Фихте философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 12:13, реферат

Краткое описание

Классикалық неміс философиясы жалпы алғанда – идеалистік философия және мұнда идеализмнің екі түрі де дамып жетілген. ( V бъективтік идеализм ретінде Кант пен Фихтенің, ал объективтік идеализм ретінде Шеллинг пен Гегель ілімдерін қарастыруға болады. Сонымен, классикалық неміс философиясы – классикалық идеалистік философия.
Классикалық неміс философиясының елеулі жетістігі диалектиканы теория, метод және философиялық көзқарас ретінде жан-жақты дамытқаны.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізге бөлім
1) И.Г. Фихте философиясы
2) Тарих философиясы
3) Мемлекет пен құқ мәселелері
ІІІ Қорытынды
Дінге қарай бетбұрыс

Прикрепленные файлы: 1 файл

фихте.docx

— 47.33 Кб (Скачать документ)

Шамасы, Фихтенің бұл ойлары К.Маркс пен Ф.Энгельстің көзқарастарына зор әcеpiH тигізген болуы керек, өйткені олар адамзат тарихындағы болашақ коммунистік қоғамда да дін, құқ, мемлекет деген нәрселер «жаңа адамға» қажет болмай қалады деп болжаған болатын.

Фихтенің екінші — жоғарыдан ұйымдасқан «жоспарлы эконо­миканы» жасау, адамдардың білім алуға және еңбекке деген құқын қамтамасыз ету, сыртқы басқа елдермен сауда-саттықты жасауды толығынан мемлекетке беру идеялары да күмән туғызбаса керек.

Әcipеce, қазіргі өтпелі қоғамдағы үлкен қиындықтарды жеңу жолында, Фихтенің кейбір ойларын жандандыратын ахуал қалыптасып жатыр. Біз қоғамды жаңарту жолында букіл адамзаттық қауымның 6ip бөлiri ретінде «ашык коғам» болуымыз керек деген тұжырымға жармасып, елдегі көп өндірістеp шетелдерден келген тауарлардың кысымына шыдай алмай, тоқтап қалды. Екінші жағынан алғанда, букіл сыртқы экономикалық байланыстарды өз құзырына алған бұрыңғы Кеңес мемлекетінің өндірісті қандай тұйықтыққа әкелгенін жақын тарихтан жақсы білеміз.

Сонымен қатар «ашық қоғамға» деген ұмтылыс бізді тағы да бодандықтың астыртын туріне, трансұлттық корпорациялардың билеп-төстеуіне әкеліп соқпас па екен? — деген күдік тағы да бар. Бұл мәселелер оқырманның өз ойын тудырып, қазіргі тұйықтықтан шығатын жолды табуға өз үлесін қосар ма екен деген уміттеміз.

 

 

 

 

 

 

 

Дінге қарай бетбұрыс

Фихтенің субъективті-идеалистік философиясы соңында 6ipте-6ipTe діни философияға қарай жылжи бастайды. Егер алғашқы шығармашылық сатысында онтологиялық (болмыстық) маңызы бар «Улкен Мен» мәңгілік «EpiK», шығармашылык «өMip» ретіндс түсіндірілген болса, келесі сатыда ол болмыстың адам арқылы өз-өзін танитыны жөніндегі ойларды қозғайды. Гегельдің философиялық жуйесі осы соңғы ойдың негізінде пайда болды деп те айтуға, болжауға болатыи сияқгы.

Ақырында, «Улкен Мен» абсолюттік «Болмысқа», өмірдегі «Бірге», «Құдіретті Сәулеге», ең соңында «Құдайға» әкеліп тіреледі. Бipaқ кенеттен сүзек ауруына шалдығып дуниеден ерте кеткеннеи кейін, Фихтенің философиясы толығынан діни көзқарасқа айнала алған жоқ.

Қорыта келе, біз Фихтенің немic классикалық философиясының шеңберіндегі өз орны бар ұлы ойшыл екенін тағы да атап өткеніміз артық

болмайды. Фихтенің: «іc-әрекет жаса, тағи да ic-әрекет ет» — деген ұраны біздің халыққа бугінгі таңда ауадай қажет. Адамның орасан зор шығармашылық белсенділігін көрсете білген, адамзаттың жарқын болашағына сенімділік көрсеткен ұлы ойшыл философия тарихында мәңгілік қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

«Философия тарихына шолу»,  Т. Х. Рысқалиев  

 «Қысқаша философия тарихы»,  Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов

«Тарихи философиялық таным»,     А. Қасабеков

«Философия тарихы», Ж. Алтай, А. Қасабеков, К. Мұхамбетәлі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Фихте философиясы