Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 17:49, реферат
Ғылым адамға өз өмірін сақтап калу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс – айланы ойлап тапты. Қазіргі замандағы біз ыңғайлылық, денсаулық және ойын - сауық үшін былай қарағанда өзінен өзі болуы керек сияқты көрінетін заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат баласының жүріп өткен жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған, ғылымның тарихи – мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан.
Алма ағашын сілкілеп көру сияқты қарапайым тәжірибенің нәтижесінде біз барлық алмалардың бірдей екендігін байқаймыз. Бірақ физикалық заңдылықты ашу үшін тек алмалар ғана жеткіліксіз. Ол үшін бізге басқа да денелерді қарастыру қажет және олардың неғұрлым бір – біріне ұқсамауы соғұрлым тәжірибе үшін пайдалы.
Байқап қарасақ, барлық денелер оларға белгісіз бір күш әсер ететіндей Жерге құлайды екен. Бірақ Жерге барлық денелер құламайды. Мысалға Ай, Күн және басқа да Жерден алыс аса ірі және салмағы үлкен аспан денелеріне қатысты жағдай мүлдем басқаша. Яғни біз бұл жерде әртүрлі денелердің бір-бірінен ерекшеліктерін анық байқаймыз, бұл әрине ойланатын жағдай. Сыртынан қарағанда мүлдем бөлек көрінетін денелердің өзара ортақ белгілері бар ма? Әртүрліліктерінен ұқсастық табу – бұл ғылыми зерттеудің міндетті кезеңі. Бірақ барлық денелермен эксперимент жүргізу мүмкін емес.
Денелердің
Егер де біз, бәрібір де тәжірибе қажет деп табатын болсақ, оны модельдермен, яғни мөлшері мен массасы дененің өзімен салыстырғанда пропорционалды түрде бірнеше есе кішірейтілген денелермен жүргізуге болады. Модельді эксперименттің қорытындысын кәдімгі қалпындағы денелер үшін пропорционалды түрде қолдануға болады.
Модельді эксперименттен де басқа, яғни ойша тәжірибе жүргізуге де болады. Ол үшін, шынында жоқ денелерді ойша елестетіп, оларға ойша тәжірибе жасау қажет.
Бұдан соң эмпирикалық зерттеулердің қорытындысын жазу, яғни зерттеу қорытындыларын қағаз бетіне түсіру қажет. Бірақ қорытындыларды жазу, зерттеудің нәтижелерін жалпылап, түсініктер мен терминдердің мәнін қолда бар теориялық білімнің негізінде түсіндіру қажет.
Түсініктер қалыптастыру - зерттеудің келесі теориялық деңгейіне жатады, бұл деңгей эмпирикалық емес, теориялық болып табылады. Ғылымда түсініктер мен терминдер ерекше рольге ие. Терминді түсіндіру (басқа сөзбен айтқанда түсінікті анықтау)- қарастырылып отырған заттың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Ғылыми терминдер мен белгілер – бұлар толық қолданылса өте көп орын алатын, сол себепті шартты түрде қысқартылған түсініктер.
Ғылыми ережелердің фальсификациялануы қағидасы, яғни олардың тәжірибеде тексеріліп және жоққа шығарылуы, ғылымда қарсылықсыз қабылданып отырған жағдай.
Танымның бір саласына қатысты бірнеше заңның жиынтығы теория деп аталады. Тәжірибеде дәлелденген теория осы мәселе жөніндегі белгілі эмпирикалық фактілерді ескі теорияға қарағанда жоғарырақ деңгейде түсіндіретін жаңа теория шыққанға дейін, сондай – ақ осы теорияны жоққа шығаратын жаңа эмпирикалық фактілер пайда болғанға дейін дәлелі болып есептеледі.
Ғылыми танымның құрылымдық схемасын төмендегіше беруге болады: эмпирикалық факт ® ғылыми факт ® бақылау ® реалды тәжірибе ® модельдік тәжірибе ® ойша тәжірибе ® зерттеулер қорытындысын эмпирикалық деңгейде бекіту ® эмпирикалық жалпылау ® қолда бар теориялық білімді қолдану ® гипотеза құру ® оны тәжірибе арқылы тексеру ® жаңа түсініктерді қалыптастыру ® терминдер мен белгілерді енгізу ® олардың мәнін анықтау ® заң шығару ® теория ойлап шығару ® оны тәжірибеде тексеру ® қажет болған жағдайда қосымша гипотезалар жасау.
Сонымен біз ғылымның – бақылау, тәжірибе, гипотеза, теория және аргументтерден құралатындығын анықтадық. Өз кезегінде ғылымның мазмұнын қарастыратын болсақ, бұл – бақылау және тәжірибемен дәлелденген эмпирикалық жалпылаулар және теориялар жиынтығы. Сондай ақ, бұл жерде теория мен аргументтерді ойлап шығарудың шығармашылық процесінің тәжірибе мен бақылаудан кем рөл атқармайтындығын көрсету керек.
Жоғарыда айтылғанның нәтижесінде ғылыми зерттеудің құрылымы өте күрделі деген қорытындыға келеміз. Ғылымда қүдіретті күштің көмегімен ешқандай құбылыс жүзеге аспайды, осыған сәйкес Ньютонның басына алма құлауы мен оның бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашуының арасында аса үлкен ара қашықтық бар. Бұл қашықтықты тек табиғатта орын алып жатқан құбылыстарды ұзақ уақыт бойы бақылау, тәжірибе жүргізу, болып жатқан процестерге байланысты ой қорыту, жаңа түсініктерді ойлап табу және т.б әрекеттерді жүзеге асыру арқылы ғана игеруге болады. Бірақ ғалым күрделі ойларға шомып, ұқсас процестерді салыстырып отырғанда оның басына алманың құлауы, ғылыми жаңалықтың аяқ асты пайда болуына ықпал етуі де мүмкін.
1.3 Ғылыми танымның әдістері
Жоғарыда сипатталған ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.
Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.
Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында.
Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.
Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті
шынайылықты арнайы түрде
2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу- объектілерді
ұқсас қасиеттері немесе
4) тәжірибе жасау –
құбылысқайталанған кезде
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:
1) формаландыру - зерттеліп отырған
шынайы процестердің мағынасын
ашатын абстрактылы-
2) аксиомаландыру –
дәлелдеуді керек етпейтін
3) гипотетикалық - дедуктивтік
әдіс – нәтижесінде
Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
- анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
- абстракциялау - зерттеліп
отырған құбылыстың қажетті
- жалпылау – объектілердің
жалпы белгілері мен
- индукция – жеке
қорытулар негізінде жалпы
- дедукция – жалпы
тұжырымнан жеке тұжырым
- аналогия – объектілердің
бірдей белгілерінің ұқсастығы
негізінде олардың ұқсастығы
туралы айтуға үмкіндік
- классификация- зерттелетін
пәннің зерттеушіге қажетті
Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады:
· экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;
· интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;
· модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;
· ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;
· эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары;
Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады:
- декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;
- селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау;
- агрегирование –
жекелеген сипаттамаларды
Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.
Жоғарыда айтылып өткен
1.4 Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары
Зерттеу
құралдарына түрлі
Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді
қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның
түсініктілігі бір-бірімен
Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік, магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық ғалымдар Д.К.Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына сүйенді.
Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:
- қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланаған;