Абайдың дінге көзқарасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 19:50, реферат

Краткое описание

Абайдың дінге көзқарасын бағалап, тұжырымдауда екі түрлі қате пікір орын алып келді. Кейбір зерттеушілер Абай «ислам дінінің қазақ ішінен шыққан өкілі» деп келсе, екінші бір зерттеушілер Абайдың дін туралы ойлары ақын шығармашылығының әлсіз, кертартпа жағы деп түсіндіреді. Алғашқы пікір Абайға тағылған жала болса, соңғысы - ақынның дін туралы түсініктеріне тарихи, диалектикалық тұрғыдан қарамай, тұрпайы социологияға бас июдің салдарынан туған болжам.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
Абай және дін , дүниетанымының ерекшеліктері............................................4
Абай және құран...................................................................................................9
Қорытынды...........................................................................................................14
Қолданылған әдебиеттер.........

Прикрепленные файлы: 1 файл

Абайдың дінге көз қарасы.docx

— 39.67 Кб (Скачать документ)

Алланың өзі де рас, сөзі де рас, 
Рас сөз еш уақытта жалған болмас,

- деуі жай ғана уағыз емес.  
        Мұнда Алла жолын терең зерттеп, оған шын ниетімен сенген, ғылыми тұжырым жасап, философиялық мағына тапқан тұлғаның толғанысы, санасының сәулесі жатыр. Ол Аллаға біреудің уағызы арқылы, яғни рухани және психологиялық тәуелділік арқылы жеткен жоқ. Тәуелсіз таным арқылы жетті. Бұл пікір өзгенің пікірі емес, Абайдың өз пікірі. Сондықтан ол сеніммен:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,  
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті,

- дейді.  
        Жан бостандығын, жан тазалығын Абай Алладан іздейді және Алланың ақ жолынан табады. Алладан өзгеге рухыңды тәуелді етпе дейді. Ал Абай патша ағзамның қазақ халқын шоқындыру туралы жарлығы дайындалып жатқанын жақсы білген. Дінді өзгерту, Абай үшін рухани құлдыққа, басыбайлылыққа түсу. Ол шырмауға бір түскен адам қайтып шыға алмайды.  
        Қазақ елінің жағдайында бұл толықтай ұлт ретінде жойылып кету деген сөз. Дінін сату - Абай үшін қасиетсіздіктің белгісі. Шоқынуды антұрғандық деп ұғады. Миссионерлік қозғалысқа, оның  жымысқы  тәсілдерінен жиіркене қарап:

Қасиетсіз туған - ол да жат,  
Күңкілдеп берер сазаңды,

- дейді Абай. 
        Мұнда "уағызды" - күңкілдеу деп отыр. Абайдың ноғайларды "дінге де берік" деп үлгі тұтуының бір мәнісі осы шоқындыру туралы уағызды білдіргенде.  
        Абайдың рухани кемелденуінде негізгі білім бұлағы қасиетті Құран болған. Өмірдің негізгі мақсатын түсіну, Құдай тағаланы тану жолдары туралы Абай ілімі мен қасиетті Құран қағидалары жақсы үндесіп жатады. Ойшылдың бізге қалдырған мұрасының ақиқаттығы мен өміршеңдігінің себебі міне осында.

 

 

 

Қорытынды

      Қорыта айтқанда, ойшыл ұлы ақынның дін жөніндегі  түсініктері өз халқының діни сарындарға қарсы бағытталған прогресті  рухани мәдениетінің, шығыс және орыс классиктерінің озық ойлы өкілдерінің  ықпалымен дін иелеріне, діни ақындарға  және панисламизм сияқты діни ағымдарға  қарсы идеялық күрес үстінде  қалыптасты.   Иманның екі түрін  талдап келіп, Абай, біріншіден, шын  иман – таныммен барабар дегенді  аңғартады. Екіншіден, иманды этикалық, адамгершілік мәселесімен ұштастырып, иман дегеніміз ар мен ұят дейді. “Ұят кімде болса – иман сонда”, “кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы  жоқ” деп түйеді Абай өз пікірін.

       Алайда ағартушы өзі өскен ортаның шеңберінен толық шыға алмайды, “иман” деген  ұғымның қиялдан туған жалған түсінік екенін, мүлдем мазмұнсыз  ұғым екенін айқын аңғара алмайды. Сондықтан ол бұл ұғымға моральдық мән, мазмұн беру жағынан қарастырады. Бұл, әрине, дінге ағартушылық тұрғыдан қараған әлсіздіктің, дін шеңберінен толық шыға алмағандықтың салдары.   Абайдың “жан”  туралы түсінігі  де діни түсінікке  сәйкес емес. Діни түсінікте адам жан  мен тәннен тұрады, тән өледі, жан  мәңгі өлмейді, иманды адамның жаны жұмаққа барып рахат, имансыздың жаны тозаққа барып бейнет көреді-міс. Абай бұл мәселені басқаша түсінеді. Оның пікірінше де адам жан мен  тәннен тұрады. Абай:

 

“Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес,

 

 

 

Қолданылған әдебиет.:      

1. Әлқожаев Қ. Абай және ислам діні: Абайдың ислам дініне көзқарасы // Ақиқат.- 1998.- N8.- Б.79-80 
      2.  Әлқожаева Қ. Абай эстетикасы және ислам. - Алматы: Ан Арыс, 2008.- 152 б. 
      3.  Досанқызы Қ. Абай неден түңілді?.. // Шапағат-Нұр.- 2007.- N1.- Б.25-26. 
      4.  Омаров Д. Абайдың рухани мұрасы немесе данышпан берген салауатты өмір тағлымы. - Алматы: Ел-шежіре, 2007.- 264 б.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Абайдың дінге көзқарасы