Онтогенез және белок алмасуының бұзылыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 09:44, реферат

Краткое описание

Этика – адамның түрлі қызметінде кеңінен таралған ұғым. Сондықтан да, философия саласы, яғни философиялық ғылым деп түсіну қажет. Этика (грекше ēthiká ếthos – салт, таным, мінез) ғылым ретінде адамның ар-ұяты мен танымын зерттейді. сондай-ақ, алғашқы Аристотельмен қолданылған зерттеудің түрлі саласын білдіретін термин. Этика адам қоғамының түрлі даму дәуіріндегі наным-сенім, құндылықтар, моральды ұстанымдардың қалыптасу задылықтарын қарастырады. Дұрыс, рұқсат етілген әрекеттер, моральды және аморальды, гуманистік жіне адамға қайшы қылықтар тарихи кезеңге байланысты мағыналық метоморфозға ұшыраған болатын.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Биоэтика туралы түсінік
2. Медицинаның негізгі этикалық модельдері
3. Деонтология және парыз
4. Дәрігер құқығы, науқас құқығы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәрігерлік этика.docx

— 32.78 Кб (Скачать документ)

                                 Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі  бөлім

 

  1. Биоэтика туралы түсінік

 

  1. Медицинаның негізгі этикалық модельдері

 

  1. Деонтология және парыз

 

  1. Дәрігер құқығы, науқас құқығы

 

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Этика –  адамның түрлі қызметінде кеңінен  таралған ұғым. Сондықтан да, философия  саласы, яғни философиялық ғылым деп  түсіну қажет. Этика (грекше ēthiká ếthos – салт, таным, мінез) ғылым ретінде  адамның ар-ұяты мен танымын зерттейді. сондай-ақ, алғашқы Аристотельмен  қолданылған зерттеудің түрлі саласын  білдіретін термин. Этика адам қоғамының  түрлі даму дәуіріндегі наным-сенім, құндылықтар, моральды ұстанымдардың  қалыптасу задылықтарын қарастырады. Дұрыс, рұқсат етілген әрекеттер, моральды және аморальды, гуманистік жіне адамға қайшы қылықтар тарихи кезеңге байланысты мағыналық метоморфозға ұшыраған болатын. Яғни, қоғамныңдаму мен перспективалық қажеттіліктеріне байланысты. Адамзаттың қазіргі даму кезеңінде этикалық қағидалар өзгертіліп, тарихы өзге елдер адамзат құндылықтары бойынша  ортақ консенсусқа келіп жатыр. Бұл ең алдымен адамның аса  маңызды құқығы: өмір сүру құқығы, бостандық  құқығы, денсаулық сақтау құқығы, баспаналы  болу құқығы.  Этиканың қосалқы мағыналары адамдардың қарым-қатынасындағы нормаларда, тәжірибелік қызметте, басылымдарды қолданылады. Аса тарағаны –профессионалы этика. Бұл қызметке қарасты салт-дәстүр, ой бөлісу, идеялар, көзқарастардың қосалқы  жүйесі болып табылады.дәрігерлік және мейірбикелік этика, ғылыми медициналық  зерттеулер ұғымы планетаның бүкіл  даму барысында дамыған этикалық қағидалар. Мұндағы аса зер қоятыны  медицина қызметкерінің міндеті, профессионалды компетенттілік, деонтология. Мейірбике  міндеті – тарихи құрамдастырылған нормаларжиынтығы,ол мейірбике меннауқас, мейірбике мен дәрігер, мейрбикелердің өзара қарым-қатынасы, мейірбикенің мейірбике ісіндегі ролін бақылайды. Профессионалды міндет – бір жағынан  медицина қызметкерініңмораль көрсеткіші – гуманизмді (адамгершілік, адамға сүйсіну), ал басқа жағынан гуманизм мен мейірбике міндеті бір-біріне қайшы келуі мүмкін. Мейірбике  ешкімге алғашқы көмек көрсетуден бастартпауықажет. Бұл моральды талап  Женевалық декларация, Мейірбике  кодексі мен басқа да құжаттарда берілген. Қазіргі кезде медициналық  этика қағидалары биомедициналық этика  ұғымына жинақталған. Ол медицина қызметкер  тұрлғасын, оның құқығы мен профессионалды қызметін орындау барысында заң  бойынша және санасы бойынша әрекет етуін қолдайды.

 

 Бүгінде биомедициналық этика  төрт түрлі формада берілген:

 

1.Гиппократ моделі. Бұл модельдің негізгі қағидасы – «зиян тигізбеу». Дәрігер науқастың әлеуметтік сенмділігін алады. Гиппократпен берілген дәрігерлік ету қағидалары (460-377гг.) дәрігерлік этика бастаулары мен Гиппократ антында айтылады.

 

2.Парацельс моделі (1493-1541 гг.) – «жақсылық жасау»,орта ғасырда қалыптасқан. Бұның негізінде дәрігер мен науқастың эмоционалды сұхбаты жатыр. Оның негізінде емдік үрдіс қалыптасады.

3.Деонтологиялық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 жылы қалыптасқан. (авторы Петров). Негізгі қағидасы намыс тазалығы мен міндеттік нақты орындалуы. Ол медицнақауымымен бекітілген ар—ұят кодексіне негізделген.

4.Биоэтика – дәстүрлі биомедициналық этиканың жаңа түрі. Оныңнегізінде адамның құқығы мен құндылықтарын сыйлау қағидасы жатыр.

 Биоэтика  философиялық ғылымның маңызды  нүктесі, ол жаңа заман медицинасының  технологиялық жабдықталуымен, генді  инженерия ғылымының пайда болуы,  трансплантологии, адам өмірін сақтауға  арналған құралдардың болуына  байланысты. Бүгінде аборт, бала  көтеру, жасанды ұрықтандыру, клондау,  сексология, эвтаназияға байланысты  этикалық ахуалдар көп. Сенм  орнату, дәрігердің науқасқа түсінікпен, жақсы, саналы қарау делінген. Деонтологиялық этикаға қарағанда  биоэтикада құқықтар шағылысы  аса маңызды, яғни ұрықтың өмір  сүру құқығы, әйелдің түсікжасату  құқығы – жүкті болу құқығы, эвтаназия құқығы –жақсы өлім. Мұндағы науқастың өлімге бет  бұру деген құқықтық санасы  дәрігердің профессионалды заңдылығы  –зиян келтірмеу мен өлтірмеу  деген қағидаларына қайшы келеді.

Әр елдің  және Қазақстанның медбикесінің этикалық кодексін этикалық қағидалар анықтайды  және медбикелердің өзін өзі ұстау  стандарттарымен өзін өзі этикалық бақылау стандарттары болып табылады. Этикалық қағидалармен медициналық  қызметкердің профессиональды деонтологиясы  үздіксіз байланыста болады. Деонтология  ғылым емес, қарым қатынас пен  өзін өзі ұстау қасиеті, әрбір  елдің мейірбикесі, соның ішінде Қазақстанда, мейірбикелердің тәртібі  мен өзін өзі басқару құралы ретінде  профессионалды мейірбике үшін үлгі болып табылады. Этикалық принциптермен  қатар медициналық қызметкердің профессионалді деонтологиясы, мейірбикенің деонтологиясы үзіліссіз байланысқан. Деонтология – ғылым емес, белгілі  бір мамандықта, белгілі бір жағдайда сөйлесу және өзін өзі ұстаудың, принциптер мен дәстүрлерді қиыстыру өнері. Деонтология – бұл термин, медицинада медцина мамандарының қарым  қатынастарында, сонымен қатар диагностика  үрдісі қатысушылары, емі және алдын  алуда жиі қолданылады 

Мейірбикелік  деонтология – мейірбикелік этиканың бөлігі болып саналады, бұл ғылым  дәрігердің қоғамның және науқастың  алдындағы парызы, медицина қызметкерінің  кәсибі жүріс тұрысы.

 

 Ұлы  жазушы Чехов А.П.: «Дәрігер мамандығы  – үлкен жетістік деп айтқан. Ол басқа да қызықтардан бас  тартуды талап етеді. Жан мен  ойдын тазалығынын. Әр адам  дәрігер бола алмайды».

 Медициналық  қызметкеріне ең қымбат нәрсе  сенімге беріледі - ол адам өмірі.  Денсаулық адам байлығы. Ол  тек науқастың, оның туысқандарының  алдында ғана жауапты емес, толығымен  мемлекеттің алдында жауапты.  Өкінішке орай, қазіргі кезде  де науқасқа немқұрайлы қарау  оқиғалары, өзіңнен науқасқа қарасты  жауапкершілікті шешу, сол жауапкершілікті  басқа біреуге жүктеу жағдайлары  кездеседі. Бұл дұрыс емес. Науқастың  жағдайы барлығынан да маңызды.  науқастың физикалық және психологиялық  жағдайындағы кішігірім өзгерістерді  бағалау үшін мейірбике кәсіби  зейін қойып бақылау қажет.

 Ол  эмоциональды тұрақтылықты тәрбиелеу  керек, өзін өзі ұстай білу  керек. 

Медицина  қызметкерінің өзін өзі ұстау  мәдениетін екі түрге бөлуге болады:

Ішкі  мәдениет. Бұл еңбекке жауапкершілікпен қарау, тәртіп сақтау, құрал жабдықтарға  ұқыпты қарау, достастық пен ұжымдық.

Сыртқы  мәдениет. Сөйлеу мәдениеті, сыртқы көрінісі, дөрекі сөйлемеу және т.б.

Медициналық қызметкерлерінің негізгі қасиеттері, оның ішкі мәдениеті болып саналады:

Сыпайылық – қарапайымдық, шынайлық, адамның  әсемдігін және күшін білдіреді.

 Шынайылық  – медицина қызметкерінің ең  жоғары деңгейі.Ішкі белгілерінің  негізі. Цицерон айтқан, шынайылықтын  екі бастауы бар, бұл: «Ешкімге  зиян келтірме және қоғамға  пайда келтіру».

 Шындық–  медицина қызметкерінің барлық  ісінің негізі болу керек.Күнделікті  істеген ісінің және ойының  негізі.

Мейірім – жақсы адамның ішкі мәдениетінің негізгі қасиеті.

Жақсы адам –бұл қоршаған ортадағы адамдарға  жақсы көзқараспен, олардың қайғы  мұңынтүсініп қажет жағдайда көмек  көрсетуге сөзімен, ісімен дайын  тұратын адам.

Медицина қызметкерінің сыртқы мәдениеті дегеніміз не?

1.Сыртқы көрінісі. Медицина қызметкерінің сыртқы көрінісіне және киімдеріне қойылатын талап – тазалық жәнеқарапайымдық, бояулардың және тым сәндеуіш заттардың аздығы, аппақ халат, қалпақ және екінші ауыстыруға арналған аяқ киім. Киімі, бет әлпеті, өзін өзі ұстауы медицина қызметкерінің науқастарға мән беру қасиетін білдіреді. «Медицина қызметкерлеріне өзін өзі таза ұстау керек, таза киім кию өйткені осының барлығысы науқасқа маңызды.» (Гиппократ).

 ЕСТЕ  САҚТАҢЫЗДАР! Медициналық киім  әшекейлеуді қажет етпейді. Ол  өзі адамға жақсы әсер тигізеді, міндеттерін атқарғанда тазалықты,  қатандықты білдіреді. Егер дәрігердің  түрі қорқынышты, отыруы сүйкімсіз,  міндет етіп сөйлесе науқастарға сенім білдірмейді. Медициналық қызметкер өзін қарапайым ұстап, ұстамды және түсінікті сөйлеу керек.

2. Сөйлеу  мәдениеті сыртқы мәдениетінің  екінші негізгі бөлігі болып  табылады.. Речь Медицина қызметкерінің  сөзі қатты емес, түсінікті, эмоциональды  болу керек. Науқасқа байланысты  мынадай сөздерді қолданбау керек:  «апатай», «қарағым» және т.б.  Кейде науқас туралы «диабетик», «язвенник», «астматик»және т.б.  сөздерді естуге болады 

Көбіне  медицина қызметкерлерінің сөздері  науқастардың құлағына жағымсыз болады сондықтан оларға науқастар сенімсіздікпен қарайды. Медицина қызметкерлерінің мұндай қылықтары науқастардан алыстатып, кері көзқарас туғызады. Мейірбикелік этика және деонтологияның негізгі  принциптері Флоренс Найтингейлдін  антында, халықаралық мейірбикелер кеңесінің кодексінде берілген. Медицина әлемінде көпшілік мақұлдаған жұмыс  принципі және медбикенің адамгершілігі  халық менталитетіне, тарихына, салт дәстүрлеріне, даму дәрежесіне, діни, білім  беру және экономикалық институттарыныа  байланысты әр елде өз ерекшеліктері  бар. Мысалы, әлемнің алып мемлекеттерінің  бірі, медицинасы мен денсаулық сақтауы  көптеген мәселелер бойынша алдыңғы  орындарды алатын АҚШ-та мейірбике  ісі келесі принциптерге негізделген:

Келісілген  информация алу принципі. Науқастың  тәуелсіздігі өзінің жағдайы туралы, емдеу жоспарымен, не орындалатыны туралы хабардар болу бостандығы мен  құқығына неізделген, сонымен қатар  науқастың өзінің ауруы жайлы  құпияда сақтау құқығы бар. Келісілген информация мағынасында науқастың  өз еркімен емдеу курсына және медицина қызметкерлеі компетентті  және адекватты информация ұсынған  процедураға келісім беру және келісім  алу жатыр. Дәрігердің міндетіне:

  • Ұсынылған емнің мақсаты мен мінезі туралы;
  • Онымен байланысты қауіп қатер туралы;
  • Сол емнің альтернатива мүмкіндігі туралы науқасқа хабарлау болып табылады.

Қайрымдылық принципі – «қайырылымдылық жасау» деген мағынаны білдіреді. Оның құрамына қайғыдағы адамдарға мейірімділікпен  қарау.

Қызметтік құқық бұзушылықты болдырмау  принципі. Бұл «зиян келтірме»  принципі дәрігер мен медицина қызметкеріне басқаларды қауіп қатерден сақтау, өзінің компетенттілігінің шегінде  ауырсыну мен қайғыны басуға міндеттейді.

Әділеттілік принципіне адамзат теңдігіне сыйластық, жетіспейтін заттарды тең бөлу жатады.Шынайылық  принципі (науқасқа шындықты айту). Науқас пен медициналық орталық арасында ашық қарым қатынас пен медицина орталығының өз міндеттерін орындаудың негізін қалайды.

 

Жалпы адамзаттық құндылықтар принцитерінің негізінде  Қазақстанда тұрғындар денсаулығын  қорғау және денсаулық сақтау жүйесін  ұйымдастыруға арналған бікқатар заңдар қабылданды. ҚРденсаулық сақтау туралы заңдарында медицна әлемінің көп  ғасырлық тәжірбиесі, қазақ елінің дәстүрі, адам құқығының заманауи көзқарастары ескерілген. Биоэтиканың принциптері  де медицинаның заманауи көзқарастарының  дамуына және денсаулықсақтауды  ұйымдастыруға маңызды роль атқарды.

 «Биоэтика»  немесе өмір этикасы терминін 1969 жылы В.Р.Поттер ұсынған. Биоэтиканың  зерттеу нысаны адамдар арасындағы  моральді және аспектілері. Біздің  дәстүрде мыңдаған жылдар бойы  этика мен медицина арасында  тығыз байланыс болды. 

Медицина - адам дерті мен оның емі  жайлы ғылым.

Құлықтылық  – адам тәртібін реттейтін және қоғам мәдениетінің құрылымдық негізі болатын (ғылымдағы, өнердегі, медицинадағы, техникадағы жетістіктер) ережелер, құндылықтар, орындаулар жиынтығы. Зұлымдық жолымен жүруге тыйым салатын  адамдар арасындағы қарым қатынас  коды. Құлықтылық адаммен терең меңгерілуі керек, «оның жанына еніп», ішкі әлемнің  бөлшегі болуы керек.

Өз денсаулығын  мейірбикеге сенген науқас оның білікті  маман екеніне және адалдығына ғана емес, сонымен қатар шынайлылығына,мейірімділігіне, қамқорлығына, ме сенімді болуы керек. Сондықтан да ежелден бері науқастар, халық, аурулар дәрігерге, бейірбикеге  моральді, құлықтық қасиеттеріне жоғары талап қойған және моральді заңда  мен дәстүрлерге бағынған.

«Мораль ұғымы » - қоғамдағы адамның тәртібінің ережелері мен принциптерінің жиынтығы. Адамның әрбір қылығы оның құқығы («табиғаты», «бостандығы») мен моральді ережелері («борыш», «міндет» және т.б.) қатынасының нәтижесі болып табылады.  Адам қоғам ережелеріне сай болса  моральді болады. Сонда құлықты тәртіпшектелген  болғады. Оған үстіне қарайтын тексеруші  және нұсқаушы керек емес. Бұл адамның  қылықтарнын, құштарлығын, күшін реттеуге және құлықты өмір сүруге көмектесетін «ішкі дауысы».

 Мейірбикенің  этиклық кодексі мейірбике тәртіптерінің  құлықтық, моральді негізі, эталоны  болып табылады. Құлықтық парыз  – моральдің категориясы, оны  мағынасы тар деонтология ғылымымен  салыстыруға болмайды.

Информация о работе Онтогенез және белок алмасуының бұзылыстары