Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 21:49, научная работа
Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.
Балаға берілетін алғашқы тәрбие ата-анасын, туған-туысқандарын, жолдасын сыйлаудан басталады, себебі ата-анасын сыйламайтын жолдасына да, қоғамға да, пайда келтіре алмайды, ал қоғамаға пайда келтіре алмаса бұл тәрбие одан әрі шиеленісіп, ақыры қиын балаларға әкеп соқтырады.
8-жаттығу. Ашық айтам.
Шарты: төмендегі сұрақтар бойынша, бланк беріледі. Осы жаттығу сұрақтарына жауап беру керек және өтілген тренингтік сабаққа қорытынды жасалады.
Сұрақтар:
Сабақтың жүргізілген
күні__________________________
Менің тренингтік есімім________________________
Сабақ үстінде мен не түсіндім?_____________________
Мен еркін бола алымдым_______________________
Сабақ үстінде маған мүмкіндік
болмады_______________________
Бәрінен маған мына жаттығу
ұнамады_______________________
Келесі сабақта мен
былай істер едім______________
Жүргізушіге мынадай ескерту_______________________
Қолы _______________
Оқушылардың зейінін дамытуға арналған психологиялық тренинг.
Оқушылардың зейінін дамытуға арналған психологиялық тренинг.
Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, оны күнделікті өмірде қолдануды әдетке айналдыру.
Міндеттері:
- Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қатынас тудыру;
- Оқушыларды әртүрлі адамгершілік қасиеттермен таныстыру;
- Оқушыларға мейірімділік пен қатыгездікті айыра білуге, жақсы қылықтарды үйренуге , жаман қылықтардан аулақ болуға үйрету.
Интерактивті стратегиялар: пікір талас, шағын топтармен жұмыс, әңгіме, ойын «Мен және айна», «Құпия сурет».
Жетекші топ мүшелеріне арнап сұрақ даярлайды. Топқа аяқталмаған сөйлем әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады. Топтың әрбір мүшесі ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алады, онда жазылған ойды аяқтауы керек.
«Жақсы қасиет» деп ------------------------------
«Жаман қасиет » деп ------------------------------
Адамдардың бойындағы қасиеттер--------------------?
Ақылсыз болу деп ------------------------------
Ақылды болу үшін не істеу керек--------------------?
Түйін . Оқушылар өз ойын айтуға дағдыланды, ой- пікір қалыптасты. Тез ойлап, шешім шығара білуге, шын көңілден жауап беруге үйренеді.
«Ой талқы» .
Жақсы адам деп қандай қасиеттерге лайық адамды айтады? Күн сәулесінің шығуына жақсы адам деп қандай адамдарды айтатындарын жазу.
Мысалы: Мейірімді, ақкөңіл, сыпайы, т.б.
Түйін. Жақсы адам Күндей айналасына жылу береді.
Әл Фараби бабамыздың « Ақыл дегеніміз адамның екі жақсы нәрсенің жақсырағын таңдап алу қасиеті» демекші , ақылдың атқаратын жұмысы, -ол салыстыру. Осыған байланысты қасиеттерді салыстыру тапсырылады.
«Мен және айна» жаттығуы.
Бұл ойында оқушылар бір-біріне қарап отырады. Әр жұптағы оқушылар біреуі жағымсыз қасиеті бар адам туралы айтса, оны екіншісі жағымды қасиетке айналдырып отырады.
І раунд.
1. Орман емшісі ( Тоқылдақ)
2. Абай жолының роман авторы кім? ( Мұхтар Әуезов)
3. Қыз қуу, ханталапай, көкпар нелер? ( Ойын)
4. 10 квадраты неше? ( 100)
5. Сәуле не? ( Бір жағы нүктемен шектелген түзу)
6. Санды нөлге көбейткенде неше болады? ( 0)
7. ҚР – ның бірінші президенті кім? ( Н. Ә. Назарбаев)
8. Жер серігі не? ( Ай)
9. Ыбырайдың туған жылы? ( 1841)
10.
ІІ раунд.
1. Қазақстанда неше облыс бар? ( 14)
2. Әліппенің атасы? ( А. Байтұрсынов)
3. Шаршы не? ( квадрат)
4. Оттан да ыстық? ( Отан)
5. Дос сөзінің антонимі? ( Дұшпан)
6. Қазақтың үш биін ата? ( Төле би , Әйтеке би, Қазыбек би)
7. Мұхиттарды ата? Қайсы үлкен?
8. Төлегеннің ғашығы кім? ( Қыз Жібек)
9. Мемлекеттік тіл? ( Қазақ тілі)
10.
«Зейін» деп психикалық әрекеттердің айналадағы заттар және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшінпсихикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуымыз үшін қажет.
Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылып, толығырақ, ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақтауымыз үшін қажет.
Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға болмас еді. Адамның күнделікті тұрмысында да, еңбекте де зейін үлкен орын алады.
Зейін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
Б.Г.Ананьевтің зерттеулері бойынша зейін көлемінің ең жоғары деңгейі 33 жаста, ал төменділігі 19-21 жаста, ауысуы 24 жаста болғаны байқалады, тұрақтылығы 34 жаста деп тұжырымдады.
Сонымен бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейіпінен де (дененің, бастың, көздің, түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу , т.б.) жақсы көрінеді.
Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінін арттыру мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекеттінәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.
Зейінді дамытуға араналған жаттығудың мақсаты:
Оқушының қызығушылығын қарым-қатынас деңгейін, жаңа ортаға бейімделуін, ішкі энергиясын, лидерлік қабілетін анықтауды қамтамасыз етеді және де оқушы туралы жалпы мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Көрнекіліктері: қалам, А4 парағы, үнтаспа, слайдтар.
І. Ұйымдастыру кезеңі сабаққа психологиялық дайындық:Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, жылы шырайменсәлемдесіп, мына өлең жолдарын бәрі біргелікті айтады.