Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 12:13, реферат
Классикалық неміс философиясы жалпы алғанда – идеалистік философия және мұнда идеализмнің екі түрі де дамып жетілген. ( V бъективтік идеализм ретінде Кант пен Фихтенің, ал объективтік идеализм ретінде Шеллинг пен Гегель ілімдерін қарастыруға болады. Сонымен, классикалық неміс философиясы – классикалық идеалистік философия.
Классикалық неміс философиясының елеулі жетістігі диалектиканы теория, метод және философиялық көзқарас ретінде жан-жақты дамытқаны.
І Кіріспе
ІІ Негізге бөлім
1) И.Г. Фихте философиясы
2) Тарих философиясы
3) Мемлекет пен құқ мәселелері
ІІІ Қорытынды
Дінге қарай бетбұрыс
«Астана Медицина универсететі» АҚ
СӨЖ
Тақырыбы: Фихте философиясы
Тексерген: Қолғанатова С.Б
Астана 2013 жыл
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізге бөлім
1) И.Г. Фихте философиясы
2) Тарих философиясы
3) Мемлекет пен құқ мәселелері
ІІІ Қорытынды
Дінге қарай бетбұрыс
Кіріспе
Классикалық неміс философиясы ойлау, таным, рух, табиғат, тарих проблемаларын терең зерттеді; жалпы даму заңдарын ашып, диалектиканы даму жөніндегі жан-жақты және дәйекті ілімге айналдырды; философиялық методтар мен категориялар жүйесін, таным, ойлау, рух жөніндегі ілімдерді құрды. Сөйтіп, Кант, Гегель және басқалары философияны ғылым, логика, методология, гносеология, диалектика ретінде дамытты. Ғылым дәрежесіне жеткен философиянын мүмкіндіктерін ашып берді.
Классикалық неміс философиясы жалпы алғанда – идеалистік философия және мұнда идеализмнің екі түрі де дамып жетілген. ( V бъективтік идеализм ретінде Кант пен Фихтенің, ал объективтік идеализм ретінде Шеллинг пен Гегель ілімдерін қарастыруға болады. Сонымен, классикалық неміс философиясы – классикалық идеалистік философия.
Классикалық неміс философиясының елеулі жетістігі диалектиканы теория, метод және философиялық көзқарас ретінде жан-жақты дамытқаны. Бұрын айтканымыздай, диалектикасыз философия шынайы, өткір, сыншыл, пәрменді ғылым бола алмайды. Немістер диалектаканы теориялық тұрғыда негіздеп қоймай, таным процесінде шебер қолдана білді, жүзеге асырды. Диалектиканы дамыта отырып, Кант, Фихте, Гегель метафизикалық ойлау тәсілінін тайыздығын, сыңаржактылығын ашып, бұл көзкарасқа катты сокқы берді.
Неміс философтары философия меи ғылым үшін маңызы өте зор таным мен ойлаудың белсенділігі идеясын ұсынып, іс жүзінде оны негіздеп берді.
Таным мәселесіне айтарлықтай өз әсерін тигізген ол классикалық неміс философиясының өкілі Иммануил Кант. Кант философияда таным теориясында шынында да өзі айтқандай «Коперниктік төңкеріс» жасады.Одан кейін философияда таным туралы көзқарыс мүлде өзгерді. Материалистер таным процесін сыртқы дүниенің заттардың адам санасандағы жай бинеленеді деп түсінді. Кант материалистік таным теориясын сынай отырып, танымның, ойлаудың, субъиектің белсенділігін баса көрсетеді.
Иоган Готлиб Фихте (1762-1814 жж.) И.Канттан кейінгі неміс классикалық философиясының өкілі. Иена және Лейпциг университеттерінде окып, білім алган.
Бip жағынан алғанда, И.Фихтенің өмip сүрген уақыты Наполеонның Еуропа елдерін жаулап алып, империя құруымен байланысты болса, екінші жағынан, Германияның өзіндегі феодалдык қатынастардың ipiп-шipiп, буржуазиялық-дсмократиялық қоғамға қарай бетбурысымен байланысты болды.
Сондықтан И.Фихтенің букіл жан-дүниесін баурап алған идея — ол нeмic халқын азат ету, оған бостандық әперу, екінші жағгынан, жеке тұлганың epiктігі yшiн күресу, феодалдық адам тәуелділігіне қарсы шығу.
Бұл идеяларды философиялық жолмен негіздеу үшін И.Фихте субъективтік идеалистік философия жолына түciп, өзінің тамаша ойларын дүниеге әкеледі.
И.Фихтенің философиясын терең түсіне aлмaғaн замандастары ол жөнінде неше турлі аңыздар қалдырған. Солардың бipi: Фихте өзінің зайыбымен театрга келгенде, әйелдер 6ip-6ipiнe сыбырлап: «Фихте мырза, 6ізді айтпаганның өзінде, өз әйелін басындағы қиялы ғана деп есептей ме екен», деп күлген екен.
Heмic халқын азат ету жолында Фихте соғыска өз еркімен кетіп, сүзек ауруынан 1814 ж. қайтыс болады.
Негізгі еңбектері: «Ғалымның міндеті», «Ғылым жөніндегі ілім», «Неміс ұлтына арналған сөздер» т.с.с.
Адамның еріктілігін, оның моральдық іс-әрекетін негіздеу жолында Фихте тұлғаның рухани белсенділігін көрсетеді, ал оның өзі бүкіл Дүниенің негізін құрайтын рухани үлкен күштің жалғасы ретінде түсіндіріледі.
Фихтенің ойынша, Дүниенің бастауы «Үлкен Менге» барып тіреледі. Ол – ешқандай шектелмеген, таза, қайсыбір сезімдіктен жоғары белсенділік, еріктік, іс-әрекеттік, өзін-өзі толығынан танып-білуге ұмтылған, өзінің себебі өзіндегі рух. Сондықтан ол Дүниені өз ішінен жарата алады.
Фихтенің ойынша, Дүниенің өмір сүруінің үш негізі мынандай:
3. Соңғы сатыда шексіз «Үлкен Мен» мен өзі тудырған «Мен еместің» арасында, бір жағынан, шексіздікке бағытталған, екінші жағынан, шектелген диалектикалық байланыстар пайда болады.
Фихтенің ойынша, «Мен еместің» ішіндегі құрамдас бөлік -табиғат — өз-өзіне жеткілікті, дербес емес, ол тек қана объект, зат, кедергі. Оны субъект «Kiші Мен» әр қашанда ic-әрекет арқылы бұзып, игеріп, өзin-ө3i толықтырып, «Үлкен Менге» жақындай түседі. Алайда «кіші Мен» мен «Улкен Мен» бip-бipiнe толық ұласып кетпейді: ондай жағдай болғанда ешқандай ic-әрекет қажет болмай қалар еді. Сондықтан букіл адамзат тарихы — «Үлкен Менге» — Дүниежүзілік рухқа өне бойы шексіз жақындау.
Сонымен «Үлкен Мен» Дүниедегі барлық субъектілер мен объектілерді жаратады. Оның барлық тipi адамдардың санасына қарым-қатынасы бар, бipaқ ол ө3i шексіз болғаннан кейін, нақтылы тұлға бола алмайды.
Ал енді адамның тұлғалық өзіндік санасына келер болсақ, ол тек қана өзінің «мен еместен», яғни табиғаттан айырмашылығын түсіне келе ғана пайда болады. Олай болса, субъектісіз объект жок, объектсіз субъект жоқ. Олардың өзара байланысында, әрине, субъект шешуші рөл атқарады, оның рухани күштepi, шығармашылық ic-әpeкeттepi айнала қоршаған ортаны өзгертуге бағышталған. Өзінің iшкi мүмкіндіктерін сыртқа шығарып кана тұлға өз-өзін орнықтыра алады, яғни еріктікке жетеді.
Материалдық дуниені — Табиғатты игеру тарихы, Фихтенің ойынша, адамзат мәдениетінің қалыптасып дамуымен тең. Осы процесте адам тек қана табиғатты иrepiп қана қоймай, сонымен қатар өзінің табиғи негіздерін де жетілдіру керек, сонда ғана ол бақытқа жетеді. Осы арада бiз Фихтенің тарих философиясына жақындап қалдық.
Тарих философиясы
Тарих мәселелерін Фихте идеалистік мақсатқа лайықтылық жолмен шешеді. Абсолюттік «Мен» (Үлкен Мен) — тарихи дамудың қайнар көзі, анықтамасы және мақсат мұраты. Тарих дегеніміз — ол дүниежүзілік зерденің қалыптасып, күрделеніп шексіз алға ұмтылуы. Әрине, ол жеке адамдардың ic-әpeкeттepi мен шығармашыльғының шабыты арқылы жүзеге асады.
Фихте "өзіндік затты" танып білуге болмайды деген пікірді мойындамайды және оны сынға алады. Оның пікірінше, алғашқы бастама барлығын қамтитын, анықтаушы нақтылық - абсалюттік "Мен". "Мен" өзінің дамып отыратын іс-әрекетінің арқасында өзінің алғашқы бастама кекзеңіндегі (сана - субъект) ақыл-ойдың нақтылығына қарама-қарсы жағдай "басқа Менге" (табиғат - объект), одан кейін өз дамуының үшінші сатысы - екеуінің өзара қарым- қатынасына айналады. Бұл жердегі "Мен" - рух, жігер, әдептілік, сенім ұғымдары, "басқа Мен" - табиғатжәне материя ұғымдары болса, олардың өзара қатынастары синтез - бұрмалаушылыққа қарсы күресіп жатқан адамның жігерін көрсеткен ұғым. "Басқа Мен" (табиғат, объект) нақты өмір сүріп қана қоймай, "Менге" әсер етіп, кейбір жағдайларда оның іс-әрекетін де айқындайды. "Басқа Меннің" (табиғаттың, объектінің) әсерімен болған іс- әрекетті біз танып біле алмаймыз, бірақ бұл "әсерді" тікелей сезінеміз. Сөйтіп, теориялық іс- әрекеттің негізінде бисаналық іс-әрекеттің жатқандығын көреміз. Ал "Меннің" іс-әрекеті деп Фихте субъектінің "әдептілік мінез-құлқын" айтады. Демек, адамның іс-әрекетінің мақсаты - әдептілік заңдары мен парызын орындау. Бұл мақсаттыжүзеге асыруда қоршаған ортамен тығыз байланысты адамның тән табиғатынан туындайтын оның табиғи қабілеттері қарсы болады. "Менге" қарсы тұрып, оның іс-әрекетке итермелейтін "басқа Мен" дегеніміз, айналып келгенде осы.
Фихтенің "басқа Мені", табиғатты, объектісі Канттың "өзіндік заты" сияқты санадан тыс өмір сүрмейді, ол - сананың ерекше қызметінің қажетті туындысы. Бұл қызметтің ерекшелігі: санада осы қызмет жүріп жатқанда, адам ол туралы саналы ойлау қабілеті болмайды. Сондықтан да қарапайым күнделікті сана ол туралы ештеңе білмейді.
Сол себепті, сананың осы ерекше қызметін қарапайым сана біздің түйсігіміздің мазмұны, бізге табиғаттан берілген деп ойлайды. Қарапайым сананың бұл қателігін тек философиялық ойлау ғана түзете алады. Шын мәнінде, түйсігіміздегі мағлұматтар "Меннің" (сананың) іс- әрекетінен туындаған "елестету" ғана. Демек, "Меннің" іс-әрекеті бірінші де, "Басқа - Мен" - оның туындысы. Осы айтылған постулатты түсіну үшін ақыл-ойдың ерекше қабілеті болу керек. Осы қабілет арқылы "Мен" мен "басқа Меннің" ажырамас бірлігін байқап "көруге" болады. Бұл қабілетті Фихте "интелектуалды интуиция" деп атайды.
Фихтенің пікірінше, әрекетшіл "Мен" әр уақытта да өзінің қарама-қарсысының әсерімен қозғалысқа және іс-әрекетке түседі. "Меннің" себепсіз іс-әрекеті - оның қызметі мен алдындағы мақсатының өзара қарама-қайшылықтарын қайта-қайта қалпына келтіру процесі. Басқаша айтқанда, бір кедергіден өтіп, оны жойған кезде, екіншісі пайда болады, сөйтіп шексіз кете береді. Өзінің осы тәсілін Фихте - "антитетикалық" тәсіл деп атаған. Бұл тәсілдің ерекшелігі антитезис тезистен шығарылмайды (диалектикалық тәсілдегідей), керісінше, антитезис қарама-қарсылық ретінде тезиспен қатар қойылып, содан кейін барып олар бірігеді. "Антитетикалық" тәсілді қолдану арқылы Фихте теория негізінен (түйсік, бақылау, қиялдау, елестету, ойлау тағы басқаша қарастыру негізінде) практикалық ақыл- ойдың негізгі мазмұнына, қабілетіне қарай ой түзейді. Осының арқасында субъект рет- ретімен теориялық іс-әрекеттің ең төменгі сатысынан жоғарғы сатысына көтеріледі де, бұл деңгейде ол - ойлау объектісін өзінің ақыл-ойының белсенділігінің нәтижесі екенін түсініп- біледі. Сөйтіп, "ғылым туралы ілім" тәсілі адамзат ақыл-ойының табиғи даму жолымен сәйкес келгендіктен, айналып келгенде, өзінше байланысқан адамзат рухыныңтарихы болып шығады.
Фихтенің ойынша, тарих алға қарай жылжыған сайын, адамның epiKTiгiHiң де өpici кеңейе береді. Адамдар өзінің алдына қойған мақсат-мұраттарын icKe асыру жолында табиғатпен (Meн емес) күрделі қарым-қатынасқа түciп, оның қойған қиын кедергілерін жеңіп, белестерінен өтеді. Олай болса, epiктiк өpiciнiң кеңеюі білімнің өcyiMeн тығыз байланысты. «Еріктіктің болмысы өзінің iшKi бiTiMi мен мәні тұрғысынан алып қарағанда білімге тең», — деген пікірді Фихте басым айтады. Қоғам өміріндегі адамның өз дарындарын шексіз жетілдіруге қарай ұмтылысы — тарихтың ө3eгiн құрайды. Ал осы умтылысқа жасалатын сыртқы құрал – ол мемлекет пен құқ.
Мемлекет пен құқ мәселелері
Фихтенің ойынша, адам әрқашанда әлеуметтік пенде ретінде ғана өMip сүре алады. Олай болса, адамдардың қарым-қатынасын ретке келтіріп отыратын заңдар әрқашанда қоғамға қажет. Осы себепті, Фихте адамзат тарихындағы табиғи, иә болмаса мемлекетке дейнгі сатыны толығынан теріске шығарады. Мемлекет әрқашанда дуниежүзілік тарихта болған.
Бipaқ, соған қарамастан, мемлекет адамдардан жогары тұрған мақсат-мұрат емес, ол — тек қана қоғамды ұйымдастырудың, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ғылым мен білімді, өндіpicTі ұйымдастыратын құрал ғана. Олай болса, халықтың мемлекетті әрқашанда бақылап отыруға деген құқы бар. Мемлекет саласында icTeп жатқан шен иелерінің алауыздығы мен жемқорлығын сынай келіп, Фихте: «Мемлекет кажетті залымдық, бipaқ адамдар мыңдаган жылдардан кейін адамгершілік тұрғысынан кемеліне келген кезде, мемлекет қажет болмай қалады», деген niкipre келеді. — Сонда ғана, моральдық жетілудің негізінде нағыз адамның «табиғи ахуалы» дүниеге келіп, мемлекет,құқ, шіркеу деген құбылыстар келмеске кетеді, — деп қорытады ұлы ойшыл.
Фихтенің "практикалық философиясының" (этика, құқық және мемлекет туралы ілім т.б.) негізгі ұғымы - "бостандық" ұғымы. Ол бостандық ұғымын "қажеттілік" ұғымына қарсы қою арқылы түсіндіруге тырысады.спиноза сияқты Фихте де адам жігері оның қандай да болмасын рухани іс-әрекеті себептілікке бағынады деп есептеген. Бірақ осындай бірдей қажеттілік бостандықтың болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ал, бостандық дегеніміз қажеттілікті жою емес, керісінше, жеке адамдардың, адамзаттың заңдар мен мақсаттарға өз еркімен бағынуы. Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз қажеттілікті танып-білуге негізделген іс-әрекет. Өнегелілік және құқықтық мәселелерге тоқтала келе, Фихте этиканы - адамның ішкі дүниесіне бағытталған бостандық деп, ал құқықты - адамдар арасындағы сыртқы қатынастарды реттейтін әлеуметтік құбылыс деп санайды. Демек, құқық әділеттілік заңдарына емес, адамдар арасындағы өзара қатынастарға сүйенеді. Ал өзара қатынастардың, келісімдердің негізі болып,қоғамда үстемдік етіп тұрған заңдарға әркімнің бағынуы болып саналады.
Фихте мемлекеттік билікті бөлу идеясын қолдамайды. Жалпы адамзат меншік иелері және меншігі жоқтар болып екіге бөлінеді. Мемлекет дегеніміз - меншік иелерінің ұйымы. Демек, мемлекет азаматтардан басқалардың құқығын мойындауды талап ету үшін, өзінің олардың әрқайсысына меншік иесі болуға болатындай ұйымдастыру қабілеті болуы керек. Кейінгі еңбектерінде Фихте мемлекет пен құқықты адамзаттың әдепті өмір сүруінің бастапқы, бірақ қажетті даму сатысы деп, ал қоғамда әдептілік заңдары толық жеңгенде құқық пен мемлекеттің керегі болмайды деген пікір айтады. Фихтенің осы пікірлері өзінен кейінгі көптеген ойшылдарға үлкен әсер етті.