Білім беру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 08:35, реферат

Краткое описание

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Копия мага реферат.docx

— 53.58 Кб (Скачать документ)

     Әлемдік практикада  өткен ғасырдың 40-жылдарында қолданысқа  ене бастаған «үздіксіз білім  беру» термині ересек адамдарға  білім беру жүйесі ретінде  қарастырылады. Дәстүрлі өмірлік  білім беру идеясының орнына  өмір бойы білім алу идеясын  басшылыққа алудың дұрыстығы  заман талабынан туындап отыр. Жеделдете оқыту жүйесі педагогикалық  жүйелердің бөлігі бола отырып, адамның белгілі бір деңгейдегі  еркіндік дәрежесін жүзеге асырады,  яғни оны сол мезетте қажет  болатын белгілі бір іс-әрекетке  бағыттайды. Өз кезегінде жеке  тұлға өз қатысымдық құзыреттілігін  дамытуға ұмтыла отырып, тілдік  тұлға деңгейіне көтеріледі. Өз  бетімен білімін жетілдіру жеке  тұлғаның барлық ішкі жүйелерін  біртұтастыққа жұмылдыруға мәжбүр  етіп, оған жаңа қырынан танылуға, құндылықтары мен қызығушылықтарын  жаңадан бағыттауға және өзін  жетілдіріп, қайта құрылуға мүмкіндік  береді. Өзін-өзі дамыту кезінде  тілдік тұлға ұйымдастырудың  жаңа деңгейіне көтеріледі де, ол одан сайын дамып, күрделілене  түседі. Талап, ынта, жаңашыл бастамалар, шығармашылық белсенділік, ізденушілік  - тілдік тұлғаның даму үдерісінің  көрсеткіштері болып табылады. Үздіксіз  білім беру жүйесінің ұстанымдары  жеке тұлғаның жан-жақты жалпы  мәдени дамуы, тұлғаның бос  уақытын дұрыс ұйымдастыру, әлеуметтік тұрақтылық және әлеуметтік даму және т.б. функцияларды жүзеге асырумен тікелей байланысты.

     Адамзат дамуының  тарихи және әлеуметтік тәжірибесі  дүниетаным, шығармашылық, терең білімділіктің  негізі – тіл екендігін көрсетті. Тіл жеке тұлғаның даму ұстанымдарын, сенімін жүзеге асырады, дүниеге  деген қайталанбас көзқарасын  білдіреді, болып жатқан жағдайға  әсерлену қабілеттілігін көрсетеді.  Мемлекетіміз жүргізіп отырған  тіл саясаты бойынша қоғамымыздағы  әрбір азаматтың мемлекеттік  қазақ тілін тегін үйренуіне  толық құқығы бар. Бүгінгі тіл  үйренуге мұқтаж ересек қауым  мемлекеттік тілді меңгеру арқылы  өздерінің экономикалық жағдайларын  жақсарту мүмкіндіктерінің кеңейетініне  толық көзі жетіп отыр. Сонымен  қатар, өздері мекендеп отырған  елдің, отандас болып отырған  ұлттың тілін меңгеру арқылы  қазақ топырағының, қазақ ұлтының  алдында адамгершілік борыштарын  ақтап шығатындарын сезінуде. Ерназарова  бұған қатысты: “Оқытудың мазмұны  тілді үйренушінің мақсатынан  туындайды. Ал мақсат экстралингвистикалық  факторлардың ықпалымен қалыптасатын  қоғам мүшесінің қажеттілігінен  туындайды. Қажеттілік мазмұны  тілді үйренушінің қарым-қатынас  жасайтын ортасының әлеуметтік  сипатына тәуелді болып келеді”, - деп жазады. Ал білім беру  мазмұнында тілді оқытудың маңызы  ерекше, адам тіл арқылы қоршаған  ортаны таниды, басқалармен тілдік  қарым-қатынасқа түседі, логикалық  ойлау қабілеті дамиды, ақпараттар  қабылдайды, өз ойын ауызша да  жазбаша да жатық жеткізе алу  мүмкіндігіне ие болады.

     Үздіксіз білім  беру мазмұнын жаңарту қоғамды  ақпараттандыру үрдісінің дамуына  байланысты өзгеріске ұшырап  отырады, ал мемлекеттік тілді  оқытуды ақпараттандыру оқыту  мақсаттарына терең деңгейде  әсер етеді. Соған сәйкес қазақ  тілін жеделдете оқытудың міндеті  - адами қарым-қатынасқа дайын,  әлеуметтік-лингвистикалық ахуалды  дұрыс бағалайтын, мемлекеттік тілді  білудің қажеттілігі мен әлеуметтік  маңызын терең сезінетін, қазақ  тілінде сөйлесім әрекетін жағдаятқа  сәйкес үйлесімді қолдана білетін,  жоғары азаматтық жауапкершілік  пен әлемдік көзқарасының, сана-сезімінің  дамуы күнделікті өмір қажеттілігі  болып табылатын болашақ ақпараттық  қоғам мүшелерінің сапалы жаңа  моделін жасақтау болып табылады.

     ХХI ғасырда  әлемдік өркениет төрінен орын  алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты  дамуының бірден-бір жолы ғылымды  әр қырынан меңгеру қажет болып  отырғаны белгілі. Елбасымыз Қазақстан  халқына «Бәсекеге қабілетті  халық үшін», «бәсекеге қабілетті  экономика үшін» - деген жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның  бәсекеге нақтылы қабілеттілігін  қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін  аса маңызды құралдың бірі»  -деген. Қазіргі заман талабына  сай, Елбасының халыққа Жолдауы  білім беру ісінде де жыл  сайын өзгерістер енгізіп отыр. «Жаңа технологиялық құзірет»  бағдарлай білу өз бетінше  білім беруде стратегиялық міндеттерін  табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу», -деп атап көрсеткен. Осыны жүзеге асыруда жаңа формацияның педагогы қажет.     

     Мұғалімдердің  жаңа ұрпағы, білім деңгейі жөнінен  әрдайым саналып келгендей, біршама  емес, әлдеқайда жоғары болуы  тиіс.

     Бұл-уақыттың  талабы. Білім берудегі ескі мазмұнның  орнына жаңасы келуде. Ол - балаға  оқу қызметінің субъектісі ретінде  жүзеге асырылуы орынды. Жаңа  тұлға оқушыны дамыту жолдары:  өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі  тану, өзін-өзі дамушы тұлға ретінде  қалыптастыруға бағытталған. Демек,  мектеп оқушыларының ғылым, білімнің  қоғамдық қажетті деңгейі мен  қамтамасыз ету, оларды Отандық,  ұлттық және әлемнің мәдениет  арналарына сусындату қажет.

     Ыбырай Алтынсарин  сөзімен айтқанда мектептің жұмыскер  жүрегі – ұстаз. Яғни, негізгі  білім қазығы –бастауыш сынып  мұғалімдерінен үлкен үміт күтері  сөзсіз. Осы міндеттерді жүзеге  асыруда әр сыныптың ерекшелігі  білім деңгейіне сай болуы  қажет. Қазіргі заман талабына  бейімделген шәкіртті тәрбиелеп,  білім беруде өз тәжірибемде  басты өзекті тақырыбымызды: «Жеке  тұлғаға бағытталған оқытуды  ұйымдастыру арқылы оқушылардың  шығармашылық қабілетін арттыру», - деп атадық.

 

 

Осы тақырыпты меңгеру  барысында мынадай міндеттер  шешімін табуға тиіс:

  1. Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау;
  2. Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;
  3. Оқушылардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға икемдеу, соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;
  4. Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, оқушының танымдық белсенділігін арттыру.

     Жоғарыда аталған  міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың  көмегімен мынадай зерттеу жұмыстары  жүргізілді:

  1. Сауалнама
  2. Тест: психологиялық, пәндік
  3. Кесім алу
  4. Бақылау жұмысы

     Бұл күнделікті  бағдарламаны меңгеруде қиындықтар  туғызатынын байқай бастадық. Сол  себепті жаңашыл-ұстаздардың озық  іс-тәжірибелермен қатар, СТО  стратегияларын сабақта және  сабақтан тыс уақыттарда пайдалануға  бет бұрдық. Мәселен, кітапханашымен  байланыс жасай отырып, оқушылардың  көркем әдебиетке қызығушылығын арттырдық, әр сабақта тіл дамыту жұмыстары жасалды, яғни 4 шумақты өлеңдерді жаттауға ұсындық. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда әр сабақ мазмұнына сәйкес суреттер салу, диафильмдер жасау, ребус, сөзжұмбақ құрастыруды дағдыға айналдырып отырдық.

     Есте сақтау  қабілеттерін арттыруда берілген  мәтіндерді, өлең-шумақтарды, аңыз-әңгімелерді  оқушы есінде көбірек сақтап  қалу мақсатында түрлі кестелер  толтырылды.

    Бұл ретте басты  ұстаным - бастауыш сынып оқушыларына  сабақты жоғарғы қызығушылықпен  өткізу екендігін баса айту  қажет. Әр тақырыпты өткенде,  таңдау кезінде алдымен ой  қозғалады.

     Сабақтың кейбір  кезеңдерінде оқушылардың сабаққа  белсенділігін арттыруда өз ойын  жазбаша жазуын, логикалық ойлауын  үнемі қарастырылады. Оқушылардың  сөйлеу мәдениетін, өзін-өзі ұстауын,  өз ойын еркін жеткізуі, оқушы  бойында инабаттылық тәрбиесінің  қалыптасуына үнемі көңіл бөлініп  отырады.

     Осындай атқарылған  істер барысында тәжірибелік  істердің ілгері басқанын байқадық  және мына нәтижелерге қол  жеткіздік:

  • білім деңгейі мен білім сапасының артуына;
  • логикалық ойлау деңгейі мен тілдік қарым-қатынас деңгейлерінің өсуіне;
  • кез-келген ортада өзін-өзі ұстау мәдениетінің жоғарлауына;
  • қазіргі ортаға бейім, саналық та, тәрбиелік дәрежесінің оң өзгерістерінің сипат алғанына көз жеткіздік.

Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім  беру саласының еш назарынан тыс  қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы  жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.

     Әр ұстаз  – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай  болу үшін – ізденімпаз ғалым,  нәзік психолог, жан-жақты шебер,  тынымсыз еңбекөор, терең қазыналы  білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы  болу керек.

Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында  жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа  үйретері мол аға ұрпақтың ісі  өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.

Мұғалім. Бұл адамның ардақты  аты,

Білімдік бар биікке шығар  саты.

Ең алғаш басталады  осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...

Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,

Сыйлайды мәңгі бақи беріп  төрін, -деп,

     Сәбит Мұқанов  айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі,  сүйікті болып, шәкірттерімізді  білім нәрімен сусындатып, белестерге  жете берейік. Сондықтан баланы  жеке тұлға ретінде өздігінен  дамуға итермелеуіміз керек. Себебі  жаңа білім парадигмасы бірінші  орынға баланың білім алу арқылы  өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше  жұмыстардың алар орны ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта айтқанда бір атанға жүк боларлық бұндай кең тақырыпты  жиырма бетке толық қамтып жазу мүмкін емес. Дегенмен, қолда бар материалдар  арқылы тақырыпты ашып көрсетуге, кеңінен  талқылауға тырыстық. Қазақта «Білекті бірді, білімді мыңды жығады»  деген халық мақалы бар. Өскелең  ұрпақтын білімді де саналы болып  өсуі үшін қолдағы бар мүмкіндікті  қолданған жөн. Меніңше, біздің елдің  әлеуеті сапалы білім беруге және сапалы маман даярлауға жетеді. Бірақ, бұл мүмкіндікті қарастыру және оны еліміздің шарт-жағдайына  сай түрлі әдістерді қолдана  алу да маңызды.

Әлемдік жаһандану заманында  білікті де білімді ұрпақ қана өз орнын ойып тұрып алары сөзсіз. Бұл-уақыттың талабы. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол - балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды. Жаңа тұлға оқушыны дамыту жолдары: өзін-өзі  өзектендіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі  дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.

ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгеру қажет  болып отырғаны белгілі. Елбасымыз  Қазақстан халқына «Бәсекеге  қабілетті халық үшін», «бәсекеге  қабілетті экономика үшін» - деген  жолдауында: «Білім беру реформасы  – Қазақстанның бәсекеге нақтылы  қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік  беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген. Қазіргі заман талабына сай, Елбасының халыққа Жолдауы  білім беру ісінде де жыл сайын  өзгерістер енгізіп отыр. «Жаңа технологиялық  құзірет» бағдарлай білу өз бетінше  білім беруде стратегиялық міндеттерін  табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра  білу», -деп атап көрсеткен. Осыны  жүзеге асыруда жаңа формацияның  педагогы қажет.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы жобасында Қазақстанда  оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі  білім көрсеткішінің жақсаруы мен  қазақстандық білім беру жүйесінің  тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін  мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды  арттыру мәселелеріне үлкен мән  берілген.

Демек, жоғарыдағы қарастырылған  мәселелерді ескере отырып және жолдарды қарастыра отырып, білім беру жүйесін  дамыту қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев  айтқандай «Ел болашағы-білімді  ұрпақ». Ендеше, жүйелі білім беру мен  саналы түрде ұрпақ тәрбиесіне мән  беру, ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, нағыз елінің патриоты болуға баулу  маңызды да өзекті.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988.
  2. А.С. Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993.
  3. В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития. Казань. 1996.
  4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б
  5. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.
  6. Краткий словарь иностранных слов // под.ред. О.П.Марасанова.М., 1993. 318-б
  7. Советский энциклопедический словарь// М., Издательство «Советская энциклопедия», 1984. 613-б
  8. С.И. Ожегов, Н.Ю. Шведова. А.С. Макаренко. «Толковый словарь русского языка» // М., 2004. 288-б
  9. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б
  10. С.Е. Шишов. Понятие компетенции в контексте проблемы качества образования // «Государство и образование», 2002. 88-б
  11. В.А. Хуторской. Ключевые компетенции как компонент личностноориентированной парадигмы образования. // «Народные образования», №2, 2003. 58-94-б
  12. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет
  13. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б

Информация о работе Білім беру жүйесі