Этникалық әлеуметтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 07:38, реферат

Краткое описание

1. Нарықтық экономика жағдайындағы ұлтаралық қатынастар.
2. Жалпы ұлттық сана және оның қалыптасуы

Прикрепленные файлы: 1 файл

73_96O.docx

— 47.22 Кб (Скачать документ)

Этникалық әлеуметтану

 

1. Нарықтық экономика жағдайындағы ұлтаралық қатынастар.

2. Жалпы ұлттық сана және оның қалыптасуы

 

Негізгі ұғымдар: этнос, субэтнос, этногенез, метаэтнос, ру, тайпа, халық, ұлт, этника, этносоциология және т.б.

 

Этникалылық терминінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар, ол этникалылықты әр түрлі әлеуметтік ғылымдар мен жекелеген ғалымдардың есімдері арнасында қарастырған теориялар мен көзқарастардың дамуымен байланысты .

Этникалылық түсінудегі мазмұнды аспектісінің рөліне қатысты пікірталастар өткен ғасырдың 70-ші жылдарында басталды. Бүгінгі күннің өзінде анықталмаған, келісілмеген сәттер көп кездеседі. Кейбір ұғымдар түсініксіз немесе қазіргі жағдайды шынайы көрсете алмайды. Пікірталастардың пайда болуы этникалық проблеманы бірінші жоспарға шығарған әлемдегі этносаяси процестермен байланыстырылады. Этносоциологияның категорияларын (этнос, ұлт және этникалылық) тыңғылықты теориялық талдаудан өткізу қажеттілігі туындады. Кең көлемде қолданылуына қарамастан “этникалылық аса жаңа түсінік болып көрінеді”, - дейді Н.Глейзер мен Д.П. Мойнихан. Олар мынадай фактіге назар аударады: бұл терминнің алғашқы түсіндірмесі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігінде тек 1972 жылы ғана пайда болды. Бұл терминді ғылыми айналымға енгізу Л.Уорнер мен П.Лунтуға тиесілі, олар бұл ұғымды “қазіргі кездегі қауымдардың мәртебелік жүйесі” атты жұмыста қолданды.

Этникалылық - бұл ғылымда кеңінен қолданылатын, қоғамда мәдени айырмашылығы бар (этникалық) топтар мен бірдейліктер бар екенін білдіретін категория. Отандық қоғамтануда кез келген жағдайларда, әр түрлі тарихи-эволюциялық типтегі (ру, жұрт, ұлт) этникалық қауымдастықтар (халықтар) жайлы сөз болған кездерде “этнос” термині кеңінен қолданылады. Этнос түсінігі гомогендік, функциялық және статикалық сипаттамалардың бар екенін білдіреді, олар топты, сол сияқты сипаттамалар жиынтығына ие басқа топтардан айырылмайды. Ғалымдар арасында да этникалылық феноменін анықтауға келгенде бірлік жоқ, бірақ олардың этникалық немесе этникалылықтың бар екені жайында айтуға мүмкіндік беретін қауымдастық үшін тән бірқатар сипаттамалар ортақ. Мұндай сипаттамаларға: топ мүшелері мойындайтын ортақ аумақ пен тарихи шығу тегі, ортақ тіл, материалдық және рухани мәдениеттің ортақ белгілері жайында түсініктің болуы; отан және ерекше институттар жөнінде саяси бекітілген түсініктер, мысалы халық деген түсініктің бір бөлігін құрайды деп есептелінетін мемлекеттілік сияқты; ерекшелік сезімі, яғни топ мүшелерінің соған жатқызылуы және осыған негізделген ынтымақтастықпен бірігіп әрекет жасаудың формалары жатады.

Этникалық қауымдастыққа М.Вебер берген анықтама әлі күнге өз мағынасын сақтауда. Оған сәйкес, этникалық қауымдастық - оның мүшелері ортақ шығу тегінде ұқсас физикалық бет-пішінге және әдет-ғұрыпқа немесе екеуіне де немесе отарлануы мен көшіп-қонуы жніндегі ортақ жадына байланысты субъективті сенімге ие топ.

Этникалылықты түсінуде әлеуметтік және мәдени аумақтарда қандай да бір топ бар деген түсінік маңызды рөл атқарады (Ф.Барт). Этникалық қауымдастықтар ең алдымен, мүшелерінің өздері үшін маңызы бар деп санаған (немесе бұл маңыздылық сырттан таңылған) және ол өзіндік сана-сезімнің негізінде жататын сипаттамасымен анықталады. Сонымен, этникалылық - мәдени айырмашылықтарды ұйымдастыру формасы. “Халық” ұғымы этникалық қауымдастық мүшелері бір немесе бірнеше ортақ атауға және мәдениеттің ортақ элементтері мен шығу тегі жайлы ортақ мифке ие және тиісінше ортақ тарихи жады бар, өздерін айрықша географиялық аумақмен байланыстыра алатын және топтық ынтымақтастық сезімін көрсете алатын адамдар тобы деп түсіндіріледі.

Ғылымда және саясатта кең таралған ұғым “ұлт” болып табылады. Оған әр түрлі тарихи әрі қазіргі заманғы мағыналы мазмұн жатқызылады. Ең кең таралғаны осы терминнің көмегімен бір мемлекет азаматтарының жиынтығын саяси бірлестік ретінде белгілеу болып табылады. Кейде саясатта ұлттар деп кәдімгідей мемлекеттерді атайды (Біріккен Ұлттар Ұйымы ұғымы). Ұлттардың басым көпшілігі әр түрлі тілде сөйлейтін және әр түрлі дінді ұстанатын бірнеше, кейде ондаған және жүздеген этникалық қауымдастықтарды қамтиды (американдық, үнді, канадалық, қытайлық, швейцариялық, т.б.). Әдетте мемлекетте ең көп этникалық қауымдастықтың мәдениеті үстемдікке (ресми) мәртебеге ие болады, ал аз қауымдастықтардың мәдениеті ассимиляция мен кемсітушілікке тап болады. Сонымен қатар, ұлттар, этникалық қауымдастықтар немесе этникалық ұлттар деген түсінік (этнос түрі ретінде) айтарлықтай дәрежеде таралған, тарихи пайда болған және адамдардың ортақ мәдениеті мен өзіндік сана-сезімі бар тұрақты этноәлеуметтік қауымдастығы ретінде түсіндіріледі. КСРО-да этникалық ұлт және ұлттық-мемлекеттік құрылыс деген түсінік басшылыққа алынған болатын. Этникалық қауымдастықтар (халықтар) ұлттар деп аталды, ал іс жүзінде өмір сүрген азаматтық ұлт кеңес халқы деп аталды.

Ұлт ұғымының ғылыми мазмұны, оны талқылауа көптеген ірі ғалымдар мен публицистердің қатысуына қарамастан ұзақ және тиімділігі төмен пікірталастардың тақырыбы болып табылады. (И.Гердер, О.Бауэр, К.Каутский, М.Вебер, К.Маркс, В.И. Ленин, П.Сорокин, Н.А. Бердяев, қазіргі заманғы қоғамтануда Д.Амстронг, Б.Андерсен, Э.А. Баграмов, Ю.В. Бромлей, А.Г. Здравомыслев, Э.Геллнер, Л.Н. Гумилев, У.Коннер, Э.Смит, Э.Хобебаум, М.Хрох, П.Чатарджи). Әлемдік ғылымда жалпылама қолданылатын “ұлт” түсіндірмесі, әсіресе егер сөз оның шекаралары, мүшелері мен статистикалық категориялары турасында болғанда жоқ. Сонда да соңғы уақыттарға дейін қоғамтануда ұлтты нақтылы тұтастық, қауымдастық деп түсіну үстем болып келді және әлі күнге дейін өз позициясын сақтауда. Бұл жағдайда ұлт базалық қажеттіліктері, өзіндік сана-сезімі, ортақ еркі бар бірыңғай және мақсатты бағытталған ұжымдық индивид ретінде қарастырылады. Ұлтты қазіргі заманғы эмоционалдық және саяси заңдылыққа ие болған, бірақ ғылыми анықтамасы болмаған және бола алмайтын семантикалық-метафориялық категория ретінде қарастыруға болады. Өз кезегінде ұлт ұжымдық түрде қуаттауға болатын бейне ретінде, ұлтшылдық саяси аумақ ретінде (доктрина және тәжірибе) нақтылы өмір сүретін тұтастық ретінде мойындаусыз-ақ өмір сүре алады.

Саяси лексикада, көбіне ғылыми әдебиетте этнос және ұлт түсінігі синоним ретінде қолданылады, өйткені “этнос” “этникалылық” ұғымдары этникалық жіктелім үшін базалық болып табылады, ал “ұлт” ұғымы көбіне адамдардың этникалық тұтастығының мемлекеттік формасы ретінде анықталады. Сонымен бірге, В.М. Межуев былай дейді: “Ұлт этносқа қарағанда менің туылу фактісімен берілген нәрсе емес, өзімнің күш-жігерімнің арқасында және жеке таңдауым бойынша берілген нәрсе. Этносты мен таңдамаймын, ал ұлтты таңдаймын, таңдай аламын. Ұлт адамның антропологиялық және этникалық анықтауы емес, ол индивидтің мемлекеттік, әлеуметтік, мәдени тиістілігі”. Оның үстіне жаңарту мен жаһандану жағдайында этникалық бірдейлік ұлттық ұқсатумен ауыстырылады деген біршама уақыт бұрын таралған сенім іс жүзінде расталмай отыр.

“Ұлт” жөнінде айта отырып, тағы бір маңызы бар “ұлтшылдық” түсінігін қозғай кеткен жөн. Қоғамдық ғылым дәстүрінде кеңестік уақыттан бері “ұлттық” пен “ұлтшылдықты” анықтауда айтарлықтай қатаң айырмашылық қалыптасты. Біріншісін алатын болсақ ол жерде өз этникалық ұлтына табиғи сүйіспеншілік сезімі және жақындығы, игілігі жайында қамқоры, ана тілін, мәдениетін және дәстүрін сақтау және олардың еркін түрде дамуы түсіндіріледі. “Ұлтшылдық” “ұлтқа” керісінше, атап айтқанда өз этносын басқаларға қарсы қою, басқа ұлттардың мүдделері мен сезімдерін құрметтемеу, менсінбеу, т.б. Соңғы уақытта ресейлік әдебиеттерде (В.А.Тишков), әлемдік ғылымға сілтеме жасай отырып “ұлт” пен “ұлтшылдықты” бір ұғым ретінде түсіну ұсынылуда, атап айтқанда “ұлтшылдық” оның негізгі көрінісі ретінде - этникалық ұлтты айрықша әлеуметтік бірыңғайлық және ол жерде жеке мемлекеттілікті құру құқығын мойындалуы ұсынылып отыр. Посткеңестік ұлтшылдық (дұрысы этноұлтшылдық), ұлтты терең тарихи және басқа да объективті сипаттамалардың негізінде мүшелікке ие этникалық қауымдастықтың формасы ретінде негізделген доктрина және саяси тәжірибе деп анықталады.

“Ұлт”, “ұлттық”, “ұлтшылдық” түсініктері біртексіз түсіндірілуіне ие және екі аспектіде пайдаланылады - этникалық (этномәдениеттік) және мемлекеттік (саяси). Этникалық және мемлекеттік қауымдастықтардың объективті айырмашылығы осыдан. Оларды бір-біріне қарсы қою әрекеттері мен біреуін дұрыс деп мойындау, әсіресе көпұлтты мәдени, тарихи ортада қажет емес этноұлттық бедерсіздікке міндетті түрде алып келеді.

Ю.В. Арутюнян, Л.М. Дробижевалар тарапынан этносоциологияның ғылым ретінде қалыптасуына талдау жасалынды. Пікірталастардың арқасында этносоциологияның негізгі категорияларының табиғатын әрқалай түсінуші, зерттеудің екі негізгі бағыты қалыптасты: примордиализм және конструктивизм. Алайда бұл екі бағыттан басқа бірқатар авторлар (Ю.В. Арутюнян, Л.М. Дробижева) үшінші бағыт - инструментализмді көрсетеді.

Этникалылық феномені этнос және ұлт категорияларының мазмұнын анықтайды. Примордиалистер этносты, адамдардың өз халқына деген санасыз, аффективті түрде байланып қалуы бар, тек тарихи-биологиялық феномен деп анықтайды. Ұлт болса “дамыған таптық қоғам үшін тән этностың түрі” деп анықталады. Көбіне ғылыми дәстүрде “этнос” және “ұлт” категорияларының айырмашылығы тек лингвистикалық сипатта ғана болады.

Сонымен, примордиализм этникалылықтық қандай да бір объективті шындық ретінде және не тарихи дамумен, не биологиялық эволюциямен байланыстырылған индивидтің субъективтіктен жоғары тұратын сипаттамасы ретінде қарастырылады.

Примордиализмнің мәдени нұсқасы ең алдымен этникалылықты топ мүшелерінің тиістілігінің объективті сипаттамалары бар ортақтық  ретінде қарастырады: аумақ, тіл, экономика, нәсілдік тип, дін, дүниетаным және тіпті психикалық құрылысы. Бірқатар ғалымдар этникалық ортақтық әлеуметтік архетип ретінде алғашқы мәнге ие және оны социологияда, саясатта елемеу адасқандық болып табылады дейді (Н.Глейзер, Д.Мойнихан, Ресейлік авторлардың көпшілігі). Этникалылық - ол адамның сабақтас тиістілігіне ие болу қажеттілігіне негізделетін топтық бейілділікті әлеуметтік формасы мен экзистенционалды мағынасы (Ж.Де Вос, Л.Романуччи-Рос). “Этникалық тамырлар” негізінде қазіргі заманғы ұлттардың тұтас шежіресі жасалады (Э.Смит). Топтық этникалық категорияға бөлу үшін тарихи-лингвистикалық жіктелімдер (Э.Сепир, Дж.Гринберг), тарихи-археологиялық және физикалық-антропологиялық қайта қалпына келтірулер кеңінен қолданылады. Олар этникалық топтардың қазіргі заманғы номенклатурасы мен тарихи-кеңістіктік картографиялауға сүйенеді (С.А.Артюнов, В.П.Алексеев).

Бұл дәстүр шеңберіндегі соңғы тұрғылар, кез келген топтық әлеуметтік ұқсатудың формалары сияқты этникалылықтың субъективті формаларын мойындайды, бірақ ол тек өткен кезеңге бағытталған және мәдени-тілдік сипаттамалары арқылы қазіргі кездегі күйінде бекітілген. Примордиализм шеңберінде этникалылықтың мәдени-тілдік немесе психо-мәдени түрінде талдануы да этникалық ұқсатуды “Мен”-нің ажырамас психологиялық бөлігі деп қарастырады, ал оның өзгеруі табиғи емес және адамға зорлап берілген сияқты қарастырылады. Этникалылыққа мұндай көзқарастар этномәдени айырмашылықтарға ерекше мән берілетін мемлекет оны ресми тіркейтін және этникалық негізде мемлекететтілік құруға дейін баратын қоғамдарда кеңінен таралған. Бұл тұрғы шеңберінде сонымен қатар социологиялық талдау әдісі негізінде ресей этнографиясында негізгі еңбектер жазылды (Ю.В.Артунян, М.Н.Глубогло, Л.МДробижева). Олардың шетелдік ғылымда да беделді жақтастары бар (У.Коннер, Д.Миллер, Р.Ставенхаген).

Этносоциологияда примордиалистік бағыт Эрнест Геллнердің “Ұлттар және ұлтшылдық” деген кітабы жарыққа шыққанға дейін үстем болды. Конструктивизмнің кең таралуы Геллнердің атымен байланыстырылуда. Э.Геллнерұлт пен ұлтшылдықтың бірегей тұжырымдамасын жасадым деп мәлімдеп, этникалылыққа өз көзқарастарын ұлтшылдық саясатын түсіндірумен байланыстырады. Ұлттар идеясын Геллнер өзі ұсынған екі ережесінде іске асырады. Оларға сәйкес екі адамның бір ұлтқа жатуы, идеялар, шартты белгілер, байланыстар, жүріс-тұрыс пен тілдесу амалының жүйесі ретінде түсінілетін бір мәдениет біріктіретін болса, сонымен қатар олар бірін-бірі сол ұлтқа жатуын мойындаған жағдайда ғана іске асады. Э.Геллнерден басқа батыстық дәстүрде конструктивизм бағытында еңбек етушілер ретінде Б.Андерсен, Э.Хосбаум, саналады, ресейлік ғалымдар ішінен В.А.Тишковты айтуға болады.

Конструктивистер ұлттар мен мемелекет арасындағы тығыз байланысты қарастырды. Ұлт - индивидтердің бірлестігі, оларды жоғарыда аталған ортақ мәдениет пен өзара қолдаумен қатар, ортақ азаматтық та біріктіреді. Азаматтық түсіндіру ұлттың этникалық түсіндірмесі оны этнотілдік және этномәдени категория ретінде түсіндіретін примордиалистерге қарағанда ұлтты саяси-құқықтық категория ретінде түсініктемелейді. Сонымен ұлт конструктивизм тарапынан көбінесе саяси категория ретінде қарастырылады. Б.Андерсонның анықтамасына сәйкес ұлт - бұл елестетілетін саяси, сонымен бірге қажетті шектелген және тәуелсіз ретіндегі елестетілетін қауымдастық. Оның басқа қауымдастықтардан ерекшелігі осында. Ұлт шектелінген сияқты елестетіледі, өйткені адамзат тарапынан өзіне тең келетін елестеуші ұлт жоқ. Ұлт тәуелсіз ретінде елестетіледі, өйткені ұлттар еркіндік жайында армандайды. Бұл еркіндіктің көлемі мен символы - тәуелсіз мемлекет. Ұлт ортақтық ретінде елестейді, өйткені “ұлт” түсінігінің өзі терең “көлденең қауымдастық” жөніндегі ойды қамтиды.

Жалпы айтқанда, конструктивизмнің мәні, оның жақтастырының көзқарастырына сәйкес, этнос өзге нәрсе емес, элитаның интеллектуалдық конструкт дегенге саяды (суретшілер, жазушылар, ғалымдар мен саясаткерлер). Бұл конструкт этнос өкілдеріне, қоғам мүшелерінің санасына, былайша айтқанда “этникалық кәсіпкерлер” тарапынан әсер ету құралдарының көмегімен таратушы, жеткізуші этникалылықтың нақ өзі. Өз мақсаттарына жету үшін этникалылықты пайдаланатын адамдарды осылайша атайды.

Инструменталистік түсіндірмелерде этникалылық дегенде ең алдымен, билік үшін күресте элита тарапынан бұқараны алдап-арбау және мүдделеріне қол жеткізу үшін шығарылған идеология түсіндіріледі. Мұндай тұрғыдан қарау этносаралық қатынастарды саясаттану тұрғысынан зерттеуге, яғни билік социологиясы мен саяси антропологияға тән. Этникалық қауымның өмір сүруі социологиялық функционализм тұрғысынан түсіндіріледі. Этникалық топтар өмір сүргендіктен олар белгілі бір мақсаттарға қызмет еткенді және нақтылы мүдделерге сәйкес келеді.

Информация о работе Этникалық әлеуметтану