Білім беру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 08:35, реферат

Краткое описание

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Копия мага реферат.docx

— 53.58 Кб (Скачать документ)

     Аталған құзыреттілік  қасиеттерді тұлға бойына дарытуда  педагог қауымның арнайы әлеуметтік  білім беру құзыреттіліктерінің  жан- жақты болуы талап етіледі.Егер  педагог өзінің кәсіби өсу  жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты  берілу арқылы тұлғаның алған  білімін өмірде қолдана білетіндей  тапсырмалар жүйесін ұсына алатын  жағдайда болғанда ғана студент  құзыреттілігін қалыптастыруға  мүмкіндік табады. Бір сөзбен  айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер  жүйесі білім стандартына сай  тұлғаның жан- жақты дамуына  негізделген, алған білімін өмірдің  қандай бір жағдаяттарына қолдана  алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің  құзыреттілігіне байланысты болады.

Кәсіби деңгейдің  дамуы

Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі  дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді.Мысалы, ұлы  педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко ,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті  адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері  дей отырып, педагогикалық шеберліктің  дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін  мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы  мәселені терең зерттеген А.Маркова  мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін  анықтаған.

     Обьективті  критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына  қаншалықты сәйкес әлеуметтік  тәжірибеге қосар үлесі қандай  екендігі.Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі  мәселелерді шығармашылықпен шеше  алу біліктері, т.б жататындығын  атап өтеді.

     Субьективті  критерийлер. Адамның мамандығы  қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері  мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты  ол өз ісінен қанағат табатындығымен  байланысты. Мұғалім еңбегіндегі  субьективті критерийлерге кәсіби  – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің  маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті  көзқарастың болуын жатқызады.

     Нәтижелі критерийлер.  Мұғалім өз ісіне қоғам талап  етіп отырған нәтижелерге қол  жеткізіп отыр ма деген мәселе  тұрғысынан қарастырады.Біреулер  нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің  стандартқа сай болуын алса, енді  біреулер олардың қарым- қабілетін  дамытуды алады, ал кейбіреулері  оқушылардың өмірге дайындығын  басты назарда ұстайды, ал оқыту  нәтижесі біз үшін баланың  психологиялық функцияларын жетіліп,  өзінің педагогикалық әрекеті  арқылы алған білімдерін өз  өмірлік мәселелерін шешуге қолдана  алуы.

 

Қазақ мектебі

 Қазақ мектебінің бүгінгі  жайы мен ертеңі, оқушылардың  білімділік және тәрбиелік деңгейі  шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға  және қоғам қауымдастығына жүргізілген  жұмыстарға, ізденісіне байланысты. Бастауыш сыныптарға арналған  бағдарламалар педагогикалық үрдісті  жаңаша қарауды талап етеді.  Педагогика ғылымында баланы  оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты  – жан-жақты дамыған жеке тұлға  қалыптастыру болса, оқытудағы  негізгі мақсат - өздігінен дамуға  ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды  роль атқаратын оқушының өз  бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра  білу; сол арқылы материалды саналы  меңгертудің жүйесін жасау; оқушының  түрлі дара қабілеттерін арттыру.

     Өз бетінше  жұмыс қазіргі жеке тұлғаны  қалыптастыру және тәрбиелеуде,  білім берудің приоритетін түбегейлі  өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны  пәндік білім, біліктердің белгілі  бір жиынтығымен қаруландыруды  түбегейлі өзгертуде.

     Өзіндік жұмыстың  негізгі мақсаты оқушылардың  танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен  қызығушылығын жетілдіру, білімге  қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта  әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін  айтқызып, ойларын ұштауға және  өздеріне деген сенімін арттыруға  мүмкіндік туғызып отыру қажет.  Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген  әрбір сабақ оқушылардың ойлануына  және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын  дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану  арқылы қабілеті әртүрлі балардың  ортасынан қабілеті жоғары баланы  іздеп, онымен жұмыс жасау,  оны жан - жақты тануды ойлап,  оқушылардың шығармашылық деңгейін  бақылап отыру әрбір мұғалімнің  міндеті.

     Жаңа технологияны  меңгеруде мұғалімнің жан –  жақты, білімі қажет. Қазіргі  мұғалім:

  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
  • Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
  • Білімді, іскер, шебер болу керек;

Жаңа педагогикалық технологияның  ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс  енгізу, жаңа педагогикалық идеялар  мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы  оқушы тек тыңдаушы, орындаушы  болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен  білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

  • Дүниетаным қабілеті жоғары;
  • Дарынды, өнерпаз;
  • Іздемпаз, талапты:
  • Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның  тән-дене және рухани дамуына әсер етуші  ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне  тәуелді келеді.

     Ата-ананың  ұйымдастыру және бағыттаушы  ролін, ата-анамен бала арасындағы  өзара қатынастың сипатын, бала  тәрбиесіне әсер ететін жанұяның  мақсатты адамгершілік бағыттарын, баланың жанұядағы араласатын  іс-әрекетінің алуан түрлілігін, ата-ананың тәрбие құралдарын, тәсілдерін, әдістерін пайдалана алу қабілеттерін, баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.

     Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың  арасындағы өзара қатынас педагогикалық  процестің тәрбиелік механизмдері  болып табылады.

     Тәуелсіз ел  тірегі – білімді ұрпақ десек,  жаңа дәуірдің күн тәртібінде  тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің  өзегі,сғылым, тәрбие екендігіне  ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда  білім ордасы – мектеп, ал мектептің  жаны – мұғалімдердің басты  міндеті - өз ұлтының тарихын,  мәдениетін, тілін қастерлей және  оны жалпы азаматтық деңгейдегі  рухани құндылықтарға ұштастыра  білетін тұлға тәрбиелеу.

     Бәрімізге  белгілі, біздің қоғам аса күрделі  жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі  кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын  ешкім жоққа шығара алмайды.  Бірақ адам қандай жағдайда  да өзінің биік адамгершілік  сипаттарын, кісілік қасиеттерін  сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің  осы жақтарын қазақ жастарының  санасына кішкентайынан терең  енгізу қажет. Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында да  мектеп оқушылары бойында адамгершілік  және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың  ақыл – ойын айқындау басты  міндет екендігі айтылған. Олай  болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың  бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын  салауатты тәрбие беру мазмұнын  жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай  шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан  жаңаны табатын өнер» деген,  Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін  айта кету артық болмас.

     Егеменді еліміздің  ең басты мақсаты өркениетті  елдер қатарына көтерілу болса,  ал өркениетке жетуде жан-жақты  дамыған, рухани бай тұлғаның  алатын орны ерекше. Қазіргі білім  берудің басты мақсаты да сол  жан-жақты дамыған, рухани бай  жеке тұлға қалыптастыру болып  табылады.

     Рухани бай,  жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы  ең басты қасиеттердің бірі - тіл  байлығы, өз ойын нақты, терең  мағыналы әрі көркем жеткізе  білетін, шешен де ойлы сөйлей  білетін, Абайша сөйлегенде сөзі  жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін  игерген адамдарда да тұлғалық  қасиет болады. Рухани адамгершілікке  тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың  белсенді өмірлік жолын, қоғамдық  борышқа саналы көзқарасын, сөз  бен істің бірлігін қамтамасыз  етіп, адамгершілік нормаларынан  ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру  болып табылады.

 

 

 

 

 

Сынып жетекшісінің ата-аналармен өзара іс-әрекетінің ерекшеліктері

   К.Д.Ушинский айтқандай,  «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ  беріп қана қоймауы керек, сонымен  қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл  адам болуы керек». Олай болса,  әр мұғалім сабаққа қойған  үш мақсатының үшеуіне де жетіп,  білім мен тәрбиені ұштастыруымыз  қажет.

  • Мектепте оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгейі анықталады.
  • Сынып жетекшісі ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.

Ата - анамен жұмысты  ұйымдастырудың түрлері

   Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңында мемлекеттік  саясат негізінде ең алғаш  рет әр баланың қабілетіне  қарай интеллектуалдық дамуы  жеке адамның дарындылығын таныту  сияқты өзекті мәселелер енгізіліп  отырғаны белгілі. ХХI ғасыр - бәсеке  ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты  көтермейді. Еліміз егемендігін  алып, өзін бүкіл әлемге мойындата  бастаған осы кезеңде біздің  қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты  жетілген адамдарды қажет етеді.  Сондықтан да еліміздің білім  берудегі ұлттық жүйесі өте  қарқынды өзгерістер сатысында  тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі  мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік  деңгейге шығаруға қабілетті,  өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан  тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың  белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа  үйрету және білімді өз бетінше  алуы мен қолдана білетін дарын  иесін тәрбиелеу керек.

     Жас жеткіншектердің  бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның  одан әрі дамуына бағыт-бағдар  беру, оны сол бағытта жетелеу  - ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх  кезінде: «Көптеген табиғи талант  дарынсыз ұстаздардың кесірінен  жойылып кетеді. Сондықтан әрбір  ұстаз бұған жол бермеуі керек», - деген екен. ХХI ғасыр – білімділер  ғасыры. Сол себептен де білім  сапасын арттыру, оқушылардың  дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау  қабілетіне сай деңгейлеп оқыту,  ғылыми ізденіс қабілеттерін  қалыптастыру - әрбір ұстаздың міндеті.  ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі,  дарынды, талантты адамды қалыптастыруда  білім беру мәселесі мемлекетіміздің  басты назарында. Осы тұрғыда  мұғалімге білім берудің тиімді  жолдарын қарастыру, таңдай білу  еркіндігі тиіп отыр.

     Бастауыш мектеп  – бұл оқушы тұлғасы мен  сапасының дамуы қуатты жүретін,  ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім  үздіксіз білім берудің алғашқы  басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс.  Бастауыш мектеп балаға белгілі  бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс  көзқарасты болу, жағдайларды объективті  түрде бақылап, талдау жасауға  үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта  оқытудың басты мақсаты –баланы  оқыта отырып, жалпы дамыту.

     Әрине бастауыш  сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері  әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың  бір нәрсеге бейімі болады.

     Бейімділік - оянып  келе жатқан қабілеттің алғашқы  белгісі. Баланың жасырын, тіпті  тым терең жатқан қабілеттерінің  көрінуін мүмкіндік жасау тек  оқыту үрдісі кезінде үлкендердің  басшылығымен жүзеге асады.

     Педагогика  ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ,  қабілетсіз адам болмайды деп  дәлелдейді. Сол себебті, балалардың  қабілетін кеңінен өрістете дамытуға  тек мектеп қана мақсатты түрде  ықпал ете алады. Оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамытуда  әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға  болады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының  мән - мағынасын ұйымдастырудың  тәсіл - амалдарын бір ғана  белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік  жұмыстың ұйымдастырудың негізгі  шарттары мыналар:

  • Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
  • Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
  • Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың
  • Дербестігініңөзара байланысы олардың жұмысты өз

Информация о работе Білім беру жүйесі