Философия тарихындағы адамның шығу тегі және оның мәні туралы идеялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 16:22, реферат

Краткое описание

Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні, табиғаттағы оның орны және қоғамдық өмірдегі оның рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Философияның пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әртүрлі қырларын зерттеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де ғылыми салалар пайда болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

адам туралы.docx

— 47.69 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Емес Білім Беру Мекемесі

 

Қазақстан-Ресей медицина университеті

 

 

 

                           СӨЖ

 

Тақырыбы: Философия тарихындағы адамның шығу тегі және оның мәні туралы идеялар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                               Орындаған: Ергабит У.Е.

                         Тобы: 203«А»

                                          Факультеті: Стоматология

 

 

 

                                            Алматы 2014

 

 

 

 

 

 

 

Философия тарихындағы адамның шығу тегі және оның мәні туралы идеялар

 

   Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні, табиғаттағы оның орны және қоғамдық өмірдегі оның рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Философияның пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әртүрлі қырларын зерттеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де ғылыми салалар пайда болды.

 

    Өкінішке орай, адамды зерттеу саласындағы жетістіктерге қарамастан оның шығу тегі де, Жердегі өмірдің қай кезде пайда болғаны сияқты қазіргі ғылым үшін жұмбақ күйінде қалып отырғанын мойындауға мәжбүрміз. Адам қалыптасуының алғы тарихын түсіндіріп беруге қабілетті, теріске шығармайтындай айғақтар және дәлелдермен бекітілген сенімді теория болмай отыр. Адам туралы бар көзқарастар негізінен гипотезалар мен ұсыныстарға ғана сүйенеді. Бұған таңдануға болмайды, өйткені әлем туралы қазіргі ғылыми көзқарастар бұдан 300-400 жыл бұрын ғана қалыптаса бастады, ал бұл адамзаттың көп ғасырлық тарихындағы аз ғана мезет. Алайда, осыған қарамастан адам табиғатын философиялық түсіндіру жалпы теориялық денгейде үлкен сенімге ие бола отырып, дұрыс бағыт сілтейді.

 

   Адам туралы алғаш идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла басталды. Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әпсаналар) мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.

 

  Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктердің, идеялардың, образдар мен ұғымдардың негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифологияның арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.

Адамның ежелгі үнділік философиясы ең алдымен өз бойына мифологиялық, діни, философиялық дүние танымдарды бірдей жинаған ерте үнді әдебиетінің ескерткіші - Ведаларда берілген. Адамға деген қызығушылық Ведаларға жақын мәтіндерде - Упанишадтарда аңғарылады. Онда адамның адамгершілігі мәселесі, сонымен бірге оның объектілер мен құмарлықтар әлемінен азат етілу жолдары мен тәсілдері ашылады. Адам осы азат етілу ісінде неғурым табысқа жеткен сайын, соғүрым ол рухани жетіле түседі. Азат етілу индивидуалдық жанның (атманның) әлемдік жанға, өлшемнің универсалдық принципіне (брахманға) сіңіп кетуі арқылы жүзеге асады. Упанишадтың маңызды құрамдас бөліктеріне өмірдің айналымы концепциясы (сансара) және онымен тығыз байланыстағы жазмыш заңы (карма) жатады. Сансара туралы ілімде адам өмірі қайта туылудың шексіз тізбегінің белгілі бір формасы ретінде түсіндіріледі. Бұл түсінік өзінің бастауын адамдардың анимистік көзқарастарынан алады. Қарма заңы индивидтің қайта туылудың мәңгі айналымына енуін білдіреді және өткен өмірдегі барлық әрекеттерінің нәтижесіне сай адамның болашақтағы тууын алдын ала анықтайды. Сондықтан да өткен өмірінде тек абыройлы қылықтар мен үгілікті істер жасағандар ғана жоғары сословиенің (варнаның) өкілі ретінде туыла алады: дін қызметкері ретінде (брахмандар), әскери немесе тайпалық биліктің өкілі ретінде (кшатрийлер), шаруа, колонерші немесе саудагер /вайшья/ ретінде. Ал егер кім күнаһарлықпен өмір сүрсе, онда ол болашақта төменгі варнаның өкілі - шудра ретінде туылады, немесе оның атманы жануардың тәніне енеді. Мұнда тек қана варна емес, адамның өмірдегі барлық басынан кешіретіні кармамен анықталады.

Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар /өсімдіктер, жануарлар, адамдар/ мен құдайлардың арасындағы шекара шартты және өтпелі. Алайда өзінің эмпирикалық болмысындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке ұмтылу тек адамға ғана тән. Упанишад бүкіл Үндістанда адам философиясының дамуына орасан зор ықпал етті. Әсіресе, ол джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, йога ілімдеріне мол әсерін тигізеді.

Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Оның түпкі тұжырымы ретінде "аспан" концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен адамның дамуын анықтайтын тек табиғаттың бөлігі ғана емес, жоғары рухани күшті де білдіреді. Бірақ оның философиясының негізін аспан, немесе жалпы табиғи элем емес, адам, оның жердегі өмірі мен тіршілігі құрайды, яғни антропоцентристік сипат алады. Конфуций ең алдымен адамның адамгершілік әрекетіне назар аударады. Ол аспанның үлесімен белгілі бір этикалық қасиеттерге ие болған адам мораль заңына - даоға сәйкес қылық жасауы тиіс және бұл қасиеттерді оқу процесінде жетілдіруі тиіс деп жазды. Оқытудың мақсаты Конфуцийдің шығарған концепциясына сай "идеалды адам", "қайырымды ер" (цзюн-цзы) денгейіне жету болып табылады. "Цзюн-цзыға" жақындау үшін әрбір адам бірқатар этикалық принциптерді сақтауы керек. Олардың ішіндегі негізгісі "өзіңе қаламағанды өзгеге жасама" деген ережеге сай отбасы мен мемлекеттегі адамдар арасындағы идеалды қатынастар заңын білдіретін өмір концепциясы (адамшылық, гумандылық, сүйіспеншілік) болып табылады. Жоғарыдағы келтірілген ереже адамгершілік императив ретінде кейінірек әртүрлі варианттарда "ежелгі" Грециядағы "жеті данышпандардың" ілімдерінде, Інжілде, Кантта кездеседі. Конфуций сяо (кішінің инабаттылығы және ата- анаға, үлкенге деген құрмет) принципіне де үлкен көңіл бөледі. Ол өзге жақсы қасиеттердің негізі және "үлкен отбасы" ретінде қарастырылатын елді басқарудың эффективті методы болып табылады.

Конфуций жэне оның ізбасарларының ілімімен қатар ертеқытай философиясындағы келесі бір бағыт - даосизмді де атап өтуге болады. Оның негізін қалаушы Лао-цзы деп саналады. Даосизмнің түпкі идеясы дао туралы ілім болып табылады. Дао - бұл жекелеген адамның қылығы жэне ойлауымен қатар, қоғамның, табиғаттың көзге көрінбейтін, барлығын қамтитын заңы. Адам өзінің өмірінде дао принципіне сүйенуі керек, яғни оның іс-әрекеті мен қылығы Ғаламның және адамның табиғатымен үйлесуі керек. Дао принципін сақтау толық азаттыққа, бақыт пен игілікке жеткізеді, ал егер кім оны сақтамаса өлім мен сәтсіздікке ұрынады. Ғаламды да, индивидті де жасанды жолмен тәртіп пен үйлесімділікке әкелуге болмайды, ол үшін олардың еркіндігі мен жаратылысынан бар ішкі қасиеттерін дамыту қажет. Сондықтан да данышпан билеуші дао жолымен жүре отырып, елді басқару үшін ешнәрсе істемейді (қылық жасамау принципін ұстанады); сонда ғана ол және оның мүшелері тыныштық пен үйлесімділік жағдайында болады. Даода барлық заттар бір бірімен тең және барлығы да бір тұтастыққа бірігеді: Ғалам мен индивид, ерікті мен құл, тұрпайы мен әдемі. Дао жолымен жүретін данышпан барлығына бірдей қатынас жасайды және өмір туралы да, өлім туралы да қайғырмайды, оның өткіншілігін түсінеді.

Ежелгі Шығыстың адам философиясын сипаттай отырып, оның маңызды бөлігі жеке тұлғаның әлеуметтік әлемге де, табиғи әлемге де бірдей өте құрметті және гуманды қатынас жасайтын бағдары екендігін атап өтуге болады. Сонымен бірге бұл философиялық дәстүр адамның ішкі әлемін жетілдіруге бағытталған. Қоғамдық өмірдің, тәртіптің, әдет-ғұрыптың, басқарудың және т.б. жақсарту сыртқы әлем мен жағдайларды өзгертумен емес, ең алдымен индивидтің өзгеруімен, оның қоғамға бейімделуімен байланыстырылады. Адам өзін жетілдірудің жолын өзі анықтайды және өзінің құдайы мен құтқарушысы болып табылады. Ежелгі Шығыстың адам философиясы жэне буддизм, конфуцийшілдік, даосизм сияқты дүниетанымдық ағымдар адам туралы ілімнің кейінгі дамуына, сонымен қатар Шығыс елдерінің дәстүрлері мен мәдени үлгілеріне, ойлау тәсілі мен өмір сүру тәртібінің қалыптасуына орасан зор ықпалын тигізді.

Ежелгі грек философиясында адам бастапқыда өз-өзінен өмір сүрмейді, тек абсолюттік тәртіп және ғарыш ретінде қабылданатын белгілі бір қатынастар жүйесінде өмір сүреді. Өзінің барлық табиғи және әлеуметтік ортасымен, көршілерімен және полиспен, жанды және жансыз заттарымен, жануарлармен және құдайлармен бірге ол біртұтас, ажырамас әлемде өмір сүреді. Ғарыш түсінігінің өзі мұнда адамдық мәнге ие болады, сонымен қатар адам тірі ағза ретінде, макрокосмның бейнесі микрокосм ретінде, ғарыштың бір бөлігі ретінде пайымдалады. Гилозоизм позициясының, яғни тірі мен өлі арасындағы шекараны теріске шығарып, универсумның жалпы жандылығын мойындайтын позицияны ұстаған милет мектебі өкілдерінің көзқарастары дәл осындай ед i.

Тікелей антропологиялық проблематикаға өту софистердің сыншыл және ағартушылық әрекетімен және философиялық этиканың негізін қалаған Сократтың әрекетімен байланысты болды. Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі әлемі, оның жаны мен қасиеттері болып табылады. Ол "жақсылық - білім" деп тұжырымдай отырып, алғаш рет этикалық рационализм принципін негіздейді. Сондықтан да қайырымдылық пен әділеттілікті таныған адам жаман және әділетсіз қылық жасамайды. Адамның міндеті ақиқатты тану негізінде үнемі адамгершілік парасаттылыққа ұмтылуда. Және бұл ең алдымен өзіңді өзің тануға, өз адамгершілігінің мәнін ұғынуға бағытталады.

Демокрит - адам туралы ілімдегі материалистік монизмнің өкілі. Демокрит бойынша, адам - табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да жойылады. Оның айтуынша өмірдің мақсаты -бақыт, бірақ ол тәннің ләззат алуы мен өзімшілдік емес. Бақыт бұл ең алдымен рухтың қуанышты және жақсы көңіл-күйде болуы. Оның маңызды алғышарты - ақыл-ой. Демокритпен салыстырғанда Платон жан мен тән антропологиялық дуализмі позициясын ұстанады. Бірақ жан ғана адамды адам ететін субстанция болып табылады, ал тән оған қарсы материя ретінде қарастырылады. Сондықтан да адамның жалпы сипаттамасы, оның мақсаты және әлеуметтік статусы жанның сапасына бағынышты. Адам жаны үнемі идеялардың трансцендентті әлеміне тартылады, ол мәңгі, ал денеге өлім тән. Платон бойынша, адам өмірінің мәңгі трагизмі жанның тұтастығында және жан мен тәннің қарама- қарсылығында.

Аристотельдің концепциясында адам қоғамдық, мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Және адамның бұл әлеуметтік табиғаты оны жануарлардан да, "адамгершілік тұрғыда жетілмегендерден" де, "жоғары адамнан" да ерекшелендіреді. Сондықтан да ол былай деп жазады: "егер кімде-кім өзіне-өзін жеткілікті санап, ешқандай қарым-қатынасқа түсуге қабілетті болмай, оған деген қажеттілікті де сезінбесе, онда ол мемлекеттің элементін құрамайтын не жануар, не құдай болғаны". Адамның тағы бір ерекше белгісі - оның ақылдылығы, "адам - бұл ең алдымен ақыл-ой". Сонымен, Аристотельдің пікірінше, адам - бұл ақылға ие қоғамдық жануар. Әлеуметтік пен ақылдылық - оны жануардан айрықшаландыратын екі негізгі сипаттамасы. Аристотель адамның әрекеттік мәні туралы жағдайды қалыптастыруға өте жақын келеді. Оның ойынша адамның игілікті ісі әрекеттен көрінеді жэне онда тұлғаның өзін көрсетуінің жалғыз мүмкіндігі берілген. Қоғам мен тұлғаның арақатынасында Аристотель индивидтен горі әлеуметтік тұтастықтың басымдылығын мойындайды. Алайда ол жеке меншікті жақтай отырып экономикалық индивидуализмді қолдайды және ең алдымен "өзіңді-өзің көбірек сүю керек" дей отырып этикалық индивидуализмді жақтайды. Бұл жерде біз ақылды эгоизм концепциясымен кездесеміз.

Ертегрек философиялық антропологиясы да ежелгі шығыстың философия сияқты мифология мен діннің таңбасын өзімен ала жүреді және олармен тікелей сұбаттаса дамиды. Бірақ ежелгі Грециядағы адам философиясы өзінің мектептеріне, бағыттары мен позицияларына қарай әртүрлі болып табылады. Оның шығыстық философиядан басты ерекшілігінің бірі, мұнда адамның әлемге қатынасы ашық және қоғам мен оны өзгертуге қатысты белсенді позиция ұстанады. Оның үстіне шығысқа қарағанда, батыстың философиялық антропологизмінде рационализм принципі басым.

Орта ғасырда адам ең алдымен құдайдың бекіткен әлемдік тәртібінің бөлігі ретінде қарастырылады. Ал ол туралы қөзқарас христиан дінінде көрсетілгендей адам "құдайдың бейнесі және ұқсастығы" дегенге саяды. Әлеуметтік тұрғыда ортағасырларда адам құдіретті тәртіптің бей-жай қатысушысы деп жарияланды және құдайға қатынасында ол төмен жэне бейшара жан болып табылады Ортағасырлық христиандық философияның көрнекті өкілі Аврелий Августиннің пікірінше адам өз алдына дербес болып табылатын жан мен тәннің қарама-қайшылығы. Алайда, тек жөн ғана адамды адам ете алады. Бұл оның жеке иммоненттік субстанциясы. Августиннің бұл мәселеге қосқан жаңалығы бұл - адами тұлғаның дамуы. Августинмен салыстырғанда Фома Аквинский адам туралы христиандық ілімді негіздеуде Аристотельдің философиясын пайдаланады. Адам - бұл жануарлар мен періштелердің арасындағы жан. Ол жан мен тәннің тұтастығын білдіреді,

бірақ жан тәннің қозғаушысы," және адамның мәнін анықтайды. Егер Августин үшін жан тәннен тәуелсіз және адаммен бірге болса, ал Фома Аквинский үшін адам екеуінің де тұлғалық тұтастығы болып табылады. Жан - материалды емес субстанция, бірақ өзінің толық көрінісін тек тән арқылы ғана көрсете алады.

Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан капиталистік қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мэдениет пен ғылыми білімнің ықпалымен қалыптасты. Егер ортағасырдың діни философиясы адам мәселесін мистикалық тұрғыда шешсе, ал Қайта өрлеу дәуірінің философиясы адамды жерге түсіріп, оның мәселесін осы түбірде шешуге тырысады. Адамның әуел бастағы күнаһарлығы туралы ілімге қарсы, ол адамның қайырымдылыққа, бақытқа және үлесімділікке табиғи ұмтылысын бекітеді. Бұл философияға гуманизм жэне антропоцентризм тұтастай тән. Бұл дәуірдің философиялық антропологиясында жеке мүдде үстемдігі мен туындап келе жатқан капиталистік қоғамдық қатынастармен байланысты жақындай бастаған индивидуализмнің, эгоизмнің және утилитаризмнің қадамдары байқалады. Жеке мүдде үстемдігінің адам туралы көзқарасқа әсері Т.Гоббстің концепциясынан білінеді. Аристотельге керісінше, ол адам табиғаты жағынан қоғамдық жан емес деп есептейді. Керісінше, "адам - адамға қасқыр", ал "барлығының барлығына қарсы соғысы" қоғамның табиғи жағдайы болып табылады. Оның методологиялық индивидуализмі мен номинализмі әлеуметтік және этикалық индивидуализммен тығыз байланысты.

Алайда жаңаевропалық рационализмнің негізін қалаушы Рене Декарт болып есептеледі. Оның ойынша адамзат өмір сүруінің жалғыз күмәнсіз айғағы ойлау болып табылады жэне ол мынадай негіздеуші тезистен келіп шығады: "Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін". Оның үстіне бұл философта жан мен тәннің екеуін екі түрлі сападағы субстанция ретінде қарастыратын антропологиялық дуализмді аңғаруға болады. Декарттың ойынша, дене өзіндік машина болып табылады, сана оған эсер етеді, жэне өз кезегінде оның ықпалын да қабылдайды. Бұл адамды машина ретінде қарастырған механистік көзқарас жаңа заман философиясына кеңінен таралды. Ж.Ламетридің "Адам - машина" деп аталатын жұмысында механистік материализм көзқарасы негізделеді. Ол бойынша, тек біртұтас материалдық субстанция ғана өмір сүреді, ал адам ағзасы сағат тетігі тәрізді дербес оталатын машина.

Мұндай көзқарас XVIII ғасырдағы француз материалистеріне (Гольбах, Гельвеций, Дидро) де тән. Олардың философиялық антропологиясының өзгеше ерекшелігі адамды табиғаттың заңдарымен детерминацияланған оның өнімі ретінде қарастыру.

И.Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Декарт сияқты Кант та антропологиялық дуализм позициясын ұстанады, бірақ оның дуализмі емес, адамгершілік-табиғи дуализм. Канттың пікірінше, адам бір жағынан табиғи қажеттілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік еркіндік пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Сезімдік әлемнің құрамдас бөлігі ретінде ол қажеттілікке бағынса, ал руханилықтың тасымалдаушысы ретінде ол ерікті. Бірақ Кант адамның адамгершілік әрекетіне басым рөлді береді. Кант адамды автономды және тәуелсіз бастау ретінде және өзінің теориялық, практикалық әрекетінің қожайыны ретінде бекітуге ұмтылады. Адам әрекеті мен қылығының түпкі принципі категориялық императив болуы тиіс. Категориялық императив - кез келген тұлға өзіндік мақсат өзіндік жетілу болғандықтан ол ешқашанда қандай да бір міндеттердің, тіпті игілікті міндеттердің де жүзеге асуының құралы ретінде қарастырылмауы тиіс деген тұжырымға негізделген формалды ішкі талап.

Информация о работе Философия тарихындағы адамның шығу тегі және оның мәні туралы идеялар