Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 16:01, курсовая работа
Философия тарихына жасаған көлемді саяхатымызда солтүстіктегі көршіміз- Ресей халқының рухани-философиялық мұрасын естен шығармауымыз керек. Қазақ халқы «Ұлы мәртебелі Тарихтың» шешімімсн ХІХ-ХХ ғғ. орыс мәдениетінің ықласында болып, қандай дегенде де, оларлың кең құндылықтарын Өз бойына сіңірді. Екінші жағынан алғанда, орыс руханиятының бүкіл дүниежүзілік философиядағы алатын өз орны қайталанбас құңдылықтары бар. Сондықтан оларды әрбір білімді азамат меңгеруі қажет. Үшінші жағынан, бүгінгі қазақ елі - көпұлтты ел, ал орыс халқының өкілдері негізгі ұлт- қазақтардан кейінгі екінші үлкен әлеуметтік-демографиялық топ, сондықтан қазақ-орыс мәдениеті және тағы басқа қатынастарының негізінде бір-бірінің дүниеге деген көзқарасын түсіну қажеттілігі жатыр, сонда ғана олар толыққанды болуы мүмкін.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Славянофилдер мен батысшылар ағымы
2. В.С.Соловьевтің «бәрінің бірліктегі» философиясы
а)Дүниетаным тұжырымдары
б)Адам, қоғам, тарих мәселелері
3. Л.Н.Толстойдың және Ф.М.Достоевскийдің діни-философиялық көзқарастары
4. Діни экзистенциализм мен антропология
5. Ғарыш философиясы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
К.Э.Циолковский адамзаттың жерлік және космостық өмір сүруін бір-бірінен айырады. Жер бетіндегі өмір сүру - адамзаттың «сәбилік шағы», сондықтан ол кемеліне келмеген, зардабы мен қиянаты мол. Адамзаттың ғарыштық болмысы келген уақытта өмірдің теріс жақтарының бәрі жойылып, қуаныш пен жетілгендік, шығармашылық - өмірдің негізгі жақтарына айналады. Оның ойынша, ғарышқа шығу - көп уақытты талап етеді, сатыларға бөлінеді:
а) адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында жер бетін толығынан қайта өзгерту;
в) жер айналасындағы кеңістікті игеру;
с) басқа планеталарды, содан кейін алыс Ғарышты игеру;
д) адамның өз биологиялық табиғатын өзгертіп, ашықҒарышта өмір сүре алатын дәрежеге келуі.
Сонымен егер Н.Коперник өз уақытында жердің Ғарыштағы ерекше орны жөніндегі көзқарасқа соққы берген болса, XXғ. К.Э.Циолковский адамзатты жер тартуынан шығарып, ғарышқа жол ашты деп көркемдеп айтуға болар еді.
В.И.Вернадскийдің негізгі ойлары жер бетіндегі өмір мен адамзатқа арналды. Нәтижесінде, ол биосфера мен ноосфера жөнінде тереңде тамаша ойларын адамзатқа ұсынды. Бүгінгі қалыптасқанбиосфера жөніндегі «Үлкен жүйе» теориясы, тіршіліктің ғарышпен заттық және энергиялық алмасуға түсуі т.с.с. идеялар В.И.Вернадскийдің шығармашылық еңбектерінде үлкен орын алды. Жер бетіндегі тіршілікті ол жердің ерекше қалыптасқан геологиялық қабаты ретінде қарайды. Тіршілік биогеохимиялық зат пен энергияның айналысын тудырып, жер бетін толығынан өзгертеді. Осы тұрғыдан қарағанда, адамзат тіршілік әлемінің ерекше еңжоғарғы бөлігі. Ол ерекше бір - басқа энергия формаларына ұқсамайтын- күш-қуатты тудырады. Оның аты - ақыл-ой, зерде. Адамзат акыл-ойы мен еңбегінің арқасында жаңа геологиялық күшке айналып, биосфера жаңа ахуалға - ноосфера (ақыл-ой арқылы ретке келтірілген жер беті) сатысына көтеріледі. Сонымен В.И.Вернадскийдің ойынша, адамзат зердесі - ғарыштық кұбылыс.
Н.Ф. Федоров адамзат зердесін ғарыш эволюциясыныңзаңды нәтижесі ретінде қарайды. Әрі қарай Ғарышты адамзат саналы түрде өзгертеді. «Ғарыш хаос емес, нағыз Ғарышқа айналуы үшін зердені талап етеді». Болашақта ғылымныңорасан зор дамуының негізінде адамзат өлместік дәрежесіне көтеріліп, сонымен қатар жер бетінде бұрын-соңды өмір сүрген барлык ұрпактарды кайтадан тірілтеді, - деген ойда болды.
А.Л. Чижевский жер бетіндегі тіршілікті тудырған – жердің өзі емес, күн деген пікірге келіп, күннің жердегі биосферағатигізетін ықпалын егжей-тегжейлі зерттейді. Табиғаттағы геофизикалық аномалиялар, жер бетіндегі оқтын-оқтын болатын эпидемиялар, куаңшылык т.с.с. құбылыстар Күндегі болып жатқан процестермен тығыз байланысты екенін дәлелдеп, А.Л.Чижевский бүгінгі
ғылымдағы астрогеология, ғарыштық медицина, гелиобиология бағыттарының негізін қалады.
Адамзат ғарыштың әрі қарай дамуындағы саналы күш болғаннан кейін, халықтар бір-бірімен жақындасып, бірігіп, мемлекеттер арасындағы жасанды кедергілерді алып тастауы керек деген идея көп ойшылдардың еңбектерінде кездеседі.
«Адамзатты біріктіретін негізгі күш
мәдениет, ғарыштық этика» деген пікірді
орыс ғалымы, суреткері, діни философы Н.К. Рерих айтқан
болатын. Оның ойынша, бүкіл ғарышта, кеңістік
пен уақытта, адамның жан дүниесінде екі
ғарыштық күш - Ізгілік пен Зұлымдық бір-бірімен
күресте. Олар болмыстық жағынан кселгенде
тең емес. Дүние Ақикат, Ізгілік пен Әсемдік жолында өз
Н.К. Рерих адамның ізгілігі, жасампаз белсенділігі Ғарыштың дамуындағы негізгі күш екенін паш етеді. Нәтижесінде, адам Жаратушы-Құдайға ұқсайды. Тек оның ерекшелігі - ол айнала қоршаған ортаны өзгертіп қана қоймай, сонымсн бірге өзін де жетілдіре алады. Надандықтан кейін цивилизация келеді, содан кейін ғылымның дамуының негізінде адамдардың білімі өсіп, нәзіктене келе, биік мәдениеттің есігін ашады, - деп қорытады Н.К.Рерих.
Н.К.Рерихтың ойынша, адамдардың арасындағы барлық ұлттық, нәсілдік, діни, әлеуметтік т.с.с. айырмашылықтар болмауы керек. Адамдардың арасындағы айырмашылық тек қана оның мәдени дамуының негізінде қаралуы керек. Адам - Ғарыштың бір бөлігі, олай болса, ол - мәңгілік, барлығымен байланысты, бәріне де тәуелді, сонымен қатар бәрі де оған тәуелді.
Адамның жасампаздық-шығармашылық істері әсемдіктің негізінде жүреді. Әсемдік - рухтың мәдениеті, дүниенің зерделі тәртібі. Әсемдік дегеніміз - Ғарыштың өзі. Жалпы алғанда, ойшылдың эстетикалық, гуманистік-өнегелік идеялары осы уақытқа шейін өзінің өзектілігімен танылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Информация о работе ХІХ-ХХ ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы философия