Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2014 в 16:42, лекция
Философияның пайда болына ықпал еткен ерекше рухани процесс тарихта аса маңызды кезең болып өткен деп жорамалдайды неміс философы Карл Ясперс (1883-1969). Бұл кезеңді Ясперс өзекті уақыт (осевое время) деп белгілейді. Хронология жағынан бұл уақыт б. з. б. 800-200 жылдар аралығы болыпты. Осы кезеңде ежелгі Қытай, ежелгі Үнді және ежелгі грек елдерінде жаңа дүниетаным қалыптасады, адам бүкіл болмысты, сондай-ақ өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін түсіне бастайды. Адамның алдынан дүниенің тұңғиығының сырлары және өзінің маңыздылығын тану мүмкінділігі ашылып, қызықтырып, мен мұндалап тартып тұрады.
“Ригведалардың” философиялық
бөлімдері мен алғашқы
Упанишадтардағы негізгі идея – жалпы тұтастықты мойындау, әлемнің негізінде абсолютті бастау бар екенін мойындау. Бұл бастау – Брахман. Брахманның екі бейнесі болады: денелі және денесіз. Брахман – бұл дүниенің рухани бастауы, ол адамның рухани мәні – Атманмен бара-бар. Жердегі жаңадан туып-өліп жататын тұйықталған тамұқтан арылу үшін адам, упанишадтар бойынша, өзінің жан-дүниесінің (атман) даралығы туралы брахманмен бірлікте ой тұңғиығына шомуы керек.
Жайнизм және буддизм кең тараған діни-философиялық доктриналар. Жайнизмнің негізін қалаған (“джина” – жеңімпаз) Махавира Вардхамана (б.з.б. 8 ғ.). Бұл ілім бойынша адам мәні 2 нәрсемен айқындалады. Оның бірі – джива, яғни тірі жан, екіншісі – аджива, яғни жанды емес дене. Олар карма арқылы біріктіріледі. Адживамен бірігу дәрежесіне қарай джива екіге бөлінеді: толыққанды болмыс формасы, толыққанды емес болмыс формасы. Толыққанды емес болмысында джива материямен байланыста болады, өз қасиеттерін жойып алады, сол себепті азап шегеді. Рухани бастау - әлемнің негізі, әмбебап принцип деп қарастырылды. Рухани бастау материалдық болмысты бақылай алады, аскеттік тәртіп арқылы кармадан, сансарадан құтқара алады. Құтылу (спасение) – адамның мақсаты, адам өзіне өзі ғана көмек бере алады. Басқа ешнәрсе оған жәрдем бермейді. Адам зұлымдық пен жақсылықты ажыратуды өзі шешеді. Бұл үшін адамға үш нәрсе көмек етеді: 1. дұрыс сенімді ұстау, 2. дұрыс таным, 3. дұрыс мінез-құлық. Осы үшеуі жайнизмнің “үш маржаны” деп аталады.
Жайнизм – онтологиялық плюрализм жүйесі. Жайнизмнің негізінде татвалар – мән туралы ілім жатыр, олар дүние құрастырылатын негізгі материалдар деп қарастырылады. Сонымен бірге татвалар білім құрастыратын іргелі ақиқат болып табылады. Жайнизм ілімі бойынша жанның тәнмен байланысын көрсететін “кармикалық материя” дейтін болады, ол өте нәзік деп қарастырылады. Оның кірленуіне қарай, ол ауырлай береді.
“Мәжбүрлемеу - міне нағыз биік дін осы” - дейді жайнизм.
Жайнизм ілімінде бірегей жан немесе құдай жоқ: дүниеде тірі мәнге айналдырылған немесе айналдырылмаған орасан көп және өзгермейтін мөлшерде жан бар. Жанды да, материяны да ешкім жасамаған, олар мәңгі, әуелден бар және әрқашан болады. Жан барлық заттар мен құбылыстарға ене алатын, бәрін тани алатын, бәрінен құдіретті болуы керек, бірақ оның мүмкіндігі өзі өмір сүретін денемен шектелген.
Жайнизмде ахимса ілімі бар. Ахимса ілімі тіршілік иесіне зұлымдық жасамау туралы принципке негізделген. Яғни тірі жанға зиян келтіруге болмайды. Осы әдетті ұстаған монахтар қолдарына арнайы сыпырғыш алып, жолын тазалап жүреді, сондағысы: құмырсқа, қоңызды жазатайым басып кетпеу үшін. Жайнизмді ұстанушылар тағамдарында ет жемейді. Дәкемен ауыз-мұрындарын жауып алады.
Жайнизм ілімінде брахмандық-ведалық догматизмге қарсы шығу қадамдары байқалады. Болып жатқан қиындықтардың түбірі адамдардың ішкі дүниесінің жетілмегендігінде деп қарастырылады. Қай мәселенің болмасын шешуі – адамның өзіндік “менінің” жүгінен рухани босануы. Жайнизмнің эгоцентрлік сипаты бар. Бұл доктрина бойынша жанның белсенділігі тек адамның өзіне ғана бағытталған. Кармикалық әсерден арылу - әр адамның жеке тірлігі, уайымы.
Жайнизмде рационалдылық басымырақ, онда мифология жоқтың қасы. Үнді философиясының басқа дәстүрлері мифологиямен тығыз байланыста болды.
Буддизм жайнизммен қатар пайда болған. Кейін келе буддизм мәдениет тарихында орасан зор маңызды рольге ие болды. Христиан және ислам діндерімен беделін бөлісе келе, әлемдік діннің біріне айналады.
Әлемдік өркениеттегі “Қасиетті жазулардың” діндеріне үңілсек, екі парадигманы байқаймыз: “Мұса парадигмасын” (Батыс) және “Вьяса парадигмасын” (Шығыс). Вьяса – Махаббхарата текстін құдайларға жеткізген данышпан. “Вьяса парадигмасы” буддалық-брахмандық дәстүрлер негізін қалаған.
“Будда” - санскрит сөзі, көзі ашылған, сергектенген деген мағынаны береді. Буддизм Үндістанда б.з.б. 6-5 ғасырларда этикалық тұрғыдағы көптеген ілімдердің бірі ретінде дүниеге келді. Буддизмнің шығуы – касталық жүйенің төменгі әлеуметтік сатысында тұрғындардың брахмандардың үстемдік етуіне наразылық білдіруінің көрінісі.
Буддизмнің қай варианты болмасын, болмысты бірнеше сатыға бөліп қарастырады. Бұл сатыларда уақытша түрлі заттар, құбылыстар өмір сүреді. Тозақта құмарлыққа, бұзылуға бой ұрушылық басым болады. Құдайлар сатысында тыныштыққа, рахатқа батады. Брахмандар сатысында танып білуге құмартады. Тек қана Будданың ең биік сатысында ғана жоғарғы даналықты қабылдау мүмкіндігі туады. Бұл сатыда гармония тараған. Буддизмнің трактаттарында бұл космологиялық сурет пирамида түрінде бейнеленеді. Оның классикалық варианты 31 сатыны қамтиды. Пирамида сатылары болмыстың 3 сферасына бөлінеді: төменгі (кама-лока), ол 10-11 сатыдан құралған, бұл сатыларда сезімдік қабылдау және реалды дүние орын алған: ортаңғы сфера – рупалока, 16-17 сатыдан тұрады, бұл сатыларда есімі жоқ формалар өмір сүреді, оны иллюзорлық дүние дейді; 3 – жоғарғы сфера (арупа-лока) – 4 сатыдан тұрады. Бұл сфера көзге көрінбейді – таза сана дүниесі. Одан арыдағы дүние Будданың космостық денесімен теңестірілетін сфера (ади-будда). Болмыстың барлық сфералары қозғалыста болады. Қозғалыстың себебі – уақыт және карма. Уақыт – бұл әрі бүлдіруші, әрі құрастырушы, жасампаз немесе жасаушы да. Ал карма тірі жандардың космостық пирамидадағы қай сатыда қайта тууын қамтамасыз етеді. Карма – бұл іс-әрекеттерің үшін алған алғысың немесе қарғысың. Жақсы тірліктерің үшін – жақсы карма, жаман тірліктерің үшін – жаман карма тағайындалады, қылығына қарай құрметтеу, не жазалау.
Буддизмнің өзекті мазмұны – Будданың “төрт ақиқаты” туралы өсиеттері:
1 – ақиқат: өмір – азап шегу, қайғы-қасірет;
2 – ақиқат: азап шегудің себептері бар;
3 – ақиқат : азап шегуден құтылу бар;
4 –ақиқат: азап шегуден құтылуға апаратын жол бар.
Қасірет шегудің психологиялық негізі үміт пен үрейдің байланысында. Дамыған буддалық ілімдерде азап шегу космостық тұрғыдан ашылады: ол – дхармалардың шексіз “толқыны”, тасқыны (пайда болу, жойылу және пайда болу). Дхарма – бұл материя мен сананың бірін-бірі алмастыратын элементтері, заң. Дхарма - өмірлік энергияның тұтануы.
Екінші ақиқатында азап шегудің қайнар көзі – тілектер, қалаулар, құмарлықтар деп көрсетіледі. “Дхаммапада” тексттерінде мынадай сөздер бар: “Алтын теңгеден жауын жауса да, құмарлыққа тоят жоқ. Құмарлық күйзелуге әкеп соғады, одан қуаныш аз. Осыны білген адам – данышпан”.
Үшінші ақиқат
- құмарлықты басу, тию. Құмарлық басылғанда
нирванаға қол жеткізуге
Төртінші ақиқат – қайғы қасіретті жоюдың жолы бар. Ол жол жоғарғы ақиқатты пайымдауға көмектеседі, тыныштануға, жоғары білімге, жарық сәулеге, нирванаға бастайды. Бұл игілікті сегіздік жол мынау:
Аталған сатылы сегіздік жол – рухани өрлеудің жолдары.
Буддизм қайғы- қасіреттен арылуды тек имандылықты жетілдіруден іздеп, оған өмірден бас кешу, нирванаға берілу жолымен ғана қол жеткізуге болады деп түйді.
“Даршан” ұғымының аудармасы көзқарас деген мағынаны білдіреді. Ежелгі гректердегі философия терминіне эквивалент ұғым ежелгі үнді тілінде “даршан” деп аталған. Ежелгі үнді философиясының мынадай ерекшеліктері болды:
Ежелгі Үндістанда 6 даршандар болды: санкхья, йога, вайшишика, ньяя, миманса, веданта. Кейде бұлардың қатарына чарвака, жайнизм және буддизмнің де дүниетанымдық философиялық аспектілерін қосады. Оларға ортақ сипаттар:
1. Қоршаған орта мен адамды тығыз байланыста деп қарау;
2. Ежелгі үнді философиясы
3. Аскеттік өмірлік принцип, өзіндік анализ, ойға шомылу, әрекетсіздік;
4. Ежелгі үнді
философиясы абстрактылы
5.Қайта туу, оның шексіз тізбегі, өмір мен өлімнің шексіз ауысу шеңбері жайында ілім;
6.Карма туралы ілім.
Жоғарыда көрсетілген
мәселелер мен анықтамалар
Болмыстың жеке
заттарға бөлінуін және олардың ерекшеліктерін
“вайшишика” мектебі
Ежелгі үнді философиялық мектептері үлкен жетістіктерге жетті. Олардың үлгілері әлемдік философияға баға жетпес үлес қосты.
Бұл жүйе Чаттерджи С., Датта Д. сынды ғалымдардың «Үнді философиясы” атты еңбегінен алынған.
Антика философиясының дәуірі 13 ғасырға созылды. Б.з.б. 8 ғасырда басталып, б.з. 5 ғасырда аяқталды. Антикалық философияны жүйелейтін болсақ, мынандай кезеңдерді байқаймыз: