Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне тән ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 18:51, реферат

Краткое описание

Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.

Содержание

Кіріспе
Ең көне философиялық ілімдер пайда болған Шығыс мемлекеттері

Негізгі бөлім
Ежелгі Үнді философиясының пайда болуы
Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары
Ежелгі Үнді философиясының ескерткіштері
Ежелгі Қытай философиясының пайда болу тарихы

Қорытынды
Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне тән ерекшеліктер


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Философ.docx

— 42.91 Кб (Скачать документ)

«Веда» сөзі «білім» дегенді  білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді. Ведалар 4 бөліктен түрады:

1) Самхиттер – құдайларға арналған  гимндер жинағы; олардың ең көнесі  Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;

2) Брахмандар – діни салт  өлеңдер жинағы, философиялық маңызы  аса зор болмаса да, Самхиттер  мен Упанишадалардың арасын байланыстырып  тұр.

3) Араньяктар – «Орман кітаптары»  – қоғамнан бөлектенушілерге  немесе орман кеңістігінде ақиқат  пен табиғат туралы ойға берілушілерге  арналған ережелер жинағы. Қоғамнан  бөлектенудің өзі «іс-әрекет жолынан»  «білім жолына», тереңірек пайымдау  жолына көшу дегенді білдіреді,  яғни Араньяктарда дүниетанымдық  мазмұн басымырақ бола бастайды.

4) Уланишадалар – философиялық  мазмұны терең, рационалистік  сипаты басым негізгі бөлім,  Ведаларды аяқтаушы болғандықтан  кейде веданта («Ведалардың соңы»)  деп аталады. Алғашқы упанишадалар  шамамен алғанда біздің дөуірімізге  дейінгі VІІ-VІ ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХП ғасырларға дейін жалғасты. Uрапі-sаd ( «қасында отыру»), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тыңдау, «жұмбақ білім» дегенді білдіреді. Упанишадалар – ұстаздың шәкіртпен диалог-әңгімесі, оның тақырыбы – болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі.

Махабхарата көне Үндінің философиялық ескерткіштерінің бірі бо-лыптабылады. Махабхарата – «Бхараттардың  ұлы шайқасы туралы аңыз», діни, мифологиялық, философиялық ойлар жинақталған  көне Үнді эпосы, буддизмнің қасиетті түпнұсқаларының бірі.

Көне Үнді философиясының негізгі мектептері

Г Жайнизм – көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы – біздің дәуірімізге  дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды.

Жайн¬дардың көзқарастарында олардың  өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса – тірі мақұлықтардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя –  ұрлық жасамау; сатья – шыншылдық; апариграха – үйірсектікке (М.Әуезов өзінің «Будда» еңбегінде осы  ұғымды «жабыспау» деп аударған) тиым салу. Махавира бүл тиымдарға бесіншісін – брахмачарья – некеден бас  тартуды қосты. Жайн монахтары ұстанулары тиіс осы тиым салулар екі мың  жарым жыл бойы қатаң сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс.

Уақыт өте Махавираның жолын  қуушылар екі бағытқа бөлінді: ди-гамбаралар («ауа киіндіргендер») және шветамбаралар («ақ кигендер»).

Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс  және одан тәуелсіз өмір сүреді деп  түсінді және бес немесе алты субстанцияны беліп көрсетті:

1) джива – тірі, жан,  рухани субстанция; дживалардың  саны шексіз көп; 2) зат; 3) кеңістік; 4- және 5) қозғалыс пен тыныштықты  бейнелейтін дхарма мен адхарма; 6) уақыт.

Жайндардың пікірінше, субстанциялар мәңгі және өзгермейді, өзгеретін олардың көріністері  ғана, заттан басқа субстанциялар  бөлінбейді және формалары жоқ, яғни, олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді және денесіз. «Тірі» болып  есептелетін дживадан басқа субстанциялар  «тірі емеске» жатады.

Бұл субстанцияларды қысқаша сипаттасақ, барлық субстанциялар оларды өзіне  сиғызатын кеңістікте өмір сүреді. Кеңістік үздіксіз, бірақ адам оны  көз алдына елестете алуы үшін жайндар  оны сансыз көп идеалдық бірліктерге  – прадешаларга бөлінеді деп түсіндіреді. Жайндар шексіз кеңістікті екіге  бөледі: көрінетін әлем кеңістігі  – «дүние» (лока) және «дүние-емес» (а-лока), соңғысына көрінетін кеңістік пен прадешалардың шексіз саны кіреді.

Зат, жайндардың түсінігінде, ұсақ және бөлінбейтін бөліктер – атом-дардан тұратын, бірігетін және ыдырайтын, сезілетін, формасы бар, бел-сенді, әр түрлі қасиеттерге ие, қозғалыста болып отыратын субстанция. Оның алты күйі бар:

стхула-стхула – «өте дөрекі», яғни қатты заттар.

стхула – «дөрекі», мысалы, сұйықтар;

стхула – сукшма –  «дөрекі-нәзік», мысалы, көлеңкелер және айнадағы бейнелер;

сукшма-стхупа – «нәзік-дөрекі», көзге көрінбейтін газдар, иістер;

сукшма – «нәзік», ешқандай сезім мүшелері қабылдамайтын карма, энергия; сукшма-сукшма – атом секілді  «өте нәзік» зат.

Уақытты субстанция деп тек қана дигамбаралар мойындайды, ол бар-лық  субстанциялардың барлық көріністерінің әлемдік кеңістікте пайда бо-луының, өмір сүруінің және жойылуының негізі ретінде қарастырылады.

Адам және оның өмірі мәселесін  шешуде жайнизм «өмір дегеніміз -азап» ұғымын ұстанады. Азап – карма  заңының нәтижесі. Карма заңының  мәні мынада: жеке өмір ағынын құрайтын элементтерге бұрынғы элементтер мен  адамгершілік сипаты бар істер әсер етеді, адамның жақсы немесе жаман  қылығы бүкіл ағында ерте ме, кеш  пе, бір салдар туғызады. Жайнизм  бұл заңды жеңуге болатынына сенімді, оны жеңетін джина (жын). Өткен  өмірдегі жаман істерді адам үш нәрсені  орындау -дұрыс сенім, дұрыс таным  және дұрыс мінез-құлық арқылы жеңе алады, бірақ адам азаптан толық  құтылу үшін жан денеден тәуелсіз, жоғары тұруы керек. Дене құрсауынан шыға алмаған жан құмарлыққа, нәпсіге  икем келеді де, бейнет шегеді, тері арқылы жанның ішіне лас заттар ағыны  өтіп, адам моральдық азғындауға ұшырайды.

Моральдік ластанудан, азап-қасірет  шегуден азат болу – жайнизм түсінігі бойынша, адам өмірінің мақсаты. Оған жету үшін аталған үш шартты бұлжытпай  орындап, өз құмарлықтарын жеңген рухани ұстаздардың басшылығымен таным  процесін үнемі жүргізіп отыруға  міндетг Жайндар өмірді аса қатты  қадірлегенін айта кету керек, олар тек  адам өмірі емес, жалпы өмір атаулының  бәрі құнды деп есептеді, жан-жануарлар  ме жәндіктердің өміріне де зиян келтірмеуге  тырысты. Адал, шыдамды, өзі талабы қатты, қоршаған дүниеден тәуелсіз, кешірімді, тірі мақұлықтар мейірімді аскет  адам ғана өмірдің мәніне жетеді деп  тұжырымдады.

Будднзм – көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінін: негізінде  дүниеге келген. Негізін қалаушы  – біздің дәуірімізге дей: 560-480 жылдары  Гималайдың бауырындағы Капилавасту  мемлекетг өмір сүрген Сидхартха  Готама (философиялық әдебиеттердің  көбін Сидхарта Гаутама деп жазылып  жүр). Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама  өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді  жағымсыз құбылыс-тарымен кездескен  соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп  шешті.

Сидхартханың бұл шешімі туралы белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің «Будда» еңбегінде жақсы  баяндады: «Адам біткен ауырады, қартаяды, өледі. Ендеше несіне бұл адам өмір сүріп жүр? Бір сағатта ауырып қалатын болса, сағат сайын әлі  азайып, сиқы бұзылып, қартаятын болса, болжаусыз бір сағатта өліп қалатынын  біліп отырғанда не қуаныш, не жұбаныш  бола алады. Бұны біле тұра қызық көріп  қуануға бола ма? Бұл жөн емес, бұдан құтылу керек» («Абай» журналы. 1918 ж., №3).

26

Азапты өмірден құтылудың екі  жолы бар: сыртқы дүниені озгерту  ар-кылы адамдардың бәріне ортақ утопия құру және өзіндік «Менді» өзгеріске, яғни, ішкі болмыстың қасіретіне ұшырамайтын  «ішкі утопияны» құру- Будда екінші, экзистенциалдық жолды тандап, тақуалық өмір кешуге. адамзаттың рухани ұстазына айналуға бел байлайды. Әкесінің үйінен кетіп, Урувилланың маңындағы Бодхи  ағашының астындағы оңаша жерге  орналасқан Сидхартха ханзада жеті күннен соң қасіретті өмірден  тазару жолдарын тауып, нұрланады. Азап шегу мен қасіретке толы өмірден  құтылудың жолын ол төрт ақиқат арқылы белгілейді:

1) өмір – тынымсыз  күрес, азап, бейнет;

2) азап, бейнет нәпсіден, құмарлық-құштарлықтан

(өмір сүруге құмарлық, рахатқа құмарлық, өлуге құмарлық) туады;

3) азаптың себебі бар.  Оны танып-білуге болады;

4) азап пен бейнеттен  құтылу жолы сегіз қағидадан тұрады. Буддизм өмірге құмарлықты жеңу оңай емес деп түсіндіреді. Ол үшін

дұрыс жол тандап алу  қажет, ал оған дұрыс көре білу, дұрыс  ой, дұрыс сөз, дұрыс іс-әрекет, дұрыс өмір салты, дұрыс куш-жігер, дұрыс назар, дұрыс көңіл бөлу секілді адамгершілік принциптерден тұратын сегіздік жол кіреді. Осы қасиеттерді сақтай отырып өмір сүру арқылы нирванага, тыныштыққа жетуге болады.

Үнді философиясының басқа бағыттары  сияқты буддизм де өлі ма-терияның, органикалық дүниенің және жанды  дүние элементтерінің ара-сында  себептілік бар екендігін мойындайды және соңғы себептілікті ерекше бөліп көрсетеді (карма теориясы). Буддистер карманы адамның өмірін ең басты бақылаушы деп есептемегенімен. адамдарды карманың бар екендігін ұмытпауға шақырады, сол арқылы ізгілікке жетелейді. Адамгершіліктік ластану ағынның барлық элементтерін кірлетеді, сондықтан оны бірте-бірте жойып, мүлдем тазару жолымен нирванаға жетуге болады. Нирвана – адамдардың көпшілігі үстіртін түсініп жүргендей жәй ғана рахатқа бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру. бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету.

Буддизм нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп ойлап, пайымдауға негізделген медитация – йога деп көрсетеді. Тұлға элементтер мен сана ағынынан тұрады, ал элементтердің арасында адамның өз ойларын бір нүктеге жинақтау қабілеті – йога аса құнды. Буддизм бұл қабілет әр адамның бойында бар, мәселе оны дамыта білуде деп есептеиді, яғни, көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Осы факторды ерекше атап көрсету керек, себебі буддизм адамның жетілуі оның өз қолында, адам бейнет-қасіреттен өз күшшен, сыртқы күштердің, қоғамның әсерінсіз, өзіндік моральдық және интеллектуальдік жетілудің негізінде құтылуға қабілетті деп пайымдайды.

Нирвана теориясы адам рухының еркіндігінің, оның материалдық дүниеден, қоғамдағы  касталарға бөлінуден тәуелсіздігінің  жақсы дәлелі. Осы себепті Будда  философиясы өзінен кейінгі көптеген философиялық ағымдарға, әсіресе Батыс  философиясына қатты әсер етті, ал буддизм діні әлемде қазіргі кезде  де кең тарап отыр.

Чарвака-локаята – философиялық әдебиетте Көне Үнді филосо-фиясындағы материалистік деп қабылданған бағыт (локаятиктер). «Чарвака-локаята» сөзінің мағынасы белгісіз. Зерттеушілердің бір тобы тарихта Чарвака деген ойшыл болған деп болжамдайды, басқа бір ғалымдар бұл ағымның негізін салушы Брихаспати деп есептейді, ал кейбір ғалымдар чарвака-локаятаның болған-болмағандығы белгісіз деген пікір білдіреді. Бірақ Көне Үнді ескерткіштерінде бұл ағым туралы мәліметтер кездеседі, сондықтан да соңғы болжам негізсіз. Чарвака-локаятаның материалистік сипаты оның таным теориясында айқын көрінеді. Таным-праманың негізі прамана ретінде локаятиктер логикалық түйін-тұжырымдарды емес, ақиқат екендігі күмән туғызбайтын қабылдауды ғана мойындайды, оның негізі – туйсіктер. Олардың пікірінше, адамдар көбіне ой түйіндеулерге сенеді де, қателеседі, ал оларда ақиқат сирек кездеседі, басқа сенімді адамның пікірі де біз үшін таным негізі бола алмайды.

Чарвака-локаяталар о дүниеге  сенбейді, бұ дүние ғана бар және бұ- дүниедегі болмыс пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және өзгермейтін  төрт элементтен: жер, от, су және ауадан тұрады деп есептейді. Сана, ақыл және сезім мүшелерінің негізі де осы элементтер, олар мақұлық дүниеден өткенде ыдырайды. Локаятиктер жанның, Құдайдың бар екендігін терістейді. Олар адам өмірінің мән-мақсаты – осы нақты өмірде рахатқа болену, азап-қасіреттен аулақ болуға ұмтылу деп түсінді, яғни чарвака-локаята гедонизм принципін ұстанды.

Ежелгі Қытай философиясының пайда болу тарихы

Қытай философиясы - Қытай халқының дәстүрлі философиялық білімдер жүйесі. Қытай философиясының пайда болу тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтан бастау алады. Қытай философиясы діннен гөрі дәстүр аясында дамыды. Ежелгі Қытайда Чжау әулеті тұсында аспан (Тянь) жоғарғы  бастама болып, аспан-жер қатынасы құндылық тұрғысынан қарастырылды. Осыдан келіп ел, мемлекет мағынасын білдіретін «Аспан асты» («Тянь ся») ұғымы қалыптасты. Қытай философиясы екі мектеп (бағыт) түрінде пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік философиясы (жу цзя). Кейін басқа мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), тағы басқа қалыптасты. Жаңа дәуір  басында Қытайға таралған Махаяна  буддизмі даосизммен бірігіп, Қытайдағы  философия мен діннің үшінші тармағы  болған қытайлық буддизмді (чань-буддизм) құрады. Елдің әлеуметтік-мемлекеттіл  құрылымының түбірлі өзгеруі  нәтижесінде мемлекет басқаруға  философтарды қатыстыру мен философтар академия құрудың өзі ертедегі Қытайда  философияның мемлекеттік сипатта  болғанын көрсетеді. Өзінің филосoфиялық ұстанымдарын алғаш ұсынғандардың  бірі Конфуций (б.з.б. 6 – 5 ғ.) негізін  қалаған конфуцийшілдік ілімі Хань дәуірінде негізгі идеологияға, біртұтас жүйеге айналды. Буддизм мен  даосизмнің қоғамдық рөлдерінің өсуі конфуцийшілдік ілімнің доктриналарын  жаңа тұрғыдан қарастырып, оның рөлін  арттыруға себеп болды. Конфуцийден  кейін оның шәкірттері ұстазының  этикалық, әлеуметтік, онтолагиялық-гносеолды  түсініктерін дамытты. Бір-біріне қарама-қарсы  ілімді Мэн-цзы мен Сюнь-цзы ұсынды. Мэн-цзының пікірінше, адамның табиғаты о бастан қайырымды; адамгершілік, ақылдылық, данышпандық, әділеттілік адамға дене мүшелері сияқты берілген. Сюнь-цзының ойынша, адам табиғатынан – зұлым, яғни адам туғаннан бастап пайда табуға, тән рақатына ғана талпынады, ал жақсы  қасиеттер адам бойына оқудың, тәрбиенің  арқасында ғана сіңеді. Мэн-цзы «адамгершілікпен басқару» («жэнь чжэн») теориясын  жасаса, Сюнь-цзы басқарушыны тамырмен, халықты жапырақпен салыстырып, басшының мақсаты өз халқын бағынышта ұстауда  деп есептеген. Конфуций ілімінің негіздерін, әсіресе әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға  алған Мо-цзы (б.з.б. 5 ғ.) болды. Ол дүниедегі  бақытсыздық пен тәртіпсіздіктің  бәрі адамдар арасында мейірімсіздіктен туады, «баршаның мейірбандылығы»  принципі адамдарды теңдікке жеткізіп, қоғамда әділеттілік орнатады деп  уағыздады. Мо-цзы басқыншылыққа, соғысқа  қарсы шығып, дәстүрге айналған «Тәңір құдіретіне» сенуді жоққа шығарды, мемлекет басқару орындарына адамның  ата-тегіне қарамай, оның іскерлігіне, даналығына байланысты тағайындаған дұрыс  деп санады. Ол қарапайым халықты  ақсүйектермен теңестіруге тырысып, өкімет пен халықты бірлікке, ортақ  мүддеге шақырды. Қытайда даосизм  стихиялы материализм сипатында  қалыптасты. Бұл ілім «Дао дэ цзин», «Чжуан-цзы» атты кітаптарда баяндалған. Даосизм бүкіл табиғатқа тән  объективті жалпы заңдылық «дао» («жол») бар деп дәлелдейді. Даосизмнің негізін  қалаушылар Дао-цзы және Чжан-цзы  адамның іс-әрекетіне шек қоятын заңдар мен ережелерге (Конфуцийдің  моральдық ережелері) қарсы шығады. Даосизм идеяларымен толықтырылған  конфуцийшілдік б.з.б. 136 жылдан 1912 жылға  дейін Қытайда ресми идеология  болып, қытай халқының мәдени-рухани өмірінің өзегіне айналды. Б.з.б. 1 ғасырда  Қытайда буддизм діні таралып, төрт ғасыр аралығында толығымен енді. Бастапқыда буддизм қытайлық филосафия  дәстүрлердің қарсылығына кездесті. Буддизмді уағыздаушылар өздерінің  қарсыластарымен пікірталас кезінде  буддизм ұстанымдарын емес, қытайлық рухани дәстүрдің буддизмдік дәстүрлермен сәйкестігін сөз етті. Олар өз тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеу үшін Лао-цзы, Конфуций, Чжау-цзыға жүгінді. Яғни, қытай философиясын буддизм тұрғысынан талдады. Буддизм даосизм философиясының табиғилық, әрекетсіздік, барлық заттардың теңдігі туралы идеяларын қабылдап, өз ілімін жетілдірді. Конфуцийшілдік пен даосизм буддизмге қарсы тұрғанымен, оның кейбір элементтерін бойына сіңірді. Даосизм буддизмнің салт-жоралары мен әдет-ғұрпын қабылдауының нәтижесінде соңынан балгерлік пен сәуегейліктің бір түріне айналып, философиялық ағым ретінде мәнін жоғалтты (3 ғ.). Конфуцийшілдіктің буддизм философиясының идеалистік-рационалистік рухын бойына сіңіруі нәтижесінде неоконфуцийшілдік пайда болды (12 ғ.). Неоконфуцийшілдік ілімінің тууына Ван Тун, Хань Юй, Ли Ао идеялары себепкер болды. Бұл ілім алдына негізгі 2 міндетті қойды: конфуцийшілдік ілімді қалпына келтіру және буддизм мен даосизм көтерген мәселелерді нумерологияның методологияның көмегімен шешу. Бұл мәселені бірінші болып шешуге тырысқан Чжоу Дуньидің идеялары жүз жылдан соң Чжу Си шығарм-нда шешімін тапты. Чжу Си ілімі 20 ғасырдың басына дейін конфуцийшілдік ілімді түсіндірудің негізі болды. Кейін оның ізбасарлары дамытқан конфуцийшілдік ілімі жаңадан пайда болған мемлекет басқарудың бюрократиялық түрінің ерекше құқықтарына теория негіз болып, мемлкет ресми идеологияға айналды. 17 – 18 ғасырлар философиясы Конфуций мен Мэн-цзының «киелі кітаптарына» түсіндірмелер жазумен шұғылданып, Чжу Си мен Чжан Цза немесе Ван Чуань-шань идеялары төңірегінде дамыды. 19 ғасырда Қытайда әлеуметтік реформа мен ағартушылықтың саяси идеологиясы пайда болды. Қытай реформаторлары (Кан Ю-вэй, Лян Ци-чао, Тань Си-тун) абсолюттік монархияны конституциялық монархиямен ауыстыруды талап етті. Олар мемлекет пен халық арасында жарасымды қатынасты орнату тұжырымдамасын ұсынды. Қоғамдық құрылысты революциялық жолмен өзгертуге қарсы шығып, халықты конфуцийшілдік этика нормаларында тәрбиелеуді қуаттады. 20 ғасырда Қытайда саяси филосафия мен әлеуметтік теориялар (ағылшын философы Г.Спенсердің позитивтік эволюционистік идеялары) кең өріс алды. ҚХР-дың құрылуымен Қытай философиясында бірден бір теория негіз – марксизм ілімі, диалект. және тарихи материализм тарала бастады.

Информация о работе Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне тән ерекшеліктер