Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 15:36, реферат
Философияның пайда болуы және оның зерттеу объектісі
Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ—V ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде — Қытайда, Үндістанда, Грекияда болғаны айқын көрінеді. "Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?"— деп сұраған.
Қазақ мәдениетіндегі философия
феномені
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Номадтық
мәдениеттің синкретизмі. Қазақтың халықтық
шығармашылығындағы дүниетанымдық ізденістер.
Жыраулар шығармашылығындағы философиялық
сарындар.
Сопылық дәстүр, оның қазақ философиясы
қалыптасуына әсері.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. Қазақ хандығы қайраткерлерінің
саяси-құқықтық көзқарастарындағы әлеуметтік-философиялық
сарындар. «Жеті Жарғының» философиялық
контексті. Космолотиялық және антропософиялық
ілімдер (Доспамбет, Дулати).
Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастары.
ІІІ.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық
идеяларының антропоцентризмі мен гуманнзмі.
Абай Құнанбаев адам мен Құдайдың, сенім
мен білімнің арақатынасы, адам өмір сүруінің
мағынасы туралы. Дін философиясы. Таңдау
еркіндігі мәселесі. Абайдың адамгершілік
философиясы.
Шәкәрім Құдайбердиевтің философиялық
шығармашылығы. XIX ғ. аяғы мен XXғ. алғашқы
жартысындағы қазақ ұлттық зиялы қауымының
(Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
С.Торайғыров, М.Шоқай, Ж.Ақпаев және т.б.)
еңбектеріндегі философиялық тақырыптама.
XX ғ. Қазақ зиялы қауымы шығармашылығындағы
рационалистік идеялар. Марксизмге деген
қарым-қатынас.
XX ғ. кеңестік мәдениет контекстіндегі
маркстік философия және поспкеңестік
философия
Маркстік ілімнің эволюциясы. Идеология
саласындағы большевиктік партия мен
кеңестік мемлекеттің саясаты. Маркстік
философияның дөрекіленуі және қасаң
қағидаға айналуы. И.Сталин еңбектерінің
канонизациялануы. Қасаң қағидаланған
марксизмнің қалыптасуы.
Кеңестік маркстік философияның коммунистік
идеология, кенестік патриотизм мен ұжымшылдықтың
кқлыптасуына, кеңестік өмір салтының
басымдылығы моделінің нығаюына, кеңес
халқының бірлігінің артуына, патриотизміне,
кеңестік қоғамның халықтары арасындағы
интернационалдық байланыстардың нығаюына
әсері.
ТМД елдеріндегі посткеңестік философияның
жалпы сипаты. Кеңестік идеология «тиым
салған» мұраға бет бұру. Ұлттық мемлекеттер
ерекшелігі мен даму жолдарын философиялық
ой елегінен өткізу. Глобалдық мәселелерді
философиялық ойластыру.
XX ғ. - XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі
батыстық философия
XX ғ Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тағы модени
трансформациялар және мәдени-әлеуметтік
дағдарыс. Еуропалық елдер дамуындағы
өркениеттік табыстар мен кемшіліктерді
сыни қайта ойластыу. Батысеуропалық халықтардың
мәдени және философиялық мұрасын, XX батыстық
мәдениетінің құндылықтары мен дүниетанымдық
негіздемелер сыни қайта ойластыру. Батыс
әлеміндегі өркениеттік даму мен мәдени
трансформациялардың жолдарын философиялық
іздестіру.
Э.Гуссерль еуропалық ғылымның, философияның
және мәдениет дағдарысы туралы. М.Хайдеггер
және батыстық әлемдегі адам өмір сүруінің
трагизмі мен драматизмін қайта ойластырудың
сыни тәжірибесі.
М.Хайдеггер және еуропалық нигилизмді
талдау. XX экзистенциалистерінің философиялық
ізденістері. А.Камю және әлеуметтік жатсыну
жағдайындағы адамның сандырақ өмір сүруі
тақырыбы. Бүліктің сандырақтығы және
батыстық адамның сандырақ героизмі. Ж.-П.Сартр
шығармашылығындағы әлеуметтік бірдейліктің
философиялық ізденістері. Шекаралық
ахуал жағдайларындағы адам өмір сүруінің
трагизмін философиялық талдау (К.Ясперс
).
«Өзді-өзділікті жоғалту» және бұқаралық
мәдениет пен мәдени идустрияның әсерінен
бір өлшемділікке ие болу. Бұқаралық қоғам
және мәдени индустрия жағдайларындағы
«бір өлшемділік» күйін философиялық
талдау (Г. Маркузе). Франкфурт мектебі
философиясындағы жатсыну феноменін философиялық
талдау. Ғыльім мен техниканың мәселелері
идеологиялық репрессияның құралдары
ретінде. Идеологияның жаңа түсінігі.
Философия мен ғылым мәртебесінін сыни
қайта ойланылуы. Философия және ғылым
мәдениет феномені ретінде. Логикалық,
лингвистикалық позитивистердің философиялық
ізденістеріндегі ғылымның логикалық-ряодологиялық
моселелері. Аналитикалық философия. Сыни
рационализм философиясы. Ғылым мен философия
демаркациялануы мәселелері.
Батысеуропалық мәдениеттегі «адамның
өлуі» феномені және адамның Қайта оралуының
себептері мен жолдарын философиялық
қайта ойластыру. Структурализм философиясы.
Постструктуралистердің философиялық
ізденістері. Батыстық қоғамның генеалогиясы,
социум мен адам өмірінің барлық салаларына
биліктік қатынастардың еніп кетуінің
матрицаларын екшеу. Билік пен білім контаминациясы
мәселесі М. Фуко.
Постмодернизм рухани күй, өмір салты
және философия ретінде. Постмодернизм
философиясының қалыптасуы. Постмодернистік
ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Постмодернизм
философиясы және батыстық мәдениет негздемелерін
сыии талдау. Постмодернистік философияның
позитивтік бағдарламасы.
Жоғарыда көрсетілгендей, философия - ғылым мен өнер салаларына ұқсас, сонымен қатар адамзаттың мәдениетінде ерекше орын алатын пән. Ол өзінің әртүрлі қырларымен қоғам мен адам өміріне жан-жақты әсерін тигізеді, бүгінгі рухани дағдарыстағы адамзатқа оның жаңа өмір бағытын іздеудегі талпыныстарында философияның орнын асыра бағалау қиын.
Философия Дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастыр
Әрине, қайсыбір адамның да Дүниеге деген көзқарасы бар. Ол тұрпайы, фантастикалық, діни, мифологиялық т.с.с. болуы мүмкін. Ертедегі гректердің айтқанындай, адам өзінің толық кемеліне, әсіресе рухани жағынан алғанда, пісіп-жетілуі сатысына 40 жасқа келгенде келеді екен. Оны олар «акме» деп атаған. Яғни адам өмірде сол жасқа шейін шыңдалып, талай рет маңдайы тасқа соғылып, күнделікті өмірден тәжірибе қорытып, осы қоршаған Дүние, қоғам өмірі, адамдардың бір-бірімен қатынасы жөнінде белгілі бір көзқарасқа келеді. Әрі қарай жүре келе, ол тіпті белгілі бір даналық сатысына көтеріліп, қартайған шағында философиядағы ашылған өмірге деген көп қағидаларды сол пәнді оқымай-ақ өз-өзіне тағы да ашуы мүмкін.
Алайда, бүгінгі таңда, қазақ мемлекеті жаңа ғана қалыптасып, өзінің күшіне кіріп жатқан уақытта, бүкіл дүние жүзіндегі халықтар мен мемлекеттерге
есігімізді кең ашып жатқан шағымызда, өз келбетімізді сақтап қалуымыз үшін (оны ғылымда идентификация дейді (
Информация о работе Философияның зерттеу объектісі және негізгі мәселелері