Абайдың дінге көзқарасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 19:50, реферат

Краткое описание

Абайдың дінге көзқарасын бағалап, тұжырымдауда екі түрлі қате пікір орын алып келді. Кейбір зерттеушілер Абай «ислам дінінің қазақ ішінен шыққан өкілі» деп келсе, екінші бір зерттеушілер Абайдың дін туралы ойлары ақын шығармашылығының әлсіз, кертартпа жағы деп түсіндіреді. Алғашқы пікір Абайға тағылған жала болса, соңғысы - ақынның дін туралы түсініктеріне тарихи, диалектикалық тұрғыдан қарамай, тұрпайы социологияға бас июдің салдарынан туған болжам.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
Абай және дін , дүниетанымының ерекшеліктері............................................4
Абай және құран...................................................................................................9
Қорытынды...........................................................................................................14
Қолданылған әдебиеттер.........

Прикрепленные файлы: 1 файл

Абайдың дінге көз қарасы.docx

— 39.67 Кб (Скачать документ)

Алматы Энергетика және Байланыс Университеті

Радиотехника және байланыс факультеті

 

 

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

Философия пәнінен

№3 Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Абайдың дінге  көзқарасы.

 

 

 

 

Орындаған: БРк-11-02 тобының 

студенті Қонысбек Ж.Қ.

Қабылдаған: Мухамеджан К.Ш.

 

 

 

 

 

Алматы, 2013

Жоспар:

Кіріспе............................................................................................................3

Абай және дін ,  дүниетанымының ерекшеліктері............................................4

Абай және құран...................................................................................................9

Қорытынды...........................................................................................................14

Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

     Абайдың дінге  көзқарасын бағалап, тұжырымдауда  екі түрлі қате пікір орын  алып келді. Кейбір зерттеушілер  Абай «ислам дінінің қазақ  ішінен шыққан өкілі» деп келсе,  екінші бір зерттеушілер Абайдың  дін туралы ойлары ақын шығармашылығының  әлсіз, кертартпа жағы деп түсіндіреді.  Алғашқы пікір Абайға тағылған  жала болса, соңғысы - ақынның  дін туралы түсініктеріне тарихи, диалектикалық тұрғыдан қарамай,  тұрпайы социологияға бас июдің  салдарынан туған болжам. Абайдың  дін туралы толғамдарын дұрыс  түсініп, бағалау оған тарихи  тұрғыдан қарауды талап етеді.  Абай заманында қазақ даласында  қос дінділік орын алды, ресми  өмірде ислам діні үстемдік  еткенімен, күнделікті тіршілікте  шаманизмдіктүйсіктер мен түсініктер  басым болды. Қос дінділік қазақ  халқының сол кезеңдегі наным-сенімі  мен дүниетанымынан айқын байқалады.Шаманизмдегі  негізгі категория-«Тәңірі», исламдағы  - «Алла» қазаққа тән ұғымдар.  Шаманизмдетәңірінің, аруақтардың  адамдармен ұштастырушы «жын»  болса, исламда Алланың адамдармен  байланыстырушысы «періштелер»  деп саналды. Қазақтың күнделікті  өміріңде шаманизмнің өкілі, іс  жүргізушісі - жын шақыратын бақсылар, ал ислам дінінде - өздерін  пайғамбардың ұрпақтары санайтын  қожалар болды. Абай «Біраз  сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны  туралы» еңбегінде қазақ жерінде  ислам дінінің қалай тарағандығын  және оның шаманизммен байланысын  арнайы талдайды.   Абайдың  дін мәселелері  құдай мен адамның,  өмір мен өлімнің, жан мен  тәннің, иман мен ұяттың, дін мен  ғылым, дін мен дін иелерінің  өзара байланысы туралы түсініктері  антиклерикалдық бағыттағы талдау. Құдай мен адамның қарым-қатынасын  Жиырма жетінші, Жиырма сегізінші  сөздерінде арнайы талдап, гректің  ұлы ойшылы Сократпен пікір  таластырады.

 

 

 

 

 

Абай және дін

    XІX ғасырдың екінші жартысында туған қазақтың жаңа жазба әдебиетінің атасы, үлкен ойшыл-ағартушысы – Абай Құнанбаев. Ол қазақ әдебиетінің атасы, ұлы ойшыл ғана емес, ұлттар достығын ерте бастап, қазақ даласының Ресейге қосылуын кімнен де болса келелі етіп жырлаған ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері. Абайды біз поэзияда көрінген тұңғыш ағартушы дейміз. Бұл реттен оның есімі Шоқан, Ыбырайлармен қатар тұрады.   Өз кезеңі үшін ағартушылық поэзияның тууы зор жаңалық болды. Орыс мәдениетінен жырлау Ыбырайда да болатын. Бірақ Абай сол идеяны бір ғана өнер-білім түрінде емес, бүкіл ұлттық поэзияның арқауы – мазмұны етіп, ағартушылықпен қатар қазақ әдебиетіне сыншыл реализм әдебиетінің үлгісін енгізді. Поэзияны ол тек өлең деп қараған жоқ, рухани дамудың ағын дариясы, өмірлік тілі, мұқтажы деп білген. Осы ретпен ол қазақ поэзиясындағы сатираға зор жаңалық енгізді. Сондықтан да біз Абайды XІX ғасырдың екінші жартысында туған ұлы ойшыл, өз шығармаларына әлеумет теңсіздігін, ескі бағыттардың бәрін бірлестіріп, жаңа арнаға салған ойшыл болды дейміз.   Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған. Шыққан ортасы ауқатты, тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Әкесі Құнанбай кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған. Ал, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай - өз заманының атақты билері.

        Құнанбайдан - Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Ысмағұл деген жеті бала туған. Солардың ішінде Абай жас кезінен-ақ ерекше көзге  түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген. Сырт көзге момын және сөзге иланғыш, аңқау Абай жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болады, ертегі аңыздарды құмарта тыңдайды. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі-аңыздар  – Абай сусындаған халық әдебиетінің  алғашқы үлгілері.  Кішірек кезінде  ауыл молдасынан аздап сауат ашқан  Абайды әкесі он жасында Семейге  оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабул-Жаппардың, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағұрлым үздік оқыған. Мектепте жүргізілетін дін сабағын  жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды. Шығыстың классик ақындары: Низами, Сағди, Хафиз, Фзули шығармаларымен, ертегі, дастан, қисаларымен Абай осы кезде танысқан.   Медреседегі діни уағыздармен шектеліп қалмай, араб, парсы, түркі тілдерін игеру арқылы шығыс классиктерін оқып-үйренуге жетуі – Абайдың аса зор табысы.   Медресенің соңғы жылында Абай, мұсылманша оқумен қатар, Семейдегі “Приходская школаға” түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл – Абайдың кейін орысшаны өз бетімен үйреніп, игеріп кетуіне негіз болған.    Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу ісіне  баули бастайды. Ел басқару қызметінде өз орнымды басар ұлым осы ғой  деген дәмемен Абайға әр түрлі жол көрсетіп тәрбиелейді.    Сөйтіп, бір жағынан, Шығыс, орыс мәдениетінен хабары бар Абай ел тарихымен таныса келе, ақыл-ойы толысып, көзге түсе бастайды. Балалықпен ерте қоштасып, ел ісіне араласқан ол елдің тұрмыс тіршілігін, атқамінер әкімдердің қиянаттарын, шаруасы шайқалып жүдеген кедей шаруаларды, барымта-бақталастықты, содан туған лаң-пәлелерді көреді. Өздері надан, ел тағдырын ойламайтын басшыларға сынай қарайтын болады. Мұның бәрі Абайға әке жолын ұстаудың жетімсіздігін, халыққа жақын басқа  жол іздеу қажеттігін аңғартады.    Осыдан бастап Абайдың әкесі Құнанбаймен, оның маңындағы қошаметшіл топпен ісі  мен сөзі бір жерден шыға бермеген. Бірде Құнанбай өз баласының халықшыл мінездерін ұнатпай оған: “Сен жұрттың  бәрімен күліп сөйлесесің, жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, құс  та жалайды, кісіге қадірің болмайды. Көрінгенмен жақын боласың, кісі танымайтын желбегей жүрген кісінің  басына ел үйірілмейді”, - деп мін  тағады. Әкесіне жауап ретінде  Абай: “Қолында құралы бар бірен-саранға ғана тиетін щыңыраудағы судан да қойшы қолаң, жарлы-жақыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су артықдеп білемін”, - депті.   Бұл жағдайлар – халықтың өмір сүру жағдайлары мен келешегіне түрліше көзқарас Абайдың  ел билеу қызметінен шеттей бастауына  әкеледі. Ендігі жолды ол кітаптан, озық елдердің мәдениетінен іздейді.

     Абай туралы  еңбектерде, оның дінге көзқарасы  туралы екі  түрлі қате пікір  болып келді. Кейбір зерттеушілер  Абайды “ислам дінінің  қазақ ішінен шыққан өкілі” деп  келді. Бұл пікір 30-жылдарда айтылды. Ал екінші бір зерттеушілер, ақынның дүниеге көзқарасының басқа жақтарын кең де, дәйекті талдап келіп, дін мәселесіне келгенде үстірт, жол-жөнекей ғана соғып, Абайдың дін туралы түсініктері ақын шығармашылығының әлсіз, кертартпа жағы деп сылап-сипаумен ғана тынды. Бұл пікір, тіпті соңғы кезге  дейін өзгермей келді.   Бірінші пікір  Абайға тағылған жала болса, екінші пікір  Абайдың дін туралы түсініктеріне  тарихи тұрғыдан қарамай, тұрпайы социологияға бас июдің салдарынан туған еді.  Кемеңгер ақынның  дін туралы пікірлерін дұрыс түсіну бағалау үшін оған тарихи тұрғыдан қарау керек. Абай заманында қазақ  сахарасында ислам дінінің ықпалы бұрынғадан да күшейе түскенін, оның күшейе түсуіне жергілікті феодалдар да, патша үкіметі де жарыса ат салысқанын еске алу қажет.  Абай өскен  орта – Семей қаласы мен Құнанбай ауылы – айтылған саясаттың айқын  көрінісі бола алады. Семейде татар  молдалары мешіт пен медресені  көбейте бастайды. Семейдегі Абай оқыған молдалар - Ғабдул-жаппар мен  Ахмет Риза сол ішкі жақтан келгендер. Бұлар мешітте имамдық қылып, соның жанынан медресе ашады, онда ылғи дін сабақтарын оқытады. Бұл  медреселердің түпкі мақсаты  – жергілікті халық өкілдерінен  молдалар даярлау, солар арқылы халық  арасында ислам дінінің ықпалын  күшейту болды.  Абай заманында  ислам дінінің ықпалы қырдан гөрі қалада басымырақ еді. Бірақ, сахараның  алпауыттары қаламен ұштаса отырып, қырда да дін үстемдігін арттыруға  әрекеттеніп бақты. Бұған Құнанбай ауылы көрнекті мысал. Құнанбай мұсылманшылықтың қырдағы ұйытқысы болып, қазақты  “құдайдың” құлы, Мұхаммедтің “үмбеті” етуге ыждаһатпен ат салысты. Ислам  дінінің қырдағы бір тірегі болуға ұмтылған ол ауылында молда, қожаларды  көп ұстады. Қарқаралыда мешіт  салғызды, өз балаларын діни мектепте оқытты. Жазықсыз жандарды жазалауды, еңбекшілер өкілдерін қорлықпен  өлтіруді әдетке айналдырған Құнанбай мен оның сыбайластары ислам дінін, шариғат жолын қаталдық пен қайырымсыздықтың, үстемдік пен жүгенсіздіктің берік құралына айналдырды. Абай заманындағы және оның өскен ортасы Семей қаласы мен Құнанбай ауылындағы ислам дінінің  қысқаша мән-жайы осындай еді. Мұның  үстіне, ХІХ ғасырдың екінші жартысында, Қазақстанда діни кітаптар-қиссалар көп тарап, сол кітаптар арқылы панисламизм уыт шаша бастайды.  Сөйтіп, Абайдың  дін туралы ресми түсініктері  мен иелеріне қарсы күрес жүргізген  дәуірі – жергілікті үстем тап  пен царизмнің бірлесіп алып, ислам  дінін қалада да, қырда да өрістетуге бой ұрған кезең еді. Феодолизм мен колонализм халық басына жоқшылық пен қанаудың ауыр салмағын баса салған кезең еді. Сонымен қатар сол мұқтаждық пен қанауға қос қабаттасып қараңғылық пен надандық, шамандық пен мұсылмандық та өрістей  бастаған, халық санасын уландыруды қаракет еткен қара ойлы бақсы-балгерлердің, “сүйенгені надандық, сөйлегені жалған, дәлелдері тасбығы мен шалмасы”, “мал құмар“, “жем құмар” молдалар мен  ишандардың, имамдар мен хазереттердің  көбейген кезеңі еді.

Міне, осындай  кезеңде  Шоқан мен Ыбырай сияқты Абай да халық тағдырына ара түседі, сахараны басқан қараңғылықта сәуле  болып, өз халқына білім мен мәдениеттің  рухын сеуіп, бұқараның “көзін қойып, көңілін ашуды” арман етеді.

    Ұлы ойшылдың  дінге  көзқарасын сөз еткенде,  оның дін  туралы түсініктерінің  қалыптасуына; дүние мен құдай,  тән мен жан, адамгершілік пен  иман туралы топшылаушыларына; дінге  ғылымды қарама-қарсы қою  тәсілдеріне; дін мен этика туралы түсініктеріне; Қазақстанда ислам  дінінің қалай тарап, қалай дамығандығы  жөніндегі пікірлеріне; дін иелеріне мен мекемелерге, діни әдет-ғұрыптарға берген сынына; әдебиеттегі діншілдік  бағыттармен күресе отырып, халықтар достығы идеясын қалай қуаттағандығына  жан-жақты тоқталуға болады.

     Дін мәселелері  туралы Абайдың таламдары мен  түсініктері, діни әдет-ғұрып пен дін иелеріне берген сыны – ағартушылық, антиклерикалдық  бағыттарғы талдам, сын. Сондықтан Абай дін жөніндегі пікірлерінде көптеген қайшылықтар бар. Сонымен В.И. Ленин  ескерткендей, өткен дәуірдің мәдениет өкілдерін өзінен бұрынғылармен, өз замандастарымен салыстырғанда, қоғам  өмірінің рухани мәдениетіне қандай үлес қосқандығымен бағаласақ, Абайдың  дін мәселелері жөніндегі пікірлерінде көптеген озық оң, алысқа сілтейтін  арна бар екендігін сезбеуге болмайды. Өмірін тобықты ішінде өткізген, мектеп тәрбиесін Семейде алған Абайды дін жөніндегі түсініктері қалай  қалыптасты?

      Келешек  ойшыл  ақынның дүниеге көзқарасының  қалыптасуына медресе бірталай  әсер етеді, ықпал  тигізеді. Бұл жай Абайдың алғашқы   кезде жазған “Иузи-рәушан, көзі  –  гауһар”, “Әліфби” өлеңдерінен айқын сезіледі. Жас Абай бұл өлеңдерін өзі медреседе оқыған араб, парсы тілдерімен шұбарландырады. Бұл өлеңдер – жас ақынның алғашқы тілін және оның сол кездегі ойлау тұрғысынан бейнелейді. Абай дүниетанымының бір ерекшелігі – ол бүкіл адамзат  мәдениетінен үйреніп өнеге алған, ұлттық мұсылмандық тар шеңберде қалып қоймаған. Академик М. Әуезов айтқандай, Абай өзін “шығыс адамы едім”, “мұсылман едім” деп дін тұсауына бағындырмаған. Оқуға, үйренуге келгенде Абайға Низами, мен Науаи да, Пушкин мен Толстой да, Сократ пен Аристотель де, Фзули мен Батыр да, - бәрі бірдей. Абай бұлардың бірі мұсылман, екіншісі христиан, үшіншісі буддашы екен деп бөле қарап, діни мән беріп жатпаған. Демек, дін иелерінің және қаһарлы әкесінің уағыздарына қарамастан, Абай мұсылмандықтың құлы бола алмаған.  Абай 1890 жылы жазған “Бірінші сөзінде” өткен өміріне шолу жасап, күнінің айтыс пен  тартыста, әурешілік пен қорлықта өткеніне өкініп, “Ал енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз?”- деп  толғанады. Бұл кездегі Абай әкім болып, ел бағудан да, софылық қылып, дін бағудан да бас тартады. Міне, осы кезең Абай өмірі мен шығармашылығының, жалпы дүниеге көзқарасының, оның ішінде дін туралы түсініктерінің де қалыптасуындағы шешуші, асуы қиын, асқар бел еді. Осы уақыттан бастап Абай біржола поэзияға бет бұрады, ғылымға шомады, орыс, батыс жазушыларының  кітаптарын көп оқып, өз бетімен  білім алып, өзінше ізденеді. Абайдың дүние  тануы мен қоғамдық көзқарасының қалыптасуына ағартушының орыс достарымен қатар, өзінің оқыған атасы Халиулла Өскенбаев та көп әсер етті. Абайдың дін туралы түсініктерінің қалыптасуына байланысты ескертетін тағы да бір мәселе - ұлы ойшылдың әлеуметтік көзқарасы панисламизм  идеяларынмен күресу барысында шыңдала  түскендігі. Абай пікірінше, қазақ халқына қандас елдерді  біріктіретін діни, мұсылмандық қауым  емес, өзінің жерлес және рухтас көршісі  орыс халқының көмегі қажет; оған шариғат  пен надан молда емес, жас ұрпақтың көзін ашатын білім мен ғылым, білімді адам керек.

 

Абай және құран         

Қазақ ұлтының ұлы ақыны  Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы өз дәуіріне дейінгі дүние данышпандарының даналық мәйегін толық меңгерген және бүкіл көшпелілер әлемінің дүниетанымын, рухани болмысын, парасатын, көркем ойының мүмкіндігін бойына сіңірген, сол қасиеттері арқылы адамзат санасының дамуына үлес қосқан дара тұлға. Бұл мешіттің ұстаздары сол замандағы алдыңғы қатарлы жәдидизм ағымында білім алған, исі түркі мен мұсылман әлеміне танымдық жаңалық әкелген, дін мен ғылымды, азаматтықты ту етіп ұстаған Шаһабуддин Маржани мен Мұхаммед Ғабдукидің, Ғазалидің жолын қуған оқымыстылар еді. Бұл медреседе ғылымның негізгі салаларының барлығы да оқытылатын. Абайдың таным көзі шәкірт кезінде ашылды.  
        Қырық жасынан бастап Абай ғылымға бет қояды. Өзінің бойындағы талантын ұлтының рухани игілігіне қызмет етуге жұмылдырады. Шығыс тарихын, дүние тарихын, діни ағымдардың философиялары мен тәпсірлерін, философия, жаратылыстану, мемлекеттер тарихы мәселелеріне зерттеуші ретінде қарады.  
        Данышпан өзінің рухани кемелденуіне қасиетті Құранды негіз еткені белгілі. Ол Құран Кәрімді жақсы біліп, рухани нәрін өзінің бойына толық қабылдай білген. Бұл – сопылық дәстүр. Сопылардың рухани жолдағы алғашқы қадамы исламның негізгі кағидаларын өз бойларына сіңіріп, оларды өмір тәртібі, күнделікті тұрмыс көрінісі ретінде қабылдауға үйренеді. Ол үшін алғашқы сәтінен бастап қасиетті Құранды жадына сақтап, оны толығымен зерттейді. Сопылардың көпшілігі қасиетті Құранды түгелдей жатқа біліп, кари деңгейіне көтеріледі. Бұл рухани жетілуге керекті алғашқы шарт қана. "Шариғаттан" өтіп "Тарихатқа" жеткенде адам алған білімін бойына сіңіріп, оны өзінің мінезіне, өзіндік қасиетіне айналдырады. Сопылық жолдағы адам әрі қарай үздіксіз тәжірибе, жаттығулар жасай отырып Хақпен байланыс орнатады, ол байланысты әрі қарай жетілдірсе, тек сонда ғана өмірдің негізгі мақсаты Түп Иеге, Хақиқатқа жетеді. Сондықтан өмірдің негізгі мақсатына жеткізетін деңгейді сопылар "Хақиқат" деп атайды. Абайдың бұл жолды "бек шетін, бек нәзік" деп атауы тегін емес. Бұл сөздің үлкен мағынасы бар.  
        Абай ілімі бойынша: әлем өмірінің мақсаты — өзін Жаратушының ықпалымен өмір сүру. Кім болса да бір нәрсені жасаса, өзінің керегіне жарату үшін жасайтыны тәрізді, Жаратушы да әлемді жаратқанда тек өз ризалығы үшін жаратты. Себебі, Ол мәңгі, сондықтан Оның жаратылу себебі жоқ, керісінше, әуел бастан Оның өзінен басқа ешкім де, яғни басқа Жаратушы да жоқ. Өз тілегімен, ләззат алу үшін, Жаратушы рухани болмысты жаратты. Бірақ кейбір жандар өздеріне берілген аздаған еркіндікті дұрыс пайдалана алмай, өздерінің міндетін ұмытып, Жаратушының тілегін емес, өздерін қанағаттандырғысы келді. Бұл — білместік. Шексіз мейірімді Жаратушы ешкімнің еркіне қарсы емес, сондықтан Ол фәни болмысты жаратты да, Жаратушыны ұмытып, өздерін ләззаттандырғысы келген жандарды әркімнің қалауына қарай өз несібесімен бақи әлемнен, яғни рухани өмірден фәни әлемге, яғни материалдық өмірге жіберді. Бұл материалдық әлем өздерінің қылмысы үшін жазасын өтейтін абақты тәрізді. Осыдан фәни өмірдегі барлығымыз да Жаратушының ырқынан шыкқан күнәһарлар екенімізді түсінеміз.  
        Жаратушы шексіз мейірімді болғандықтан, бұл материалдық әлемде Ол ешкімді де жіберген қателіктері үшін жазаламайды. Жаратушы тек қана материалдық әлемнің заңдылығын ғана жасады, ал оны дұрыс, не болмаса бұрыс қолдануына байланысты өмірдің әділет (қарымта) заңы бойынша әркім өмірдің рақатын, не болмаса қасіретін көреді. Абайдың айтуынша, бұған Жаратушы араласпайды. Осылайша әркім өзінің бақытын өзі жасайды. Бұл фәни өмірге әркім өздерінің қалауы бойынша ләззат алу үшін жіберілді. Бірақ материалдық әлем — рухани әлем емес. Рухани әлемде барлығы мәңгілікті, білімге және ләззатқа толы болса, материалдық әлемде барлығы керісінше, уақытша, білместікке және қайғы-қасіретке толы. Абай ілімі бойынша, бұл өмірдегі қызықтың барлығы да жалықтыратын, уақытша және шындығы жоқ жалған. Сондықтан әркім тіршілік барысында осыны түсінуі керек. Сонда өмірдің басты мақсатын орындауға — кейін қарай, Алла тағалаға қайтуға мүмкіндік туады. "Өзге мақсат ақылға қона ма екен!" — деуі сондықтан данышпанның.  
        Бұл мақсатқа жету үшін әуелі білім алу арқылы білместіктен арылу керек. Сонан соң Алла тағалаға таза құлшылық жасаумен жүрек көзін ашып, Абай сөзімен айтқанда "сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті". Ол үшін "адамзаттың бәрін сүй бауырым деп". Сонда ғана кім болса да өзінің фәни әлемге келген мақсатына жете алады.  
        Адамның ең қасиетті сезімінің бірі - діни сенім. Ал "суық ақыл" тұрғысынан келсек дін атаулының барлығы да өзінің жолын қабылдаған адамдарды туа сала рухани және психологиялық тәуелділікке мәжбүр етеді ғой. "Құран-Кәрім" бойынша әрбір мұсылман "Алла біреу, қияметқайым хақ, Мұхаммед Алланың елшісі" екенін уағызбен емес, өзінің білімі арқылы танып, табынуы керек. Бұл "Құранның" ұлы және ең әділетті қағидасының бірі. Абайдың: «Кімде кім жақсы, жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тиюға аузымыз бармайды. Ләкин сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы әкетпесе де, (ғибадат) қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі иманның иғтихаттан (байламын) маһхам-мек (бекітбек) керек, екінші үйреніп жеткенше осы болады ғой деп тоқтамай, үйрене беру керек,... Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны Құдай ұрды, ғибадаты-ғибадат болмайды», - деп отырғаны да сол. Алланың хақ екенін ақылыңмен біл дейді. Демек, рухани тәуелділікті бос құлшылықпен алма, ғылымды қару етіп таным арқылы иман келтір дейді. Бұл деген сөз психологиялық тәуелділікке қарсы пікір. Абай табиғи түсінікті былай қойғанда Алланың өзін сеніммен танып барып құлшылық етпеген пендені «жанның қоры» деп есептейді. «...Иман сақтауға қорықпас жүрек, айналмас көңіл, босанбас буын керек. Яғни (оқу арқылы таныған) иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди (түйсік арқылы) иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап: «ақты» «қара» деп, я «қараны» «ақ» деп, өтірікті «шын» деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Аллаһ өзі сақтасын! Әрнешік білмек керек, жоғарғы екі түрліден басқа иман жоқ»,- деп қорытады Абай. Иман - Абай үшін жан бостандығының кепілі.  
        Абайдың:

Информация о работе Абайдың дінге көзқарасы