Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2015 в 17:09, реферат
Алғаш табылған күннен бастап түркі тілі тарихына үлкен бетбұрыс жасатып, қайта жазылып шығуына себеп болған, түркі тілдерінің бізге беймәлім қараңғы кезеңдерінен хабардар еткен «Диуани лұғат-ит-түрктің» авторы, Түркітану ғылымының негізін салушы, түркі лексикографиясының атасы, түркі тілінің тұңғыш диалектологы - Қашқарлы Махмұдтың өмірі жайында жазба деректер арқылы жеткен мәліметтер тым мардымсыз
Кіріспе
1. Махмұд Қашқари – түркі ғалымы
2. «Диуанилұғат-ит-түрк» еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Алғаш табылған күннен бастап түркі тілі тарихына үлкен бетбұрыс жасатып, қайта жазылып шығуына себеп болған, түркі тілдерінің бізге беймәлім қараңғы кезеңдерінен хабардар еткен «Диуани лұғат-ит-түрктің» авторы, Түркітану ғылымының негізін салушы, түркі лексикографиясының атасы, түркі тілінің тұңғыш диалектологы - Қашқарлы Махмұдтың өмірі жайында жазба деректер арқылы жеткен мәліметтер тым мардымсыз. Тек Диуанындағы там-тұмдап жеткен мәліметтерге сүйене отырып, Қашқаридің текті бір әулеттен шыққан ханзада, қызыл тілге шешен ділмар, найза лақтырғанда дөп тигізер асқан мерген, сондай-ақ заманының ең озық білімімен сусындаған білімпаз болып тәрбиеленгенін көреміз. Өзі жайында: «Түркілер арасында қызыл тілге ең шешені, ең әсерлі әңгімешісі, ең жақсы білім алған білгірі, ең текті әулеттен шыққаны және мықты найза лақтырушысы болғандықтан олар мекен еткен барлық шаһарлар мен аймақтарды аралап шықтым», - деген Қашқари әрі қарай «Диуанының» сөздік қоры жөнінде: «Түрік, түркмен, оғыз, шығыл, яғма және қырғыз тайпаларының сөздерін және олардың қыр-сырын анықтап шығып, қажетіме жараттым. Олардың әрбірінің тілі менің көкейіме ұялап, берік сақталып қалды. Мен оларды мұқият зерделеп, әбден тәртіпке келтіріп, жүйелеп шықтым», - дейді. Бұдан Қашқарлы Махмұдтың жалпы түркі тілдерінің сөздік қоры жайында асқан білгір болғандығын аңғарамыз. Өз дәуірінің жазба әдеби тілдерімен қатар, түркі тайпаларын аралап, жинақтаған сөздердің мағыналары мен формаларын, түрлі ерекшеліктерін еркін меңгеріп қана қоймай, көне түркі тілінің тарихи лексикасынан да хабардар болуы оның тілбілімін жетік меңгерген, аса білімпаз ғұлама-ғалым болып жетілгендігін көреміз.
«Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегі
Түркі тілінің тұңғыш оқулығын әзірлеп, грамматикасын түзген, түбі бір түркі халықтары тіл өнерінің өрісін мәңгілікке кеңейтіп, өркенін өсірген, түркі тілдерінің диалектологиясының, лексикологиясы мен грамматикасының негізін қалап, тіл білімі тарихында салыстырмалы тарихи әдісті тұңғыш рет қолданған ғұлама ғалым Қашқари Махмұд, атын мәңгілікке өлтірмейтін, өзіне және зерттеушілеріне сарқылмас қайнаркөз болатын тынысы кең байсалды да ұлы еңбегіне «Диуани лұғат-ит-түрк», яғни «Түркі тілі сөздігінің жинағы» деп ат қояды. Бұл жөнінде «Диуанында»: «Маған шексіз абырой, сарқылмас-түгесілмес қайнаркөз болсын деген тілекпен осы кітапты жазып шықтым да, бір Тәңірге сиынып, оған «Диуани Лұғат ат-Түрік» - «Түркі тілдері сөздігінің жинағы» деп ат қойдым», - деп жазады.
Еңбекті Қашқари Бағдатқа келген соң не келмей тұрып жазғандығы жөнінде түрлі көзқарастар бар. Дегенмен Стамбұлдағы жалғыз нұсқаның соңғы бетінде келтірілген мәліметке қарағанда Қашқарлының «Диуани Лұғат ат-Түркі» 1072 жылдың 25 қаңтарында басталып, 4 рет редакцияланған соң 1074 жылдың 10 ақпанында аяқталған. Осы күні Стамбұлдың Ұлттық кітапханасында сақтаулы тұрған «Диуани Лұғат-ит-түрктің» жалғыз нұсқасы Мәмлүктер топырағында Сұлтан Бейбарыс заманында Савада туып, Дамаскіде өмір сүрген Мұхаммед ибн ӘбуБәкір ибн Әбул-Фатхтың қолымен шамамен 200 жылдан кейін 1266 жылдың 1 тамызында көшірілген.
Қашқари сүбелі еңбегінің жазылу мақсаты жөнінде «Диуанының» басында-ақ: «Мен Тәңірдің бақ-дәулетті түріктердің жұлдызында жаратқанын, ғарышты солардың хандығының үстіне айналдырып қойғандығын көрдім. Тәңір оларды «түрік» деп атап, елдік пен билік берді. Заманымыздың билеушілерін түріктерден шығарып, өзге халықтардың ерік тізгінін солардың қолына ұстатты. Оларды адамдарға бас қылды, хақ істерде оларды қолдады және олармен бірге болғандарды ғазиз, абыройлы қылды», - деп түрік халқының қадір-қасиетінің ұлылығын әспеттеп, дәріптеген соң ұлық Тәңірдің оларға деген ерекше ықыласын әрмен қарай былайша жеткізеді: «Сондықтан да оларға Тәңірдің өзі ат беріп, жер бетінің ең биік те, шұрайлы, ауасы таза жеріне орналастырған, оларды әскерім деп санаған. Себебі түркілер сүйкімділік, әдептілік, жарқынжүзділік, жүректілік, әділдік, кішіпейілділік, қарияларды құрметтеу, сөзінде тұру секілді ізгі қасиеттерге ие». Осылайша түркілердің Тәңір сүйер көп қасиеттерін санамалап шыққан соң: «Түркілердің оқтарынан сақтану үшін ақыл иесі әрбір жан олардың жолын ұстануы тиіс. Олардың көңілін тауып, өзінің мұң-мұқтажын жеткізе білу үшін олардың тілін үйренуден басқа жол жоқ», - деп түпкі мақсатын жайып салады. Яғни, араб тілінің мәдениет пен өркениеттің, білім мен ғылымның, ең маңыздысы дүйім мұсылман шығыс халықтары ардақтаған Қасиетті Құран тілі ретінде дәуренінің жүріп тұрған шағында түркі лексикасының мағыналық әрі тұлғалық қасиет-сырларын аша отырып, оның шексіз байлығын көрсету арқылы түрік тілінің араб тілінен бірде-бір кем еместігін дәлелдейді. Түркілердің ізгі қасиеттерін дәріптеп, күшейіп келе жатқан түркі ұлысының болашағының зор екендігін ескертеді. Болашақ түркі тілінде екендігін насихаттап, өзге ұлттарды түркі тілін үйренуге шақырады. Жай ғана шақырып қоймай түркі халқының мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерін, жыр-шумақтары мен нақыл сөздерінің, этнонимдері мен топонимдерін жан-жақты талдап, ұлттың әдебиеті мен мәдениетін, ізгілікке құрылған салт дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, руханияты мен дүниетанымын таныту арқылы түркілерді, түркі тілін сүйгізуге ұмтылады.
Стамбұлдың Ұлттық кітапханасында сақтаулы тұрған, жәдігердің осы күнге келіп жеткен жалғыз ғана нұсқасының табылу тарихының өзі бір аңыз. Атақты Мысырлық тарихшы Бәдреддин Махмұд ибн Ахмет ибн Мұса (ө. Хижра 758 ж.) өзінің «Замана ақыл-ойының ақық-інжулері» атты еңбегінде түркілердің тілі, тұрмыс-тіршілігі, рулық таңбалық белгілері жайында тұщымды мәліметтерді Қашқаридың «Диуанынан» алғандығын айтса, бауыры Шахабеддин Ахметпен бірігіп жазған «Шихаби тарихы» деген еңбегінде де «Диуанды» пайдаланғанын көреміз. Катиб Челеби «Кәшф-үз-Зунун» атты еңбегінде Қашқари «Диуанына» арнайы тоқталса, мәшһүр араб филологы Жамаладдин ибн Муханна Махмұд Қашқариді өзінің ұстазым деп ардақ тұтатынын жазады.
Міне, қаншама сүбелі еңбектердің жазылуына негіз болып, небір тілші, тарихшы ғұламалардың өзі ауыздарының суы құрып мақтаса да, 1914 жылға дейін Диуанның бірде-бір нұсқасы табылмаған-ды. Әйтсе де, талайлардың қолы жетпей, көзбенен бір көрудің өзі арман болған асыл мұра Түркияның бұрынғы экономика министрі Нафыз бейдің кітап сөрелерінің бірінде көп кітаптың бірі ретінде шаң басып жатқан болатын. Күндердің бірінде Нафыз бей жақындарынан бір әйелді шақырып алып: «Саған бір кітап беремін. Жақсылап сақта. Қалтаң жұқарып қиналған шақта алтын ақшамен 30 лираға сат. Одан төмен беруші болма,» - деп тапсырады. Көп өтпестен-ақ ақшаға зәру болған әлгі әйел кітап жаймасындағы Бурхан бей деген саудагерді тауып, 30 лираға сататындығын айтады. Әрине «Диуан Лұғат» секілді еңбекті ақшамен бағалау әсте мүмкін емес. Алайда асылдың қадірін білмейтіндер үшін бір ескі кітапқа мұндай баға сұрау ақымақтың ғана ісі болып көрінері хақ. Бурхан бей мұндай ескі кітаптардың қадірін бір білсе, солар білер деген оймен «Энжумен илмия» деп аталатын ғалымдар кеңесі кеңсесіне алып барады. Кітапты мұқият қарап шығу үшін 1 апта мұрсат сұраған кеңсе қызметкері, 1 аптадан соң кітаптың құнын 10 лираға бағалайды. Бурхан бей кітаптың өзінікі емес екенін, иесі 30 лирадан төмен бермеуін тапсырғанын айтады. Әлгі кісі: «Мен 30 лираға бір кітапхана сатып аламын, кітабың өзіңе», - деп қайтарып береді. Міне, осы кезде өмір бойы жиған-тергенін кітап сатып алумен-ақ тауысқан, кітапқұмар, ізденімпаз Әли Әмри Ефенди әдеттегісінше жаймаға жаңа кітаптардың түскенін білмек болып Бурхан бейдің дүкеніне бас сұғады. Бурхан бей: «Бір кітап бар, бірақ иесі 30 лира сұрап отыр» - деп мән жайды тегіс баяндап береді. Кітапты қолына алған Әли Әмір есінен танып қала жаздайды. Қолында анау-мынау емес, түркі тілдерінің інжуі, талайлар бір көрудің өзін арман еткен «Диуан Лұғат» қой. Өз көзіне өзі сенер емес. Отыз емес, отыз мың лира да аз бұл кітапқа... Тез есін жинап, таңқалысын сездіріп, саудагерді есіртпейін деген оймен: