Философияның зерттеу объектісі және негізгі мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 15:36, реферат

Краткое описание

Философияның пайда болуы және оның зерттеу объектісі
Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ—V ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде — Қытайда, Үндістанда, Грекияда болғаны айқын көрінеді. "Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?"— деп сұраған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Философияның зерттеу объектісі және негізгі мәселелері.docx

— 90.51 Кб (Скачать документ)

Философияның зерттеу  объектісі және негізгі мәселелері

Философияның пайда болуы  және оның зерттеу объектісі 
 
Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ—V ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде — Қытайда, Үндістанда, Грекияда болғаны айқын көрінеді. "Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?"— деп сұраған. Пифагор: "Мен философпын", — деп жауап беріпті. Бұл сөз билеушіге таныс болмағандықтан, Пифагор былай түсіндіріпті: "Өмір дегеніміз — Олимпиадалық ойындар сияқты: біреулер оған жарысқа түсуге, екіншілері сауда жасауға, ал ең бақыттылары көруге келеді. Кәдімгі өмірдегідей, біреулер—даңққұмар, енді біреулер — жемқор, ашкөз. Бұлардың арасында тек философтар ақиқат үшін өмір сүреді". "Философия" сөзі ежелгі грек тілінен алынған, яғни "даналықты сүю" (рһuео — сүю, sophia— даналық) деген ұғымды білдіреді. Ал "даналық" ұғымы білімге және ақиқатқа риясыз қызмет ете отырып, дүниені ерекше ақылмен тануға қол жеткізу. Бұл — дүниені тұтастай және бірлікте тануға тырысу. Философия дүниеге жалпылама көзқарастар ретінде көрініс береді. Өзі пайда болғанынан бастап, философия дүниені тұтастай және бірлікте ала отырып зерделеуде. Оның зерттеу объектісі — бүкіл әлем, тұтас универсуж Былайша айтқанда, "философия" дегеніміз — ойлау, жалпыламаға жету жолы. Сондықтан ол жалпылама нәрселер туралы ой кешу болып табылады. Ол қандай нәрселер? Мен деген не, болмыс деген не? Олар қандай формада өмір сүреді? Мен ретіндегі дүние түзілім, шынайылық, қайдан пайда болған? Мәңгі өмір сүре ме? Өмір деген не? Адам өмірінің ерекшелігі неде? Дүниедегі адам кім? Оның дүниеге қатынасы қандай? Жеке ғылымдар (физика, химия, психология, социология және басқалар) сияқты философия дүниедегі түрлі заттар мен құбылыстарға төн оның жеке жақтары мен қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың жалпылама қасиеттерін, қатынастарын және байланыстарын зерттейді. Философия — дүниенің мәні мен адам туралы ғылым. Философтар үшін оларды жекелеп қарау емес, тұрақты арақатынастарын зерттеу маңызды. "Дүние — адам" мәселесінде бөрі қамтылады және бәрі қарастырылады. Ол барлық өзге мәселелердің арқауы іспеттес. Философия үшін бірлікте алынған дүние — адаммен бірге дүние. Философиядағы "дүние" ұғымының кеңеюі адамның дүниедегі, табиғат әлеміндегі және қоғамдық өмірдегі орнын анықтаудан немесе адам мен дүние арасындағы қатынастардан көрініс табады. 
  
Философияның зерттейтін нәрсесі 
 
Философияның зерттейтін нәрсесі — жалпылама әлем және оған адамның қатынасы. Таратып айтқанда, оларға барлың мәнділіктердің—қандай да болсын, болмыстың (өмір сүріп жатқан бардың), танымның және әрекеттің жалпылама және қажетті заңдылықтары мен формалары, түпкілікті жағдайлары және себептері жатады. Философия ғылымының зерттейтін нәрсесінен туындайтын айырмашылығы — жалпылама сипатта болуы. Оның негізгі заңдары мен ұғымдары табиғатқа, қоғамға, адамға және ойлауға қатысты жүреді. Философияның ерекше белгісі — дүниенің тұтастығын, қоршаған дүниенің бірлігін пайымдау. Бұлар кез келген саланың маманы үшін өте маңызды. Өйткені жеке әрқашанда жалпымен және тұтаспен байланыста ғана дұрыс түсіндіріледі. Өйтпегенде, халық айтқандай, адам ағаштың қалқасында тұрып, орманды көрмей қалуы мүмкін. Барлық философиялық мәселелердің орталығында дүниетаным, адамның қоршаған ортаға қатынасы, дүниені дұрыс түсінуі, мақсатты және қонымды әрекет ету мәселесі тұрады. Философияның үш басты тақырыбы бар: дүние, адам және дүниеге қатынас. Олар бір-бірімен өзара байланысты. 
  
Философияның негізгі мәселелері 
 
Философияны шешетін бір қатар маңызды мәселелері бар. "Философияның негізгі мәселелері" деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар: 
 
— Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не? 
 
— Бізді қоршаған дүние таныла ма? 
 
— Адам өмірінің шынайы мағынасы неде? 
 
— Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай? 
 
Философияның бұл мәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орынға шығаруға болмайды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдаудың бұлардан өзге де жақтары болған және қазір де бар. Мысалы, ізгілік пен жауыздық, зорлық және келісім, өмірдің мәні және басқа мәселелер. 
  
Философиядағы сара бағыттар 
 
Философияда, сонымен қоса сара бағыттар бар: мысалы, материализм және идеализм. Неміс философы Ф.Шлегель алғаш рет оларға классикалық баға берді. "Материализм, — деп жазды ол, — бәрін материямен түсіндіреді. Ал материяны алғашқы бастама ретінде, барлық нәрсенің қайнар кезі деп қабылдайды. "Идеализм" бәрін бір рухтан шығарады. "Материяны рухтан пайда болған" деп түсіндіреді немесе оған материяны бағындырады". "Материя" дегеніміз — адамның санасынан тыс және тәуелсіз емір сүретін, объективті шынайылық. Егер идеализм материяға қарағанда рухтың алғашқылығын дәріптесе, материализм материяны, табиғатты, физикалық болмысты санаға қарағанда бірінші деп түсіндіреді. "Материалист" және "идеалист" терминдерінің философиялық мағынасын жұтаң санада келтірілетіндермен шатастыруға болмайды. Онда "материалист" деп материалдық игілікке қол жеткізуге тырысатын адамды, ал "идеалист" деп көтеріңкі рухани идеалдарымен сипатталатын индивидті айтады. 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Философияның пайда болуы және оның зерттеу объектісі[өңдеу]


Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ—V ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде — Қытайда, Үндістанда,Грекияда болғаны айқын көрінеді. "Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?"— деп сұраған. Пифагор: "Мен философпын", — деп жауап беріпті. Бұл сөз билеушіге таныс болмағандықтан, Пифагор былай түсіндіріпті: "Өмір дегеніміз — Олимпиадалық ойындар сияқты: біреулер оған жарысқа түсуге, екіншілері сауда жасауға, ал ең бақыттылары көруге келеді. Кәдімгі өмірдегідей, біреулер—даңққұмар, енді біреулер — жемқор, ашкөз. Бұлардың арасында тек философтар ақиқат үшін өмір сүреді". "Философия" сөзі ежелгі грек тілінен алынған, яғни "даналықты сүю" (рһuео — сүю, sophia— даналық) деген ұғымды білдіреді. Ал "даналық" ұғымы білімге және ақиқатқа риясыз қызмет ете отырып, дүниені ерекше ақылмен тануға қол жеткізу. Бұл — дүниені тұтастай және бірлікте тануға тырысу. Философия дүниеге жалпылама көзқарастар ретінде көрініс береді. Өзі пайда болғанынан бастап, философия дүниені тұтастай және бірлікте ала отырып зерделеуде. Оның зерттеу объектісі — бүкіл әлем, тұтас универсуж Былайша айтқанда, "философия" дегеніміз — ойлау, жалпыламаға жету жолы. Сондықтан ол жалпылама нәрселер туралы ой кешу болып табылады. Ол қандай нәрселер? Мен деген не, болмыс деген не? Олар қандай формада өмір сүреді? Мен ретіндегі дүние түзілім, шынайылық, қайдан пайда болған? Мәңгі өмір сүре ме? Өмір деген не? Адам өмірінің ерекшелігі неде? Дүниедегі адам кім? Оның дүниеге қатынасы қандай? Жеке ғылымдар (физика, химия, психология, социология және басқалар) сияқты философия дүниедегі түрлі заттар мен құбылыстарға төн оның жеке жақтары мен қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың жалпылама қасиеттерін, қатынастарын және байланыстарын зерттейді. Философия — дүниенің мәні мен адам туралы ғылым. Философтар үшін оларды жекелеп қарау емес, тұрақты арақатынастарын зерттеу маңызды. "Дүние — адам" мәселесінде бөрі қамтылады және бәрі қарастырылады. Ол барлық өзге мәселелердің арқауы іспеттес. Философия үшін бірлікте алынған дүние — адаммен бірге дүние. Философиядағы "дүние" ұғымының кеңеюі адамның дүниедегі, табиғат әлеміндегі және қоғамдық өмірдегі орнын анықтаудан немесе адам мен дүние арасындағы қатынастардан көрініс табады.

Философияның зерттейтін нәрсесі[өңдеу]


Философияның зерттейтін нәрсесі — жалпылама әлем және оған адамның қатынасы. Таратып айтқанда, оларға барлың мәнділіктердің—қандай да болсын, болмыстың (өмір сүріп жатқан бардың),танымның және әрекеттің жалпылама және қажетті заңдылықтары мен формалары, түпкілікті жағдайлары және себептері жатады. Философия ғылымының зерттейтін нәрсесінен туындайтын айырмашылығы — жалпылама сипатта болуы. Оның негізгі заңдары мен ұғымдары табиғатқа, қоғамға, адамға және ойлауға қатысты жүреді. Философияның ерекше белгісі — дүниенің тұтастығын, қоршаған дүниенің бірлігін пайымдау. Бұлар кез келген саланың маманы үшін өте маңызды. Өйткені жеке әрқашанда жалпымен және тұтаспен байланыста ғана дұрыс түсіндіріледі. Өйтпегенде, халық айтқандай, адам ағаштың қалқасында тұрып, орманды көрмей қалуы мүмкін. Барлық философиялық мәселелердің орталығында дүниетаным, адамның қоршаған ортаға қатынасы, дүниені дұрыс түсінуі, мақсатты және қонымды әрекет ету мәселесі тұрады. Философияның үш басты тақырыбы бар: дүние, адам және дүниеге қатынас. Олар бір-бірімен өзара байланысты.

Философияның негізгі мәселелері[өңдеу]


Философияны шешетін бір қатар маңызды мәселелері бар. "Философияның негізгі мәселелері" деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар:

— Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не?

— Бізді қоршаған дүние таныла ма?

— Адам өмірінің шынайы мағынасы неде?

— Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай?

Философияның бұл мәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орынға шығаруға болмайды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдаудың бұлардан өзге де жақтары болған және қазір де бар. Мысалы, ізгілік пен жауыздық, зорлық және келісім, өмірдің мәні және басқа мәселелер.

Философиядағы сара бағыттар[өңдеу]


Философияда, сонымен қоса сара бағыттар бар: мысалы, материализм және идеализм. Неміс философы Ф.Шлегель алғаш рет оларға классикалық баға берді. "Материализм, — деп жазды ол, — бәрін материямен түсіндіреді. Ал материяны алғашқы бастама ретінде, барлық нәрсенің қайнар кезі деп қабылдайды. "Идеализм" бәрін бір рухтан шығарады. "Материяны рухтан пайда болған" деп түсіндіреді немесе оған материяны бағындырады". "Материя" дегеніміз — адамның санасынан тыс және тәуелсіз емір сүретін, объективті шынайылық. Егер идеализм материяға қарағанда рухтың алғашқылығын дәріптесе, материализм материяны, табиғатты, физикалық болмысты санаға қарағанда бірінші деп түсіндіреді. "Материалист" және "идеалист" терминдерінің философиялық мағынасын жұтаң санада келтірілетіндермен шатастыруға болмайды. Онда "материалист" деп материалдық игілікке қол жеткізуге тырысатын адамды, ал "идеалист" деп көтеріңкі рухани идеалдарымен сипатталатын индивидті айтады.

Философиямен айналысудың қажеттігі[өңдеу]


Философия жастарға не береді? Ол практикалы ма? Келешек менеджерге, банкирге, бағдарламашыға, дәрігерге, заңгерге, инженерге, мұғалімге, философияны оқу қажет пе? Олар оны өмірлік қызметіне пайдалана ма? Бұл сұрақтарға жауап ретінде ежелгі грек философы Эпикурдің (біздің заманымызға дейінгі 341—270 жастарға айтқан ғасырлар қойнауынан келе жатқан үндеуін еске түсіруге әбден болады. Ол былай деген екен: "Кім болса да, әзірге жас кезінде, философиямен айналысуды кейінге қалдырмасын". Философия адамға:

— өзінің дүниедегі орнын түсінуге, өз емірінің мақсатын ажыратуға;

— дүние түзілімнің жалпылама заңдары  мен ұстанымдарын тануға;

— шынайы құндылықтар мен бағдарларды  таңдап алуға, қалай болғанда да дұрыс (адаспай, елеске ермей, азапсыз) өмір сүруге;

— кез келген мәселені терең зерделеп, дұрыс шешу үшін оны тұтастай, жан-жақты  көре білуге;

— философиялық даналықты өзін-өзі жетілдіру үшін пайдалануға;

— өзінің ішкі рухани арқауын шыңдау және өмірде кездесетін қиындықтарды мойымай жеңе білуге үйретеді.[1]

Пайдаланған әдебиет[өңдеу]


  1. ↑ Қоғамдық білім негіздері:Жалпы біліы беретін мектептің коғамдык-гуманитарлык бағытындағы 10-сыныбына арналған окулык / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-570-2

 

Кіріспе  
Философияның басқа пәндер арасындағы орны оның предметі мен атқаратын қызметтері арқылы айқындалады. Ол, бір жағынан, басқа пәндердің дүниетанымдық және методологиялық маңызы бар нәтижелерін жалпылайды, екінші жағынан, олар үшін дүниетанымдық және методологиялық негіздемелер қорытыңдылайды, сөйтіп арнайыланған ғылыми білімнің салаларына қойылатын міндеттерді шешудің негізгі стратегияларын және соларға қол жеткізудің тәсілдерін анықтауға, рационалды түрде ой елегінен өткізуге көмектеседі. Ең ақыры, философия, өмірлік-практикалық тәжірибенің, дүниені танымдық және құндылықтық игерудің неше түрлі формаларына сүйене отырып, өз ұғымдары мен принциптерінде өнегелік, діни, көркемдік, саяси, құқықтық, ғылыми-техникалық сана тудыратын дүниетанымдық идеяларды тасымалдайды (трансформациялайды). Философия, практикалық білімнің көп түрлі жүйелерін синтездей отырып, дүниенің ғылыми суретін қалыитастыруға қатынасады, іс-әрекеттін барлық формаларын интеграциялауды іске асырады, мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік санасы ретінде көрінеді. Мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік санасы бола отырып, философия қазіргі рухани ахуалда постиндустриалдық, техногендік өркениет салаларына деген жауапкершілік сананы жасақтауға ат салысады. Философия әртүрлі мәдени-рухани позициялардың өзара әрекеттесу процесінде келісімдік, консенсустік стратегияны жасауға үлес қосады. Ол қоғамдық жүйенің тұрақты да орнықты формасының мәдени үлгісін, ұлттық қауіпсіздікке және мәдени бірегейліктің таңдап алынған үлгілеріне қатер төндіретін деструктивтік әрекеттерге қарсы тұрудың стратегиясын жасақтауға қатынасады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ  
Философия мәдениет феномені хақысында  
Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының - ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.  
Мәдени-тарихи контекстегі философия  
Философия және философ. Мағынаға және еркіндікке толысқан адамның өмірлік стратегиясьш қалыптастырудағы рухты көтеретін ақиқаттар мен идеалдардың маңыздылығы. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде.  
Философиялық ой кешу типтері. Философиялық бағыттар мен жүйелерlің көп түрлілігі. Философияның мәдени-тарихи сипаты. Философия формаларының этномәдени ерекшеліктері.  
МӘДЕНИЕТ КОНТЕКСТІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ КЕШУДІҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ  
Шығыс мәдениетіндегі философия феномені  
Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Үнділік философия қарсаңындағы (Ведалар дәстүрі) негізгі дүниетанымдық идеялар. Упанишадалардағы дүниетанымдық ізденістер дүниеден аскеттік қашқақтаудың формасы ретінде. Қайта түрленудің мәңгілік циклынан құрылудың жолдарына деген ізденістер.  
Шығыс ойының өзіндік ерекшелігі. Ойлаудың кармалық стилі философияның моральдық және метафизикалық өлшемінің формасы ретінде. Карма, реинкариация және касталар жүйесі туралы ілім Үнді философиясының негіздемесі ретінде.  
Буддизм және оның Ведалық дүниетаным мен ритуалдық практикаға қатынасы. Буддизм Упанишадаларды сыни қайта түсіну ретінде. Буддизмнің іргелі идеялары. Күш қолданбаудың буддистік стратегиясы, оның Шығыс адамының тарихи тағдырына әсері.  
Даостық философия және дүние-әлемнің суреті. Дүние-әлемнің даостық суретіндегі адамның орны. Өмірді сактау мен нығайтудың даостық тәсілі. Әділдік принципінің Космостық сипаты. Өлместікке жетудің даостық практикасы.  
Моизм конфуцийшылдыққа альтернативті әлеуметтік-этикалық, доктрина ретінде. Моизмнің іргелі идеялары: жалпы махаббат, табыстылық, өзара пайда. Моизм прагматикалық мақсаттылықтың философиясы хақында және оның қытайлық адам мәдени стратегиясының практикалық бағыттылығының қалыптасуына әсері.  
Легизм «соғысушы мемлекеттер» дәуіріндегі саяси-әлеуметтік стратегиялар философиясы ретінде. Легизмнің іргелі құндылықтары қоғамдағы тәртіп, заңдар және жарлықтар. Легизм қытайлық қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының моделін іздеу идеологиясы хақында. Философиялық ілімдердің Қытай халқының мәдени өміріне әсері.  
Антикалық мәдениеттегі философия  
Платонның білім және құзырлылық мәселесін қоюының іргелілік сипаты. Платон философиясы табнғат пен қоғам үстінен Зерде басымдылығын орнықтыруды іздестіру формасы хақында.  
Аристотель философиясы антикалық мәдениет энциклопедиясы хақында. Зерделі өмірге қол жеткізу үшін білім мәселесінің мәртебелілік және маңыздылығы. Білім алу жолдары мен құзырлылықтың мәселелену Этикалық құзырлылықтың қалыптасуы және оның зерделі іс-әрекетте туралы білімдер жинақтаудағы рөлі. Логика салиқалы ойлаудың органон ретінде. Өркениетті адам табиғатын айқара ашудың формасы ретінде. Қоғамдағы өмір Зерде мүмкіндіктерін шығармашылықпен іске асырудың шарты ретінде. Қоғамдағы зерделі өмір ретіндегі «полития» - адам қоғамдастықтың мақсаты.  
Жеке бас бақытын қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер. Эпикуреизм - жеке бастың игілікті болуының философиясы ретінде. Гедонизмге қол жеткізу жолдарының рационализациялануы. Стоицизм жеке бас бақьггына қол жеткізудің философиясы ретінде. Киниктер немесе өмірдің табиғи салтын іздестіру философиясы. Римдік стоицизм аскеза мен саяси борыш аралығындағы қызу ізденістің рухани жолы ретінде. Табиғи құқық идеясы жалпы құқықтық тәртіп орнықтырудың негізі ретінде. Рим мемлекеттік және құқықтық өмірді ұйымдастыруға құқықтың стоицистік тұғырнамасының әсері.  
Антикалық философияның адамның дүниеге рационалдық қатынасының, оның табиғат пен әлеуметтік дүниеге рационалды үстемдігі стратегиясының қалыптасуына әсері. Антикалық философияның дүниетанымдық бағдарларының адамның мәдени және саяси-әлеуметтік активнзмінің қалыптасуына әсері.  
ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ МӘДЕНИЕТТЕГІ ФИЛОСОФИЯ ФЕНОМЕНІ  
Батысеуропалық ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені  
Батысеуропалық ортағасырлық философия қалыптасуының мәдени-әлеуметтік контексті. Негізгі қайнар көздері. Ортағасырлық мәдениеттегі христиандық дін феномені. Христиандық дүниетанымның көкжиегі. Христиандық діннің негізгі рухани құндылықтары. «Өмірлік философиядан» түңілу және антикалық рвдионалды бағдарланған философияның теоретикалық мәселдемелеріне деген құштарлығының ғайып болуы. Жер бетіндегі өмір тарихтың драмалылағы ретінде. Қайғы-қасірет және әділсіздік үшін әділ марапатталу туралы ілім. Екі мәдениет кездесуі: христианшылдық және гректік пен эллинистік философиялар.  
Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Дүниетанымдық ізденістердің орталық тақырыптары. Философия мен ортағасырлық адамның мәдени өмірінің интеллектуалдық саласына христианшылдық енгізген жаңа қағидалар. Ортағасырлық адамның мәдени таңдауының басты стратегияларын қалыптастырудағы А.Августиннің ролі. Батысеуропалық ортағасырлық философиялық ойға арабтық-мұсылмандық философияның әсері. Христианшылдық пен аристотелизмнің синтезі. Схоластика феномені. Схоластика кезеңіндегі философия. Схоластикалық ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Томизм римдік католикалық шіркеудің философиясы хақында. Томизмнің іргелі идеялары. Философия және теология. Сенім мен білімнің арақатынасы мәселесі. Схоластика фнлософиясы. Томизм схоластикалық даналықтың жоғары формасы  
хақында.  
Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия  
Арабтық-мұсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті. Исламдық мәдениет және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы. Мәдениеттің исламдық дүниесіндегі рационалистік дәстүрлі «Фәлсәфәнің» іргелі идеялары мен принциптері. Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл-Кинди, Әл-Фараби Ибн Сина, Ибн Рушд. Ең маңызды дүниетанымдық сауалдарды жасақтаудағы рационалдық дәстүр ғұламаларының үлесі.  
«Құрандағы» білім тұғырнамасы. «Құран» және рационалдық құдайлық ілім. Дүниенің исламдық моделі. Адам орны және оның өмірді құрудағы негізгі максималары.  
Түрік тілдес философияның қалыптасуы. Жүсіп Баласағұн философиясы. Құттылықты білім. Этика, саясат мәселелері. А.Иүгінекидің философиялық ізденістері. Махмұт Қашғаридың философиялық ізденістері. Қожа Ахмет Иассауидің суфийлік ілімінің түп-негізгі идеялары мен принциптері. Шығыс пен Батыс елдерінің рухани мәдениетіне суфизмнің әсері.  
Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия  
Ортағасырлық мәдениет пен ойдың мәдени-әлеуметтік трансформациялары. Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Табиғат пен адамның жаңаша түсінігі. Антикалық және эзотерикалық ілімдердің (неоплатонизмнің, герметизмнің, каббаланың, мистицизмнің) қайта түрлеу және олардың Қайта Өрлеу философиясына әсері. Қайта Өрлеу философиясы және жаңа ренессанстық ойлаудың қалыптасуы. Дүниетанымдық сауалдар және Қайта Өрлеу Дәуірі ойшылдарының философиялық ізденістері. Философиялық ой-желістердің негізгі тақырыптары мен мәселелері.  
Реформация философиясы. Сенім феномені. Сенім адамдарды ақтау тәсілі ретінде. Зерде және сенім. Лютерлік теологияның волюнтаристік сипаты. Лютердің пессимистік антропологиясы.  
Н.Макиавеллидің саяси философиясы және оның «күшті мемлекет» моделінің қалыптасуындағы маңызы. Философия және әлеуметтік утопия. Идеалдық мемлекет моделінің қалыптасуындағы Зерденің рөлі.  
Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы. Эпистемологиялық идеалдың қалыптасуы. Жаңа рационалдықтың қалыптасуы. Ғылым философиялық рефлексиялар «предметі» ретінде. Батыс адамының дүниені рационалдық игерудің перспективаларын айқындауы. Жаңа Уақыт философиясы дүниетанымдық ұстанымдарының батыс адамының мәдени іс-әрекеттегі субъективтілігін демонстрациялаудың принципті жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға әсері. 18 ғ. екінші жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысындагы неміс мәдениетінің ерекшелігі. Философиядағы «Коперникандық төңкеріс».  
Канттық трансценденталдық философия таным теориясы ретінде. Канттың пайым мен зерде туралы ілімі. Кант диалектика туралы. Моральдық еріктің Канттық этикасы борыш этикасы ретінде. Категориялық императив шешім қабылдау үшін идеалды стандарт және азаматтық қоғам негіздемесі ретінде. Канттың құқық философиясы жанжалдарды әділ реттеудің тұғырнамасы ретінде. Адам құқықтары туралы мәселе жайындағы философиялық рефлексия.  
Ағартушылық және Романтизм идеяларының Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуына әсері. Диалектикалық ойлау тұғырнамасы қалыптасуының қайнарында. Диалектикалық ойлаудың категориялық сипаты. Гегельдің диалектика туралы ілімі. Диалектиканың негізгі категориялары. Диалектиканың принциптері. Даму ұғымы. Диалектикалық дамудың заңдары. Диалектика таным әдісі хақында. Құл мен әміршінің диалектикасы өзіндік даму тарихи процесін түсіну формасы ретінде. Гегельдің құқық философиясы. Гегельдің саясат философиясы.  
Л.Фейербахтың антропологиялық ілімі. Діни жатсыну феномені. Л.Фейербахтың христиан дінін сынауы. Л.Фейербахтың махаббат тұғырнамасы.  
XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия XIX ғ. екінші жартысының мәденитіндегі дәуірлік оқиғалар. Рационализм және оптимизм, шексіз прогресске деген сенім. Индустриалдық коғам және оның негізгі доминанттары. Техникалық прогрессі иидустриалдық қоғамның басты құндылықтары ретінде. XIX ғ. - ғылымның «Алтын ғасыры».  
Адам туралы эпистемологиялық айтыстар. Саяси-әлеуметтік философияның қалыптасуы. К. Маркстың предметтік іс-әрекет туралы ілімі. Адамның әлеуметтік тұғырнамасы. Жатсыну және оны жеңу туралы ілім.  
Қоғамдық ғылымдардың дамуы. Әлеуметтік-гуманитарлық білімге деген құштарлықтың артуы. Позитивизмнің туындауы. О.Кант позитивтікі социологияның әкесі ретінде. Философия және сциентизм. Эмпириоқритицизм мен махизм позитивизмнін жалғастырушылары ретінде. Ғылыми зерттеу әдіснамасына деген құштарлық. Неокантианство және оның ғылыми-зерттеу әдісі мәселесін жасақтауы. Адамның жаңа өлшемі: «адам рәміздік жануар ретінде».  
А.Шопенгауэрдің жыныстық махаббат метафизикасы. «Өмір» философиясы. Ф.Ницше философиясы. Еуропалық нигилизмі Христианшылдық пен метафизиканы сынау. Батысеуропалық философияның Батыс адамының ғылыми-техникалық қызметте белсенді өзгерістерді дамытудағы эпистемологиялық сенімділігін қалыптастыруға әсері. Батыстық адамның ғылыми рационалдығының белсенділенуіне кедергі келтіретін потенциалдық мүмкіндіктер мен себептерді анықтау.  
XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.  
Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғы-шарттары. «Мәскеу - үшінші әлем» идеологемасы және оның ресейлік қоғамдық санаға әсері. Славянофиндер философиясы. Сенім адам білімінің шеткері шегі ретінде. Ерік, махаббат, сосорлық ұғымдары және олардың Ресей діни философиясы дамуына әсері. Славянофилдер идеялары және олардың орыс тарихының, мәдениетінін, ұлттық өзіндік санасының өзгешелігі моделінің қалыптасуына, орыс өмірінің өзіндік болмысын насихаттауға әсері. Орыс дін философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері. Орыс философиясының орыс адамының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне және табуына деген дүниетанымдық бағдарлары.

Информация о работе Философияның зерттеу объектісі және негізгі мәселелері