Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2014 в 19:38, реферат
Бұдан үш мыңдай жыл бұрын көне Шығыста алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, оның орнына құлдық қоғам орнай бастады. Еңбек бөлінісінің өркендеуі , өндіргіш күштердің дамуы, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі бұрынғы дәстүрлі мифологиялық сананы тоқырауға ұшыратты, ғылымның философиясының дамуына жол ашты. Көне Шығыста атап айтқанда Үнді елінде, алғашқы философиялық дүниетанымның түрлері қалыптаса бастады
Ежелгі Үнді философиясы
Бұдан үш мыңдай жыл бұрын көне Шығыста алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, оның орнына құлдық қоғам орнай бастады. Еңбек бөлінісінің өркендеуі , өндіргіш күштердің дамуы, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі бұрынғы дәстүрлі мифологиялық сананы тоқырауға ұшыратты, ғылымның философиясының дамуына жол ашты. Көне Шығыста атап айтқанда Үнді елінде, алғашқы философиялық дүниетанымның түрлері қалыптаса бастады. Өкінішке орай, бұрынғы Кеңестер Одағындағы Еуропаға бой ұрушылықтың бел алуына байланысты Шығыс мәдениетіне салғырт қараудың нәтижесінде көне Шығыс философиясы туралы материалдарға ресми оқулықтардың өзінде мардымсыз орын беріліп келді. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында осы мәселеге кеңірек тоқталуды жөн көрдік.
Көне Үнді жерінде құл иеленуші мемлекеттер пайда бола бастаған кезде, негізінен төрт таптық құрылымдар өмір сүрді. Олар – абыздар (брахмандар), әскербасылар сардарлар (кшатрийлер), ауқатты шаруалар ( вайшьлер) және ең төменгі каста (таптық құрылым) шудралар. Шудралар мен құлдар барлық хұқтан мақұрым болды да, абыздардың, сардарлардың ауқатты шаруалардың езісіне түсті.
Көне Үнді әдебиетінің ескерткіші Ведаларда («веданың» түпкі мағынасы «жиектеу» деген сөз, кейіннен- білімдер жиынтығы деген мағынаға ие болады ) мифологиялық діни көзқарастармен қатар философиялық дүниетаным да өрістеді. Төрт бөлімнен тұратын Ведалардың соңғысы «Упанишада» деп аталды. Біздің жыл санауымыздан мың жыл бұрын жазылған бұл бөлімде әлемнің жаратылысы, ондағы адамның алатын орны туралы діни философиялық пайымдаулар алғаш рет хатқа түсті. Ведалық мәтіндер тоғыз ғасыр бойына жасақталған, яғни біздің жыл санауымыздан бұрынғы 15ғ мен 6ғ аралығын қамтиды.
Бұл мәтіндерде тұжырымдалған негізгі қағида – ғарыштық тәртіп. Оған адамдар түгілі құдайлар да бағынады. Жаратылыс сумен байланыстырылады, ал тіршіліктің пайда болуы дем алу процесіне телінеді.
«Упанишаның» түпкі мағынасы «тізе түйістіру» екен. Оның құрамына кіретін үш жүзге жуық мәтіндер біздің заманға келіп жетіпті. Алайда, бұл мәтіндерде дүниетанымның белгілі бір жүйеге түсірілмегендігі кейін қалыптасқан әр қилы ағымдарға негіз болғанға ұқсайды. Сонысына қарамай, әлемнің және адам болмысының мәні – «брахма» және «атман» сынды қағидалар тұжырымдалған. «Брахма» туралы ілім, сайып келгенде, «ғарыштық тәртіп» қағидасына тіреледі. «Упанишада» ілімінің өзегін болмыс біртұтастығы халқындағы қағида құрайды. Мұның бір тармағына «адамның демі таусылғанда оның жаны басқа денелерге көшіп қонады» деген ұйғарымға саятын ілім жаады. Ғұмырын ахлақ талаптарына сай өткізген адам брахман, кшатрий, вайшьи кейпінде қайта туылады, ал керісінше былапыт ғұмыр кешкендер шудраға немесе жануарлар мен өсімдіктерге айналады. Демек әр фәниде адам неғұрлым дұры ғұмыр кешсе болашақ өмірде сан алуан жақсылықтардан үміткер бола алады.
Мұндай өмір айналымы мәңгілік сипатта болады және ол «Карма заңдылығы» деп аталады.
Отқа өртелген марқұмның мәні (атман) денеден бөлініп , Карма заңдылығының негізінде сансыз рет басқа тіршілік иелеріне қонып отырады, мұны «бабалар жолымен» жүру деп атайды. Ал таным иесі брахма мен атманның біртұтас сипатта екеніне көз жеткізген жағдайда, ол Карма заңдылығынан шығып, оның жолы брахмаға барып сіңісті болып кетеді. Мұны «Құдайлар жолымен жүру» деп атаған.
«Упанишада» негізінен идеалистік ілім болып табылады, алайда, оның мазмұнына тән материалистік сарын да баршылық. «Уддалака» ілімі сондай ағымға жатқанымен жүйелі материалистік дүниетаным деңгейіне көтеріле алмаған. Дегенмен мұнда табиғат жаратушы күш ретінде қарастырылады да, барлық құбылыстар дүниесі жылудан, судан және жер нәрінен бастау алады делінеді.
«Упанишада» - ой-санадағы абыздар (брахмандар)үстемдігіне қарсы шыққан ілім. Оның өкілдері негізінен кшатрийлер ( әскербасылар) мен вайшья катасынан (ауқатты шаруалар) шыққан. Сондықтан да олар үшін идеологиялық қызмет атқарған «Упанишаданың» әлеуметтік маңызы Үнді қоғамының өмірінде әлі күнге дейін жоғалған жоқ.
Солтүстік Үнді жерінде біздің заманымыздан 2600 жыл бұрын буддизм ілімі пайда болды. Оның негізін қалаушы С.Гаутама (б.ж.с.д. 583-483 ж.ж.) қазіргі оңтүстік Непал жерінде тайпа көсемінің отбасында дүниеге келген. 29 жасқа келген шағында Джайнизмнің негізін қалаған Махавира сияқты дүниеден баз кешіп, туған елінен тысқары кетеді де, тақуалыққа бой ұрады. Ұзақ жылдар бойы ойланып толғанудың нәтижесінде оның дүниетанымы қайта түлейді де өмірлік жлдың дұрыс бағытын табады. Сондықтан ол Будда («оянған» деген мағына береді) деген атқа ие болады. Өзінің көзінің тірісінде- ақ көптеген шәкірттерге ие болады да негізінен үстем тап өкілдерінен тұратын тақуалық қауымдарды қалыптастыра бастайды. Уақыт өте Будда халқында неше түрлі қиал- ғажайып аңыздар туындайды да ол Құдай дәрежесіне көтеріледі. Буддизмнің өзегін төрт ақиқат туралы ілім құрайды. Олар:
Буддизм
1. Пенденің ғұмыры қасірет шегумен тікелей
байланысты: туылу, өлу, ауыру, кесел, көкейіндегінің жүзеге аспауы- барлығы да қасіретке жетелейді.
2. Қасірет шегудің себебі – мұқтаждық. Ол қуаныш- қайғы, қасірет шегу арқылы қайта туылуға, қайта түлеуге алып келеді.
3.Қасірет шегуді шектеу мұқтаждықты аластауға байланысты және де бұл іс сегіз жол арқылы жүзеге асырылады: а) дұрыс пайымдау; ә) дұрыс шешім қабылдау; б) дұрыс сөйлеу; в) дұрыс ғұмыр кешу; г) ұмтылыс; д) дұрыс зейін ; ж) дұрыс сенім; е) дұрыс шүйілу.
4. Нәпсілікке құштарлық та, өзін-өзі азаптау да – дұрыс жолдан ауытқушылық.
Ал өз кезеңінде аталмыш сегіз жол он екі буынды түсініктемелерге бөлінеді. Мысалы, дұрыс пікір жолы «өмір- қасірет шегудің тәсілі» деген ұғыммен байланысты болса, дұрыс шешім тірі жандарға деген аяушылық білдірумен, дұрыс сөйлеу нақтылық, жылылық, қарапайым шындықпен байланысты. Дұрыс ғұмыр кешу ахлақтың талаптарды орындаумен, яғни атышулы буддалық бес уағызбен (панчашила) байланысты. Олар:
1. Тіршілік иелеріне зиян келтірмеу.
2. Бөтен меншікке сұқтанбау, қол сұқпау. (қазақтағы ала жіпті аттамау сияқты)
3. Тыйым салынған жыныстық қатынастардан бойды аулақ салу.
4. Қаңқу, өтірік сөздерден тыйылу.
5. Мас қылатын ішімдіктерден бас тарту.
Карма заңдылығының ырқынан шығу үшін бұл уағыздарды қатаң ұстану қажет, сонда ғана діндар адам «архат» дәрежесіне жетеді. Ол дегеніңіз «нирвана» («сөну» деген мағына береді) жағдаятыңа жету жолындағы табалдырық іспетті. Ал,"нирвана" "өлім" деген мағынада емес,керісінше мәңгілік өмірге көшу,яғни ғұмырлық айналым (Карма заңдылығы бойынша) ырқынан босанып,бей-жай,ғажайып халге тұсу хақында айтылады.Буддизмнің негізгі қағидалары уақыт өте келе өзгерістерге ұшырайды,кейбіреулер ілгері ұмтылады,кейбіреуері индуизм ықпалынмазмұнын жаңғыртады. Жалпы алғанда,буддизмнің екі бағыты біздің заманға келіп жетті.ОЛардың бірі"Хинаяна"("кіші арба"деген мағына береді) деп аталса,екіншісі "Махаяна" ("үлкен арба" деген мағына береді) деп аталады.Алғашқысы Нирвана жағдаятына фәни жалғанды тәрк еткен,дүниеден баз кешкен тақуалар ғана жете алады десе,кейінгісі керісінше,Будда жолына түскен зайырлы адамдардың да ол жағдайда жетіп қанақоймай,басқаларға да көмектесетіндігіне баса көңіл аударады.Махаяна бағыты үшін Будда –жаратқанның адам бейнесіндегі бір көрінісі. Ол үш көріністе болады. Бұл ілім қазіргі нәсінари дінінде орын алып отырған үшкілдікті еске түсіреді.
Өзінің даму барысында
буддизм аталмыш екі бағыттан
басқа көптеген ағымдарға
Біздің жыл санауымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасында көне Үнді жерінде бір орталыққа бағынатын мемлекеттік қалыптаса бастады да Ашони патшаның тұсында дене еңбегі мен ой еңбегінің іргесі толық ажырап,билік пен әлеуметтік–саяси,рухани үстемдік ақсүйектер қолына шоғырланады. Рулық – тайпалық құрылыс ыдырап, оның орнын құл иеленушілік қоғам басады. Бұлжағдай үстем таптардың ғылыми,діни – фәлсафалық ізденіспен айналысуына жол ашада. Бұрынғы брахманизм жаңа құрылымның ой –санасына сәйкес келмейтін болғандықтан оның орнына соны ілімдер жасақтау қажеттілігі туады. Жаңа діни-фәлсафалық мектептер мен ағымдар қалыптаса бастайды. Солардың бірегей түріне джайнизм жатады.
Джайнизмнің негізін қалаушы Махавира Варухамана(б.ж.с.д.VIғ) әскербасы отбасында дүниеге келіп,28 жасында үйінен кетіп қалып, 12 жыл бойына шығармашылықпен айналысып, нәтижесінде соны фәлсафалық ілімнің қағидаларын тұжырымдайды. Оның ілімі бүкіл Үнді жеріне жайылады. алғашқы кездерде бұл ілім ауызекі таралады да кейіннен, яғни Vғасырда хатқа түседі.Джайнизм дуалистік қағидаға негізделген. Осы тұрғыдан алып қарағанда адам болмысы екіұдай сипаттан бастау алады:материалдық (аджива) және рухани (джива).Оларды байланыстыратын Карма (өте нәзік нәрсе) жанның тұрпайы денеге қонуына жағдай туғызады. Джайнизм Карманың сегіз түрін белгілейді. Олар негізінен ,қатігез және жақсы деп екіге бөлінеді. адамның жаман-жақсы болмағы осы екеуінің кайсысының ықпалын көбірек тигізгеніне байланысты.Құдай дегеніміз Карманың («бабалар жолының») ырқынан шығып, тәуелсіздікке қол жеткізген жан. Демек, Құдай жаратушы емес, адамның рухани мәні. Бұндай ұғым қазақтардың әруақ туралы түсінігіне мүлдем сәйкес келеді. Жанның немесе адам рухының Карма заңдылығының ырқынан шығу мүмкіндігі қайырымдылық іспен байланысты. Сондықтан да Джайнизм ахлақ мәселелеріне көбірек көңіл бөлген және бұл ілімге «Үш қазына» (триратна) деген ат берілген. Дәстүрлі үш қазынаға дұрыс сенімге негізделген шынайы пайымдау, дұрыс танымға негізделген білімділік құты және дұрыс ғұмыр кешу жатады. Алғашқы екеуі джайнизм ілімінің сенімі мен біліктілігіне байланысты. Ал кейінгісі негізінен тақуалыққа бой бұруға шақырады. Джайнистік қауымдарда қабылданатын анттар мазмұны тірі жан иелеріне зиян келтірмеу, жыныстық қатынастардан бас тарту, дүниеден баз кешу, байлықтан безіну сияқты қағидаларға келіп саяды.
Джайнизм ілімінде де ғарыштық тәртіп кеңінен орын алады. Ғарыш дегеніміз мәні бар нәрсе, оны ешкім жаратқан емес және оны ешкім жоя алмайды. Әлемдік тәртіпті сақтау туралы пайымдаулар джайнистік жан туралы туындайды. Жан Карма заңдылығының ырқында болғандықтан, әрі оның құрсауынан құтылуға ұмтылатындықтан жер бауырлаған деңгейінен бірте-бірте өрлей береді-міс. Осы құбылыс тыныштық пен қозғалыстың өзара бірлігі арқылы уақыт пен кеңістік аумағында жүзеге асырылады және оң нәтижелі болған жағдайда жан тәуелсіздікке жетіп жығылады.
Уақыт өте келе джайнизмде екі бағыт қалыптасады: біріншісі Дигамбара (ауамен киінетіндер, яғни киімді тәркілейтіндер деген мағына береді), ал екіншісі Шветамбара (ақ киімділер) деп аталады. Бұл бағыттардың ықпалы үнділер үшін әлі де болса жойылған жоқ. Олардың өмір сүру салтында күні бүгінге дейін джайнизмнің ізі сақталып қалған.
Ал индиузимнің философиялық негіздемесі алты жүйеден тұрады (шаддаршана). Олардың бәрінде де ғұлырлық айналымнан құтылып, Карма заңдылығының ырқынан шығатын жол іздестірілді. Солардың бірі «санкхья» деп аталады. Оның негізін салушы Шваркришна біздің жыл санауымыздан бұрыңғы 4 ғасырда өмір сүрген. Санкхья – дуалистік дүниетаным.Себебі, әлемнің екі түпнегізін бірдей қабылдайды. Олар – пракрити (яғни, табиғат пен материя) және пуруши (рух). Олар бір-бірінен тәуелсіз өмір сүреді. Олардың бірлігінен 25 қағида туындайды. Бұл қағидалар кейіннен пайда болған әр түрлі діни-философиялық ағымдарға негіз болған-ды.
Солардың бірі – йога. Бұл ағым санкхья ілімінен дуалистік қағиданы қабылдайды. Бірақта жанды игеру арқылы денені ырықққа көндіру йоганың басты мұраты болып табылады. Бұл үшін ұзақ жаттығулар қажет. Йоганың негізгі ұғымы «читта» деп аталады. Ол – жанның әр түрлі сатыдағы жағдаятын бейнелейтін категория. Оларға етене жаттығулардың әр қилы сатылары болады.
Мысалы, өзін-өзі игеру (яма), дем алу процесін ырыққа көндіру (сана), сезімді сыртқы әсерден бейтарапдандыру (пратьяхара), ойды бір арнаға тоғыту (дхарата), медитация (дхьяна), арылу (самадхи), соңғысы-жанның денеден арылуы. Иога фәлсәфасының түпкі мақсаты ғұмырлық айналымнан шығып, яғни Карма заңдылығының ырқынан құтылу болып табылады.
Локоята Көне Үнді философиясындағы ағымдар Ведалардың беделін мойындауына байланысты бөлінеді. Локоята (“Локо” - осы дүние деген сөз) философиясы Ведалардың беделін мойындамайтын материалисттік бағытты жақтады. Оның кейінгі жалғасы червак («чар» - төте, «вак» - сөз) деген атқа ие болған. Локоятаның жазба ескерткіштері сақтамаған. Бұл философиялық ілім туралы кейінгі ортағасырлық Үнді ойшылдарының еңбектеріндегі мәліметтер хабар береді. Локоята тик материялдық дүниені мойындаған. Оның болмыс туралы ілімі әлемді бірнеше түпнегіздік материялдық бөлшектерден тұрады деп есептейді. Олардың өзара байланыс түзуінен нақтылы заттар мен құбылыстар пайда болады. Құдайға сену, о дүниенің бар екендігіне жұмаққа сену – бекершілік, табиғаттың заттары ауадан (желден), оттан (жарықтан), судан және топырақтан жаратылады. Мысалы тірі дене өлікке айналғанда бастапқы түп негіздік бөлшектерге ыдырайды.
Локоятаның болмыс туралы ілімі оның этикалық қағидаларын тұжырымдауыны негіз болады. Адамға қасірет шегу де, рахатқа бату да табиғи нәрсе. Негізгі мақсат – қасірет шегуді азайтуда, (өйткені оны мүлдем жою мүмкін емес) ал, рахатқа бату жағын молайтуда. Күнә, жақсылық пен жамандық ұғымдары, қасиетті діни кітаптары авторлары –абыздарды ойдан шығарған сандырағы, - деп қорытады локоята.