Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 17:49, реферат
Ғылым адамға өз өмірін сақтап калу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс – айланы ойлап тапты. Қазіргі замандағы біз ыңғайлылық, денсаулық және ойын - сауық үшін былай қарағанда өзінен өзі болуы керек сияқты көрінетін заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат баласының жүріп өткен жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған, ғылымның тарихи – мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан.
-экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.
Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен ешқандай байланысы жоқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз болатыны сөзсіз. Шын мәнінде, парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық фактілер мысалдарынан – анализ, бағалау сияқты процестердің ғылымның кәдімгі даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын байқауға болады. Сондықтан ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір біріне үзілді – кесілді қарама - қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың тарапынан қарсылыққа кездесті.
ТАРАУ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Ғылымның эволюциясы, оның алғы шарттары, қалыптасуы, дамуы және негізгі кезеңдері.
2. Ғылыми танымның түсінігі, оның құрылымы.
3. Ғылыми танымның әдістері: эмпирикалық, теориялық, жалпы және жеке, т,б. әдістер.
4. Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары
Р.А. Мирзадиновтың «Жаратылыстану концепциялары» оқулығынан алынды