Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 09:21, реферат
Философияның пайда болуы, оның дамуы белгілі логикаға сүйенеді. Мәселен, антик философиясы екі негізден туындайды: бірі - мифология, екіншісі - жаңа туындап келе жатқан ғылым. Орта ғасырда философия дінмен тығыз байланысты болды. ХV-ХVІ ғасырлардағы қайта өрлеу дәуірінде эстетикалық ой-пікірлердің әсері арқылы дамыды. Философия өзінің зерттейтін объектісін ерекше қарастырады. Мәселен, математик бірлік санын неше түрлі сарапқа салып, философтар болмасы солай сараптап, талдайтын болды. Ол ертедегі грек философиясы (б.з.б. VI ғ.) бұған дейінгі дағдыланған мифологиялық дүниетанымға қанағаттанбаған-дықтан басталды. Содан бастап арнайы ұстаздық ететін философтар шықты, сондай-ак, оның пікірін қабылдап, одан дәріс алатын Платон академиясы, Аристотель лицейі, Эпикур бауы (мектебі) деген оқу орындары болды, соған сәйкес жаңа ұғымдар қалыптасты.
КІРІСПЕ .................................................................................................3
КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ .....................................................4
Киниктер философиясы .................................................................5
Атомистер ілімі .................................................................................8
Платон пікірі .....................................................................................9
Ғұлама Аристотель ........................................................................11
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ................................................14
Аристотельдің пікірінше, табиғи денелердің тіршілік жасау мүмкіндіктері бар. Осы мүмкіндіктің жүзеге асырылуы энтелихия арқылы болады. Жанның 3 түрі болады: 1) өсімдіктер жаны – жанның алғашқы және жалпы мүмкіндігі. Бұл жанның басты қызметі - өзін өзі ұдайы өндіру және қоректену; 2) жануарлар жаны – олар заттардың сырт пішінін түйсіктері арқылы қабылдай алады; 3) адамдар жаны – өсімдіктер мен жануарлар жандарына тән қасиеттерге қоса, ақыл-ойдың арқасында жалпылықты танып біле алады. Бірақ жалпыны түсіну үшін, алдымен жалқыны танып білу керек. Себебі біздің сезім мүшелерімізге жалқы заттар әлемі әсер етеді де, біз оларды танымның әр түрлі сатылары арқылы танып-біле аламыз. Сезімдік танымның бірінші сатысында адамдар жануарлар сияқты, сезімдік түйсіктерімізге әсер ететін заттар туралы алғашқы мағлұматтар аламыз, екінші сатысында – тәжірибелік (эмпейриа) танымда сезімдік түйсіктеріміздің қайталанылған құбылыстарды есте сақтап қалуы арқасында оларды танып-білуімізге мүмкіндік туады. Үшінші сатысында – «өнер» практикаға негізделген танымның ерекше сатысы – адамдар жеке заттарды танып қана қоймай одан көрі тереңірек түсіп, кейбір заттарға тән ортақ қасиеттер мен себептерін танып біледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Философия адам баласының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ойы кеңіген сайын философияда тереңдей түсті. Ал Философияны дамуға көп ықпалын тигізген осы философтар Платон, Сократ, Аристотель. Сондықтан да философтар тарыдай шашылған жеке-дара емес, шоқ жұлдыздардай болып дүниеге келген делік. Олардың пікірлері де біріне-бірі жалғасып жатты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР