Философия дегеніміз не

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 20:13, реферат

Краткое описание

«Философия дегеніміз не?» деген сұраққа келесі жауапты естуге болады «ғылымның ғылымы». Осында жауаптың екі лайықты жағы бар: 1. априорлы тұрғыдан ол философияны үстемді, дәрежелі түрде ұсынады; сөйтіп, философия адамзат ақылының әр саласына қатысты; 2. «ғылымның ғылымы» деген атау алдынала философияны күрделі пән деп, әркім оны қабылдай алмайды деген пікірді тудырады.

Содержание

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
А) Ғылым және философия
Б) Ғылым философиясының арақатынасы

ІІІ.Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ғылым мен философия арақатынасы.docx

— 29.56 Кб (Скачать документ)

- зерттеудің пәндік аймағы;

- сол пәнге сай категориялық  және анықтама аппаратын шығару;

- сол пәнге қатысты фундаменталды  заң шығару;

- көп фактілерді түсіндіретін  принциптер мен теорияларды ашу.

Осы мөлшерлер арқылы философияны  ғылым деп атауға болама? Оның пәні – «адам мен әлем» деген  жүйедегі жалпылық; мәндіктің бастамасы; қазіргі философия сол мәндіктің  стихиялық-спонтандық, статистикалық  біліммен камтылатың қалыптасу ерекшелігін  байқайды. 

Философия ғылым сияқты құрылыстың иесі: субъект, объект, таным әдістері, болжаулы нәтижелер; оның субъектісі трансцендентік сфераға жетеді, категориялары ең жалпы және қажетті болады; нәтижелері тек нақты рефлексиядан өтпей, бүкіл  қоғамға, адамзат құңдылығына қатысты  жағынан саралады. 

Философия мен ғылымның практикалық  қажеттілігі?  Кең түрде жарияланған  пікір: философия ғылым сияқты практикалық  өмірде қажет емес деген пікірді  терістеуге болады;  ғылым физикалық, химиялық құрылыстарды шығыратын әдістерді  ұсынса, философия адамдардың мінез-құлқын дұрыс жолға бағыттайтың әдістерді  ұсынады. Сөйтіп, ол өзінің жолына тез  түсіп, мақсатына тез жетеді. Философия  ғылыммен салыстырғанда өзінің трансцендентік табиғатына қарамай қарапайым түсінікке  жақын болады.

Демаркация /ғылым мен  философияны ажырату/; верификация /тәжірибелік тексеріс/; фальсификация /теорияның принципиалдық түрде  жоққа шығару/ - ғылым философиясында олардың айырмашалығын көрсетуге  арналған принциптер. 20 ғ. пайда болған жаңа бағыт ғылым философиясы өзінің үлесін қосты; ғылым – «сау философия», ол универсалды жағымды әдістің иесі, жағымдылықтың 5 түрі бар /реалдық химералыққа қарсы, пайдалы пайдасызға қарсы, жағымды жағымсызға қарсы/.

Позитивизм ілімі, оның салушысы Огюст  Конт ғылыммен философияның аралығындағы алшақты азайтуға тырысқан ойшыл, өзінің «Жағымды философия курсы» /1830-1846/ 6-томды  шығармасында табиғат пен қоғам  көріністеріне ғылымдылық тұрғыдан қарауды қажет етті. Конттың классификациясында әлеуметтану бәрін қамтиды, қоғам  туралы ғылым әлеуметтік статика  мен әлеуметтік динамиканы қамтиды.

Ғылым мен философияның қатынасының  перспективасы /келешегі/. 20 ғ. ғалымдары үшін бұл мәселе өзекті болып табылады. Р. Рортидің пікірінше, осыған себеп болған ереже «таным теориясы философияның «жүрегі»» /авторы И. Кант/; философия бәрінің негізінде болған сон, Канттың қойылған сұрағы «таным қалай мүмкін?» деген - келесі рационализмнің бағдарламасы болған; сол себептен, іске профессионалдар кірісуі қажет, ал, метафизиктер алшақтау тәрізді.

Философия мен ғылымның қатынасының  ретроспективасы:

- ғылым философиядан бөлінді;

- философия таза ақылдың еңшісі атауды сақтап қалу үшін, теориялық-танымдық мәселені бірінші орынға қойды;

- қазіргі философия эпистемологиядан шықты деп тұжырымдалынады.

Қазіргі кезде ғылым философия  үшін өзекті мәселелер: ғылым жалпы, біртұтас, антропологиялық мөлшермен  өлшенеді, жауапкершілік мөлшерінен өтпеген ғылым қазір қажетті  емес деген; ғылымның нәтижелерің қадағалау  қажет деген; мемлекет институты, құқық, идеология, қоғамдық пікірлер жағынан  ғылымға дұрыс көмек қажет  деген; философияның жағымды мақсаты  – арбитр функциясын атқару, ал, ғылыми зерттеудің нәтижелерін гуманистік перспективада байқау деген; мәселелер  шешімінде этикалық-көзқарастық  жағын соңғы нүктег айналдыру  деген.

Философия ғылымның дамуы бойынша  рефлексияландырылады, және өзіндік  рефлексия атқарады. Философиялық зерттеулер ғылымның өзіндік санасын қалыптастырады, өзінің мүмкіндігі мен перспективасын түсіндіреді, келесі даму жолда  ұстану бағыттарға сілтеме жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Ғ. Есім, Т. Ғабитов, Н. Бәйтенова, Ж. Алтай. Ғылым тарихы мен философиясы. Алматы. – 2005.

 

        2. Ш. А. Ібжарова, Л. Р. Зәурбекова. Ғылым тарихы мен философиясы. Алматы. – 2010.

 

       3 Интернет желісі

 

 

 

 


Информация о работе Философия дегеніміз не