ХІХ-ХХ ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы философия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 16:01, курсовая работа

Краткое описание

Философия тарихына жасаған көлемді саяхатымызда солтүстіктегі көршіміз- Ресей халқының рухани-философиялық мұрасын естен шығармауымыз керек. Қазақ халқы «Ұлы мәртебелі Тарихтың» шешімімсн ХІХ-ХХ ғғ. орыс мәдениетінің ықласында болып, қандай дегенде де, оларлың кең құндылықтарын Өз бойына сіңірді. Екінші жағынан алғанда, орыс руханиятының бүкіл дүниежүзілік философиядағы алатын өз орны қайталанбас құңдылықтары бар. Сондықтан оларды әрбір білімді азамат меңгеруі қажет. Үшінші жағынан, бүгінгі қазақ елі - көпұлтты ел, ал орыс халқының өкілдері негізгі ұлт- қазақтардан кейінгі екінші үлкен әлеуметтік-демографиялық топ, сондықтан қазақ-орыс мәдениеті және тағы басқа қатынастарының негізінде бір-бірінің дүниеге деген көзқарасын түсіну қажеттілігі жатыр, сонда ғана олар толыққанды болуы мүмкін.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Славянофилдер мен батысшылар ағымы
2. В.С.Соловьевтің «бәрінің бірліктегі» философиясы
а)Дүниетаным тұжырымдары
б)Адам, қоғам, тарих мәселелері
3. Л.Н.Толстойдың және Ф.М.Достоевскийдің діни-философиялық көзқарастары
4. Діни экзистенциализм мен антропология
5. Ғарыш философиясы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

философия срс.docx

— 48.18 Кб (Скачать документ)

    Л.Шестовтың ойынша, ғылым мен философия ақиқаты да екі түрлі. Ғылыми ақиқат дүниедегі қажеттілікті зерттеуден шығып, барлық адамдарға бірдей болып келеді. Ал философиялық ақикатқа келер болсақ, оған әрбір адам өзінше өзінің болмысында жетуі керек. Адамзаттың негізгі мақсаты - табиғаттың қажеттілігін жеңіп, адамға бостандық, алғашқы еріктікті қайтадан әперу.

    Еріктік мәселесіне келгенде, Л.Шестов оны Библияның аңызына негіздеп қарайды. Алғашында дүние мен адамды Құдай өзіне ұқсатып, оларды құдіретті, ерікті, жетілген қылып, жоқтан жаратқан болатын. Бірақ Құдай адамға ескерту жасады: Эдем бақшасындағы өсіп тұрған таным ағашының жемісін жесең - өлесің!! Жыланның сөзіне еріп, өзін Кұдаймен   теңегісі келген адам тыйым салынған Жемістің дәмін татып, «Білімді» пендеге айналды. Біліммен бірге күнә өмірге келіп, зұлымдыққа жол ашты. Білім шындықты қажеттілікке айналдырып, еріктікті жойды. Мұндай жағдайдағы адамның алдындағы мақсат жойылған еріктікті қайтару, дүниені зұлымдықтан құтқару. Ол үшін моральдық нормалар, неше түрлі ережелерді орындау қажет емес, өйткені олардың бәрі де ғасырлар шеңберінде ақыл-ойдың таразысынан өтіп, қажеттікке айналды. Олай болса, адам моральдық нормалардың талаптарына қарсы шығып, өзін ерікті сезіну үшін ойына не келсе, соны жасауы керек, өйткені оны жаратқан Құдайдың өзі. Адам әрқашанда ішкі тебіреністе, алаңдауда болып, озінің еріктігін Құдайдан іздеп, онымен қайта кездесу жолында табуы керек. Ол үшін тек қана сенімкерек деп корытады Л.Шестов. Тек қана сенім ештеңемен шектелмеген бостандықты береді. Адам таным ағашынан бас тартып, өмір ағашына кайта оралуы қажет.

    Орыстың діни философиясына қомакты үлес қосқаи Николай Александрович Бердяев (1874-1948 жж.) болды. Негізгі еңбектері: «Еріктік философиясы. Шығармашылық мағынасы», «Тарих мағынасы», «Өзіндік тану» т.с.с.

Онын ойынша,  философия рухты  зерттейтін  ілім,  яғни  адамның өмір  сүруіне,  сол  арқылы  болмыстың  мән-мағынасын ашуға бағытталған пән. Ғылым сыртқы дүниені зерттесе, философия адамның ішкі рухани өміріне үңіледі. Сондықтан философия объективті емес, ол - әрқашанда субъективті.

    Н.А.Бердяевтің ойынша, экзистенциалдық философия адамның өмір сүру диалектикасынан, сол арқылы жалпы дүниенің өзінтаниды. «Таным дегеніміз субъектінің болмысты бейнелеуіндеемес. Таным әрқашанда шығармашылық жолмен жүріп, мән-мағынаға жетуге тырыса ды. Адамның құпиясын танып-білу болмыстың құпиясын танып-білумен тең».

    Адам абсолюттік болмыстыңалдында тұрып, оны танып-білгісі келеді. Бұл мақсатка жеткізетін екі-ақ жол бар. Ол өзіндүниеніңбір бөлігі ретінде сезініп, оған терең шомылуы мүмкін. Бірақ ол жол нәтиже бермейді, өйткені бөлшек біртұтастыққа жетеалмайды.

Екінші жол - өзіңнің дүниеге  деген маңыздылығыңды сезініп, өз болмысынды бүкіл дүниенің өзегі ретінде  қарасаң, онда өз тереңдігіңеүңілу, оны  танып-білу - бүкіл болмысты танып-білумен  тең болады. Мұндай көзқарас көне замандағы  гректердің«макро-косм» мсн «микрокосм»  идеяларына кетеді. Адам «кіші ғарыш» ретінде «үлкен ғарышқа» сай келеді. Сондықган сыртқы болмысты тану үшін ӨЗІҢНІҢ ішкі болмысыңды білуің қажет.

    Н.А.Бердяевтің философиясының негізгі категориясы - еркіндік. Оның ешкандай өлшемі, шегі, түбі жок, оны ештеңемен теңеуге болмайды. Оның оқшаулығын түсіну оның болмысқа дейін өмір сүргенін мойындаумен тең. Бұл арада Н.А.Бердяев Орта ғасырда өмір сүргсн Я.Беменің: «Құдайдың өзі түбі жоқ тұңғиықтан пайда болды» деген пікірін қолдап, сол алғашкы «түбі жоқты» ерікпен теңейді. Сол алғашқы тұңғиықтан шыққан Құдай дүниені жаратады.

    Осы арада Н.А.Бердяевтің философиясының ғажап қызықты жағын көреміз. Ол - алғашқы Еріктік пен Жаратушы-Құдайдың арасындағы дуализм, қайшылық. Құдай дүниедегі зұлымдыққа жауапты емес, өйткені оның өзініңнегізі жоқ, Ол өзі шыққан түбі жоқ еріктікке ештеңе жасай алмайды. Керісінше, Құдайдың өзінің болмысына, содан кейін оның дүниені жаратуына жол ашқан сол алғашқы Еріктік емес пе? Олай болса, адамнын өзі, бір жағынан, Құдайдын жаратқан пендесі болса, екінші жағынан, түбі жок еріктіктің нәрестесі. Сондықтан еріктік бүкіл адамның іс-әрекетін баурайды. Еріктік дегеніміз - еш нәрсеге тәуелсіз таза сана, күш-қуат.

    Белгілі бір «метафизикалық ессіз кезеңде» еріктік өзін Құдайға қарсы қойып, онымен күресебастады. Ол барлық жаратылғандүниеге, адамның өзіне де тарады. Сондықтан дүние мен адам зұлымдыққа белшесінен батты, ал Құдай болса, оған еш нәрсе жасай алмайды, өйткені Ол еріктікті жаратқан жоқ. Міне, осы сәттедүниеге Христос келіп, бүкіл дүние мен адамдардың күнәларын өзмойнына алып, тұңғиыққа тереңдеп, оны өз сәулесімен жарқыратады. Сонымен Н.А.Бердяев Құдайдың ессіз еріктікті жеңетінінесенгенмен, бірақ, оған үзілді-кесілді кепіл беруден бас тартады.

    Н.А.Бердяевтің философиясындағы негізгі болмыстық категория - ол адамның өзі, өйткені ол дүниенің ортасында, оныңтағдыры дүниенің тағдырын анықтайды. Адам мен Дүние Құдайдың өмірін байытады, өйткені адам - рухани пенде, ол ізгілік пен кемдікті сүйеді. Екінші жағынан, ол - ең жоғарғы материалды құрылым, бүкіл дүниенің барлық элементтері оның бойында бар сондықтанҒарыш оның шығармашылық іс-әрекетін қабылдайды.

    Сонымен адам – қайшылықты пенде, ол «табиғаттық дүниедегіүзіліс», оны түсіну үшін одан да жоғары - Құдайға деген оның қарым-қатынасын білу қажет. Оның ойынша, осы уақытқа дейін адам өзін Құдайға тәуелді пенде ретінде түсініп келді. Ал тәуелділік бар жерде шынайы махаббат жоқ. Сондықтан Құдай мен адамның арақатынасы нағыз еріктікке негізделген, махаббаттың құпиясы, міне, осында. Адам Құдайды қажет етсе, Құдай да адамды қажет етеді, өйткені оның өзінің негізі жоқ (безосновность), ол адамсыз өзінің жалғыздығын сезінеді... Сонымен біз адамның Құдайлығын, Құдайдың адамдығын көрсетуіміз керек. Тарихи Христостың өзі алғашқы рет осыны паш етті.

    Құдай - рух, сонымен қатар адам да - рух. Олай болса, екеуінің шығармашылық жолда кездесуі ғана объективацияланған дүниеден адамды құтқарады (объективация - Бердяевтің философиясындағы ұғым, идеяның, жалпы сананың мазмұнының, адамдардың  қарым-қатынастарының  заттануын, адамнан  жаттануын көрсетеді).

    Енді Н.А.Бердяевтің тарих философиясына келер болсақ, онда «уақыт» категориясы үлкен орын алады. Егер дүниедегінің бәрі шектелген, олай болса, соңы бар болатын болса, тек шығармашылық арқылы ғана оның ар жағына өтіп кетуге болады.Шығармашылық – мәңгілікке әкеледі, бірақ ол - шексіз уақыт емес, уақытты аттап өтетін жаңа сапа. Осы себепті тарихтағы шексіз жоғары өрлеуді (прогресті) қабылдауға болмайды. Тарихтағы соңғы «жұмақта» өмір суретін буындар өткеншексіз санды адамдардың өмірін сол мақсатқа жетудің құралына айналдырады. Мұндай жағдайда  адамзат  тарихының  мән-мағынасы   жойылатыны   хақ.

    Өткен дәуірді, оның мәдениетін толыққанды қабылдамай, дұрыс болашақты да орнату мүмкін емес. Шіркін, осындай Н.А.Бердяевтің терең тарих жөніндегі ойларын саясаткерлер жете білсе ғой!!! Сонда реформа барысындағы қателіктер де аз болар еді.

Жалпы алғанда, Н.А.Бердяевтің тарихи көзқарасын өміршеңді деп  атауға болады: адамзат рухани жаңарудың  негізінде қайта өрлеуге мүмкіндік  алады. Болашақ қоғам екі принципке  негізделеді: - аристократиялық - тұлғаның толыққанды шығармашылық дамуын көрсетеді, ал демократиялық - әділеттілік пен  достықка шақырады.

    Тарих философиясындағы Н.А.Бердяевтің талдап, өзінің шешімін берген екі категориясын көрсетпей болмайды - олар мәдениет пен цивилизация.

    Мәдениет - қоғамның рухани дамуының шыңы, дін, философия, өнер құндылықтары, терең де нәзік ойлар, шығармашылық туындылары. Уақыт өткен сайын шығармашылықтың орнына күнбе-күнгі қажеттіліктер деп шығатын карапайым өмірді көтеруге бағытталған істер келіп, «өзімшіл цивилизация» мәдениетті тұрпайылата бастайды.

    Цивилизация дегеніміз өмірдің әлеуметтік, материалдық жағының дамуы, экономикалықмүдделердің басымдығы, пайдақорлықка тырысу, құралдың мақсатты жеңуі. Цивилизация өз табиғатына сәйкес техникаға жақын, ол жеке адамның шығармашылығын ұжымдық еңбекке ауыстырады. Цивилизация машиналардың өмірге енуімен бірге келеді. Адам техниканы пайдаланып, табиғатты өз еркіне көндіруге тырысады, соныннәтижесінде адамның толыққанды органикалық табиғатка сәйкес өмірі жойылып, оның орнына мамандандырылған, біржақты адам пайда болады. Цивилизация техниканың үстемдігіне әкеліп, рухты тоқыратады.

    Капиталистік, я болмаса социалистік цивилизация болмасын, ол өз табиғатына сәйкес әрқашанда «буржуазиялық». Ол дегеніміз - рухтың тоқырауы, материалдықбайлыққа, өмірден ләззат алуға тырысу.

    Дегенмен цивилизация мәдениетті толығынан құрта алмайды, ол ұсақталынғанмен аяғына шейін цивилизацияның пайда-қорлығына карсы тұрады. Жалпы алғанда, Н.А.Бердяев адамзат тарихының төрт логикалықсатысын көрсетеді, олар тағылык, мәдениет, цивилизация және «діни қайта өрлеу». Социалистік өзгерістер Ресейді цивилизация шеңберіне кіргізіп, мәдениетті тоқыратты. Мәдениетті қайта жаңартуда дін шешуші қызмет атқаруы керек.

    Орыс философиясындағы діни антропология бағытының өкілдері ретіндеС.Н.Булгаков, С.Л.Франк және Н.О.Лосскийдіатап өтуге болады.

С.Н.Булгаковтың айтуына қарағанда, адам Құдайсыз өмір сүреалмайды, егер ішкі дүниеңде Құдай болмаса, онда көңіл құлазиды. Құдайға қарсы күрес, бір дінді тарату қажетті түрде екінші дінді тудырады (мысалы, Кеңес заманында марксизм жаңа ағарған дінге айналған болатын. - С.М.) Алайда адамға Құдай сырттан келмейді, оны ол өз ішінен табуы керек.

    С.Н. Булгаковтың ойынша, шығармашылық дегеніміз – ол «антроподицея» (адамды ақтау). Оның негізгі себебі - дүние уақыттыңшеңберінде өмір сүруде, олай болса, ол әлі соңына жеткен жоқ,дәл қазір жаратылу жалғасып жатыр. Ал адам болса, ол Құдаймен

бірге   осы   дүниені   жарату   ісіне,   оны   әрі   қарай   жетілдіругеатсалысуда. Адам - Құдайға ұксаған, Мәңгіліктің ұлы, Құдайдың рухын жалғастырушы. Ол - микротеос, оның ішінде бүкіл дүниенің күш-куаты бар, ол - болмыстың ең жоғары ортасы.

     С.Л.Франк адамды өзін-өзі анықтайтын және өзгерте алатын пенде ретінде қарайды. Өзіндік сана арқылы адам заттардан ғана емес, сонымен қатар өзінен де алшақтап, өз-өзіне басқа адамның көзімен қараған сияқты дәрежеге келеді. Нәтижесінде екі ахуал -танушы мен танылатын, бағалайтын мен бағаланатын, сот пен сотталатын - пайда болады. Міне, адам өзіндік санасы арқылы өзінің денелік эмпириялық табиғатынан бөлініп, өз-өзін бағалайтын, сынайтын дәрежеге көтеріледі.

     Адам - әрқашанда өзінің күнделікті болмысына қанағаттанбай, оны аттап өтіп, басқа өмірге, өнегелікке қарай ұмтылатын пенде.

     Н.О.Лосский түлғаларды шынайы және потенциалды деп екіге бөледі. Тұлға өзінің дамуында құдайдың бейнесіне ұқсауданбастап, соңында тіпті кұдайдың өзіне тартуға тырысады. Ал соңғы -ол тұлғаның негізгі мақсаты, ол үшін адам неше түрлі қиындықтар мен зардаптардан өтуі керек.

     Руханияттық - адамның негізгі қасиеті. Рухани адамның ішкі өнегелілігі қандай да болмасын сыртқы жағдайлардың қысымына қарсы тұра алады.

     Қорыта келе, біз орыс философиясының адам мәселесіне қомақты үлес қосқанын байқаймыз. Олардың айтқан көп идеялары қазіргі өтпелі дәуірдегі қалыптасқан көп ахуалдарды талдауға өз көмегін береді. Сіз де ол жөнінде ойланып көріңіз.

 

Ғарыш философиясы

 

    Ғарыш философиясы деген кезде, біз екі нәрсені айтуымызға болады. Біріншіден, ол - дүниенің біртұтастығы және соның шеңберіндегі адамзаттың, яғни рухтың алатын орны: екіншіден, адамзат мәңгі осы жер бетінде қала ма, я болмаса басқа ғарыштағы объектілерді игеріп, өзінің ықпалын бүкіл ғарышқа тарата ала ма ?

    Бірінші сұраққа қайсыбір ұлттық философия жауап беруге тырысады, ал екінші сұрақты қойып, соған жауап беруге тырысқан, негізінен алғанда, орыс философиясы болды. Сондықтан бұл ағымды орыс философиясының ерекшеліктерінің біреуіне жатқызуға болар еді деп ойлаймыз. Ал енді оның өзінін де себебі бар шығар.

    Алтын Орда мемлекстінің кысымынан кейінгі Ресей қоғамының Шығыска қарай садақтан атқан оқтай серпілуі (бірнеше ғасырдыңшеңберінде Еділ өзенінің ар жағынан сонау қиыр Шығысқа дейін жетуі), өлшемсіз кең-байтақ жерде мемлекеттігін кұруы, ұлттық ой-өрісті де кеңейтіп, оған ғарыштық өлшем берсе керек. Мүмкін, басқа себептер де болған болар.

    Еуропа ой-өрісінде ғарыш жөнінде христиандық антропоцентрлік көзқарас ғасырлар бойы өмір сүрді. Оның негізгі кағидасы: адам - жаратылған дүниенің ең биік шыңы, жер болса - ғарыштың ортасы.

    Коперник мұндай көзқарасқа төңкеріс жасайды: ғарыштың ортасы  -  жер   емес,   күн.   Ғарышта  тек  жерде   ғана   өмір  бар. Дж.Бруноның шексіз ғарыш пен өмір жөніндегі ойлары кең тараған жоқ.Жана дәуірдегі ғылымда ғарыш механикалық-физикалық объект, сансыз атомдардың өрісі деген пікір қалыптасты.

    Енді, міне, орыс философиясында 18 ғ. бастап, антропокосмизм идеялары пайда болыпдамиды. Яғни адамның жер бетіндегі орны емес, оның ғарыштағы рөлі зерттеле бастайды.

Орыс философиясындағы бұл мәселеге қатысты негізгі  идеялар:

а) ғарыштағы адамзаттың өлместігі (К.Э.Циолковский);

в) биосфераның ноосфераға өтуі (В.И.Вернадский);

с) табиғатты зерттеп, өткен ұрпақтарды тірілту (Н.Ф.Федоров);

д)  күн мен биосфераның ажырамас байланысы (А.Л.Чижевский);

е) сананың ғарыштык дамуы (Н.К.Рерих); т.с.с.

    К.Э.Циолковский оқырмандарға орыс космонавтикасының әкесі ретінде кеңінен таныс. Сондықтан біз оның ғылыми-техникалық идеяларын қарастырмай, тікелей оның философиялық көзқарастарына көшеміз. Оның ойынша, адам ғарыш өмірінің бір бөлігі, сондықтан адамзат цивилизациясы Ғарыштағы өзгерістермен тығыз байланысты. Әрине, мәңгілік Ғарышқа қарағанда, жер бетіндегі адамзат әлі өте жас, Дегенмен болмыста пайда болып, белгілі бір уақыт келгенде жер бетіндегі байлықты сарқып, адамзат заңды түрде бұл өмірден кетуі мүмкін. Бірақ, сонымсн қатар, егер ғылымның дамуының негізінде адам Ғарышпен байланысқа түсіп, зат пен күш-қуаттың жаңа түрлерін игерсе, ол тоқталмайтын өрлеуге ие болып, өлместік дәрежесіне көтеріледі, - деген батыл пікір айтады.

Информация о работе ХІХ-ХХ ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы философия