Антикалық философия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 09:21, реферат

Краткое описание

Философияның пайда болуы, оның дамуы белгілі логикаға сүйенеді. Мәселен, антик философиясы екі негізден туындайды: бірі - мифология, екіншісі - жаңа туындап келе жатқан ғылым. Орта ғасырда философия дінмен тығыз байланысты болды. ХV-ХVІ ғасырлардағы қайта өрлеу дәуірінде эстетикалық ой-пікірлердің әсері арқылы дамыды. Философия өзінің зерттейтін объектісін ерекше қарастырады. Мәселен, математик бірлік санын неше түрлі сарапқа салып, философтар болмасы солай сараптап, талдайтын болды. Ол ертедегі грек философиясы (б.з.б. VI ғ.) бұған дейінгі дағдыланған мифологиялық дүниетанымға қанағаттанбаған-дықтан басталды. Содан бастап арнайы ұстаздық ететін философтар шықты, сондай-ак, оның пікірін қабылдап, одан дәріс алатын Платон академиясы, Аристотель лицейі, Эпикур бауы (мектебі) деген оқу орындары болды, соған сәйкес жаңа ұғымдар қалыптасты.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................3
КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ .....................................................4
Киниктер философиясы .................................................................5
Атомистер ілімі .................................................................................8
Платон пікірі .....................................................................................9
Ғұлама Аристотель ........................................................................11
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ................................................14

Прикрепленные файлы: 1 файл

phil_ref_40.doc

— 68.50 Кб (Скачать документ)

 МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ .................................................................................................3

КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ .....................................................4

Киниктер философиясы .................................................................5

Атомистер ілімі .................................................................................8

Платон пікірі .....................................................................................9

Ғұлама Аристотель ........................................................................11

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................13

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ................................................14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Философияның  пайда болуы, оның дамуы белгілі логикаға сүйенеді. Мәселен, антик философиясы екі негізден туындайды: бірі - мифология, екіншісі - жаңа туындап келе жатқан ғылым. Орта ғасырда философия дінмен тығыз байланысты болды. ХV-ХVІ ғасырлардағы қайта өрлеу дәуірінде эстетикалық ой-пікірлердің әсері арқылы дамыды. Философия өзінің зерттейтін объектісін ерекше қарастырады. Мәселен, математик бірлік санын неше түрлі сарапқа салып, философтар болмасы солай сараптап, талдайтын болды. Ол ертедегі грек философиясы (б.з.б. VI ғ.) бұған дейінгі дағдыланған мифологиялық дүниетанымға қанағаттанбаған-дықтан басталды. Содан бастап арнайы ұстаздық ететін философтар шықты, сондай-ак, оның пікірін қабылдап, одан дәріс алатын Платон академиясы, Аристотель лицейі, Эпикур бауы (мектебі) деген оқу орындары болды, соған сәйкес жаңа ұғымдар қалыптасты. Сократта ешқандай мектеп болған жоқ, бірақ оның төңірегіне де шәкірттер жиналды. Солардың бірі Платон, ал Платон шәкірттерінің бірі Аристотель болса, ол — атақты Александр Македонскийдің ұстазы. Байқап отырғанымыздай, бәрі бір заманда өмір сүрген. Тек Сократ ойын қағазға түсірмеген. Әркіммен сөйлесіп, сұқбаттасып жүріп, философияны дамытқан. Ертедегі грек ұстаздары былай жаса, былай бол демейді. Олар өздерінің ойын, пікірін, болжамдары мен топшылауларын айтқан. Шәкірттері олардан ой өрнегін құруды үйренген, қорытындыны әркім өзінше шығарған. Философия солай дамып отырды.

 

 

 

 

 

 

 

КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

Антика философиясының екінші кезеңі атақты ойшыл-философ Сократтың (б.д.д 469-399жж) есімімен тығыз байланысты болғандықтан «Сократтан кейінгі» немесе «Классикалық кезең деп аталады». Ол жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның философиялық көзқарастары бізге Плотон, Аристотельдердің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікірталастырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарсыластырып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге әкелуге тырысты. Бұл жолы да ол мысқылдауды ақиқатқа жетудегі таным құралы етіп алды. Сократ қарапайым, түк білмейтін адам сияқты көрінеді де, қарсыласына олардың өздері жақсы білетін сұрақтарды қояды, қарсыласы ол сұрақтарға жауап бергеннен кейін, тағы да алдын-ала сұрақтар қойылады, сөйтіп қарсыласы өзінің бастапқы айтқан пікіріне өзі қарсы пікір айта бастайды. Осы кезде сократ мысқыл – кекесінмен қарсыласын менменшіл, өзім білем сияқты пікірінен толығымен арылтады да, енді онымен бірге өзі де көтерілген мәселені айқындай түсуге, реті келсе, оған түсініктеме беруге тырысады. Сөйтіп, Сократ өзінің қарсыласын қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы біртіндеп ақиқатқа жақындата түседі. Өзінің осы тәсілін ол майевтика (дүниеге келетін сәбиді қабылдау өнері деген мағынада) деп айтады. Майевтиканың мақсаты – қарастырып отырған мәселеге түсініктеме бере отырып, осы сияқты құбылыстардың бәрін қамтитын жалпы ұғым қалыптастыру. Олай болса, Сократ жалқыдан жалпыға қарай ой түзеп, индуктивтік тәсілді қолдану арқылы жалпы ұғымды қалыптастырмақ болады. Бұл ретте қарсыластары ол ұғымды қалай қалыптастыру керектігін түсінбегендіктен, ол: «Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін», - деген қағиданы өз философиясының негізгі қағидаларының бірі етіп басшылыққа алды. Осыдан келіп, ол екінші қағиданы ұсынады, ол – «Өзіңді өзің танып – біл!». Өзіңді өзің тану деген өзіңді қоғамдық, әдептілік тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тән өнегелі негізгі қасиеттері төңірегінде этникалық ұғымдар қалыптастыру. Сократтың пікірінше моральдық өлшемдер объективтік құбылыстар. Ал жақсылық пен жамандықтың арасындағы айырмашылық – салыстырмалы емес, абсолютті бағытта болады. Сондықтан софистер сияқты бақыттылықты пайдалылықпен теңестіруге болмайды, керсінше, бақыттылық игілікке пара-пар. Жақсылық жасағанда, ол жақсылықтың неде екенін білгені дұрыс. Егер адамдар жақсылықтың да, жамандықтың да не екенін, олардың табиғатын түсініп білетін болса, онда олар еш уақытта да жамандыққа бармас еді. Жамандықтың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болатын құбылыс. Олай болса әдептілік дегеніміздің өзі танып – білудің салдары. Сондықтан адамдар баюға, жұмыс бабында жоғарылауға, мемлекеттік басқару ісіне араласуға т.б. құмартпаулары керек, керісінше, «өз қамыңды өзің ойлап», өзіңді өзің өнегелік, интеллектуалдық жағынан көтер, бұл ретте адамдарға философия көмек береді.

Өмірінің соңғы кезінде Сократқа жастарды бұзды, құдайларды жоққа шығарды  деген кінә тағып, ол у ішіп өлуі керек деген үкім шығарды. Түрмеден қашып шығуға мүмкіндігі бола тұра, ол мемлекетте қабылданған және өмір сүріп тұрған заңды бұзбайы керек деген пікірді желеу етіп, б.д.д. 399 жылы өзінің достарының ізбасарларының алдында у ішіп өледі. Сократтың өмірі, оның ілімінің қалай іске асқандығын көрсететін ғажайып өмір болды. Сократтың әр адамның өз пікірі болуы мүмкін, бірақ ақиқат олардың бәріне ортақ – ол біреу ғана деген тұжырымы, сол сияқты ұғымдардың ауыспалылығы туралы идеяларыөзінен кейінгі ойшылдарға үлкен әсер етіп, ұғымдар диалектикасы туралы ілімнің қалыптасуына және дамуына ой түрткі болды.

Рақымшылдық және бақыт туралы Сократтың  ілімдері, б.д.д. V-IV ғғ. кең етек алған екі философиялық мектеп: киниктер мен гедонизмнің этникалық ілімдерінің өзекті мәчелесіне айналды.

Киниктер философиясы

Киниктер философиясының («Киносарг» деп аталған гимназияның атымен аталып кеткен, аудармасы – «Көрген ит») негізін қалаушы Антисфеннің (б.д.д. 444-368жж) пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Ал білім дегеніміз ұғымдардың мазмұнын құрайтын пайымдаулар. Бірақ олардың мазмұнында заттардың мәнін көрсететін қасиеттер мен әр түрлі белгілерді теріп көрсетуге болмайды, себебі олар туралы пайымдаулар қарама-қайшы пікірде болуы мүмкін. Ал заттар туралы дұрыс пайымдау субъекті мен предикат тепе-тең (товталогия) болған жағдайда ғана (матиматик дегеніміз матиматикадан беретін мұғалім) қалыптасады. Киниктердің жеке заттар мен жалпы ұғымдар туралы пікірлері орта ғасырлардағы наминалистердің жалпы ұғымдары мен жеке заттар туралы идеялары мен ұштасып жатқанын байқаймыз.

Антисфен өзінің ұстазы Сократтың  рақымшылық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке  тұрмайтын құндылығы жоқ байлық, денсаулық т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылық - ең құнды және жалғыз ғана игілік деп уағыздалған. Себебі, адам өзінің негізгі мақсаты бақытқа тек рақымшылық арқылы жетуге болады. Рақымшыл болу үшін ол туралы көп сөздің немесе көп білімнің қажеті жоқ, ол – тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді. Жұрттың бәрі рақымшыл болуға қабілетті, бірақ оған өз құмарлығын шектей алатын адамдар ғана жете алады. Ондай адамдар тағдырға тәуелсіз шын мәнінде ерікті рақымшыл данышпандар. Олардың идеялы - өздерін күнлелікті қажет талап-тілектермен шектеп, табиғатпен үйлесімді өмір сүру. Ал шын мәнінде, ең жоғарғы бақыт – бақыттымын деп өлу. Киниктер мемлеметтік заң мен рақымшылық заңдарын ажыратып бөліп қарастырады. Мемлекеттік заң рақымшылыққа жеткізбейді. Шынында да, дауыс беру арқылы топас адамдарды қолбасшы қылып сайлайтын мемлекетті рақымшылыққа жеткізетін мемлекет деп айта аламыз ба? – деп сауал қояды Антисфен. Материалдық тұрмыс қасиеттерін елемей қоғамда қалыптасқан әдет дәстүрлері мысқылдай отырып нағыз данышпандық, рақымшылық, бақытты іздеген Антисфеннің ізбасары Диоген Синопский (б.д.д. 412-323жж) киниктердің этникалық ілімін өз өмірінің негізгі қағидасы етіп қабылдаған, осыған байланысты өзінің атынан көптеген анегдотқа ұқсас әңгімелер қалдырған ойшыл. Мысалы, ол туралы замандастары былай дейді. Бірде, базар алаңында бөшкеде отырған Диогеннен Ұлы Александр сіздің қандай өтінішіңізді болса да орындауға әзірмін деп сұрағанда, ол – күнді қаламаңыз деп жауап беріпті. Ол өте кедей тұрғанына қарамастан, киниктердің түсінігінше рақымшылыққа, бақытқа, шынайы бостандыққа жеткізбейтін адамдардың кемшілікьерін санап ләззатқа деген құмарлықты жек көрудың өзі – ләззат деп уағыздалған. Тал түсте қолына фонарь алған базар алаңында «халық – көп, адам аз екен» деген сөзі осы пікірді нақтылайтын сияқты.

Киниктер материалдық игіліктерден бастартып, аскеттік өмірді уағыздаса, гедонистік (Кирендік – Кирен қаласының  атымен мектептің өкілдері өмірде өз түйсіктерінің мәлметтерін басшылыққа ала отырып, сезімдік қуаныштарға, ләзатқа берілу керек деп уағыздады. Ал ләззат, бақыт дегеніміз – минуттық сезімдік қуаныштардың жиынтығы, оларды қадірлеп, қастерлеп, мүмкіндігінше пайдалану керек. Өмір қайғы – қасіретке толы болғандықтан, өмірмен қатар өлім де тартымды. Тек қана байлыққа, данққа құмарту ол ақылсыздардың ісі, ал данышпан болса – оған өмірде не болып жатқанының бәрібір: бай ма, кедей ме, ерікті ме, еріксіз бе т.б.

Гедонистік философияның негізін қалаушы ойшыл Аристипптің (б.д.д. 435-355жж.) көзқарастарының қалыптасуына Сократтың ілімі мен қатар софизмнің де әсері болды. Оның пікірінші, танымның қайнар көзі – түйсік. Ал түйсік арқылы біз табиғаттың заңдылықтарын, немесе оның қасиеттерін танып біле алмаймыз, сондықтан табиғатты танып – білемін деп әуреге түсудің қажеті жоқ, керісінше біз тек өзімізге тән субъективті қабілеттеріміздің нәтижесін ғана тани аламыз. Осыдан келіп, Арестип тек өзіміз сезінген ләззат пен қасірет қана игілік, рақымшылық деген пікір жасайды. Ләззат өткенге де, болашаққа да бағытталмайды, ол тек кәзірге нақтылық. Сондықтан қазір ғана ала алатын ләззатқа ұмтұлу керек.

Арестип ізбасарлары  – данышпандарға әдептілік қағидаларды  сақтаудың қажеті жоқ, мысалы данышпан өзін отаны үшін құрбандыққа шалмайды, себебі «оның Отаны – бүкіл әлем» (Феодор) деген идеаларды өз ілімдерінің басты қағидалары бас қағидаларының бірі етіп қабылдап, онда ең жоғары данышпандықтың белгісі жатыр деп есептеген. Кениптердің, гедонистердің ілімдері кейін қалыптасқан стоиктер, эпикуршылық т.б. сол сияқты бақыт мәселесін өз философиясын өзег етіп қабылдаған ағымдарға зор әсер етті.

Атомистер ілімі

Атомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреции Карр т.б. жатады. Бұл ойшылдардың шығармаларында, материалистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп (шамамен б.д.д. V ғ) болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте ала құйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, жеке денелерді құрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды бірақ әр қайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп, жоғалып жатады.

Левкиптің бұл пікірлері  Демокрит ілімінің қалыптасуына зор әсер етті. Демокрит (шамамен б.д.д. 460-371жж.) 70-тен астам шығармалар жазған: «Пифагор», «Планетарлар туралы», «Табиғат туралы», «Адам табиғаты туралы», «Ақыл-ой туралы», «Үлкен әлем құрлысы», «Кіші әлем құрлысы» т.б.

Демокрит ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар. Егер болмыс өзіндік пішіні бар ол өте тығыз болғандықтан бөлшектенбейтін атомдардан тұратын болса, бейболмыс - өзіндік пішіні, түрі жоқ, шексізбос кеңістіктен тұрады. Болмыс – сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Ұсақ бөлшектер – атомдардың негізгі қасиеттері: мәңгі бөлінбейді, өзгермейді, өзіне-өзі тең қозғалмайды.

Демокриттің пікірінше, шын мәнісінде өмір сүретін атомдар, бос кеңістік және олардан туындайтын заттардан басқа адам ақыл-ойында да өмір сүретін құбылыстар бар. Олар – пікір арқылы қалыптасқан сезімдік қасиеттер (дәм, бояу түр лері, иіс т.б.). Бұл қасиеттер шындығында өмір сүрмейді, олар сезімдік заттарға тән емес, олар тек адамдардың пікірінде ғана бар құбылыстар.

Дін де тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін болмаған. Діннің шығуына себеп болған – адамдардың табиғаттың діни күштерінің себебін білмей қорққандығы. Құдай деп жүргеніміз шын мәніндегі құдайлар емес, тек олар туралы қалыптасқан бейнелер ғана.

Платон пікірі

Платон (б.д.д. 427-347 жж.) Сократтан дәріс алған, оның ілімін әрі қарай жалғастырушы, өзінің тереңде мағыналы философиялық ойлармен жалпы философия ғылымының дамуына үлкен әсер еткен ғұлама – ойшыл. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең деген мағына береді), шын аты – Аристокл. 20 жасында Сократтан дәріс алған, кейін Афинада Гекаден атындағы гимназияда ұстаздық етеді. Бұл мектеп алғашқыда Гекадемия деп, соңғы кезде Академия деп аталынады. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау), «Критон» (заңды сайлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Федон» (әділеттік туралы), «Мемлекет» (идеалар теориясы), «Теэтет» (білім туралы), «Тимей» (космогония), «Заңдар» т.б.

Платон пікірінше, шын  болмыс – ақылмен ғана білуге болатын  денесіз идеялар әлемі. Платонның  болмысы парамениттікіндей біртұтас болмыс емес керісінше, өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея өз алдына мәнгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Платон рухани әлемнің жеке-жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе «эйдос» деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идеяда, эйдоста бір-біріне ұқсас мағына береді: тұр, пішін, кейіп, тәсіл т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады: 1. септілік; 2. заттардың жаратылуы кескіні үшін үлгі; 3. заттардың түп негізін бейнелейтін ұғым. Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгі, өзгермейді.

Платон  ілімі бойынша  идея мен материалдан басқа үшінші бастама - әлемдік рух, немесе космос рухы шығармашылық күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, санның және таным  процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін қосып, байланыстырады. Ол заттарды идеяға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуына көндіреді. Осы екі ілімді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Шынында да ол қарама-қарсы үш бөліктен тұрады: 1. өзіне-өзі тең бөлік; 2. өзгермелі бөлік; 3. сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік. Космосқа рух беретін – Демиурк. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Әлемдердің пайда болу себебі – демургтың жігері.Олай болса космос-демиург жігерінің материя арқылы заттандырылуы және сол әлемнің тірі организмдерге айналуы.Космостың тіршілік иелерінікі сияқты ақылы мен жаны бар.

Космостық  денелер  материядан(от,жер,ауа,су) тұрады.Бұл  түпнегіздер әртүрлі пішінді болғандықтан,өзара байланыса келіп,көптүрлі денелер құрайды және жоғарыда айтқандай,өзіне өзі тең бөлікпен(идеялар әлемі)өзгермелі бөлікті(материя)қосып космос рухын дүниеге келтіреді.Космос рухы,немесе әлемдік рух екі түрлі(ішкі және сыртқы)қозғалысты тудырады.Сыртқы қозғалыспен жұлдыздар сферасы қозғалса,ішкі қозғалыспен-Күн,Ай планеталарқозғалады.Бұл әлемдік рухтың бірінші қызметі.

Космос рухының екінші қызметі – танып-білу. Ол өзіне-өзі  тең бөлігінің біріккен бөлігі арқылы заттар әлемін танып біледі.

Платон мәдениет тарихында  өшпес із қалдырған ұлы ойшыл. Оның көптеген ой-пікірлері кейінгі  ұрпақ – философтарға үлкен ықпалын  тигізіп, күні бүгінге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.

 

 

Ғұлама Аристотель

Ежелгі Греция философиясының биік шыңдарының бірі ұлы ғұлама Аристотель (б.д.д. 384-322жж) болды. Ол философияның өз алдына ғылым ретінде қалыптасуының негізін қалап, өз еңбектерінде басқа ғылымдардың мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы ойшыл-философ. Ол Франция жағалауындағы Стагир қаласында дүниеге келді. 17 жасында Платоннан дәріс алған, ал 41 жасында Ұлы Александрдың тәрбиешісі болған. Ол Афинада Ликей, немесе перипатетиктер мектебі деп аталатын оқу орынын ашты. Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласында ат салысып, көптеген еңбектер жазып қалдырған: «Катигориялар», «Аналитика» (1-2 томдар), «Топика», «Физика», «Метафизика», «Этикалық трактаттар», «Саясат», «Реторика», «Поэтика» т.б.

Арестотель білімінің  таралу аумағын қарастыра келіп, екі түрлі философияның бар екенін айтады. «Екінші философия» - физиканың – пәні материя мен үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болатын сезімдік заттар болса, «Бірінші философия» - метафизиканың қарастыратын мәселелері – табиғи құбылыстардан тыс жатқан, өзгермейтін, мәңгі, қозғалмайтын мәңгілік. Оны танып – білу табиғаты танып білуден құндырақ, сондықтан философия физикасының алдында тұрады да, «Бірінші философия» - деп аталынады.

Өзінің ілімін Аристотель мәңгілікті болмыс деп қарастырудан бастайды да оны сол болмыстың  өзіне тән категориялары арқылы түсінуге тырысады. Осы тұрғыдан мән категориясы мәнділікті түсіну кілті. Ол өзіне дейінгі ойшылдарға ұқсап мәнді материалдық зат ретінде де, идея ретінде де қарастырмайды, оны өзіне тән әр түрлі көріністеріне байланысты тануға болады дейді. Мәннің көріністері: 1) түпнегіз, субстрат; 2) болмыстың мәні; 3) болмыстың мәні мен түпнегізден тұратындар; 4) жалпыға бірдей әмбебап жалпылық; 5) жалпылық; 6) ерекшелік.

Информация о работе Антикалық философия