Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне тән ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 18:51, реферат

Краткое описание

Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.

Содержание

Кіріспе
Ең көне философиялық ілімдер пайда болған Шығыс мемлекеттері

Негізгі бөлім
Ежелгі Үнді философиясының пайда болуы
Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары
Ежелгі Үнді философиясының ескерткіштері
Ежелгі Қытай философиясының пайда болу тарихы

Қорытынды
Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне тән ерекшеліктер


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Философ.docx

— 42.91 Кб (Скачать документ)

              Жоспар

 

    1. Кіріспе

Ең көне философиялық ілімдер пайда болған Шығыс мемлекеттері

 

    1. Негізгі бөлім
    1. Ежелгі Үнді философиясының пайда болуы
    1. Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары
    2. Ежелгі Үнді философиясының ескерткіштері
    3. Ежелгі Қытай философиясының пайда болу тарихы

 

    1. Қорытынды

Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне тән  ерекшеліктер

 

 

    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ең көне философиялық ілімдер  пайда болған Шығыс мемлекеттері

Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай  мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.

Ежелгі Үнді философиясының пайда болуы

Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде  кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (әскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне —ой еңбегі, кшатрииларға — әскери қызмет, вайшьилерге — егін шаруашылығы, қоленер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға — қара жұмыс қана тиді. Осы кезде қоғамдык өмірге, әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиялык, философиялық көзқарастар да қалыптасты. Олар негізінен ежелгі үнді мәдениетінің ескерткіші — ведаларда (веда — білім) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:

І.Самхит—құдайларға арналған гимндер жинағы.

2. Брахман-самхитті түсіндіретін  әр түрлі мифологиялық әңгімелер.

3. Араньякта (Орман кітабы) —  брахманға тән ритуалдардын орнына, сол құдайларды іштей сыйлап құрметтеу, олар туралы ойлап толғану сияқты көзқарас.

4.Ведалардың ең соңғы сатысы "упанишадта" дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқьілы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.

Упанишадтың басты тезисі — Брахман—бар  әлемнің генетикалық, түпнегіздік  бастамасы және олардың соңы. Брахман  екі түрлі болады. Біріншісі — қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі — жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі — жалкы. Кейбір жағдайларда брахманмен қатар, синоним ретінде атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты—біржағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман — тіршіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің бастамасы, негізі және соңы болады. Брахман және атманмен бірге қатар тұрған ұғымдардыңбірі — "мен". Мен" өзін брахманмен, атманмен теңмін деп түсінгенде ғана құдаймен, бүкіл әлеммен тең болады. Ал "мен" —-бірбөлек, брахман, атман — бір бөлек деп түсіну білімділікке жатпайды. Ал егер атманды танып білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тіқелей құрбандық шалғаннан гөрі, құрбандық шалу туралы білім өте қүндырақ. Нағыз брахман — өмір қиыншылығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан арылып, тыныштық тауып, алдап-арбаусыз ой кешіп, атманды түсініп, білген адам. Өмірдің ең басты мақсаты — тірі кезіңде сансардан (жанның бір денеден бір денеге көшіп жүруі) құтылу арқылы атман-брахманмен косыльш б ірігу. Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол ведалардың беделін мойындау-мойындамауьша байланысты әр түрлі бағыттарға бөлінеді: жаинизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяттар, санкхья, т.б.

Жаинизм ("жайна" — жеңімпаз). Жаинизмнің негізгі философиялық көзқарастары "Сиддханта"деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. III ғ.). Жаинизм сансарға, кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жаинизмнің басты мақсаты — қасірет деп түсінген өмірден азат болу.Жаинизмнің ілімінше, карма заңын кұдайларға құрбандық шалу арқылы өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде сансардан құтылу арқылы жеңуге болады. Жайналықтар әлемді тіршілігі бар және тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) әлем атомдардан (ану)тұратын материалдан (пудгала) кұралады. Олар бір-бірімен косылып бөліне алады. Тіршіліксіз әлемге сонымен катар кенестік (ақаша), уақыт (кала), орта және қозғалыс жатады. Тіршілігі бар әлемнің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі әр түрлі болады. Егер ауа, жер, от, өсім-діктер тек қана сезіне алса, құстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түйсіну тән. Жалпы алғанда, тіршілік мәңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін кабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денелерден екінші денеге ауысып отырады. Жаинизмде мокша тіршілігі бар және тіршіліксіз әлемдердің арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді. Карманың өзі көп түрлі. Оның бірі — денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген отбасын айқындаса, екіншісі — өмірдің ұзақтығын, үшіншісі — тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, ләззаттануға қатынасты анықтайды. Сансардан азат болу үшін "үшқазынаны" сақтау керек.Олар: дұрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім. Дұрыс сенім — төрт ханкарлар деп аталатын 24 әулиенің іс-әрекетіне сену болса, дұрыс қылық — тазалыкты, шындықты, сабырлықты, т.б. сақтау. Ал шынайы білім—жанның сезім мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып-білу процесінде жан қарастырып отырған заттармен тікелей байланысады. Ал түйсіктер, ақыл-ой болса мұндай байланысқа кедергі жасайды. Шынайы білім өз тарапынан үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысында жан кашықтағы ұсақ заттарды түйсінеді, екінші сатысьнда.— өз бой-ындағы адамдарға деген қызғанышты, жек көрушілікті жёңген жан, адамдардың казіргі және өткен кездегі ойларын тікелей білуге мүмкіндік алады, ал үшінші сатысында сансардан азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дариды.

Жаинизм пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тұрады. Төменгі екі қабатыңда — әзәзіл (перілер), ортаншы қабатта жер, келесі кабатта — құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта — құдайларға ұқсас жындар орналасқан. Шындап кел-генде, жаинизм пікірінше, құдайжоқ, оның бар екендігі туралы келтіріліп жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз қате, сондықтан да құдайға емес, 24 тиртханкарға (әулиелер) және жындарға сену керек.

Жаинизм кейінірек келе дигамбар және шветамбар деген екі  сектаға бөлініп кетті. Жаинизмге Үндістанда қазірдің өзінде де көптеген адамдар сенеді. Буддизм. Бүл философиялык ағымның шығу тарихы принц Сиддхарта Гаутаманың (б.д.д. 563-483 жж.) есімімен тығыз бай-ланысты. Будцизм ілімі бойынша, өмір — қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен кұтыла алмайды. Оған кұдайға шалған құрбандық та көмектесе алмайды. Қасіреттен кұтылудың бірден-бір жолы — сансардан толық азат болу. Ол үшін адам төрт түрлі ақиқатты білуі қажет:

1. Өмір — қасірет. Өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен айырылу, кажетіңе жете алмау, т.б. осылар-дың бәрі — қасірет.

2. Касіреттің пайда болу себептері  туралы ақиқатты білу Ол—өмірге, ләззатқа деген құштарлық.

3. Құштарлықтан құтылу арқылы  оны жеңу.

4. Құштарлықтан құтылу жолдарын  білу.

Құштарлықтан құтылу оңай емес. ол үшін сегіз қағиданы бұлжытпай орындау керек, Олар:

1. Дұрыс жол — төрт ақиқатты  дүрыс түсіну.

2.Дұрыс шешім—төрт ақиқатқа  сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер.

3. Дұрыс сөз — өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау,

4. Дұрыс іс-әрекет— ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу.

5. Дұрыс тұрмыс қалпы — адал  еңбек етуді әдетке айналдыру.

6. Дұрыс күш жұмсау — қүмарлықпен, жаман оймен күресу

7. Дұрыс ой бағыты— дүниенің жалған, уақытша екенін түсіну.

8.Дұрыс жинақтала білу — өз  денеңді сезінуден, ойлаудан, түйсінуден арылу.

Дұрыс жинақтала білудің өзі  төрт сатыдан тұрады.

1.Ойды төрт акиқатты түсініп, пайымдауға бағыштау.

2.Осы төрт ақиқатка сену. Ол  біздің жанымыздың тыныштықта  және куаныш та болуына мүмкіндік  береді.

3. Куаныш — қайғыдан, өзденеңді сезінуден арылу.

4. Толық сабырлылық және талғаусыздык  жағдайға жету.

Соңғы сатыны Будда "нирвана" деп атайды (адамның тірі кезінде жанды сансардан толығымен азат етуі). Нирвананың мокшадан айырмашылығы, мокша жанды қасіреттен о дүниеде азат етсе, нирвана — бұл дүниеде азат етеді. Нирвана жағдайына жеткен адам архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп аталады. Нирвана — ең жоғарғы ләззат. Кейін келе, нирвана ұғымы адамның бойынан бүкіл әлемдік көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мәңгі, оны ешкім дүниеге әкелмейді және пайда болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, оны тек қана дұрыс жолмен жүрген,ақыл-ойы күнделікті қызықтан алшақ адам танып - біле алады. Б.д.д. III ғасырда буддизм Иңдияның ресми идеологиясы болды. Кейінірек келе, ол дінге айналып, екі ағымға бөлініп кетті. Хинаяна — "кіші шеңбер" деп аталатын ағым бастапқы буддизмге жақынырақ болса, макаяна—"үлкен шеңбер" деп аталатын ағым "бодхисаттваны" пір тұтып, одан алшақтап кетті. "Бодхисатхва толық білімге жетуге талпыньп жүрген адам.. Ол алғашқы буддизмдегі білгір адамнан гөрі, дін уағыздаушы адамға көбірек ұқсайды. Өзінің ерлігімен, батырлығымен ол тек өзін ғана құтқармайды, өз күшімен нирванаға жете алмайтындардың бәрін құтқаруға көмектеседі. Сөйтіп, нирвана өзінің бұрынғы мағынасынан айырылып, "жұмақ" деген ұғымға пара-пар болып шыға келеді. Буддизмге сүйенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі (Қытай,Жапония, Бирма, Цейлон, т.б.). Ал Үндістанның өзінде буддизмнің орнын брахманизм басып, буддизмдегі Будда Вишну құдайдың бір көрінісі болып қалады. Локаята (Чарвака). (Лока — "аймақ, ел, кеңістік, әлем, жер, өмір", Ал көптік түрде — "адамдар", "халық, адамзат" деген мағыналар берген). Локаяттар веда ілімдерін жокқа шығарады. Осы тұрғыдан веда дінін, оның беделді ғұламаларын, ілімдерін сынға алады. (Мысалы, веда дінбасыларын халыкты алдап, соның арка-сында байып жүр, дене өлгеннен кейін жан да өмір сүрмейді). Олардың пікірінше, әлемдегі барлық денелер, заттар махабхут деп аталатын 4 түпнегізден тұрады. Олар: ауа (ваю), от (агаи), су (ап) және жер (кшита). Махабхуттар белсенді және әрекетшіл келеді. Олар өздеріне тән күштің, белсенділіктің аркасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ касиет-сананы дүниеге әкеледі. Ал жанды дене-лер өлгенде, олар қайтадан өздерін өмірге әкелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады. Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыттың өзі — ләззат деп түсінген. Ләззат пен қасірет байланысты, бірақ' қасірет буддизмдегі сияқты өмірдің мәні емес,сондықтан оны азайтуға, жеңіддетуге болады, ол өз қолымызда. Кейінірек келе, локаяттар сушикшит (нәзік) және дхурта (тұрпайы, дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлінеді.

 

Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары

Көне Үнді философиясын зерттеуші  ғалымдар ежелгі Үнді филосо- фиясының терминологиясы шым-шытырық, ұғымдары аударуға қиын. бір ұғымның өзі  бірнеше мағынаны береді деп ескертеді  және оның себебін Үнді еліндегі ойлау  жүйесінің Еуропадағы ойлау жүйесінен  мүлдем белектігімен, оны белгілі  бір логикалық жүйеге келтірудің мүмкін еместігімен түсіндіреді. Шынында  да, әр халықтың өмір салты, дүние туралы түсінік ұғымдары, пайымдау тәсі лі әр түрлі. Сол себепті бір халықтың өз тілі алыптаскан философиялық ұғым-категориясын екінші халықтың тіліне аударып, терең  мағынасын жеткізу мүмкін емес. Мысалы, қазақ халқынын адам, өмір, қоғам, табиғат  туралы тамаша дүниетанымдық ойларын  білдіретін ұғымдарды орыс тіліне аударған күндеде олардың өзіндік терең  мазмұнын, ұлттық сипатын дәл жеткізуге  болмайды.

Дегенмен де, ежелгі Үнді философиясының негізгі ұғымдарының  маз-мұны туралы жалпы түсінік беріп  қарайық.

Архат – «жауды жеңуші» дегенді  білдіреді. Архат деп нирванаға  жеткен, сананын тыныш ағынын бұзатын  құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды.

Атман – бұл ұғымның бірнеше  мағынасы бар: «мен», «езімді», «дене». Бірақ атман ұғымының ең басты  мағынасы – индивидуальдік және универсальдік  космостық психикалық болмыс ретіндегі  «адам». Осы мағынада атман бүкіл  бар болып отырғанның генетикалық  және субстанционалдық бастауы, негізі және соңы. Атман рухани және денелік  деп бөлінеді, сондай-ақ, ол көбіне ақыл-ойдан, сез бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, «брахман» ұғымымен бірдей деңгейде түсініледі.

Брахман – бірнеше мағынаға ие ұғым 1) абыздар кастасының, брах-мандардың  екілі; 2) абыз; 3) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция.

Будда – «нұрланған», «оянған». Кең мағынасында – арамдаушы  сезімдер мен білместікті жеңу жолдарын керсеткен және құбылыстардың абсолюттік және салыстырмалы табиғаты туралы білімдерді толық меңгеруге жеткен адам. Тар  мағынасында – будда дінінің  негізін қалаушының аты.

Дхамма (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (сіһагта) – бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда Ілімі, рухани білімнің кви-нэссенциясы дегенді  білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды  біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым  деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс заңдылықтарының  асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы – болмыстың  элементтері. Әлемдік процесс –  себептерден туындайтын және өшуге  бағыт алған нәзік, еткінші 72 дхарма-элементтердің  өзара әсер етуі және оның соңғы  нәтижесі -абсолюттік тыныш күйге, сенуге жету.

Иога – әдетте бұл ұғым индивидтің өзін-өзі физикалық жағынан жет-ілдіруінің техникасы ретінде түсініледі. Шындығында, йога – терең мәнді философиялық ұғым. Ежелгі үнділіктер тұлғаны (риdgа1а) жеке элемент-теден тұратын рухани белік пен атомдардан тұратын  физикалық құры-лымның бірлігі деп  қарастырды. Элементтердің екеуі аса құнды, егер оларды дамытуға қажетті деңгейде назар аударылса, олар индивидті өзгер¬те алады.

Бұл элементтер – бағалық сараптау жасай білу қабілеті және ойларымызды  бір нүктеге жинақтай білу қабілеті. Sаmаdhі немесе уоgа деген осы.

Карма – «іс-әрекет». Ең мардымсыз  деген іс-әрекеттің өзі бүкіл  өмір ағымына әсер етеді де, бұл  себеп, – жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, – міндетті түрде салдар туғызады, ол жақс немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт  пай да болады, ал жағымсыз істер  азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.

Нирвана -»жоғалу», «сөну». Күнделікті өмір – бітпейтін күйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана – осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы. Адамның бұл күйін сипаттап жеткізу қиын, үнді ойшылдарының өздері нирвананы логикада және уақыттан тыс деп қарастырады. Әдетте нирвана ұғымын рахат ұғым арқылы ұғынуға тырысуға болады, бірақ рахат түйсікпен, сезіммен баланысты күй, ал нирвана-абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ ол зұлымдық пен құмарлықтар-дың тынышталуы, сезінбеудің толық дәр жесіне жету.

Сансара – азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры – білместікте, сондықтан одан құтылу жолы – нирванаға өну.

Көне Үнді философиясының басты  ерекшеліктері:

1) ғылыми оймен байланысының  аздығы;

2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;

3) діни-мифологиялық оймен тығыз  байланыстылығы;

4) философиялық ой ескерткіштерінің  хронологиялық жағынан жүйесіздігі  және белгісіздігі;

5) негізгі философиялық ұғымдардың  мән-мағынасының күрделілігі және  сантүрлілігі.

Көне Үндінін негізгі  философиялық ескерткіштері

Ежелгі Үнді философиясының бастауы  – біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан  Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби  ескерткіштері болып саналады. Кейінірек  Көне үнді тілі санскритте жазылып  алынған Ведалар Үнді қоғамының  рухани мәдениетінің, философиялық ойларының  қалыптасып-дамуында айқындаушы рөл  атқарды.

Информация о работе Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне тән ерекшеліктер