Ғылымдағы тренинг түсінігі, әдістері және оның даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 17:44, реферат

Краткое описание

Тренингтердің даму тарихы оқытудың дамуы тарихы секілді мыңдаған жылдарды қамтиды. Дегенмен, 1912 жылы Dale Carnegie Training орталығының негізін қалаушы Дейл Карнеги тренингтерді ерекше қолдана бастады. Бұл орталықта әлі күнге дейін сөйлеу мәнері, өзіне сенім, адамдар арасындағы өзара байланыстар дағдысының дамуына байланысты тренингтер өткізіліп тұрады. Тренигті оқыту түрі ретінде дамуына әлеуметтік психолог Курт Левин ерекше үлес қосты. Ол 1946 жылы өз әріптестерімен бірге өзара байланыс құзіреттілігін жоғарылатуға бағытталған тренингтік топтың негізін қалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тренинг тарихы.docx

— 49.88 Кб (Скачать документ)

Ғылымдағы тренинг түсінігі, әдістері және оның даму тарихы

 

 

Тренинг (ағыл. training, train – үйрету, оқыту, тәрбиелеу) – білім, біліктілік пен дағдылар, әлеуметтік нұсқаулардың дамуына бағытталған белсенді оқытудың әдісі. Тренинг көп жағдайда жаңа ақпаратты игерумен қатар, тәжірибелер арқылы білім игерудің қажетті нәтижелерге жетуде қолданылады.

Тренинг түрлі парадигмалар [1] көзқарастарында өзіндік ерекшеліктеріне қарай қарастырылады: 1) мінез-құлықтың қажетті тұстарын бекіту арқылы жағымсыз қасиеттерден арылу; 2) біліктілік пен дағдыларды дайындау мен қалыптастыруда жүргізілетін жаттығулар; 3) білім беру арқылы біліктіліктің дамуына белсенді оқыту түрлерін пайдалану; 4) қатысушылардың өзін-өзі тануы және өзіндік ізденісі арқылы жеке психологиялық мәселелерін шешу тәсілдерін анықтаудың әдісі.

Тренингтердің даму тарихы оқытудың дамуы тарихы секілді мыңдаған жылдарды қамтиды. Дегенмен, 1912 жылы Dale Carnegie Training орталығының негізін қалаушы Дейл Карнеги тренингтерді ерекше қолдана бастады. Бұл орталықта әлі күнге дейін сөйлеу мәнері, өзіне сенім, адамдар арасындағы өзара байланыстар дағдысының дамуына байланысты тренингтер өткізіліп тұрады.

Тренигті оқыту түрі ретінде дамуына әлеуметтік психолог Курт Левин ерекше үлес қосты [2]. Ол 1946 жылы өз әріптестерімен бірге өзара байланыс құзіреттілігін жоғарылатуға бағытталған тренингтік топтың негізін қалады. Зерттеушілер анықтағандай, қатысушылар өзіндік психологиялық толғаныстарын айқындау арқылы жеке жетістіктерге жетеді. К. Левин шәкірттерінің сәтті жұмысы АҚШ-та алғаш рет ұлттық тренинг Лабораториясының негізін қалауға себеп болды. Бұл лабораторияда базалық шеберлікті қалыптастыратын тренигтік топ құрылды. 1954 жылы адамның өмірлік құндылықтарын анықтауға бағытталған тренингтік топтар пайда болды.

Өткен ғасырдың 60-жылдары Карл Роджерстың гуманистік психологиясы дәстүрлеріне сүйенген әлеуметтік және өмірлік икемділік қалыптастыратын тренинг қозғалысы пайда болды. Аталмыш технология психологиялық көмекті дамытуды мақсат ете отырып, мұғалімдер, кеңесшілер, менеджерлерді кәсіби дайындауда қолданылды. Ал 70-жылдары Лейпциг және Йен университеттерінде М. Форверг жетекшілігімен әлеуметтік-психологиялық тренинг деп аталған әдіс дайындалды. Тренинг құралдары ретінде тиімді коммуникациялық дағдыларды қалыптастырудың шарттары жүзеге асты.

Негізінен тренингтерді жалпылай мойындалған жіктеу типологиялары жоқ. Оны топтастыру түрлі негіздерге сүйенгендіктен, ықпал ету мен өзгерістер бағыттарының өлшемдеріне сәйкес айқындалады: дағдыландыру, психотерапиялық, әлеуметтік-психологиялық, бизнес-тренинг.

Оның ішінде жоғары оқу орындарында жиі қолданылатын алғашқы үш түріне мән берсек. Дағдыландыру тренингі белгілі бір әдетті қалыптастыру жұмыстарына бағытталады. Келіссөздер, өзіндік тұсаукесер, оқыту техникасы осы тренингтің түріне сай келеді.

Психотерапиялық тренинг адам санасын өзгертуге бағытталады. Өзгерістерді ұйымдастыру барысында мінез-құлықтың стереотиптік мәнділік жолымен нақты өмір алаңына жетелейді. Тренингтың бұл түрі психодрамалық, гештальт-топ, би-қозғалысы терапиясы сынды т.б. психотерапияның бағыттарымен өзара байланысты.

Ал әлеуметтік-психологиялық тренинг ұзақ уақытты қамтиды. Ол адам санасындағы өзгерістер және дағдыландыруды қалыптастыруға бағытталады. Бұл тренингтың негізгі міндеті қатарына әлеуметтік мәртебеге қарамастан өзара қатынастардағы байланыстарды дамыту саналады.

Тренингтерде келесі әдістер қолданылады: ойындық (іскерлік, рөлдік ойындар), кейстер, топтық талқылау, ой-талқы, бейнесараптама, модерация және т.б.

Кейс – жауапты қажет және шешімді талап ететін күрделі жағдай. Кейсті шешу жеке адам ойлануымен бірге, топ құрамында да шешу орын алады. Кейстың негізгі міндеті ақпаратты сараптау, шешімнің негізгі мәселелері мен тоқтам жолдарын анықтау, қимыл бағдарламалар қалыптастыру.

Іскерлік ойын – кәсіптік қызмет, әлеуметтік өзара байланыстың түрлі аспектілері бойынша еліктеу.

Рөлдік ойындар – белгілі бір мәселенің шешімін табуға бағытталған және қатысушыларға арнайы рөл белгіленген әдіс.

Топтық талқылау – күрделі жағдай, сауал немесе мәселені бірлескен талқылау мен сараптау. Ол арнайы жүйелік ізбен немесе талқылауға қатысып отырған студенттердің ойлау деңгейлеріне байланысты болуы мүмкін.

Ой-талқы – шығармашылық белсенділігін ынталандырудың тиімді тәсілдерінің бірі. Күрделі мәселені шешуге бағытталған идеялар нұсқалары тыңдалып, оның орындалу жолдары талқыланады. Кейін тәжірибеде қолданылуы тиімді идеялар айқындалады.

Жаттығу ойындары – топ қозғалысын бақылауда қолданылатын құрал.  Күш-қуаттың әлсіздігін жоюға бағытталған әдістердің бірі.

Фасилитация – топ ішінде ақпаратпен алмасуды ынталандыратын құрал. Ол топ қозғалысын ынталандыруға да мол мүмкіндік береді.

Бейнесараптама – жаттықтырушы арнайы бейнероликтер немесе бейнежазбалар арқылы мәселе төңірегіндегі қатысушылардың мінез-құлық таныту жолдарын айқындаудың құралы. Аталмыш әдіс арқылы мінез-құлық түрлерінің жағымды және жағымсыз тұстарын көрнекі жағдайда тамашалай алады.

 

 

Әдебиет:

1.     Вачков И. Основы технологии группового тренинга. – М.: Ось-89, 1999.

 

 

№38 мектеп-лицейдегі психологиялық қызметті ұйымдастыру шаралары

Мектептегі психологиялық қызметтің қажеттілігі: 

Дамуы сонау көне заман қойнауынан бастау алған жантану ғылымы күнделiктi өмiрге қарқындап енiп келедi. “Өзiңдi өзiң тани бiл” деген Сократ тұжырымының өзектiлiгi де артып барады.  
Оқу- тәрбие үрдiсiне қосар үлесi мол екенiн педагогтар мойындап, психология ғылымына ден қойып, бет бұра бастады. «Баланы жан-жақты етiп тәрбиелеу үшiн оны жан-жақты бiлу керек» деген белгiлi педагог К.Д.Ушинский. Оның көрегендiгi педагогикалық iс-әрекеттiң психологиялық қызметпен тығыз қарым-қатынаста екендiгiн дәлелдегендей.  
Ертеңгi күннiң бүгiнгiден гөрi нұрлырақ болуына ықпал етiп, адамзат қоғамын алға тартатын құдiреттi күш тек бiлiмге ғана тән. Ал сол бiлiм дiңгегi сапалы болу үшiн жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу, үйретудi одан әрi қарай ұлттық негiзде жалғастыру керек. Ұлттың болашағы - ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесi-ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты- жетiлген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Толыққанды азамат тәрбиелеу үшiн жеке адамды толығымен танып бiлу керек, сонымен қатар, ақыл-ой тәрбиесi, имандылық, еңбек, эстетикалық, тiлдiк қатынас, дене тәрбиесi, экономикалық, экологиялық, жыныстық, патриоттық тәрбие берiлуi тиiс. Олар адамның рухани бейнесiн қалыптастыып, жан-жақты мәдениеттi болуына бағыттайды.  
Өкінішке орай, оқушылардың жас ерекшелiктерiн, әлеуметтiк жағдайын, психологиялық ерекшелiктерiн /мiнез-құлқы, темпераментi, таным процесстерiнiң даму деңгейi, сол кездегi көңiл-күйi, қызығушылығы, қабiлетi/ ескермеудiң нәтижесiнде педагогикалық процесске қатынасушылардың арасында кикiлжiң жағдайлардың туындауы, оқушылардың қызығушылықтарының төмендеуi, қарым-қатынастың тиімсіз жағдайлары кездесуде. 
Сондықтан ұстаздар қауымына баланың ойлауы, есi, зейiнi, қабылдау заңдылықтары туралы мағұлматтармен қоса, баланың дамуындағы жас және жеке ерекшелiктері, мiнез-құлық бiтiстерi, темпераментi, шығармашылық ынтасы мен оны жан-жақты дамыту мүмкiншiлiгi туралы мағұлматтар қажет. Ал ең бастысы мұғалiм оқытудың белсендi, дамыта отырып оқыту, оқыта отырып дамыту әдiсiн меңгере бiлуi қажет.  
Ал психологиялық қызмет шаралары балалар мен жасөспірімдердің, жеткіншектердің психикалық және психологиялық тұрғыда толыққанды жеке адам болып қалыптасуына, олардың қабілеттік деңгейлерін, бейімділігін, шығармашылығын, таным үрдістерінің даму деңгейін, жас ерекшеліктеріне байланысты даму кезеңдеріндегі кездесетін қиындықтардың алдын алуға, мұғалім қолына жеке тұлғаның мүмкіндігі туралы құнды деректер береді. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректікке, тапқырлық пен алғырлыққа, ойлампаздыққа баулып, тәрбиелеп, бағыттайтын да осы психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады. 
Сонымен бірге педагогикалық үрдіске қатынасушылар арасындағы өзара қарым-қатынас стильдерін реттеуге мүмкіндік бере алады. Мысалы: мұғалім - оқушы, оқушы -оқушы, оқушы - басшы, басшы - мұғалім арасындағы іс-әрекеттер мен байланыстар, бірлескен іс-шараларды реттеп, тиімді қарым – қатынас жасауына бағыттай алады.  
Ұстаздар қауымына, ата-аналарына білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, оқушылардың белсенділігін арттыруына көмектеседі, оқытудың белсенді, дамыта отырып оқыту әдісін меңгере білу қажеттілігін айқындауға көмектеседі. Оқытылып жатқан білімді саналықпен миға тоқудың түрлі айла-тәсілдерін білуге ұмтылдырумен қатар ерік - жігер мен қажыр - қайратын шыңдай түсуге бейімдейді. 
Мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс кезеңдері: 
І кезең – мектеп мұғалімдеріне қажетті психологиялық көмек көрсету. 
ІІ кезең – мектептегі психологиялық қызметтің жұмысын жоспарлау 
ІІІ кезең – мектептің шығармашылық тақырыбы мен мақсат-міндеттерін ескере отырып, педагогикалық үрдіске қатыскушылардың қажеттілігін анықтап, жұмыстың негізгі бағыттарын іске асыру 
ІV кезең – Нәтижелерді қорытындылау, жалпылау және есеп беру кезеңі.

Психологиялық қызметтің алдына қойған мақсаты

Оқу – тәрбие үрдісінде психологиялық заңдылықтарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалдарын дамыту, психологиялық денсаулығын сақтау   

Психологиялық қызметтің міндеті 

• Әр баланың толық психологиялық және тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін психологиялық ахуал туғызу. 
• Педагогикалық үрдіске қатынасушылардың арасындағы өзара қарым – қатынас стилін реттеу. 
• Әлеуметтік және жеке даралық жетістіктерге жол ашу. 
• Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда таным үрдістерінің дамуына жол ашу. 
• Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға үйретуде мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелей отырып, рухани – адамгершілік құндылықтарының негізін қалау.

Психологтың жұмыс жасау топтары: 
• Оқушылармен жұмыс; 
• Ата-аналармен жұмыс; 
• Ұстаздармен жұмыс; 
• Мектеп әкімшілігімен жұмыс; 
Психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары 

1. Психологиялық  зерттеу жұмыстары 

 

 

 

Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу, жан-жақты толлық мүмкіндіктерін ашу. 
2. Психологиялық алдын-алу шаралары  
Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, алдын алу шараларын ұйымдастыру. 
3. Психологиялық теңестірулер мен түзетулер, дамыту шаралары  
Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуындағы кездескен келеңсіздіктерді теңестіру, түзету жұмыстары, жалпы оқу дағдысы мен біліктілік деңгейін арттыру. 
4. Психологиялық кеңес беру шаралары 
Мақсаты: Педагогкикалық үрдіске қатынасушылардың барлығына дамыту, оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер беру. 
5. Психологиялық ағарту шаралары 
Мақсаты: Педагогикалық үрдіске қатынасушылардың психологиялық мәдениетін көтеріп, психологиялық білімге жұмылдыру шаралар ұйымдастыру.   

 

Психологтың құжаттары: 
1. Нормативтік құжаттар жиынтығы. 
2. Мектеп психологтың жылдық жұмыс жоспары.  
3. Психологтың апталық немесе айлық жұмыс жоспары. 
4. Психологтың аналитикалық және статистикалық есептері; 
5. Әртүрлі бағыттағы әдістемелік материалдардың жинағы. 
6. Барлық бағыттарда жүргізілген жұмыстарды тіркеу журналдары: 
- психологиялық зерттеу жұмыстарын тіркеу журналы 
- психопрофилактикалық шараларды тіркеу журналы 
- теңестірулер мен түзетулер, дамыту шараларын тіркеу журналы, 
- кеңес беру журналы 
- ағарту шараларына байланысты жүргізілген жұмыстарды тіркеу журанлы; 
- мектеп ұжымы мен оқушылардың қажеттіліктерін тіркеу журналы; 
- жеке – дара жүргізілген жұмыстарды тіркеу журналы; 
- сыныппен, топпен жүргізілген жұмыстарды тіркеу журналы; 
- ата-аналармен, ұстаздармен, мектеп әкімшілігімен жүргізілген жұмыстарды тіркеу журналы.  

Психологиялық қызметтiң аспектiлері: 
1. Ғылыми аспектi – ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргiзумен, психодиагностика, психокоррекция, дамыту жұмыстарын жүргiзу, әрi iске асыру. Белгiлi сұрауларға, өтiнiштерге сүйене отырып жұмыс iстеу. 
2. Қолданбалы аспектi – психологиялық мәлiметтердi халыққа бiлiм беру саласындағы қызметкерлер қолданады. Бiрлесе отырып бағдарламалар, әдiстемелiк материалдар жасайды. 
3. Тәжiрбиелiк аспектi – мектеп психологтары жұмыс iстейдi. Олардың мiндет, мақсаттары оқушылармен, мұғалiмдермен, ата-аналармен бiрiге отырып белгiлi бiр көкейкестi мәселенi шешуге негiзделедi. 

 

Негізге алатын мәселелер жиынтығы: 
1. Физиологиялық ерекшеліктер (жас ерекшелігі, дене бітімі, түр-сипаты) 
2. Әлеуметтік жағдайлары (отбасындағы тәрбие стилі, тұқымқуалау қасиеттері,  
материалдық және моральдық құндылықтары) 
3. Әлеуметтік орындары (мектепке, оқуға деген көзқарасы, сыныптастарымен,  
ұстаздар қауымымен қарым қатынасы мен алатын орны) 
4. Психологиялық ерекшеліктері (мiнез-құлқы, темпераментi, таным процесстерiнiң даму деңгейi, сол кездегi көңiл-күйi, қабiлетi)

Оқушылармен жұмыс

Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін зерттеу.

Нұсқау: Әрбір сұрақтың жауабы 0-3 ұпай аралығында бағаланады. 
Жоқ-0 ұпай, білмеймін-1 ұпай, иә-3 ұпай

1. Сізге мектепте оқу ұнайды ма ?  
2. Таңертең ұйқыдан оянған кезіңізде мектепке барғыңыз келе ме ?  
3. Егер мұғалім: ертең мектепке барлығыңа бірдей келу міндет емес десе, сіз  
мектепке келер ме едіңіз? 
4. Егер бүгінгі сабақтың біреуі болмай қалса, сіз қуанар ма едіңіз? 
5. Үй тапсырмасын бермегенді қалар ма едіңіз?  
6. Мектепте тек қана белгілі бір сабақтардың болғанын қалар ма едіңіз?  
7. Ата-анаңызға үнемі мектеп туралы айтып отырасыз ба?  
8. Мұғалімдердің қатал болғанын қалар ма едіңіз? 
9. Сыныпта достарыңыз көп пе? Кімдер? 
10. Сізге сыныптастарыңыз ұнайды ма?

Оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін анықтау

Әдістеме: «Төртіншісі артық» әдістемесі

Зерттеу барысы: 
1. Кебіс, аяқ, етік, туфли - _____________________________________________ 
2. Қайшы, ұстара, перо, пышақ ________________________________________ 
3. Шатыр, фуражка, панама, қалпақ_____________________________________ 
4. Керосин шамы, электр шамы, күн, балауыз____________________________ 
5. Конверт, радио қабылдағаш, телефон, гитара __________________________ 
6. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр__________________________________ 
7. Глобус, кітап, жазу үстелі, портфель__________________________________ 
8. Термометр, стакан, шаңғы, рюмка____________________________________ 
 

Басса-Даркидің эмоциялық тесті

Нұсқау: Төмендегі тұжырымдарға келісетін болсаңыз “+”, ал келіспесеңіз “-“ белгісімен белгілеңіз. 
Сұрақтар: 
1.Егер мен ашулансам, қол жұмсап жіберуім мүмкін. 
2. Заттарды лақтыратындай, ешқашан мен қатты тітіркенбеймін. 
3. Мен тез ренжіп, жылдам басыламын. 
4. Егер мені жақсылап өтінбесе, өтінішті орындамаймын. 
5. Менің ойымша, тағдыр маған қатыгез сияқты. 
6. Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін. 
7. Егер басқалар сөз таласта менімен келіспесе, мен айтысуға дайынмын. 
8. Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар- ұжданымның алдында қатты азаптанып, қысылып, ұяламын. 
9. Басқа адамға мен қол көтеруге қабілетті емеспін. 
10. Мен ашуланғанда, есікті сарт еткізіп жаба аламын. 
11. Кейде адамдар өзінің қатысуымен ашу-ызамды келтіреді. 
12. Егер маған орныққан ереже ұнамаса, мен оны бұзғым келеді. 
13. Кейде мені қызғаныш мазалайды. 
14. Көп адамдар мені ұнатпайды. 
15. Менің құқығымды басқалардың құрметтеуін, сыйлауын талап етемін. 
16. Кейде менің ойыма өзім ұялатын ойлар келеді. 
17. Мені төбелеске дейін жеткізуге қабілетті адамдарды білемін.  
18. Кейде мен ашу-ызамды төбелес арқылы көрсетемін.  
19. Мен өзімді жиі атылуға дайын оқ ретінде сезінемін 
20. Егер біреу өзін менен биік көрсеткісі келсе әрқашан мен оған қарсы тұрамын. 
21. Мені барлық болмысымен жек көретін адам жоқ. 
22. Көбі маған қызғанышпен қарайды. 
23. Мен қатты ызалансам да балағат сөздерді айтпаймын. 
24. Жұмыстан қашатын адамдар өзінің кінәсін, кемшілігін, әлсіздігін байқап сезуі керек. 
25. Маған біреу қол жұмсаса да, мен сирек жауап қайырамын 
26. Қатты ызаланып, қолыма түскен затты сындырғанымды есіме түсіре аламын. 
27. Өзіме ұнамсыз адамдарға қарым-қатынасым, көзқарасым дөрекілеу. 
28. Маған бұйрық беріп сөйлесе, мен ешқандай тапсырманы орындағым келмейді.  
29. Басқаларға деген жаман көзқарасымды жасыруға тырысамын. 
30. Кейде қоршаған ортадағы адамдар мені мазақ қылатын сияқты. 
31. Егер біреу мені ызаландырса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтуға дайынмын.  
32. Өз ата-анам үшін аз көмек тигізгенім мені қатты толғандырады. 
33. Маған біреу қол көтерсе, мен оған жауап қайтармаймын. 
34. Дау барысында мен жиі даусымды көтеремін. 
35. Кішкентай нәрсеге бола ренжімеймін. 
36. Адамдар өздерін бастық ретінде көрсетсе, мен қалайда болса мен-менсіп кетпеуіне жағдай жасаймын. 
37. Мен ылғи да жақсы еңбегіме лайықты баға ала алмаймын. 
38. Маған өштесіп, зиян келтіретін жауларым жоқ. 
39. Мен адамдарды сөздермен жиі қорқытқанмен, оны орындамаймын. 
40. Мен жасаған істеріме көбіне өкінемін.

 
Сыныпішілік референтометрия

Мақсаты: Сыныптың психологиялық ахуалын және топ мүшелерінің референттік тобын анықтау.

Нұсқау: Тақтаға барлық сынып оқушыларының тізімі жазылып, әр оқушыға реттік номер беріледі. Мақсатқа жету үшін сізге 10 тұжырымдама ұсынылады. Ұсынылған жағдаяттарға жауап беру үшінда өзіңізге ұнамды, жаныңызға жақын сыныптасыңыздың атын “реттік номері” бойынша белгілейсіз.

Жағдаяттар: 
1. Сізге басқа қалаға саяхатқа шығу сәті түссе қай сыныптасыңызды бірге алып кетер едіңіз? 
2. Сіз ыңғайсыз жағдайға тап болсаңыз қай сыныптасыңызға айтасыз? 
3. Егер туған күніңізді жасасаңыз қай сыныптасыңызды шақырар едіңіз? 
4. Егер бос уақытыңыз көп болса қай сыныптасыңызбен бірге өткізер едіңіз? 
5. Басқа сыныптастарыңызды бағалау үшін қай сыныптасыңыз көмектесе алады? 
6. Сіздің кемшілігіңізді қай сыныптасыңыз түзете алады? 
7. Егер сіздің өміріңіздегі қандай да бір кезеңді өзгерту керек болса қай сыныптасыңызбен ақылдасар едіңіз? 
8. Сыныпта сізге кім үлгі бола алады? 
9. Сыныпта қай оқушыға ұнағыңыз келеді? 
10. Сыныпта қай оқушымен сырласасыз? 

“Репрезентативті жүйе” тесті

Мақсаты: Оқушының бойындағы жетекші репрезентативті жүйенің қай саласы дамығандығын анықтау. Яғни, “аудиалдық”, “визуалдық”, “кинестетикалық” және “ойлампаз, талдаушы, логикалық компьютерлік” типтерін анықтау.  
Нұсқау: Тест сұрақтарына берілген жауаптардың маңыздысына қарай, варианттары бойынша жауап берілуі тиіс. Жаныңызға жақын, сізге сәйкес келетін жауапты “+” белгісімен, ал қалған варианттарын “-” белгісімен белгілеңіз. Бір тест сұрағында бір ғана жауап болуы керек. 
 

Тест сұрақтары:

1. Мен үшін маңызды  шешім қабылдау: 
а/ сезімдеріме байланысты; ә/ көңіл-күйіме байланысты; 
б/ көзқарасыма байланысты; в/ ақыл-ойыма байланысты. 
2. Маған сөзі өтімдірек, тез ықпал жасай алатын адам: ол 
а/ дауыс интоннациясы әдемі адам;  
ә/ сыртқы бет-пішіні әдемі адам; 
б/ көңілге қонымды ақыл айтатын адам;  
в/ маған жақсы көңіл-күй сыйлаған адам 
3. Сіздің тұрмыста қалай тұратындығыңызды білгім келсе: 
а/ сыртқы әдемілігіңізге қараймын;  
ә/ өзініңізді қалай сезінетініңізді бақылаймын; 
б/ сіздің дауыс ырғағыңызға көңіл бөлемін;  
в/ сіздің қалай сөйлейтініңізге көңіл қоямын. 
4. Мен үшін ең жеңіл: 
а/ стереожүйедегі дауыс толқындарын ретке келтіру; 
ә/ мені қызықтыратын проблемалық жағдайлардан нәтиже шығару; 
б/ жанға жайлы жихаз таңдау; 
в/ әр түрлі түстердің комбинациясын табу. 
5. Мен тез сезіне қоямын: 
а/ жаңа фактілер мен мәліметтердің мағынасын тез түсіне қоямын; 
ә/ қоршаған ортада болып жатқан іс-әрекеттерге әрқашан құлақ түріп жүре аламын; 
б/ үстімдегі киімнің ыңғайлылығын тез сезіне қоямын; 
в/ бөлмеге қараған кезде түстерді ашық түстермен сипаттай аламын. 
6. Қоршаған ортадағы адамдар менің тұрмыс-тіршілігім жайлы білгісі келсе, олар: 
а/ менің ішкі сезімдерімізді түсінуі керек;  
ә/ менің киім үлгілерімді көруі керек; 
б/ менің қалай сөйлейтінімді естуі керек;  
в/ менің дауыс ырғағыма көңіл бөлуі керек. 
7. Менің қалауым: 
а/ сіз ғана білетін фактілерді есту; ә/ сіз ғана салған суреттерді көру; 
б/ сіздің ішкі сезімдеріңізге үңілу; в/ сіздің дауыс ырғағыңызды есту. 
8. Мен тек мынадай жағдайларда ғана сенемін: 
а/ өз көзіммен көргенде ғана; ә/ нақты фактілерді естігенде ғана; 
б/ бір нәрсені сезгенде ғана; в/ естіген әңгімелеріме қарай. 
9. Менің отбасыма қатысты: 
а/ әдетте мен өз отбасы мүшелерінің көңіл-күйін тез сезе қоямын; 
ә/ отбасыма қатысты көзге біз мән бермейтін бөлшектердің, киім үлгілерінің, мүшелердің суреттерін сала аламын. 
б/ отбасы мүшелерімнің маңызды сұрақтар төңірегінде не айтатыны жөнінде білемін. 
в/ отбасы мүшелерін дауыс ырғақтарынан ажырата аламын. 
10. Мен не үшін оқимын: 
а/ қандай да бір заттарды ұғыну үшін;  
ә/ қандай да бір заттарды жасау үшін; 
б/ қандай да бір жаңалық есту үшін;  
в/ қандай да бір жаңа мүмкіндіктерді көру үшін; 
11. Маңызды шешім қабылдауда мына мәселелерді ескеремін: 
а/ сезімдер атқарушы роль атқаратындығын; 
ә/ көңіл-күйіме байланыстылығын; 
б/ нақты жауабы көрініп тұратын шешімдерді қабылдауға байланыстылығын; 
в/ логикалық оймен байланыстылығын. 
12. Маған мыналарды есіме түсірген оңай: 
а/ досымның дауысын;  
ә/ досымның сырптқы пішінін; 
б/ досымның “жақсы ой – еске түсіру” деген сөзін;  
в/ досыма деген сезімдерімді.

Информация о работе Ғылымдағы тренинг түсінігі, әдістері және оның даму тарихы