлұмат береді. Ол адамдардың қоғамдық өміріндегі адамгершіліктің, тәрбиенің, білімнің маңызына назар аударып қана қоймай,рулар арасындағы қарым-қатынасты реттеу мен бекітудегі қуатты тетік ретінде тілдің рөліне де үлкен көңіл қояды. Қоғамдық өмір мен мемлекетті нығайтуда түрік философының айтуынша ер мінезділік, адалдық, патриотизм және т,б адамгершілік қадір-қасиеттер маңызды орын алады. Сонымен қатар, түрік халықтарының бір-бірімен жақындасуы мен қатынасуының негізгі құралы ретінде Қашқари ана тілінің маңызды рөлін баса көрсетеді. Философия дамуындағы рационалистік бағыт әл-Фараби, ибн Сина, Баласұғын есімдерімен қатар, мұсылмандық Шығыстың мынадай танымал ғалымдары мен философтары арқылы сипатталады: Закария әл-Рази, әл-Маари, Омар Хайям, ибн Абдаллах пен ар-Раванди өз идеяларын қорғау жолындағы олардың батылдығынан, рухы мен еркінің жоғары күш-жігерінен хабар береді.
Қорыта айтқанда, түркі тілінің тарихи дәуірлерінің қай-қайсысын болмасын зерттеу нысанына алып, белгілі бір дәуірдің тілі жайында пікір айтқысы келген кез келген зерттеушінің Қашқариға соқпай айналып өтуі мүмкін емес. Әрбір пікірін «Диуан Лұғат» арқылы дәйектеп қуаттауға тырысады. Сондықтан да тіл тарихына қатысты жасалған әрбір зерттеуде міндетті түрде Қашқаридың есімін кездестіреміз. Себебі Қашқари түркітану ғылымының негізін қалаушы, түркі әлемінің ең алғашқы филологы. Араб тілінің мысы басып, дәурені жүріп тұрған шақта түркі тілі, мәдениеті, тыныс-тіршілігі, рухани құндылықтары жөнінде сол араб тілінде еңбек жазып қана қоймай, араб мәдениетінің ошағы Бағдат қаласына барып, халифқа тарту етуі Қашқаридің түркілікті насихаттаушы ұлы миссионер екендігін көрсетеді. Ол түрік тілін тек арабтарға ғана емес, бүкіл өзге ұлт өкілдеріне үйретуді, танытуды, тіпті сүйгізуді көксейді. Түрік тілінің араб тілінен бірде-бір кем түспейтінін, түркілердің де жер бетіндегі халықтардың ең бір тектісі, тәңір сүйер жақсы қасиеттерге толы ұлы халық екендігін дәлелдеуге тырысады. Қашқари - бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ атасы, ал «Диуан» - түркі тілі мен әдебиеті, мәдениеті мен руханиятының сарқылмас қайнаркөзі. Қашқари «Диуанымен» 1000 жасады және түркілік ұғымы жер бетінен жойылып кетпейінше, бұл екеуі, Алла жазса, мыңдаған жылдар әлі де жасай бермек!